Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр.
Әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3-6
1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.............................................................................................7-15
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері..........................................................16-25
Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.................................25-41
ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ...................................................................42-44
ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу............................................................................45-50
Балалардың топтағы қарым-қатынастарын бағалаудың талдамасы...........................................................................................51-59
Уақытша ұжымда психологиялық ахуалды қалыптатырудың жолдары..............................................................................................60-66
2-ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ..........................................................................67-69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................70-72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................…...73-75
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ӘРТҮРЛІ-ЖАС-ШАМАСЫНДАҒЫ-БАЛАЛАРДЫҢ-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГО.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

        Жас  ерекшелік психологиясының пәні  психологиялық құбылыстардың өзі  емес, олардың дамуы немесе жас  ерекшелігіне сай өзгеруі болып  табылады. Психиканың түрлі формаларының  адамдардың жас ерекшеліктеріне  сай өзгеруі,  адамзат өмірінің сатыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшелінеді, өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие. Дипломдық жұмысындағы адамдардың жас ерекшелігіне сай өзгерістерінің астарында олардың психикалық өмірінің заңдылықтары жатыр.

Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

1) пренатальды (құрсақтағы)

2) балалық шақ

3) ересек балалық шақтың

4) ересек шақ

5) егде шақ, қарттық

Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:

1 – нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)

2 – ерте балалық щақ  кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) – функционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.

3 – Мектепке дейінгі  балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа  дейін) – бала жеке тұлғасы  мен таным процестерінің дамуымен  сипатталады.

4 – бастауыш мектеп  жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына сәйкес келеді.

Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:

      1. Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес келіп,  11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас шамасында жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты, өзін  жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.
      2. 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам ересектікке бет алады.

Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтарымен сипатталады.

1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар  кездеседі.

Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бөлігі – бастауыш мектеп жасы мен жеткіншек кезеңіндегі балалар болғандықтан, осы жас шамаларын тереңірек қарастырып көрелік.

            Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі  іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті  болып табылады. Баланың мектеп  табалдырығын аттатғандықтан, бұл  кезең оның қатынастарының барлық  жүйесін жанамалай бастайды.

Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бойала бастайды. Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның  бойында мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп, осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табылатын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады.

Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді.

Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған әлеуметтік және физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді./32/

 Баланың әлеуметтік  ортаға енуінің салдарынан  міндетті  түрде терең, әрі әр сапалы  өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын  әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі  деп атауға болады. Адам өмірінің  мектепте өткен кезеңі оның  екінші сатысы болып табылады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның және оқу-танымдық субьектісінің оқу процесін қамтамасыз ететін психологиялық құрылымдары қалыптаса бастайды. Осы жас шамасына дейін бала заттар әлемінде тіршілік етсе, ендігі жолда ол ғылыми тұрғыда қатаң тәртіпте ұйымдасқан қатынастар мен заңдылықтар әлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде іс-әрекет субьектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған әсердің қалпы күрделеніп, тікелей (баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасы) және әлеуметтік әсердің әрқилы каналдары арқылы, жанамаланған (кино, теледидар, шығармашылық әдебиет және т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен іс-әрекет субьектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.

Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқылы ғана психиканың әлеуметтік нормалары (сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.) қалыптаса алады. Қарым-қатынас тәжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің  сапаларының күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болатын жеке тұлғаның қарым-қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды. Жеке тұлғаның басқа адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас процесінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс қасиеттері, жоғары дәрежедегі сапалары қалыптаса бастайды. Осылайша,  “топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым арасындағы қарым-қатынас дербес дамудың әлеуметтік детерминациясындағы  негізгі каналдардың бірі болып табылады.”/33/

Оқу, іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде қарым-қатынас пен танымды өзара байланыстырады. Сондықтан да, балалардың мектепке келу мерзімінен бастап және олардың осы кезеңге дейінгі ойын іс-әрекетінде, оқушыларда жеке тұлғаның  қарым-қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде қалыптасу процесі орын алады. Оның оқу процесіндегі күрделілігі ұлғая түседі. Осындай өзгерістердің барлығы, бала өміріндегі әлеуметтік жағдайлар мен топтардың  әр түрлілігінің ұлғаюымен, қарым-қатынастың формалары мен түрлерінің сапалы өзгерістерімен байланысты. Балалардың жанұядағы және құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс, мұғалімге, құрдастарына қатысты қарым-қатынастың жаңа түрлері, және оқушылардың түрлі үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық қатынастардың жүйесі де қалыптаса бастайды.

     Қарым-қатынастың  осындай түрлері мен формалары, баланың оқу-танымдық іс-әрекетін  жүзеге асыру үшін,  қарым-қатынас  пен іс-әрекет субьектісін, жеке тұлғаның дамуына өте маңызды.

Б.Г.Ананьев бойынша, жеке тұлғаның  түрлі әлеуметтік топтары бар  бүтіндей қоғаммен байланысының көп түрлілігі, жеке тұлғаның интраиндивидуалды құрылымымен, оның жеке қасиеттерімен ішкі әлемінің ұйымдасуын анықтайды.

      Жас ерекшелік  жіктеуде  қарым-қатынас  дербес  іс-әрекет  ретінде  анықталады:  балалық шақтағы объекті  бойынша  Б – Е(бала-ересек) жеткіншек  кезеңінде  құрдастарымен  Б –Б(бала-бала).

     Адам  әлеуметтің   ажырамас бөлігі   болып табылатындықтан,  оның  өмірін   және дамуын  адамдармен  қарым-қатынасынсыз   елестету мүмкін емес. /34/

 

1.3 Өзара әрекеттестіктегі  тұлғалық қатынастар.

      Қарым-қатынас  адамның  қоғамның   мүшесі  ретіндегі   басқа  адамдармен  өзара қатынасының   айрықша түрі;  қарым-қатынаста  адамның  әлеуметтік   қатынастары жүзеге  асады.

      Қарым-қатынастың  өзара  байланысқан  үш қыры  бар екендігін жоғарыда айтып  кеттік.  Қарым-қатынастың  коммуникативті  қыры   адамдардың бір-бірімен  ақпарат алмасу үрдісінде   анықталады;  қарым-қатынастың  интерактивті жағы    адамдардың  өзара   әрекеттестігін   ұйымдастыруда  көрінеді,   мысалы,  серігінің  көңіл-күйіне,  мінез-құлқына,   сенімдеріне  әсер ету  керек   болса  немесе   әрекетшілерді  тиімді түрде   үлестіріп,  қызметтерін  бөліп  алу  қажет  болған жағдайда: ал  перцептивті  жағы   қарым–қатынастағы   екі   адамдардың  бір-бірін  қабылдап,  осының  негізінде   өзара түсінісуінде.    Қарым-қатынастың  құралдары:

  1. Тіл-сөздердің,  анықтамалардың  жүйесі  және   оқуды қарым-қатынаста  қолданылатын  мағыналы  сөз тіркестеріне  (пікірлеріне) біріктіру.
  2. Бір ғана фразаның әр  мағынасын  беретін интонация (дауыс  ырғағы), эмоциялы  айқындылық.
  3. Қарым-қатынастағы   адамның  отырысы,   бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы,  сөз төркінің мәнін күшейте,  толықтыра, әрі  жоққа шығара  алады.
  4. Ым-ишара (жест)  қарым-қатнастың құралы ретінде  жалпыға  бірдей  болуы   мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне  тән мағынамен сипатталады.

       Қарым-қатынастағы  адамдардың бір-бірінен алшақтығы--олардың   мәдени, ұлттық  дәстүрлеріне,  бір-біріне деген сенімінің   дәрежесіне  байланысты.

   Қарым-қатынастың  түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:

  1. “Бет-перделердің байланысуы ”-- әңгімелесуші жеке  тұлғасының  ерекшеліктерін  түсініп,  ескеру  ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті  бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге  қатысты  шынайы  эмоцияларды  жасыратын біртекті  сөздердің,  ым-ишаралардың  жиынтығы.
  2. Басқа  адамды  қажет немесе  кедергі келтіруші объекті  ретінде  бағалайтын дөрекі  қарым-қатынас;   егер объект қажет болса,  белсенді  түрде   онымен қарым-қатынасқа  түскісі келеді, ал егер де  кедергі  келтіретін болса, шеттетіп  немесе дөрекі сөздерді  қолдана  отырып  ызаланады.
  3. Формальды  рөлдік  қарым-қатынас кезінде  әңгімелесушінің  жеке  тұлғасына  емес оның  әлеуметтік рөліне  көңіл аударылады.
  4. Іскер қарым-қатынаста  әңгімелесуші   жеке  тұлғасының  ерекшеліктері  мінезі,  жасы,  көңіл-күйі ескерілгенімен  ісінің    одан маңызы  басым.
  5. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы  адамдар арасындағы  өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың  бұл түрінде  кез-келген тақырып  төңірегінде  әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді  пайдалану міндетті  емес, өйткені   жақын қатынаста  адамдар  бір-бірін  ымынан,  бет әлпетінен, көзқарасынан  бірден түсіне  алады.
  6. Манипулятивті  қарым-қатынас әңгімелесуші  жеке  тұлғасының  ерекшеліктерімен  байланысты  түрлі  амал-айлаларды  пайдалана  отырып,  жарамсақтану  (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).
  7. Зиялы қарым-қатынастың мәні  оның   затының болмауында, яғни адамдар  ойындағысын айтқаннан  гөрі,  сол жағдайға  сай нәрселерді  айтуға  тырысады.

       Адамдар  бір-бірін  қабылдау  процесі қарым-қатынасының  міндетті  құрамды  бөлігі ретінде  танылып,  перцепция деп аталады. С.Л. Рубинштейн /29/ бойынша  адам мінез құлығының  сыртқы көрінісінің  негізінде  оны  танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің  мәнін ашамыз. Осының  негізінде  алынған нәрселер  қарым-қатынас  процесінде  маңызды   реттеуші рөлге  ие. Біріншеден, басқа  адамды  тану  барысында  танушы  индивидтің өзіде дамиды. Екіншіден, басқа адамды  тану  дәлдігінің өлшеміне   онымен келісілген әрекеттердің  жетістігі  байланысты. Басқа  адамды  танудың  ең қарапайым  тәсілдерінің  бірі   өзін-өзі  соның  орнына  қою.   Бұл сол адамның  ішкі  жай күйін ұғынудың  ең  тиімді  жолы. Өзіңді басқа  адамның  орнына қоя  отырып оны  түсіну  амалымен эмпатия  құбылысының  мәні ұқсас  Эмпатия—басқа  адамды  ішкі әлеміне  еніп,  оның  барлық сезмдері  мен  ойларын  ұғына  отырып оны  эмоцияналды түрде  қабылдау  қабілеті./35/

      Өзінің  және басқа  адамдардың  жеке  қасиеттерін танудың қисынды  түрі-рефлексия, яғни  кері байланыс  құбылысы. Бұл әрекет етіп отырған  индивидтің өзінің серігімен  қалай қабылданатындығын түсінуі. Рефлексия  басқа  адамды  тану  ғана  емес, сонымен өзіңді  басқа  адамның  қалай  түсінетіндігін  білу, яғни  басқа  адамдарды  қабылдаудағы  таптаурындардың, жалған сенімдердің  және  установкалардың да мәні  зор. Таптаурындар басқа адамдардың  тобы  жайлы  әдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Әр түрлі  топтағы  адамдар бір-бірімен етене  араласа, жақындаса  бастаса, ортақ мақсатқа жетуді тантаурындар өше  бастайды.  Жалған сенімдер  адамдардың, өзін  олардың  мотивтерін, қылықтарын білместен бағалау  нақты жағдайларды  толығымен  талдамастан  алдын-ала құрастырылған  қандайда  бір бейнелерге  назар аудару  және кез-келген адамды  үйреншікті  түрде  қабылдап, бағалауға қатысты  адамның  санадан тыс даярлығы. Өзара қатынаста  ашық жарқын  бола білген жөн,  өйткені жақын қатынаста  болмайынша  адамдардың   жылы қабылдауы  екі  талай.

       Басқа  адамдармен  қатынасының  ерекшеліктерін  түсіне  білгісі  келген  адам, олардың  нақты  жағдайдағы  өзінің  қылықтарына   қатысты  әсерін  білген жөн,  яғни өз мінез-құлқының   нәтижеге әкелетіндігін  ескеруі  керек./36/

      Өзара сенім  кері  байланыстың   кепілі  қарым-қатынастағы  кері  байланыс  бұл басқа  адамға, менің  оны  қалай  қабылдағаным  жайлы, оның  мінез-құлқы менде  қандай  сезімдарді   туғызатындығы  жайлы  ақпараттың  жетуі  (хабар алмасу).

      Қарым-қатынас  күрделі  әлеуметтік психологиялық  процесс  бола  тұра   төмендегідей   негізгі каналдар  бойынша   жүзеге  асады:  Сөйлеу  тілі  арқылы  және  сөйлеу  тілінің  қатысынсыз  каналдары. Сөйлеу  тілі қарым-қатынас  құралы  ретінде  ақпараттың  қайнар көзі  ретінде  әрі  әңгімелесушіге  әсер ету тәсілі  ретінде  көрінеді.

        Зерттеу  жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам  қарым-қатынасының  күнделікті актісіндегі  сөздер  оның  7%  құраса,  дыбыстар мен дауыс  ырғағы 37%, сөйлеу  тілінің  қатысынсыз  жүрген әсер  33% құрайды  екен.

        Адамның ішкі  күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі  бұлшық еттерінің  қозғалыстары,  оның  күнделіктерінің   шынайы  мәнін  табыс  етеді. Ымдар ақпараттың  70%  құрайды. Яғни   адамның  көздері,  көзқарасы,  бет-әлпеті   оның  айтылған  сөзінен бетер   анықтама бере  алады. Адамның  маңдайы, қасы,  аузы ( еріні, көзі,  мұрыны, иегі ) оның  түр негізі  эмоцияларын  анықтайды.

          Басқа  адамдармен  қарым-қатынасында  кез-келген адамның  нақты  әлуметтік  рөлдері бар. Осындай  рөлдер  жеке адам жайлы толыққанды  ақпарат  берумен  қатар, оны  кейбір тұстарын  жасыруы  да   мүмкін. Алайда   қандай  рольді иеленуі  адамның  өзіне   байланысты  яғни  оның  күшіне, әлсіздігіне,  ақыл-ой  деңгейіне, өзіне  қатысты  сыншылдығына,  мінез-құлқының   икемділігіне   байланысты.

Информация о работе Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу