Қарым-қатынасты анықтайтын әдістемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 19:27, реферат

Описание работы

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.

Содержание работы

І. Кіріспе:
« Жалпы қарым-қатынас туралы »
ІІ. Негізгі бөлім:
Т.Лири бойынша «Тұлғалық қарым-қатынасты анықтау» әдістемесі.
В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі.
Дж.Мореноның «Социометрия» әдісі.
Э.Г.Эйдемиллер мен О.В.Черемисиннің «Отбасылық социограмма» әдістемесі.
ІІІ. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 48.87 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Теориялық және практикалық психология кафедрасы

Мамандығы: 5В010300-«Педагогика және психология»

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы:  « Қарым-қатынасты анықтайтын әдістемелер »

    

 

 

 

Орындаған: 3 курс студенті, 308 топ

          Нарымқанова Г.Қ.

     Тексерген: Угланова Н.Ш.

     

     

 

 

Алматы, 2015

Жоспар:

І. Кіріспе:

« Жалпы қарым-қатынас туралы »

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Т.Лири бойынша «Тұлғалық қарым-қатынасты анықтау» әдістемесі.
  2. В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі.
  3. Дж.Мореноның «Социометрия» әдісі.
  4. Э.Г.Эйдемиллер мен О.В.Черемисиннің «Отбасылық социограмма» әдістемесі.

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. 

Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.

Қарым-қатынас ұғымы С.И. Ожегов сөздігінде «өзара келісім, іскерлік және достық байланыс» арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Мәселен, Л.П.Буева «іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті» деп тұжырымдаса, М.С.Каган «қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрлым мен атрибутына тән» деп қарастырады. М.В.Соковин адамның қарым-қатынасын «коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде» қарастырады. 

“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны - “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев, М.И.Лисина, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова, Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен, қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. А.Н.Леоньтев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.

Ал қазақстандық ғалым - психолог С.М.Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.

Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцеп-тивтілік. 

Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері.

Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғылымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев , М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский, В.С.Мусина , В:С.Мухина және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктері деп түсіндіреді.

Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіріледі. 

Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі. (Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.).

Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - балалар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, балалар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.

В.С.Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.

Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.

Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады. Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады. 

Педагогикалық қарым-қатынастың либералды – босаң стилі негізінде балалардың өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс –тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы сияқты негативтер болады. Бұл педагогтың кәсіби әлсіздігімен, енжарлығымен түсіндіріледі.

Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, В.С.Мухина).

Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу, анықтау және оны түзету мәселелері көкейтесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін-өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдерінің қолдауымен шешеді. Дегенмен бала жеткіншек кезінен өзінің есеюін сезіне бастағанннан үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата-аналарынан және басқа үлкендерден қарым –қатынасты тең дәрежеде жүргізуді талап етеді. Бұл тенденция жас өспірімдік кезеңінде де жалғасады.

Баланың өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, басқа балалар ортасында абыройлы болуы - үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен немесе ерекше қылжыңдықпен көрсеткісі келеді. Дегенмен бала мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болу керегін және оны қалай дамыту керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан үйлесімді қарым-қатынас орнатуда бірінші көмекші болатын адам - мектеп психологы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

Т.Лири бойынша «Тұлғааралық қарым-қатынасты анықтау» әдістемесі

Әдістемені Т. Лири, Г. Лефорж, Р. Сазек 1954 жылы құрастырған. Субъектінің өзі және идеалды  «Мен»-ін зерттеуге арналған, сонымен бірге топтағы өзара қатынасты зерттеу үшін де қолданылады. Берілген әдістеме көмегімен адамдармен қатынастағы  өзіндік баға және өзара бағадағы басым тип анықталады.

Нұсқау: «Сіздің алдыңызға сипаттамалар жинағы берілген. Әрқайсысын мұқият оқып, өзіңіздің пікіріңізге сәйкес келетін анықтаманың тұсына “+” таңбасын қойыңыз. Зейін қойып, нақты және дұрыс жауап беруге тырысыңыз».

 

Сауалнама мәтіні

  1. Адамдар ол жайлы жақсы ойлай- ды.
  2. Қоршағандарды әсерде қалдыра біледі.
  3. Басқара және иемдене біледі.
  4. Өзінің дегенінде тұра біледі.
  5. Абыройлы, ар-намысы бар.
  6. Тәуелсіз.
  7. Өзі-өзіне қамқор болуға қабілетті.
  8. Немқұрайлық танытуы мүмкін.
  9. Қатал болуы мүмкін.
  10. Қатал, бірақ адал.
  11. Ашық.
  12. Басқаларға қатысты сыншыл.
  13. Жылап алғанды ұнатады.
  14. Көңілсіз жүреді.
  15. Сенімсіздік танытуға қабілетті.
  16. Жиі көңілі қалады.
  17. Өзін сынай біледі.
  18. Өзінің қателігін мойындай біле- ді.
  19. Бағынғыш.
  20. Көнгіш.
  21. Мейірбан.
  22. Таңқалып, еліктеуге бейім.
  23. Сыйлағыш.
  24. Мақұлдауды іздейді.
  25. Ынтымақтастық әрекеттерге бейім.
  26. Басқалармен келісім табуға тырысқыш.
  27. Достық қалыпты.
  28. Мейірімді және зерделі.
  29. Сыпайы, әдепті.
  30. Барлығын да мақұлдағыш.
  31. Сұрағандарға көмегін аямайды.
  32. Риясыз.
  33. Таңқалдыра біледі.
  34. Басқалар да оны сыйлай біледі.
  35. Басқарушы талантын иемденеді.
  36. Жауапкершілікті ұнатады.
  37. Өзіне сенімді.
  38. Қайсар.
  39. Іскер және қарапайым.
  40. Жарысқанды ұнатады.
  41. Өз орнымен қатал.
  42. Алған бетінен қайтпайтын, бірақ әділ.
  43. Ызаланғыш.
  44. Ашық және тік.
  45. Оны басқарғанды жақтырмайды.
  46. Еш нәрсеге сенбеушілік тән.
  47. Әсер қалдыру қиын.
  48. Ашуланшақ.
  49. Ұялшақ.
  50. Өзіне сенімсіз.
  51. Көнгіш.
  52. Қарапайым.
  53. Басқалардың көмегін жиі талап етеді.
  54. Белсенділерді үлгі тұтады.
  55. Кеңес алғанды ұнатады.
  56. Сенгіш және басқаларды қуантуға тырысады.
  57. Қарым-қатынаста әрқашан сыпа- йы.
  58. Қоршағандардың пікірін маңыз- ды деп санайды.
  59. Ашық әрі тез бейімделгіш.
  60. Ақкөңіл.
  61. Сенімдік ұялататындай мейірбан.
  62. Нәзік.
  63. Басқаларға қамқорлық жасаған- ды ұнатады.
  64. Жомарт.
  65. Кеңес бергенді ұнатады.
  66. Мәнді әсер қалдырады.
  67. Басқарғыш.
  68. Билегіш.
  69. Мақтаншақ.
  70. Менменшіл.
  71. Өзі туралы ғана ойлайды.
  72. Арам және есепшіл.
  73. Басқалардың қателіктеріне ыза- ланғыш.
  74. Пайдакүнем.
  75. Ашық.
  76. Мейірімсіздікті жиі танытады.
  77. Ызалы.
  78. Шағымданушы.
  79. Қызғаншақ.
  80. Кек сақтағыш.
  81. Өзін-өзі күнәлауға бейім.
  82. Ұйалшақ.
  83. Бастама көтере алмайды.
  84. Момын, жуас.
  85. Тәуелді.
  86. Бағынғанды ұнатады.
  87. Өзі үшін басқаларға шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
  88. Қарама-қайшылықтарға тез түседі.
  89. Достарының әсеріне тез түседі.
  90. Кез-келгенге сенгіш.
  91. Бәріне бір қалыпты жағымды қарым-қатынас.
  92. Барлығын ұнатады.
  93. Кешірімді.
  94. Көңілшек.
  95. Жетіспеушілікке шыдамды.
  96. Қармқоршы болуға тырысады.
  97. Жетістікке ұмтылады.
  98. Кез-келгеннен таң қалдыруды күтеді.
  99. Басқарғанды ұнатады.

100. Деспоттық.

101. Адамдарды жағдайына  қарай сынайды.

102. Атаққұмар.

103. Өзімшіл.

104. Суық, қатал.

105. Келеке, мазақ еткенді  ұнатады.

106. Мейірімсіз.

107. Жиі ызалы.

108. Сезімсіз, немқұрайлы.

109. Кек сақтағыш.

110. Қарама-қайшылыққа талпына-  ды.

111. Қырсық.

112. Сенімсіз, күмәнданғыш.

113. Әлжуаз.

114. Ұялшақ.

115. Бағынуға шектен тыс  дайынды-

ғымен ерекшеленеді.

116. Жұмсақ денелі.

117. Ешкімге қарсы келмейді.

118. Жабысқақ.

119. Оны қорғағанды ұнатады.

120. Шектен тыс сенгіш.

121. Бәріне ұнауға тырысады.

122. Бәрімен келісе береді.

123. Әрқашан достық қалыпта.

124. Бәрін ұнатады.

125. Қоршағандарға тым  мейірімді.

126. Әркімді жұбатуға тырысады.

 

127. Өз-өзіне зиян тигізіп, басқаларға қамқорлық жасайды.

128. Шектен тыс жақсылығымен адамдарды бұзады.

 

 

 

   

 

 

Нәтижелерді өңдеу:

Бірінші октант: 1-4, 33-36, 65-68, 97-100.               

Екінші октант: 5-8, 37-40, 69-72, 101-104.              

Үшінші октант: 9-12, 41-44, 73-76, 105-108.          

Төртінші октант: 13-16, 45-48, 78-80, 109-112.     

Бесінші октант: 17-20, 49-52, 81-84, 113-116.        

Алтыншы октант: 21-24, 53-56, 85-88, 117-120.   

Жетінші октант: 25-28, 57-60, 89-92, 121-124.       

Сенізінші октант: 29-32, 61-64, 93-96, 125-128. 

 

8 октанттың әрқайсысы  тұлғааралық қарым-қатынастың типіне  сәйкес келеді:

  1. Авторитарлы

13-16 – Диктаторлық, өктем, деспоттық мінез-құлық, топтық іс-әрекеттердің  барлық түрлерінде қолбасшылық  ететін күшті тұлға типі.

9-12 – Доминант, күш-қуатқа  толы, бәрінен хабардар, көшбасшы, жұмыстары  сәттілікке толы, кеңес бергенді ұнатады, өзін  сыйлағанды талап етеді.

0-8 – Өзіне сенімді  адам, міндетті түрде көшбасшы  емес, қажырлы әрі өжет.

  1. Өзімшіл

13-16 – Барлығынан үстем  болғанды қалайды, бірақ керісінше  шет қалып отырады. Өзін ғана  сүйетін, тәуелсіз, есепшіл адам.

0-12 – Өзімшілдік, бәсекелестікке  бейім болу.

  1. Агрессивті

13-16 – Қоршаған ортадағыларға  қатал, өтем, тік, агрессивтілігі ассоциациялық  мінез-құлыққа дейін жетуі мүмкін.

9-12 – Талап қойғыш, бетке  айтқыш, тік ашық, келісімге келмейтін, басқаларды бағалауда тік, басқаларды  кіналауға бейім, мысқылшыл, ашуланшақ.

0-8 – Қисық, қажырлы қайсарлы  және энергияға толы.

  1. Күмәншіл

13-16 – Өктем, әлемге деген  жатырқаушылық, күдікті, барлығына  да сенімсіздік танытуға бейім, кекшіл, шағымшыл.

9-12 – Сыншыл, жағымсыз  қарым-қатынастан қорқу және сенімсіздігінің  әсерінен интерперсоналды қатынастардан  қиындық тигізеді.

0-8 – Барлық әлеуметтік  құбылыстар мен қоршаған адамдарға  қатысты сыншыл, шыншыл.

  1. Бағыныңқы-ұялшақ

13-16 – Өзін-өзі төмен  санауға бейім, еркі әлсіз, бәрімен  барлығына да келісе беруге  бейім, әрқашан өзін соңғы орынға  қояды, өзін-өзі кінәлағыш, барлығына  күмәндана қарайды, кекшіл, үнемі  барлығына риза емес, күшті адамға  арқа сүйеуге тырысады.

9-12 – Ұялшақ, жағдайды  есепке алмай-ақ күшті ерікке  бағына беруге бейім.

0-8 – Қарапайым, әлжуаз, бәрімен  келісе беруге дайын, бағынуға  бейім, эмоционалды ұстамды, өзінің  көзқарасы жоқ, өзіне жүктелген  міндетті адал атқарады.

  1. Тәуелді

13-16 – Өз-өзіне сенімсіз, әдетте қорқу, сақтану, мазасыздану  тәне, сондықтан басқаларға тәуелді.

 

9-12 – тіл алғыш, қорқақ, әлсіз, қарсылық көрсете алмайды, басқалардың пікірлерін, әрекеттерін  әрқашан дұрыс деп есептейді.

0-8 – конформды, жұмсақ, кеңестер  мен көмек күтеді, сенгіш, сыпайы, қоршағандарды пір тұтуға бейім.

  1. Достық қалып

9-16 – Барлығында да  достық және биязылық танытқыш, барлығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға  жағдайды есепке алмай-ақ “жақсы” болуға тырысады, микро топтың мақсатына жетуге тырысады, ығыстыру және басудың дамыған механизмдерін иемденеді, эмоционалды лабильді.

0-8 – Кооперациямен қызметтес  болуға бейім, мәселелерді шешуде  және конфликтілі жағдайларда  икемді және ымыраға тез келеді, қоршағандардың пікірлерімен түсіністікте  болуға тырысады, қарым-қатынаста  ашық, достықпен жылылық танытқыш.

Информация о работе Қарым-қатынасты анықтайтын әдістемелер