Өзін-өзі тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 01:09, реферат

Описание работы

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның жетілуіне ұмтылу ретінде әрқашан да адамдарға тән болды, және ол өмірлік қажеттік ретінде басқа ұйымдастырылған тәрбие түрлерімен салыстырғанда анағұрлым ерте – адамзат тарихының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болды. Өзін-өзі тәрбиелеудің гносеологиялық тамыры алғашқы қоғам дәуірінде жатыр. Сол кезде-ақ адамдардан өмірлік қажетті қасиеттерді (батылдық, тұрақтылық, аштыққа, суыққа төзімділік) дамытуды талап ететін салттар мен сенімдер болды.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері
3. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

педогика реф.docx

— 42.67 Кб (Скачать файл)

Тәрбиеленуші үшін өмірлік  міндеттерді шешуге реализмнің көп  мөлшерде болуы оларды іске асырудағы  сәттілік пен сәтсіздік басты  фактор болып саналады. Сонымен қоса тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеу мен ұжымдық  іс-әрекетті ұштастыра отырып, біршама  жетістіктерге жетуге болады. Себебі әрбір индивидтің өз қабілеттерін жан-жақты  дамытуы осы жерден басталады.

Студенттердің  өзін-өзі  кәсіби тәрбиелеуінің қозғаушы күштері  сыртқы, әлеуметтік талаптар және сұраныстарда ғана емес, сонымен бірге оның өзінің осы талаптар мен сұраныстарға деген  қатынасында  анықталады. Осы екі  фактордың арасында пайда болатын  қарама-қайшылықтарды жеңіп шығудың  өзі  студенттің өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі болып  табылады. Бірақ берілген жағдайда тұлғаның ұстанымы, оның жас ерекшелік  сипаттамасы оның кәсіби бағыттылығының сипаттамасымен толықтырылады.

Өзін-өзі тәрбиелеу теориясының  дамуында оның қозғаушы күштерін анықтау  үлкен маңызға ие болды. Классик  психологтар мен философтардың  адамның әлеуметтік табиғаты және оның санасы мен іс-әрекетінің дамуы жайлы  зерттеулеріне сүйене отыра, Л. И. Рувинский  өзін-өзі тәрбиелеудің жетекші факторларын  атап өтті: «Өзін-өзі тәрбиелеу құбылысының  даму негізінде адамның сыртқы ортамен  өзара іс-әрекеттестікте өз позицияларын өзгерту және өз тұлғасын тануының өзара байланысты үдерістерінің  қалыптасуы мен өзгеруі жатыр. Әрбір  жасқа сыртқы ортамен іс-әрекеттестіктегі өз позициясын өзгерту және өз тұлғасын танудың белгілі мүмкіндіктері  және өзін-өзі тәрбиелеу ерекшеліктері  тән.  Өзін-өзі тәрбиелеу қоғамдық жағдайлармен, тәрбиемен әрекеттесе отыра, өз дамуында тікелей сыртқы ықпалдармен  салыстырғанда тұрақты болып  қалыптасады».

Өзін-өзі тәрбиелеуді  іс-әрекет және тұлға белсенділігінің  жоғары формасы ретінде қарастыра  отырып, бұл іс-әрекеттің өзіндік  әлеуметтік тәжірибе екендігін, және бұл  тәжірибе басынан ешкімге берілмейтіндігін, оны игеру қажеттігін есте сақтау қажет. Кез келген ұрпақ өзін-өзі  тәрбиелеумен өз заманының талаптарына  сәйкес  айналысады.

Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі  қоғамдық тәрбиенің жалғасы мен  табыс шарты болып табылатындағы  сияқты, өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу  де студентті кәсіби тәрбиелеудің жалғасы  болып табылады.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге  деген қажеттіліктің пайда болуының жалпы және алғашқы шарты –  бұл оның бала, яғни тәрбие алушы  позициясынан («Мен оқушымын (студентпін), мені оқытсын және тәрбиелесін») ересек адам, маман позициясына («Мен ержеттім. Мен өзімнің ісіме жауаптымын», «Мен болашақ мұғаліммін. Мен өзімді осы жоғары қызметке дайындаймын») өтуі. Бірақ осымен бірге, ол өзінің білімі мен икемділіктерін байыту, өз тұлғасын дамыту бойынша дербес жұмыс жасау тәжірибесіне ие болуы  тиіс.

Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуге  итермелейтін қарапайым мысал келтірейік. Мәселен өзіне деген сенімділік мұғалімнің маңызды кәсіби қасиеті  болып есептеледі. Ол мұғалімге іс-әрекетінің тұрақтылығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді. Әдетте, студенттер, тіпті жас  мұғалімдер бұл қасиетке  қажетті  мөлшерде  ие емес. Сенімділіктің  жеткіліксіз екендігін сезінудің  өзі-ақ өзін жақсы жаққа өзгертуге  түрткі болуы мүмкін.

Кемшілікті тану факттерді  талдауды, себепті анықтау мен  оны жоюды талап етеді. Сенімділіктің  жеткіліксіз болу себептерінің ішінен істі толық білмеу, компетенттіліктің  төмен дәрежесі жиі кездеседі.  

Кез келген кемшілікті жою  үшін мынадай өзін-өзі тәрбиелеу  әрекетінің бірізділігін қолдануға  болады:

1. Өз іс-әрекетіндегі немесе  мінез-құлқындағы кемшілікті табу  және себептерін анықтау. 

2. Осы кемшілікке деген  эмоциялық қатынас, оны жағымсыз  қасиет ретінде сезіну.

3. Келесі әрекет - өзін-өзі  өзгерту ұстанымдарын анықтау.

4. Кемшілікті жою тәсілдерін  анықтау.

Солардың ішінде үлгі-өнеге  маңызды болып табылады. Мысалы студент  өзіне мынадай сұрақ қояды: «Менің орнымда идеал-педагог қалай әрекет жасаушы еді?» және  қиялдағы іс-әрекет үлгісі бойынша әрекет жасай бастайды. Немесе  мынадай ұстаным қабылдау тиімді: мен не істеу және қалай  істеу қажет екендігін білемін. Қолымнан келгенше әрекет жасаймын, бар  назарымды іске аударамын.

Әрине, нақты өмірлік жағдайларда  өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі осылайша бірізді және тұтас бола бермейді. Ол әрқашан ойдағы нәтижені бере алмайды. Оған күтпеген қиындықтар, құралдар мен  тәсілдерді дұрыс таңдай алмау т.б. кедергі болуы мүмкін. Дегенмен келтірілген  өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі жайлы  түсінік өзін-өзі тану және өз-өзіне  ықпал жасау процедурасының логикасын  анықтайтын өзіндік қағиданык нұсқа  ретінде қала береді.

 

2 Өзін-өзі тәрбиелеудің  құрылымдық компоненттері

 

Дене тәрбиесі. Әрбір адам кем дегенде өз ағзасының құрылымы мен функцияларын, тамақтану, еңбек пен демалу  тәртібін, жеке гигиена ережелерін орындау, салауатты өмір салтын ұстану және балалық шақтан бастап өз денсаулығын күте алуы керек. Бұл әсіресе ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға, солардың ішінде болашақ мұғалімдерге қатысты.

Өмір қарқынының өсуі және жүйке-психикалық ауыртпалықтары жағдайында денсаулықты сақтаудың басты  шарты – адамның қозғалыс механизмдерін  дамыту болып табылады. Қозғалыс - өмір, ал  тыныштық - өмірдің аяқталуы. Ежелгі Элладада блылай айтылған: «Егер  күшті болғың келсе – жүгір, әдемі  болғың келсе – жүгір, ақылды болғың келсе – жүгір».

Дене жаттығулары тек  ағзаны ғана емес, психиканы да дамытады: ерік пен мақсатқа блағыттылықтың қалыптасуын, жақсы көңіл-күйге, рухтың сергуіне мүмкіндік береді, ойлау мен қабылдауды, ес пен қиялды жаттықтыруды, эстетикалық  мәдениеттің жоғарылауына әсер етеді.

Психикалық үдерістердің ерекшеліктері және оларды дамыту мүмкіндіктері. Адам табиғаттан психикалық үдерістерді өз қабілеттерінің негізі ретінде қалыптастыру мүмкіндігін алады. Олардың табиғи жүруі тек қана үйреншікті жағдайда іс-әрекет жасау барысында жүзеге асады. Ал ерекше жағдайларда алдыңғы тәжірибе жеткіліксіз, тіпті кейбір жағдайда өнімді еңбек жасауға кедергі жасайды. Бұл психикалық үдерістерді бақылауды, оған қажетті түзетулерді енгізуді, оларды басқаруды талап етеді.

Сабаққа дайындалу, ғылыми мәселелерді  шешу, материалдық мәдениет өнімдерін  жарату – біздің психикалық дайындығымыздың  жағдайы бірқатар ерекшеліктермен: эмоциялық қозу деңгейімен, интеллектуалды белсенділікпен, т.б. сипатталады. Бұл  жағдайларды басқару – адамның  өз қолында.

Өзінің интеллектуалдық  қабілетін жетілдіруде қабылдауды дамыту маңызды болып табылады. Ол зейін мен қиялдың дамуына  тікелей байланысты. Бұл қабілеттерді дамытуға арналған арнайы жаттығулар, белгілі интеллектуалды шынығулар бар. Олмен шұғылдана отырып, келесілерді есте сақтау керек.

1. Психика іс-әрекетте  дамиды.

2. Ойлауды, есті шынықтыру  үшін нақты проблеманы, нақты  педагогикалық жағдайларды қолдану  қажет.

3. Өз  интеллектісін жетілдіру  бойынша жұмыс жасай отыра,  өзінің жеке дара ерекшелігін,  мысалы,  естің түрін, көлемін,  дайындығын білу қажет. 

4. Өзінің ерекшеліктерін  анықтағаннан кейін, өзін-өзі  тәрбиелеу тәртібін қалыптастыруы  керек. 

Бұл жалпы мәліметтерден  басқа, студенттерге өзін-өзі интеллектуалды тәрбиелеуі үшін қарапайым, бірақ тәжірибеде дәлелденген  ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру  тәсілдері көмек бере алады.

Бұл жазба мәліметтер жүргізу, кестелер құру, каталогтар жасау, өз жұмыс  орнында тәртіпті сақтау, ойлау объектілерін - есте сақтау, жалпылаудың маңызын  бағалау арқылы өзінің жадының іс-әрекетін жеңілдету.

Дене шынықтыру денсаулықты  сақтаудың маңызды болғандығы секілді, психикалық шынығу да ақыл-ой қабілетін  дамыту үшін маңызды болып  есептеледі. Орталық жүйке жүйесін күнделікті 5-10 минуттық шынықтыру әдеттегі іс ретінде қалыптасуы керек.

Өзінің психикалық жағдайын реттеу не үшін қажет? Өйткені біздің психикалық үдерістеріміз сыртқы ортаға әсер етеді. Сондықтан олар қалыпты  жүре алады немесе нашар, паталогиялық ауру жағдайларына жеткен стрестерге толы болуы мүмкін. Өзінің ерекшелігі мен мүмкіндігін білу, оларды реттей алу – еңбектің өнімділігін арттыруда  да, денсаулықты сақтауда да аса  қажетті болып есептеледі.

Негізгі танымдық икемділіктерді тәрбиелеу. Танымдық икемділіктер өз ішіне  оқушыларды бақылау және түсіну, оқу  ақпараттарында бағыттала алу, өзінің физикалық және психикалық жағдайын тани және бақылай алу, өз мінез-құлқын реттеуді қамтиды.

Бұл икемділіктер мен қабілеттер өздігінен іс-әрекет үдерісінде дами алады, бірақ оларды саналы дамыту нәтижелі болып есептеледі. Байқағыштық - қабылдау, ойлау, ес  және зейінге негізделеді. Қарау мен көру, тыңдау мен есту бірдей емес.

Байқағыштық – бұл күрделі  қасиет. Бұл тек «тыңдау» мен «қарау»  ғана емес, ал қызығушылықпен қабылдау, ақыл-ойдың белсенді іс-әрекеті.  Педагогикалық байқағыштықтың қалыптасуын  ақыл-ой іс-әрекетінің бірізді қалыптастасу теориясы тұрғысынан түсінуге болады. Бұл үдерісс келесі негізгі өтпелі жағдайлардан өтеді: сыртқы белгілер тұлғаның эмоциялық, интеллектуалдық және еріктік  үдерістері: мимика, ым-ишара, интуиция, т.б. туралы білім қалыптасады. Байқаудың  бағыттылық негізі осылай құрылады. Келесі кезеңде бақылау тәжірибесі және басқа адамды қарым-қатынас және еңбек үдерісінде тану.

Ақпараттық икемділіктерге өзін-өзі тәрбиелеу. Кез келген практикалық  іс-әрекет  негізгі 3 функционалды бөлімдерден  тұрады: бағыттаушы, орындаушы, және бақылаушы. Мұнда бақылаушы қызмет дербес емес, бағыттаушы мен орындаушы бөлімдермен бірге қызмет көрсетеді. Осылайша, болашақ мұғалім өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде педагогикалық іс-әрекеттің бағыттаушы, орындаушы және бақылаушы қызметтері бейнеленетін ақпараттық икемділіктерін кәсіби дәрежеде   меңгеруі қажет. Ақпарат таратудың негізгі құралы сөйлеу болып табылады. Маңызды ақпараттық жүктемені мұғалімнің мимикасы мен ым-ишарасы, сонымен бірге көрнекі және техникалық құралдар артады. Оларды дербес меңгеру – ақпараттық икемділіктерді игеруге өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Сөйлеудің бағыттаушы қызметі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Өзінің кәсіби сөйлеу ерекшеліктерін тану, өзінің үстінде жұмыс істеу  бағдарламасын жасау және осы  жұмыстың нәтижелерін есептеуді  ойша немесе жазба түрде жүргізуге  болады. Студентерге арнайы құрылған жеке сөйлеуді дамыту жоспары тиімді болып саналады.

Өзін-өзі ұйымдастырушылық қабілеттерге тәрбиелеу. Студенттердің  өзін-өзі ұйымдастырушылық қабілеттерге дамытуы көбіне педагогикалық практиканың  өту барысында жүзеге асады. Бұны педагогикалық үдерістің мақсатын нақтылаудан бастау керек. Студент  практиканың оқу-тәрбиенің жалғасы  ретінде не үшін ұйымдастырылатындығын  білуі керек. Практиканың мазмұнын болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың  мақсаты ретінде емес, тек құралы ретінде ғана қарастыруы керек.

Болашақ мұғалімнің ұйымдастырушылық икемдіктеріне тапсырыс бере алу, берілген тапсырманы орындау барысын бақылау, іс-әрекет нәтижесін бағалау, оған түзетулер  енгізу жатады. Бұл икемділіктерді қалыптастыру үшін арнайы құралдар мен  тәсілдер болуы керек.

Ұйымдастырушылық икемділіктерді игеру үдерісінде студенттер келесі деңгейге ерісе алады:

1. Репродуктивті: студент  мұғалімдердің немесе басқа да  адамдардың ұйымдастырушылық іс-әрекетін  қайталайды.

2. Бейімделуші: студент  алдыңғы тәжірибені жаңа бірақ  ұқсас жағдайларда қолдануды  жүзеге асырады. 

3. Модельдеуші: студент  педагогтардың тапсырмасы бойынша  оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін  орындауын қамтамасыз ететін  әрекеттерді саналы түрде жоспарлайды  және жүзеге асырады. 

4. Шығармашылық: студент  жеткілікті дербестікті танытады, оқушылардың өмірін педагогикалық  ұйымдастырады, мақсат-міндеттер  қояды, олардың орындалуын ұйымдастырады,  нәтижесін бағалайды. 

3 Өзін-өзі тәрбиелеу  әдістері

 

Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша көптеген ғалымдар (С. Б. Елканов, Б. Н. Зязин, О. А. Абдуллина, Н. Б. Крылова) т.б. еңбектер жазған. Тек қана аталып өтілген ғалымдар емес, кез келген ағартушы-педагог, зерттеушілер өз еңбектерінде өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу мәселесіне көңіл  бөлген.

Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек ретінде С. Б. Елканов жасаған  өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін  ұсынуға болады. Ол өзін-өзі тәрбиелеу  әдістерін бірізділікте, яғни оның өту барысының логикасына сәйкес, ондағы қажеттіліктің пайда болуынан бастап, белгілі бір нәтижеге  жетуіне дейін қарастырған:

1. Өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау. Өз тұлғасын белсенді дамытушы болу үшін студент өзіне сырттай сыни көзбен, болашақ мамандығының талаптары тұрғысынан қарай білу керек.

Өзін-өзі тану – бір  мезетті емес, күрделі үдеріс. Ол басқа адамдармен өзара әрекеттестік жағдайында жүзеге асады. Өзін-өзі тану өзін-өзі сынау нәтижесінде пайда  болады.

Өзін-өзі тануды өзін-өзі  бақылаудан, өз өмірінің фактілерін талдаудан  бастау керек. Студент үнемі өзін-өзі  саналы өмірмен жасауы қажет: ол өзін дербес қоғамдық, кәсіби және жеке өмірге дайындап жатқанын, өз бойындағы қайсы  қасиеттердің келешекте қажеттігін, немесе керісінше,  өз іс-әрекетінің қай тұстары бекер өтіп жатқанын байқай алуы керек.

  Өзін-өзі талдау - өзін-өзі танудың екінші тәсілі. Бұл үдеріс - өте күрделі, ол фактілердің сыни бағалануын, оның белгілі құндылықтармен сәйкестілігін талап етеді.

Информация о работе Өзін-өзі тәрбиелеу