Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 20:58, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерден және тәжірибелерден оқытудың итерактивті технологиялары түсінігін талдау жасай, мақсаты мен қызметіне сәйкес топтау.
2. Іріктелген оқытудың интерактивті технологияларының әдістемелік негізін анықтай, оларды «Сызу және сызба геометриясы» пәнінің оқыту мазмұнына қолдана оқыту мазмұнын құрау.
3. Интерактивті оқыту технологияларына негізделе жасалған пән сабағының оқыту мазмұнын тексеруге педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру және нәтижесін талдау.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................5
Негізгі бөлім
І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы
1.1. Интерактивті оқыту технологиясының мәні және оқыту процесіндегі алатын орны....................................................................................................................10
1.2. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты................24
1.3 Құрылысшыны даярлау оқу процесіне, инновациялық технологияларды және интерактивті технологияларды енгізу............................................................29
ІІ тарау. Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері.
2.1 Интерактивті оқыту технологиясының оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы орны...........................................................................................45
2.2. Болашақ құрлысшыны даярлауда интерактивті тақтаны қолдану........49
2.3. Интерактивті оқыту технологиясының қазіргі заманғы ерекшеліктері мен тиімділіктері…………………………………….…………..............................55
2.4. Дипломалды педагогикалық сараман кезіндегі өткізілген эксперимент………………………………………………………...…………….....61
Қорытынды……………..……………………………………………………..70
Әдебиеттер тізімі……..…………………………………………....………….75
Қосымша…………………………………….…

Файлы: 1 файл

Бисенгалиев диплом.doc

— 2.81 Мб (Скачать файл)

Б.Ц.Бадмаиев, М.Новик, С.Д.Смернов, А.М.Смалкин, Н.Г.Ярошенко, Л.Г.Семушина, В.Я.Ляудис және т.б. оқушының оқу процесіндегі жоғарғы белсенділігін жүзеге асыруда оқытудың белсенді әдістерін қолданудың маңыздылығын атайды. Ал тағы басқа интерактивті оқытуды зерттеген ғалымдар (В.Б.Гаргай, Е.В.Коротаева, М.В.Кларин және т.б) белсенділіктің көзі оқушы мен, оқушының өзара әрекеті мен қарым-қатынас формаларында және оқушылардың қабілеттері мен белсенділіктерін қалыптастыратын интерактивті оқыту әдістерінде деп көрсеткен. Әдіс – нақтылы міндеттерді мақсатты шешуге бағытталған амал. Интерактивті оқыту – әлеуметтік-психологиялық оқытудың қазіргі бағыты. Интерактивті оқыту – ағылшын тілінен аударғанда «өзара әрекет, шара» дегенді білдіреді, ең алғаш әлеуметтану мен әлеуметтік психологиядан пайда болды.

Интерактивті оқыту технологиясы білім беру мақсатында аса маңызды орынға ие, ол адамның өмірлік қызметінің барлық сферасына әсер етеді, білім алуға қатысты ақпараттық қызметте. «Интерактивті педагогикалық өзара қатынас» - педагог пен оқушыны дамыту мақсатында белсенді мақсат бағыттылық өзара әрекетін ұйымдастыру.

Білім берудің негізгі  мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген  қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері[13].

Оқытуда білім мазмұнын менгертуде қазіргі күні кеңінен  қолданылып жүрген әдістердің білім  – интерактивті әдіс-тәсілдердің  немесе оларды басқаша «интерактивті  стратегиялар» деп те аталады. Бұл  әдіс-тәсілдердің түпкі мақсаты – сабақта оқушының белсенділігін көтеру болып табылады. Өз тәжірибемде осы әдістерді сабақтың тақырыбы мен түріне қарай қолданып жүрмін. Енді осы әдістерді сабақта қалай қолданып, өз тарапымнан еңгізілген өзгерістердің кейбіреуіне топтық, жан-жақты талдап отырған салмақтын.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану».

Дипломдық зерттеудің мақсаты – жалпы білім беретін және орта кәсіби білім беру мекемелеріндегі құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін незіздеу және оларды практикада қолдану.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Махамбет ЖОББМ «Сызу және сызба геометриясы» пәнін оқыту мaзмұнын тaлдaу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Сызу және сызба геометриясы пән сабағының оқыту мазмұны.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерден және тәжірибелерден оқытудың итерактивті технологиялары түсінігін талдау жасай, мақсаты мен қызметіне сәйкес топтау.
  2. Іріктелген оқытудың интерактивті технологияларының әдістемелік негізін анықтай, оларды «Сызу және сызба геометриясы» пәнінің оқыту мазмұнына қолдана оқыту мазмұнын құрау.
  3. Интерактивті оқыту технологияларына негізделе жасалған пән сабағының оқыту мазмұнын тексеруге педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру және нәтижесін талдау.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдау; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие  туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, тест,рөльдік ойын әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы интерактивті оқыту технологиясының бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.

«Интерактивті оқыту технологиясы» атты бірінші тарауда құрылысшы мамандығының оқыту процесінде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын толыққанды пайдалану мүмкіндіктері, тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясының ерекшеліктері және тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясының жіктемесі айқындалды.

«Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері» атты екінші тарауда интерактивті оқыту  технологиясының оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы орны, интерактивті тақтаны қолдану жолдарын, интерактивті оқыту технологиясының қазіргі заманғы   ерекшеліктері мен тиімділіктері, дипломалды педагогикалық сараман кезіндегі өткізілген эксперимент тақырыптары қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы

1.1. Интерактивті  оқыту технологиясының мәні және  оқыту процесіндегі алатын орны

 

Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім  алуға бейімдейтін,  жаңа технологияларды  орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара жетістіктер[9].

Инновациялық тәсіл  оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің  талаптары мен әлеуметтік пайдалы  білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына     негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.

Бүгінгі таңда жеке  тұлғаны емес, оның даму процесін басқару  қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші   шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

Негізгі әдістемелік  инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге  ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - «әрекет ету» дегенді білдіреді.

«Интерактивті» сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 

Бұл өзара әрекеттестіктің  ерекшелігі мыналардан тұрады:

  • білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;
  • күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;
  • тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;
  • жақын эмоциялық жағдайларда оң сол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда, бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.

Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде  барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай  болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың  осыған байланысты не біледі, нені ойлайды, нені түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы –  бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің  жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.

Қытайдың бір нақыл  сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интерактивті әдістерді  пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар  болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.

Педагог өзі арқылы оқу  ақпаратын жіберетін, өзіне тән  фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.

Интерактивті оқыту  интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады.

Бұл әдістерді игеру  және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін  білу қажет. Интерактивті оқыту өзара  түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.

Интерактивті әдістер  ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны  жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді,  қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады.

Интерактивті оқыту  әдістеріне білім алу және оны  дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту  жатады:

«Ми штурмы» (шабуыл)

  • Шағын-лекциялар
  • Топтардағы жұмыс
  • Бақылау парағы немесе сынақ
  • рөлдік ойын
  • ойын жаттығулары
  • жобаны әзірлеу
  • жағдайлық тапсырмаларды шешу
  • Сапаршыны (визитерді) шақыру
  • Сарапшы топтарының пікірсайыстары
  • Сұхбаттар
  • Сахналау
  • Жағдайдан жеңілу
  • Оқушының рөліне ену
  • Сюжеттік суреттерді талқылау
  • Сұрақ – Квиз (бақылау) және т. б.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар,  бейне материалдар, слайдтар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.б. таныстырулар жатады. 

Сонымен қатар, оқу процесіне  топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар  және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері:

«Ми шабуылы»,  «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

 «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

 Өткізу алгоритмі:

1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.

2. осы мәселе бойынша  өзінің ойын айтуға ұсыныс  жасау.

3. Айтылғандардың барлығын  жазу (олардың бәрін қарсылықсыз  қабылдау керек). Егер сізге ол  түсініксіз болатын болса, айтылғандарды  қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).

4. Барлық идеялар мен  талқылаулар айтылып біткеннен  кейін, берілген тапсырма қандай  болғанын қайталау керек, және  қатысушылардың сөзінен сіз не  жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.

5. Қатысушылардан, олардың  пікірі бойынша алынған нәтижеден  қандай қорытынды жасауға болатынын  және тренингтің тақырыбымен  байланысты оның қалай болатынын  сұрай отырып жұмысты аяқтау  қажет. 

«Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және  келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:

  • даулы мәселелерді талқылау;
  • талқылауға  қатысуға онша  сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
  • қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;
  • дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.

Шағын топтардағы жұмыс

Алдын ала сақтандыру оқу процесін оқушыларға шамамен  жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.

Ұқсастығын немесе белгілі  бір құбылыстардың айырмасын  жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.

Информация о работе Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану