Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 20:58, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерден және тәжірибелерден оқытудың итерактивті технологиялары түсінігін талдау жасай, мақсаты мен қызметіне сәйкес топтау.
2. Іріктелген оқытудың интерактивті технологияларының әдістемелік негізін анықтай, оларды «Сызу және сызба геометриясы» пәнінің оқыту мазмұнына қолдана оқыту мазмұнын құрау.
3. Интерактивті оқыту технологияларына негізделе жасалған пән сабағының оқыту мазмұнын тексеруге педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру және нәтижесін талдау.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................5
Негізгі бөлім
І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы
1.1. Интерактивті оқыту технологиясының мәні және оқыту процесіндегі алатын орны....................................................................................................................10
1.2. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты................24
1.3 Құрылысшыны даярлау оқу процесіне, инновациялық технологияларды және интерактивті технологияларды енгізу............................................................29
ІІ тарау. Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері.
2.1 Интерактивті оқыту технологиясының оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы орны...........................................................................................45
2.2. Болашақ құрлысшыны даярлауда интерактивті тақтаны қолдану........49
2.3. Интерактивті оқыту технологиясының қазіргі заманғы ерекшеліктері мен тиімділіктері…………………………………….…………..............................55
2.4. Дипломалды педагогикалық сараман кезіндегі өткізілген эксперимент………………………………………………………...…………….....61
Қорытынды……………..……………………………………………………..70
Әдебиеттер тізімі……..…………………………………………....………….75
Қосымша…………………………………….…

Файлы: 1 файл

Бисенгалиев диплом.doc

— 2.81 Мб (Скачать файл)

Білім процесінің субъектісі ретінде топтың интерактивті режимін  енгізу не береді? Бұл, ең алдымен:

  • Қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады.
  • Топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады.
  • Жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді.

Тест сынағы

Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.

Тест сұрақтарын ала  отырып оқушылар оларды назар сала оқулары және тиісті графада өздерінің жауап нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес», «білмеймін» деп белгілеулері тиіс.

Содан кейін, егер тест жасырын  болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағы қорытындысын оқытушылар (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын оқушылармен  бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.

Рөлдік ойын

Рөлдік ойын -  бұл  өмірлік жағдайлардың белгілі бір  мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын  топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар  карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа  ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы  сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған  рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала  белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы  мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

Шағын лекциялар

Шағын лекциялар теориялық  материалды ұсынудың тиімді материалдарының  бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыда тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын  арттырады,  оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.

Материал қатысушылар  үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.

Беделді қайнарларға  сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін  –   сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп  және сипаттағанына назар аудару керек. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге болады,  соны сұрау керек.

Шағын лекцияларды интерактивті режімде өткізу ұсынылып отыр: қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында тренер қатысушылар бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді   ұсынғаннан кейін тренер бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды. Мысалы:

  • Ал сіз қалай ойлайсыз?
  • Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?
  • Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? Және т.б.

Жобаны әзірлеу

Бұл әдіс қатысушыларға  ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын  жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің  өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге  мүмкіндігі болады.

Мысалы: өзінің қаласындағы  дүлей апаттың қаупін төмендету  жөнінде жоба жасау.

Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар.

Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар  басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды  топ болып талқылауды ұсынуға  болады.

Бейнефильмдерді көру және талқылау

Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың  фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер  мен бейнесюжеттерді пайдалануға  болады.

Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді  тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.

Фильмді көрсетер алдында  оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.

Соңында оқушылармен  бірігіп міндетті түрде жиынтығын  шығару және қорытындысын жариялау керек.

Ширату

Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ.

Кері байланыс

Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының  реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру  мен өткізудің кемшіліктері мен  артықшылықтарын көруге, нәтижелерін  бағалауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.

Әрқайсысының сезімдері  мен қобалжуларына назар аударып  отыру маңызды.

Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа  қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.

Тренинг

Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады.

Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен  «train» – тәрбиелеу, оқыту, үйрету,  машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол  жеткізуге бағытталған, машықтану  және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.

Тренинг оған қатысушыларға  ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай  дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік  береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.

  • Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:
    • тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;
    • тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;
    • тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;
    • тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын  –  топтардың  жұмыс істеу ережесін өткізу;
    • достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;
    • бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;
    • әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;
    • тренингке қатысушыларды мадақтау;
    • тренингке қатысушылардың (оқытушылардың) алдарына қойған оқу-жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу;
    • тренингтің әрбір кезеңінде тренерлердің уақытша шекті қадағалауын қамтамасыз ету;
  • теориялық     материиалдар мен интерактивті жаттығуларды тиімді үйлестіруді    қамтамасыз ету;
    • тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндеттілігі.
  • Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы – бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері қандай?

1. Тренер (оқытушы) ең  алдымен қатысушыларға міндетті  түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы  тиіс.

2. Содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы.

3. Тренингті өткізуге  қажетті материалдар мен жабдықтар  алдын ала дайындалады. Оны  дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.

Кіріспе

Бұл кезең кез-келген қолайлы нысанда өткізілуі мүмкін, бірақ ол келесі жұмыстың сарынына бағыт береді. Сондықтан бұл кезеңде  тренер демократиялық, дем беруші атмосфера  жасауы тиіс. Егер тренер-педагог өзінің күтетіні туралы және алда тұрған жұмысқа қатысты ережелер туралы айтса, ол дұрыс. Қатысушыларды жұмысқа кіріспе сөздің, мультимедиалық таныстырудың және т. б. көмегімен «кіргізуге» болады.

Таныстыру

Таныстыру кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті процедурасы болып есептеледі. Таныстыру топтарды жандандыруға, оларға қатысушыларды оқу процесіне тартуға, қарым-қатынас жасау машығын өрістетуге мүмкіндік береді. Таныстыру қатысушылар бірін-бірі білетін жағдайда да жүргізіледі. Таныстыруға: «Сұхбат», «Мені таны», «Визит картасымен алмасу» ойындарын өткізуге болады.

Қатысушыларды күту

Бұл кезеңге семинар-тренингтен олар «айналым бойынша» кезекпен жауап  беретін сұрақтардың көмегімен  қатысушыларды күту ұғымы жатқызылады. Мысалы: «Бұл семинардан сіздер нені білуді/алуды қалайсыздар?»

Алдын ала ватманға «күту  ағашын» салуға болады. Әрбір қатысушыдан  семинар-тренингтен жапсырылатын түрлі-түсті  парақтарға (стикерлерге) және олар нені күтуге болатынын сұрап жазу және өзінің парағын күту ағашына жапсыру. Содан кейін осы барлық күтуді дауыстап оқу.

Тағы бір нұсқасы, бұл, әрбір оқушы шығып өзінің күтетінін  флипчартқа жазу.

Тренингті өткізу тәртібі

Әрбір қатысушы өзінің күтетінін  айтып (жазып) болғаннан кейін, тренер-оқытушы  оған тренингті өткізу тәртібін хабарлайды. Бұл аталған тренинг-семинардың қаншаға созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек.

Топтардың жұмыс  ережелерін («келісімдерін») қабылдауы

Тренинг-сабағының басынан  бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін  – тренинг немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.

«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың  назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.

«Келісімнің»  үлгісі

  • кешікпейміз;
  • білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
  • «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
  • ашық айтамыз;
  • бір-бірлеп сөйлейміз;
  • мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
  • бір-бірімізді тыңдаймыз;
  • бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
  • өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
  • құпиялылықты қадағалаймыз;
  • уақытша шекараны қадағалаймыз;
  • бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.

Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы

Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.

Мәселелерді маңыздандыру

Мінез-құлықты өзгертуге  уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын  ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы  үшін өзекті етіп жасау керек.

Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады.

Оқыту

Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу процесінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек.

Оқытушы-тренер оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын  білулері тиіс.

Табысты оқу үшін қажетті шарттар:

  • оқушының оқуға дайындығы;
  • оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
  • білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану;
  • шынайы өмірлік жағдаймен оқу процесінің сәйкестігі;
  • дұрыс пікірдің, оқытушы-тренерлердің оқушылардың әрекеттерін адекватты бағалаудың дер кезінде болуы.

Информация о работе Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану