Қарым-қатынасты анықтайтын әдістемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 19:27, реферат

Описание работы

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.

Содержание работы

І. Кіріспе:
« Жалпы қарым-қатынас туралы »
ІІ. Негізгі бөлім:
Т.Лири бойынша «Тұлғалық қарым-қатынасты анықтау» әдістемесі.
В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі.
Дж.Мореноның «Социометрия» әдісі.
Э.Г.Эйдемиллер мен О.В.Черемисиннің «Отбасылық социограмма» әдістемесі.
ІІІ. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 48.87 Кб (Скачать файл)
  1. Альтруистік

0-8 – адамдарға қатысты  жауапкершілігі мол, жұмсақ, мейірімді, эмоционалдық қатынастарда адамдарға  жанашырлықпен қарайды, қамқор, қайналасындағыларға  дем беріп, тыныштандыра біледі, ықылас танытқыш.

9-16 – жауапкершілікті, өз  қызығушылықтарын, мүдделерін құрбан  етуге дайын, барлығына көмектесуге  тырысады, қоршағандарға қатысты  тым белсенді, басқалардың жауапкершілігін  барабар емес түрде өзіне жүк-тейді.

 

 

В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі

Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым – қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

  Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі.Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына – 2 ұпай;  «кейде» жауабына – 1 ұпай,  « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

  1. Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?
  2. Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?
  3. Дәрігерге баруды, аяққы кезге дейін шегересіз бе?
  4. Сізге ешқашан бармаған қалаға  сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?
  5. Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?
  6. Даладағы бейтаныс адам сізден  көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді ызаландыра ма?
  7. Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезек адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетіне  сенесіз бе?
  8. Танысыңызға бірнеше ай бұры алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?
  9. Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?
  10. Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз?
  11. Сізді кез келген ұзын ретті тосу ашуыңызды туғызады, сіз қайтып кетудіқалайсыз ба, немесе  ары қарай күтесіз бе?
  12. Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының  мүшесі болуға қорқасыз ба?
  13. Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?
  14. Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша  қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?
  15. Қызметсатысы бойынша біреудің сізден көмек сұрауы сізді қайғырта ма?
  16. Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?

 

Әдістеме классификаторы:

30-31 ұпай: Сіздің коммуникативтілік  деңгейіңіз төмен, бұл сіздің  ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан  сіз  ғана зардап шегесіз. Бірақта  сіздің қоршаған ортаңызғада  бұл оңайлыққа түспейді. Топтық  жұмысты қажет ететін істе  сізге сенудің қажеті жоқ. Өзіңізді қолда ұстауға және қарым – қатынасқа түсуге үйреніңіз.

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге  бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын  адамдар өте аз. Жаңа жұмыс  және жаңа байланыстар сізді  мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан  көп уақытқа шығарады. Мұндай  адамдар өзіне және қоршағандарға  қанағаттанбайды. Осымен тоқтап  қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге  мүмкіндіктеріңіз бар. Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.

19-24 ұпай: Сіз қарым –  қатынасқа оңай түсесіз және  жаңа жағдайларда өзіңізді толық  сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер  сізді шошытпайды. Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз. Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.

14-18 ұпай: Сізде орташа  коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға  бейім, қарым – қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз  жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен  кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта  шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты  қимылдар және көп сөздер сізді  тітіркенушілікке әкеледі.

9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты  адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша  пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған  адамдар ызаланулары да мүмкін. Зейін орталығында болуды ұнатасыз.орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.

4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым – қатынасқа түсушілігіңіз  өте жоғары. Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз.Сіз кез – келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады. Кез – келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез – келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті  сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз. Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.

3 және одан төмен ұпай: Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз. Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар – сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі. Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек. Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет.

 

 

Дж.Мореноның «Социометрия» әдісі

 Әдістеме мақсаты: балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады.

Оны  жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады,  оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады: «Әрқайсың өздерінің туған күніңе сыныптағы оқушылардың ішінен қайсы балаларды  шақырар едің? Енді таңдаған үш  баланың атын ашық хаттарға жаз».

Жазылған ашық хаттарды балалар туған күніне шақырғысы келген сыныптастарына таратады.

Социометриялық зерттеу әдісінің қорытындысы бойынша мына жағдайлар анықталуы керек:

  1. Жеке басын дамыту үшін сыныптағы балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың маңызы қандай?
  2. Кейбір жекелеген балалардың сыныпқа ықпалы бар ма?
  3. Ол шынында да осы топтың лидері ме?
  4. Ешкім таңдамаған баланың ұжымдағы жағдайын қалай түсінуге болады?
  5. Ерекше шағын топтың құрылуының себебі не?
  6. Ол қандай қасиеттерімен балаларды өз маңайына топтастырады?
  7. Ұжым өмірінде топтасудың ролі қандай?
  8. Қандай жағдайда ұжым құрамы нақты және арнайы болады?

Әдістемені интерпретациялау:

Социометрияда топ ішіндегі қарым-қатынас түрлері көрсетіледі. Қойылған сұрақтар таңдау критерилері деп аталады. Топтағы адамның жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Балалар  ашық хаттарды таратқаннан кейін экспериментатор кім, қанша, ашық хат алғанын анықтайды. Алынған ашық хаттардың санына сәйкес баланың топтағы социаметриялық статусы төмендегі формуламен анықталынады:

С=

,

Мұндағы С -  баланың  құрбыларымен өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі статусы;

К – топтағы достарынан алған баланың  ашық хаттар саны;

n – тестіленетін топтағы  балалар саны.

 

Нәтиженің бағасы:

10 – ұпай – баланың  С – көрсеткіші 100 процентке тең;

8-9 ұпай – баланың С  – көрсеткіші 80-89 процентке дейінгі  аралықта;

6-7 ұпай – баланың С  – көрсеткіші 60 – 79 процент дейінгі  аралықта;

4-5 ұпай -  баланың С  – көрсеткіші 40 – 59 процент дейінгі  аралықта;

2-3 ұпай - баланың С –  көрсеткіші 20 – 39 процент дейінгі  аралықта;

0-1 ұпай - баланың С –  көрсеткіші 0 – 19 процент дейінгі  аралықта.

Даму деңгейі жайлы шешім:

10 – ұпай - өте жоғары;

8-9 ұпай – жоғары;

4-7 ұпай – орташа;

2-3 ұпай – төмен;

0-1 ұпай - өте төмен.

Сонымен бірге бұл әдістемені қолдануарқылы топтағы ұйымшылдығының деңгейін төмендегі формула бойынша есептеп көрсетуге болады:  Сгр= дұрыс таңдау саны/ барлық таңдау саны.

 

Э.Г.Эйдемиллер мен О.В.Черемисиннің «Отбасылық социограмма» әдістемесі

Әдістеменің мақсаты: Аз уақыт ішінде субъектінің отбасындағы қарым-қатынасын, тұлғааралық қатынастағы орнын анықтау.

Әдістеменің мазмұны: Сыналушыларға диаметрі 110мм болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау оқылады: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, есімдерін жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір-бірімен кеңеспестен орындайды.

Нәтижелерді талдау: Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі.

  1. Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
  2. Дөңгелектердің көлемі;
  3. Дөңгелектердің орналасу қатынасы;
  4. Арасындағы қашықтақ.

Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушы бейнелеген отбасы мүшелерінің санан шынайы санмен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.

Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнделегін білдіреді.

Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына және бір-біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.

Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғары аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.

Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы ара қашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың  танымдық  хабарлармен, ақпаратпен,  тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.

Жоғарыда көрсетілген әдістемелер тұлғааралық, отбасылық қарым-қатынасты анықтауға арналған. Біз психолог ретінде клиенттерге психодиагностика жасау барысында осындай авторлары бар, стандартталынған әдістемелер мен тесттерді жүргізуіміз керек. Сонда келген клиенттің де бізге деген сенімі арта түседі.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Х.Т.Шерьязданова, Л.К.Ермекбаева, И.Ә.Абеуова, Р.Н.Алибаева, М.Ә.Әлірбекова «Қарым-қатынас психологиясы» Оқулық. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. – 341 бет.
  2. Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология (оқу құралы). – Алматы: 2001. –57 б.
  3. Жантану мәселелері» - 2/2012. (65-68 беттен)
  4. http://bslyceum.narod.ru/daulethanova.htm
  5. «Қызықты психология» - 9/2013. (29 беттен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Теориялық және практикалық психология кафедрасы

Мамандығы: 5В010300-«Педагогика және психология»

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Филлипстің «Мектептік алаңдаушылық деңгейін бағалау» тесті

    

 

 

 

Информация о работе Қарым-қатынасты анықтайтын әдістемелер