Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр.
Әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3-6
1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.............................................................................................7-15
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері..........................................................16-25
Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.................................25-41
ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ...................................................................42-44
ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу............................................................................45-50
Балалардың топтағы қарым-қатынастарын бағалаудың талдамасы...........................................................................................51-59
Уақытша ұжымда психологиялық ахуалды қалыптатырудың жолдары..............................................................................................60-66
2-ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ..........................................................................67-69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................70-72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................…...73-75
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ӘРТҮРЛІ-ЖАС-ШАМАСЫНДАҒЫ-БАЛАЛАРДЫҢ-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГО.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

          Индивидтің топты қабылдауының  ұжымдық  типі 11 адамда  байқалады (55%). Дербес  тип 4 адамда (20%),  прагматикалық (пайдакүнем) тип 2(10%) адамда  байқалады. Аралас  типтер: Прагматикалық (пайдакүнем)- ұжымдық тип-2 (10%) адамда, дербес-ұжымдық 1(5%) адамда  байқалады.        

          Сонымен қатар  балалардың   қабылдауымен өзара қатынастарын  зерттеу  мақсатында  Л.А.Кондратенко  құрастырған “Орман  мектебі”  атты  әдістемені  қолдандық.

       Біз зерттеуіміздің  эксперименталды  базасы санаторий  болғандықтан әдістеменің  құрлымына  аздаған  өзгерістер енгізуге  тура  келді.

Сонымен шипажайдағы уақытша балалар ұжымын зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, мынандай тұжырымдар жасауға болады:

Балалардың мазасыздану дәрежесі 55 пайыздан 45 пайызға, қарым-қатынастағы шиеленесушілік 20 пайыздан 15 пайызға, адамдармен араласа алмаушылық 15 пайыздан 5 пайызға дейін төмендесе, агрессивтіліктің белгілері мүлдем байқалған жоқ.     

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

         Қазақсан  Республикасының   Білім  беру  заңында  көрсетілгеніндей,  адамзат құндылықтарының, ғылым мен  тәжірибе  негізінде,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  қажетті   жағдайларды  жасау -  білім  беру  жүйесінің    негізгі  міндеті   болып отыр.

       Жеке  тұлғаның  әлеуметтенуі   теория жүзінде   жеткіліксіз қарастырылғандықтан,  оның  психология  ғылымының  негізгі   мәселелерінің   біріне  айналуы  үшін практиканың алар орны  ерекше.

       Әлеуметтенудің   негізінде  адам  өмір  сүруге,  басқа  адамдармен өзара  әрекеттестікте  болуға  ыңғайланады. Осындай  әрекеттестік  қарым-қатынаста  жүзеге асады.

        Әлеуметтену   процесінде  жеке  тұлға  қоғамдық  қатынастардың  объектісі мен  субъектісі  ретінде  анықталады. А.В.Петровский жеке  тұлғаның   әлеуметтену  процесінде дамуының  үш сатысын   қарастырады: бейімделу,  даралану (индивидуализация),  және  интеграция.  Қарым-қатынасты  зерттеу  мәселесімен айналысушы ғалым  Г.М.Андрееваның  қарым-қатынастың  өзара  байланысты үш қырын  қарастырғаны белгілі.  Біздің  зерттеуде де  осы   позицияны  негізге  ала  отрып,  балалардың  ересектермен,  басқа  балалармен  қарым-қатынас жасауын  зерттеуде  коммуникация, интеграция және  перцепция ерекшеліктерін  дамытуды  алға  қойдық.

         Біздің  зерттеу   жұмыстарымыздың  нысаны  балалар шипажайында  қысқа  мерзімділік   уақытта демалатын әр жас шамасындағы  балалардың  ортаға   бейімделуінің  ерекшеліктері.

        Дипломдық  жұмыстың  барысына  осындай   қысқа  мерзімді,  құрама  әрі  дербес  топтың  ұйымдастырудың  психологиялық  мазмұны  қарастырылды, әрі топтың   бірігуіне  негіз болатын қарым-қатынас  мәселесінің  мәнін  ашу  керек болды.  

         Осы  орайда  әр жас     шамасындағы  балалардың  қарым-қатынас  ерекшеліктерін  зерттеп, оның  біртұтастығын  қамтамасыз етуге  жұмылдырып,  уақытша  ұжымда  жарасымды психологиялық ахуалды тудыру  мақсатында  түрлі  әдістемелерді  қолдандық. В.С.Мухина қарым-қатынас  стилін “әлеуметтік”  психологиялық әсер етудің  дара –типологиялық ерекшелігі  деп  түсіндірсе, Х.Т.Шерьязданова “қарым-қатынас стилі” деп  адамдардың  байланыс  жасау  техникасын, не болмаса позициясын  айтады, ал, Д.Б. Эльконин мен И.Непомнящая баланың  басқа  балалармен қарым-қатынас  құруы арқылы  өз-өзін тану, бағалау  мүмкіндігіне  ие  болды деп көрсетсе, Л.С.Выготский, А.Н.Леоньтев, С.Л. Рубинштейн, М.И.Лисина ересек  адам  балаларға  адамзат  мәдениетінің  жетістіктерін  табыс етуі,  адамның  психикалық дамуын қамтамасыз  етеді деген  пікір айтады.

   Қарым-қатынас туралы  зерттеулерге  талдау жасай келе, әрі  өзіміз  жүргізген әдістемелердің  нәтижесін  салыстыра  отыра, мынандай  қортынды  жасауға  мүмкіндік  туды:

    1. Топтың  уақытша әрі  құрамалылығына әрі түрлі жас  шамасындағы  балалардан топтастырылғанына және отбасы  жағдайының  әлеуметтік  құрлымының  әртүрлілігіне, олардың кездейсоқ  ұйымдастырылуына  қарамастан шынайы, өзара  түсініскен  ұжым қалыптасу мүмкіндігі дәлеледенді.
    2. Л.И.Уманский мен оның  қызметтестерінің  топты ұжым ретінде  сипаттай  отырып, оларды   түрлі  топқа  жіктеуімен біздің  зерттеуіміздің нәтижесі  сәйкестендірілді ( дипломдық    жұмыс   25-29.б.).
    3. Жарасымды психологиялық ахуалды қалыптастыру  мақсатын көздеп  жүргізілген іс-шаралардың  негізінде әлеуметтік орта өзгеруіне, бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа  түсуіне, тұрақты  өмір сүру ортасынан ажырауына  қарамастан, әр түрлі  жастағы  балалардың  ортаға біртіндеп   бейімделе алатындығы  айқындалды.
    4. Жүргізілген түзету  жұмыстарынан кейін  мынадай  нәтижелерге қол жеткіздік:

а)   агрессивтілік мүлдем жойылды;

ә)  индивидтің топты қабылдауы көпшілігінде ұжымдық типке  айналды.

б) қарым-қатынастағы  шиеленеушілік мазасыздану деңгейі  төмендеді.

в) өзара қарым-қатынастар  деңгейі  жоғарылады.

  

      Зерттеу  жұмысымызда  қолданылған әдістемелерді, балалардың өзара қарым-қатынасын  жақсартуға  бағытталған іс-шаралар мен  танымдық ойындарды, тренинг-жаттығуларды  әдістемелік  құрал ретінде мектептің бастауыш сыныбында,  балалар бақшасында,  шипажай  жағдайының  оқу кешенінде  пайдалануға  болады деп ойлаймыз. Әдістемелердің  мәтіні ұлттық рухтың ерекшеліктері мен ана  тілінің  ережелерінің заңдылықтарын басшылыққа ала отыра  құрастырылғандықтан оның  пайдалану  шеңбері кең болуы керек деп  топшалаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Петровский А.В. Введение  впсихологию.М., 1995.

2.Ожегов С.И. Словарь русского языка. М.,1960.-с.427.

3. Буева Л.П. Человек: деятельность  и  общение.-М.,1978.-с.113.

4. Каган М.С. Человеческая  деятельность.-М.,1974.-с.328.

5.Соковин В.М. О природе  человеческого общения.-Фрунзе,1974.

6.Леонтьев А.Н. Вопросы детской психологии. М., 1948.

7.Лисина М.И. Общение, личность  и психика ребенка. М.,1997.

8.Шерьязданова Х.Т., Суркова  Т.И.  Педагогу о стиле общения  с детьми.-Алматы, 1996.

9.Исмайлова Д.А., Абишева  Ж.А. Развитие личности ребенка  в процессе предшкольной подготовки. А., 1998.-с.6.

10.Леоньтев А.А. Деятельность  и общение //Вопросы философии.-1979.-№1.  -с. 121-132.

11.Ананьев Б.Г. Избранные  психологические труды. В 2-х томах. М., Педагогика, 1980. -232.

12.Бодалев А.А. Общение  и развитие психики. М., 1986.

13.Джакупов С.М. Психология  познавательной деятельности. Алма-Ата, Изд-во КазГУ 1992. – 195 с.

14.Давыдов В.В. Проблемы  развивающего обучения: опыт теротического  и экспериментального психологического  исследования. -М., 1986.

15.Андреева Г.М. Яноушек  Я. Взаимосвязь общения и деятельности // Общение и оптимизация совместной деятельности. М., 1985.

16.Леонтьев А.Н. Вопросы  детской психологии. М.,1992.

17.Лисина М.И. Общение, личность  и психика ребенка. М.,1997

18.Драгунова Т.В. Психологические  особенности подростка. В кн:”Возрастная и педагогическая психология” гл.5 М.

19.Ковалев А.Г.Личность  и пути ее формирования. М.,1970.

20.Обуховский К Психология  влечении человека. М.,1972.

21.Мусина И.А. Псиология  в заданиях к психологической  практике: Уч.пособие. Дубна 1998.

22.Мухина В.С. возрастная  психология. М., 1998.-с. 165-237, 364-381.

23.Коломинский Я.Л. Психология  взаимоотношений в малых группах (общие и возрастные особенноти). Минск, 1976.с.5-18, 50-80.

24.Кан-Калик В.А.Учителю  о педагогическом общении. М., 1989.

25.Агеев В.С. Межгрупповое  взаимодействие и внутригрупповые  социально- психологические процессы //Вест. МГУ.Сер.14. Психология 1983.№2.

26.Выготский Л.С. Собрание  сочинений.,В.6 т. М.,1982.

27.Лисина М.И. Х.Т.Шерьязданова  Специфика восприятия и общения у  дошкольников. Алма-Ата.,1989.

28.Бехтерев В.М. Коллективная  рефлексология.М.,1921.

29.Рубинштейн С.Л. Проблемы  пбщей психологии. М.,1976.

30.Аникеева Н.П Психологический  климат в коллективе. М., 1989.

31.Добрович А.Б. Общение:наука  и искусство. М., 1978.

32.Н.Н.Обозов Психология  межличностных отношений. Киев.,1990.

33.Психологиямежличностного  познания. / Под. ред. Бодалева А.А. М., 1981.

34.Психология младшего  школьника./Под ред Игнатьева  Е.И. М.,1960.

35.Развитие психики ребенка  в общении со взрослыми и сверстниками. М.,1990.

36.Донцов А.И. Проблемы  групповой сплоченности. М., 1979.

37.Мудрик А.В. Общение как  фактор воспитания школьников. М.,1969.

38.Левитов Н.Д. Психолгические  особенности младших школьников. М., 1955.

39.Уманский Л.И. Психология  организаторской деятельности школьников.  М., 1980.

40.Хохлова Л.П. Формирование  межличностного восприятия у  детей и подростков. Ташкент., 1990.

41.Уманский Л.И. Критери  диагностики общественной активности  группы как коллектива М., 1971.

42.Конникова Т.Е. Роль коллектива в формировании личности ребенка. М., 1978.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

Айзенк сұрақнамасы.

 

    1. Сен өзіңе қатысты айналаңдағы думанды ұнатасың ба?
    2. Иық сүйер достарыңның болғанын жиі қажет етесің бе?
    3. Бір нәрсе жайлы сұрағанда тез арада жауап бересің бе?
    4. Бір нәрсеге ашуланатын кездерің бола ма?
    5. Көңіл-күйің жиі өзгеріп тұра ма?
    6. Балалармен араласқаннан гөрі, кітап оқығанды жақсы көресің бе?
    7. Әртүрлі ойлар ұйқыңды бұзатын жағдайлар жиі болып тұра ма?
    8. Сен басқалардың айтқанымен жүресің бе?
    9. Біреуді күлкіге айналдырғанды ұнатасың ба?
    10. Сен еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезінген күндерің болды ма?
    11. Сен өзіңді көңілшек, еті тірі адаммын деп ойлайсың ба?
    12. Сен мектеп ережелерін бұздың ба?
    13. Сенің бір нәрселерге жиі ашуланатының рас па?
    14. Саған барлығын тез қарқынмен орындаған ұнай ма?
    15. Аяғы жақсы аяқталғанымен, орын ала жаздаған қиын жағдайларды ойлап жиі күйзелесің бе?
    16. Саған кез келген құпияны сеніп айтуға  бола ма?
    17. Сен зерігіп отырған құрбыларыңның   көңілін көтере аласың ба?
    18. Еш себепсіз жүрегіңнің соғысы жиілей ме?
    19. Сен біреумен достасу үшін тез әрекет етесің бе?
    20. Өтірік айтқан күндерің болды ма?
    21. Өзіңді немесе жұмысыңды сынға алғанда, тез көңілің бұзыла ма?
    22. Достарыңа күлкілі оқиғаларды айтып жиі әзілдесесің бе?
    23. Сен өзіңді жиі шаршағандай сезінесің бе?
    24. Сен үнемі барлығын кейінге ысырып қойып, сабақтарыңды орындайсың ба?
    25. Әдетте бәріне көңілің толып, көреңкі күйде жүресің бе?
    26. Сен кейігішсің бе?
    27. Сен басқа балалармен араласқанды қатты үнатасың ба?
    28. Туысқандарыңның үй шаруасына көмектесу жайлы сұрауларын үнемі орындап отырасың ба?
    29. Басың айналатын кездерің бола ма?
    30. Сенің әрекеттерің мен қылықтарың басқа ададарды ыңғайсыз жағдайға қалтыратын кездерің бола ма?
    31. Бір нәрсе жалықтыратындай күйді жиі сезінесің бе?
    32. Кей-кейде мақтанғанды ұнатасың ба?
    33. Бейтаныс адамдардың арасында жиі үндемей отыра бересің бе?
    34. Бір орында отыра алмай, қобалжитын кездерің бола  ма?
    35. Әдетте сен тез шешім қабылдайсың ба?
    36. Мұғалім болмаған жағдайдың өзінде де, сен тәртіпсіздікке бой ұрмайсың ба?
    37. Сені жиі қорқынышты түстер мазалай ма?
    38. Достарыңның арасында емін-еркін көңілді көтере аласың ба?
    39. Сені тез ренжітіп алуға бола ма?
    40. Біреу жайында жаман айтқан кездерің болды ма?
    41. Әдетте сен көп ойланбастан  көңіліңдегіні  тез айтып, тез әрекет етесің бе?
    42. Өзіңнің басыңнан кешірген ыңғайсыз жағдайларды ойлап, көпке дейін күйзелесің бе?
    43. Шулы, әрі көңілді ойындар саған өте қатты ұнай ма?
    44. Сен саған ұсынған тағамдардың барлығын жей бересің бе?
    45. Бір нәрсені сұрағанда”Жоқ”деп жауп беруге қиналған кездерің болды ма?
    46. Жиі қонаққа барғанды ұнатасың ба?
    47. Өмір сүргің келмей кететін кездерің бола ма?
    48. Сен ата-аналарыңа дөрекілік таныттың ба?
    49. Басқа балалар сені көңілшек, еті тірі адам де есептей ме?
    50. Сабақтарыңды орындау барысында жиі көңілің бөліне ме?
    51. Көңілді ортаның белсенді мүшесі болғаннан гөрі, көрермені болғанды ұнатасың ба?
    52. Әдетте әртүрлі ойлардың әсерінен ұйқтай алмайсың ба?
    53. Орындайтын жұмысыңа күшіңнің жететініне сенімдісің бе?
    54. Жалғысырайтын кездерің бола ма?
    55. Жаңа адамдармен бірінші болып сөйлескенге ұяласың ба?
    56. Бір нәрсені жөндеуден кеш қалып саныңды соғып қалған кездерің болды ма?
    57. Балалардың біреуі саған айғаласа сен де оған айғайлайсың ба?
    58. Еш себепсіз өзіңді көңілді немесе көңілсіз сезінетін кездерің бола ма?
    59. Құрбыларыңның көңілді тобынан шынайы рахал алу қиын деп ойлайчың ба?
    60. Бір нәрсені ойланбай істегенде жиі қобалжисың ба?

 

 

 

Қосымша Ә

Анкета

“Индивидтің топты қабылдауы”

 

  1. Топтағы ең жақсы серігім:

             А – менен көп білетін

Ә - барлық мәселелерді бірігіп шешетін

Б – мұғалімнің көңілін бөлмейтін

 

  1. Ең жақсы ұстаздар:

          А –  әр балаға жеке басының  ерекшеліктеріне қарай қатынас     

                      жасайтындар 

          Ә - басқалардың тарапынан жәрдем алуға жағдай жасайтындар

          Б -  ұжымда   өз ойын іркілмей  ашық айтатын ахуалды

       қолдайтындар 

 

  1. Мен риза болар едім, егер  достарым:

А – менен көп біліп, маған көмектесе алса

Ә - ешкімге кедергі келтірмей, өздігінен жетістікке жете алса

             Б – жағдайға байланысты басқаларға көмек көрсете алса

 

  1. Менің көңілімді толтыратын топтағы қасиет:

       А - ешкім  көмекті қажетсінбесе

       Ә - тапсырмаларды  орындауға кедергі келтірмесе

       Б –  басқалардың даярлығы маған қарағанда  нашар болса

5.   Мен көп нәрселерге  қол жеткізер алар едім, егер:

          А – Басқалар жәрдемдесіп, қолдау  көрсетсе

          Ә - менің талабым тиісті бағасын  алса

          Б – барлығына пайдалы құлшынысты  тудырар мүмкіншілігім болса

 

6.   Маған ұнайтын  ұжымның өздіндік ерекшелігі:

           А -  ұжымның әр мүшесі басқаларының  да жоғары нәтижеге қол        

                  жеткізуге ынталы болса

           Ә - басқаларға кедергі келтірмей,  әркім өзіне тиісті іспен 

                  шұғылданса

           Б -  әркім өзінің міндетін шешуде бақаларды пайдалана алса

 

  1. Оқушылардың көзімен бағалағандағы ең нашар ұстаздар:

           А – оқушылар арасында бақталастық  ахуалын тудыратындар

           Ә - оқушыларға тиісті көңіл бөлмейтіндер

           Б – топтың өзіне көмектесуіне жағдай жасай алмайтындар

  1. Өмірде  ризашылдық сезімін тудыратын әрекет:

Информация о работе Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу