Отбасымен байланыс орнатудың педагогикалық негіздері
Доклад, 29 Августа 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы
Файлы: 1 файл
статья.docx
— 20.90 Кб (Скачать файл)Отбасымен байланыс орнатудың педагогикалық негіздері
В.А.Сухомлинский оқушылардың
ата-аналарымен жұмыс жасаудың
маңызына ерекше назар аударып:
- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;
- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қою;
- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отырып, тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін дұрыс анақтау, оларды жүзеге асыру;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыру;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыру;
- баланы түрлі ортада, әр түрлі жағдайларда жан-жақты жақсы танып білу;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыру, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру;
- сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыру, т.с.с.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың түрліше формаларын қолдану қажет. Өкінішке орай, көптеген сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналысын өткізумен және оқу үлгерімі төмен немесе тәртібі нашар балалардың ата-аналарын мектепке шақырумен шектеледі. Бұл жағдайда сынып жетекшілері өз оқушыларының үйдегі жағдайларын нашар біледі және ата-аналармен барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамайды.
Ата-аналармен жұмыста жұмыстың ұжымдық және жекелік түрлерін ұштастырып отырған жөн. Ата-аналар жиналысында болған түсіндірме жұмыстарын ата-аналармен үйде және мектепте жеке кездескенде жалғастырып отыру керек. Жеке әңгімелер ұжымдық жұмыстың түрлері мен мазмұнын айқындауға, ата-аналармен өткізілуге тиісті шараларды белгілеуге көмектеседі.
Ата-аналармен жүргізілетін негізгі жұмыс түрлерін қарастырайық.
Оқушының (отбасына) үйіне барып тұру. Бұл – ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Отбасына бару арқылы сынып жетекшісі:
- оқушысының тұрмыс жағдайымен танысады;
- ата-анамен, отбасының басқа мүшелерімен әңгіме барысында оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұмат алады;
- ата-анаға, отбасындағы жасы үлкендерге оқушының үйдегі жұмысын ұйымдастыру, күн тәртібі, тазалық ережелерін сақтау, еңбекке баулу әдістері туралы педагогикалық кеңестер береді.
Оқушының отбасына алғашқы рет, әдетте, оқу жылы басталғанға дейін немесе бірінші тоқсанның бас кезінде барады. Алғашқы барудың мақсаты – оқушының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысу.
Әрбір отбасы өзіндік дәстүрлері, өзара қалыптасқан қатынастары бар күрделі институт. Осының бәрін жақсы біліп, бала тәрбиелеудегі жақсы және осал жақтарын айқындап отыру қажет.
Отбасына алғаш рет барғанда
оқушының өзін үйде қалай ұстайтынын,
үй шаруасына қатысатынын/
Ата-анамен әңгіме нақтылы және мазмұнды
болу үшін, ең алдымен, «Жеке оқушыны
білуге арналған диагностикалық картадағы»
мәліметтерді мұқият зерттеу қажет.
Мұнда баланың мінез-
2 кесте - Жеке оқушыны білуге арналған диагностикалық карта
Оқушыны зерттеу параметрі |
Оқу мотивінің сипаттары |
Ерік-жігері |
Адамгершілік қасиеттері |
Танымдық қабілеттері |
Даму ерекшеліктері |
|
Оқушы-ның аты-жөні |
Көмек қажет етеді Білім құштарлығы Еңбексүйгіштігі Ата-ананың қолдауы Ұжымдағы жауапкершілік Оқуын жақсартуға ұмтылуы |
Алаңдаушылық Табандылық Тәртіптілік Ұйымшылдық өзін-өзі бақылау |
Қайырымдылық Шынайылық әділеттілік сезімталдық елжандылық |
Есте сақтау Қызығушылық Қиялдануы Ойлауы Тілінің дамуы |
Байқағыштығы Денесінің дамуы Отбасындағы мінез-құлқы |
|
|
|
Диагностикалық картада
■ – жақсы (жасыл сиямен)
● – орташа (көк сиямен)
▼– төмен (қара сиямен).
Отбасына баратын уақыт ата-
Оқушылардың отбасындағы
Бастауыш сынып оқушыларын
күн тәртібін сақтауға үйрету
қажет. Мектеп оқушыларының
- Азаров Ю.П. Семейная педагогика. –Москва,1990;
- Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. –Алматы,2004;
- Подласый И.П. Педагогика. –Москва, 2003;
- Сухомлинский В.А. Родительская педагогика. –Москва, 1977;
- Қоянбаев Ж.. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. –Алматы,1989;
- Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –Алматы, 1985;