Зерттеушілік технологичсы
Курсовая работа, 11 Апреля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік- экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай- ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Файлы: 1 файл
ЗЕРТТЕУ ТЕХ.doc
— 713.00 Кб (Скачать файл)
IV. Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін ең алдымен оны эксперименттік мақұлдаудан өткізудің бағдарламасы жасалады. Жоба бастауыш мектепт оқу жоспарының вариативтік бөлігіндегі мектептік компонент сағаттарының есебінен іске асырылады. «Оқушыларды зерттеушілікке үйретудің негіздері» курсының бағдарламасы жасалады, бағдарламаның оқу - әдістемелік (мұғалімге және балаларға арналған) құралдары дайындалады. Аталған құралдарды дайындап, рәсімдеуде облыстың эксперттік кеңестің ережесі басшылыққа алынады. Мектеп әкімшілігінің талқылауынан кейін бағдарлама аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің отырысында қаралып, бекітіледі. Сонан кейін ғана тәжірибеде қолдануға жарамды болып есептеледі.
IY.Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау.
Оқушылардың барлығына дерлік «Мен зерттеуге үйренемін» оқу құралы жетіспеуі мүмкін. Оны көбейтіп таратуда мұғалімге ата-ананың көмегі қажет болады.
Курсты енгізудің бастапқы кезеңінде оқушыларды зерттеушілік әрекетке үйрету қиындық әкелуі мүмкін. Оны жеңілдетудің жолы – ойын – зерттеулерінің әдістемесі арқылы іске асады. Педагогтың аталған әдістемені жетік меңгеруі ғана қиындықты жеңілдетеді. Оқушыларды тақырып таңдауда «қинауға» болмайтыны мұғалімнің назарында тұруы тиіс.
Қорытынды
Оқушының зерттеушілік- жобалау іс- әрекетін ұйымдастыруда зерттеушілік технологияны пайдаланудың маңызы зор. Зерттеушілік- жобалау технологиясының кейбір элементтерін сабақта да пайдалануға болады. Баламен зерттеушілік- жобалау жұмыстарын жүргізбес бұрын біз оның бойында зерттеушілік- жобалау іс- әрекетіне қажетті дағдыларды бала бойында қалыптастыруымыз қажет.
Мен, зерттеушілік технологиясын сабақ барысында да қолданамын. Мұғалімнің жұмыс нәтижесі оқушының шығармашылық жетістіктерімен бағаланатыны бәрімізге мәлім. Осыны негізге ала отырып, қазіргі әрбір таңдағы мұғалім оқушымен зерттеушілік- жобалау жұмысын жүргізуге ұмтылады. Осы мақсатта мен де оқушымен жекелей және тоатық жұмыстар жүргізу үстіндемін. әрине, жұмысты бастамас бұрын әуелгі кезекте біз жұмысты өзімізден бастауымыз қажет. Оқушымен зерттеушілік жұмысты жүргізудің тиімді жолдарын анықтауымыз керек. Мен осы тақырып көлемінде материалдар жинақтай отырып, оны өз тәжірибемде пайдаландым.
Жоғарыда айтылып кеткендей, тақырыпты
таңдауда әуелгі кезекте оқушы өз
алдына проблема қоя білуі керек.
Мысалы, дүниетану сабағында жыл
мезгілдері туралы табиғатқа бақылау
жүргізу барысында, бір балада «Жапырақтар
неге сарғаяды?» деген сұрақ туындады.
Ал, демалыс кезіндегі уақытты дұрыс ұйымдастыру
мақсатында балалармен қалалық мұражайға
саяхат жасаған болатынбыз. Осы орайда
Али деген бала Қызыл кітапқа енген Балқаш
көлінің оң жағалауындағы құстар туралы
мәлметтерге үлкен қызығушылық танытты.
Ендігі кезекте сол сұрақтарына жауап
барысында олар зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Мен, сабақ барысында жаңа тақырыптарды игергеннен кейін ізденушік жұмыс ретінде ақын- жазушылар, өсімдіктер, табиғи құбылыстар, т.б ізденушілік жұмыстарын тапсырып отырамын. Мұндағы мақсатым- балаларды кітапханамен тығыз байланыстыру болып табылады. Балаларға арналған кітапханаға балалар аптасын екі рет барып тұрады. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында апта сайын өтетін сайыстарда керекті ақпараттарды қызығушылық танытып, оқушылар өздері жеткізіп отырады. Керекті ақпаратттарды жекелей бөліп алып, нақтылай керекті материалдарды жүйелей біледі. Соның арқасында, қатысқан сайыстың І орындарына иеленеді.
Баланы зерттеушілік- жобалау іс- әрекетіне қызықтырып қана қоймай, олармен жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырады. Жұмыстың барысында оқушылардың танымдық, шығармашылық қаблеттері артып, жеке тұлғаның қалыпасуында құзреттіліктері артады.
Сыныптағы үш оқушымен басталған жұмыс нәтижесінде олардың тұлғалық қасиеттерінен өзгерістер, дамушылық байқалады.
Оқудағы басты мақсат, міндеттер - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзретті тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, зерттеушілік әрекет нәтижесінен қалыптасқан оқушы бойындағы дамытушылықты оқушының құзреттіліктерінің дамуы арқылы көрсетейін.
қажетМысалы, сыныптағы сол балалардың
Оқушының танымдық әрекеттерін өзгерістерін қосымшадан да көруге болады. Жұмыс нәтиженің бала үшін маңызын анықтай отырып, «Жас зерттеуші», «Оқушыларды зерттеушілікке үйрету» курстары жүргізілсе деймін.
Ал, әр мұғалім оқушының зерттеушілік- жобалау іс- әрекетінде жетіктікке жету үшін, өзіне тәжірибе жинақтау үшін «Ғылыми модуль жинақ папкасын» жасауды ұсынамын.
Сонымен қатар, техниканың дамыған заманында жобалау жүргізуді интернет желісінде электронды жүргізуге болады. Болашақта осыны мақсат ете отырып, электронды жүйеде жүргізуге тырысамын.
Y. Глоссарий
Сипаттау- заттың ұқсастықтарын ажырату мақсатында сыртқы белгілеріне қарай атау тәсілі.Нысанды сипаттау мына сұрақтарға жауап беруді білдіреді: бұл не? басқа нысандардан қандай айырмашылығы бар? басқа нысандарға қандай ұқсастығы бар?
Мінездеме - бұл адамның, жануардың, құбылыстың бірнеше ішкі қасиеттерін атау тәсілі.
Мысал келтіре отырып түсіндіру берілген түсінікке қатаң түсінік бергенше оны суреттейтін мысалдар келтіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, ойыншықтар-бұл қуыршақтар, машиналар, доптар және т.б.; пайдалы қазбалар-бұл көмір, мұнай, газ және т.б.
Салыстыру заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға мүмкінідік береді.
Ажырату- бұл тәсіл кез-келген ұқсас заттардың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, алма мен қызанақ өте ұқсас; бірақ алма-жеміс, ал қызанақ-көкөніс, алманың дәмі басқа, ал қызанақтың дәмі мүлде басқа және т.б.
2.Негізгі
процесс, құбылыс пен
Топтастыру заттар мен құбылыстарды жалпы мәнді белгілеріне қарап бөлу. Топтастыру қарастырылатын нысандарды топтарға бөледі. Оларды реттейді.
3.Өзің байқаған барлық парадокстарды анықтау және белгілеу.
Парадокс жалпыға бірдей ойлар және байқауларға тосыннан тап болған таным.
YI. Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. – Астана, 2010.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жа
лпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты,- Астана, 2010.
Савенков А.И. Маленкий исследователь. Как научить младшего школьника приобретать знания /Художник Левина Л.И.-Ярославль: Академия развития. Академия Холдинг, 2002.(Развивающее обучение. Практические задания.)
Жексенбаева Ү.Б., Игенбаева Б.Қ., Ниязова Г.Б. Зерттеушілік оқыту технологиясы(бастауыш мектепте).-Астана,2006.
Бычков А.В. Метод проектов в современной школе. – М., 2000.
Пахомова Н.Ю. Учебный проект: его возможности. //Учитель. – 2000.,№4.
Гуленко ИЛ. Проблемы внедрения метода проектов в школе // Образование в современной школ
е. 2004. №12
Землянская ЕЛ. Учебные проекты младших школьн
иков // Начальная школа. 2005. № 9.
Матяш Н.В. Психология проектной деятельности младших школьников.
Бастауыш мектеп журналы, №2- 2009.
Бастауыш мектеп журналы, №3 - 2011.
- Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003
Жоспар
Кіріспе.......................
І бөлім. Ойын- бала іс- әрекеттерінің негізгі түрі.
1. 1 Балабақшадағы балалардың іс- әрекеттерінің ерекшеліктері............5
1. 2 Ойынның пайда болуы және дамуы ..............................
ІІ бөлім. Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.
2.1 Ойынның түрлері.......................
2. 2 Тәрбиешінің балалар ойынының мазмұнына
әсері.........................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі
..............................
Қосымша.......................