Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні маманының қоғамдағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 11:56, доклад

Описание работы

Әлеуметтік педагог - әртүрлі әлеуметтік-мәдени балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман.
Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы ауытқуды анықтай отырып, оны қоршаған микроортаны зерттейді және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Республикамыздың бірқатар жоғары оқу орындарында, 2010 жылдан бері оқытылып келе жатқан «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады.

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні маманының қоғамдағы орны.doc

— 50.50 Кб (Скачать файл)

Мақала

 

 

Әлеуметтік  педагог және өзін-өзі тану пәні маманының қоғамдағы орны

 

    Әлеуметтік педагог - әртүрлі әлеуметтік-мәдени  балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман.

      Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы ауытқуды анықтай отырып, оны қоршаған микроортаны зерттейді және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

      Республикамыздың бірқатар жоғары оқу орындарында, 2010 жылдан бері оқытылып келе жатқан «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады.

      Сондықтан бұл екі мамандықтың, яғни әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің қажеттілік рөлі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне сай анықталған тәжірибелерге, бүгінгі қоғамдық әлеуметтік мәні бар өзекті мәселелерді қамтитын көптеген факторларға сүйеніп айтар едім.  
      Бірден – бір фактор ол яғни қараусыз қалған балаларды көзден таса қылмауға әркез мән беріліп келді.

       Алайда әртүрлі себептермен ата-анасынан айырылған немесе панасыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер т.с.с жасөспірімдер мәселесін еліміз әсіресе тәуелсіздік алған жылдардан бастап мықтап қолға алды.

      Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Балалар үйінің жарғысы», «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Бөбек» республикалық қоры, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы», ҚР «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары жарық көріп, түрлі бағдарламалар, тағы да басқа әлеуметтік маңызы бар шаралар жүзеге асып жатыр.

      Бұл қабылданған заңдардың тиімді жүзеге асырылуы нәтижесінде әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімдерінің қызметі дұрыс       ұйымдастырылуда.

        Осы тұста айта кетейін, негізі, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі мамандарының кәсіби іс-әрекет саласына жоғарыда аталған мемлекеттік заңнамалар бағытталған білім беретін ұйымдар, арнайы білім ұйымдары, пенициатрлық типтегі мекемелер, сауықтыру орталықтарындағы әлеуметтендіруге арналған әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жатады.

       Ал қазіргі дайындалып жатқан болашақ әлеуметтік педагог мамандарының жұмыс істейтін орындарына мемлекеттік құрылымдар, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті, қайта тәрбиелеу ұйымдарында мысалы: отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек беру ұйымдарында, ІІМ- де (ішкі істер министрлігі, тұрғындарды әлеуметтік қорғау орындарында, әлеуметтік бағыттағы мекемелер мен әлеуметтік қамсыздандыру, атап айтсам, жұмыссыздарға, жағдайы жоқтарға, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері), қоғамдық ортада тәрбиелеу проблемаларымен, айналысатын мекемелер, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагерлері сияқты балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен, қолдаумен, толыққанды әлеуметтенуімен, дамуымен айналысатын мекемелер т.б әлеуметтік институттар жатады.   

     Аталған әлеуметтік педагог жұмысының кәсіби іс-әрекет саласы мен жұмыс орны ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындары үшін дайындалған ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген.

      Демек, бұл құжаттар әлеуметтік педагог мамандарын даярлау жүйесінде еліміздегі қажеттілік рөлін айқындайтын жоғарыда аталған маңызды факторлардың негізі болып табылады. 

       Біздің қоғамда әлеуметтік педагогтың қызмет аясының кеңдігіне қарамастан, ол жұмыстың мәні, мәртебесі, рөлі туралы халық арасында дұрыс көзқарас қалыптаса қоймаған сияқты.

        Себебі  қазіргі кезде ол мамандықты  көпшілігі түсіне бермегендіктен, оның қызметінде дұрыс ұға  бермейді. Қоғамда әлеуметтік педагог   көмекке мұқтаж адамдарға тек  қана материалдық тұрғыда(киім-кешек, тамақ, жәрдемақы) ғана көмек көрсетеді деген түсінік қалыптасқан.

           Шын мәнінде ол дұрыс түсінік  емес. Әлеуметтік педагог көмекке  мұқтаж адамдарды қоғамға бейімдей  отырып,  олардың жан дүниесін  түсініп, оған әсер ету,  қолдау көрсету арқылы психологиялық тұрғыдан да көмек қолын созады.

        Әлеуметтік педагог жұмысының қаншалықты деңгейде дамып отырғанын шетел тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасау арқылы ғана көруге болады.

         Атап айтсақ, Ресей, Батыс елдерінде «әлеуметтiк жұмыс» деген атаумен қабылданған әлеуметтік педагогтер білім беру ұйымдарына әлдеқашан енгізіліп, ол өміршеңдігін дәлелдеп қана қоймай, қоғамдық ортада әлеуметтік педагог мәртебесі кәсiби деңгейге көтерiлген-ді.

      2009 жылы Копенгаген (Дания) қаласында өткен әлеуметтік педагогтердің XVII Халықаралық конгресс жұмысына әлемнің 42 мемлекетінен, соның ішінде Ресей Федерациясының да өкілдері қатысып, 2 қазан  – Әлеуметтік педагогтердің халықаралық күні деп белгіленуі және шешім қабылдануы – осының бір айғағы.

      Мәселен, Ресейде 20 жыл ішінде әлеуметтік нысандарға кадрлер дайындайтын тәжірибелік алаңдар жұмыс істеп, онда жинақталған теориялық білімдер практикалық тәжірибеге ұласып, әлеуметтік педагог жұмысын дамыту мәселесін шешу нәтижелері нақтыланған.

       Сол сияқты Польшада 1920 жылдан бастап қоғамға енгізілген әлеуметтік қызметкерлер жүйесі тиімді әрекет етсе, АҚШ-та «Әлеуметтік жұмыс» бағдарламалары полицияның және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша соттардың, сонымен қатар орта білім мекемелерінің базалық бағдарламалары бойынша құрылып, балаларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің нәтижелі деңгейде мол тәжірибесі жинақтаған.

        Швецияда әлеуметтік педагогтің қызметіне жоғары өкілеттіктер жүктелгендіктен, қоғам алдында зор жауапкершілікке ие әлеуметтік қызметкердің ресми мәртебесі өте жоғары, кәсібі беделді, әлеуметтік қызмет муниципальді болғандықтан, полицияға немесе сотқа тәуелсіз болып табылады.  
          Бұдан түйетін ой: сөз болып отырған елдерде әлеуметтік педагогтер мемлекет тарапынан мықты қолдау табуда, әлеуметтік іс-шаралар дұрыс жолға қойылып, оның дамуына барлық жағдай жасалуда, тіпті мемлекеттің өзі мүдделі болуда.

       Сол себепті де бұл саланың қоғамдағы рөлі сөз болған елдерде айрықша әрі сұраныстағы мамандық иелері қатарында.  
       Әлеуметтiк педагогикалық жұмыстар – қоғамдағы рухани құндылықтарды дамытып, адамдар арасындағы ізгі қасиеттерді биік қоюдың маңыздылығын арттыру қажеттiлігінен туындаған және ол сонау ежелгi дүниеден бастау алады, бір сөзбен айтқанда, тарихы тым тереңде.

        Қайсы мемлекет, ұлт болмасын, оның өркениеттілігі, ең алдымен, ізгілігімен айқындалады. Адами қарым-қатынас бәрінен биік тұруы тиіс.     Міне, осы тұрғыда әлеуметтік педагогтің ел ретінде дамып, жетілуі үшін маңызы аса зор.

       Олай болса, халықтың әлеуметтік те, рухани да, адами да деңгейін көтеруді мақсат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында әлеуметтiк педагогикалық жұмыс алдағы уақыттарда қоғамдық кәсіп түрінде танылатын мүмкіндіктерге ие болады деп ойлаймын.

        Адам қоғамға тәуелді мына заманда жан-жақты көмек беруге маманданған әлеуметтік педагогтердің қызметтік рөлі мемлекеттік тұрғыда қолдауға ие болуы тиіс. Ол үшін әлеуметтік педагог мамандардың жұмыс істейтін нысандарын көбейту қажет.

          Нақтырақ айтсам, жетім балалар үйлерін, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталықтарын, қарттар үйлерін т.б. халықтың қорғансыз бөлігіне арналған мекемелерді қажетті мөлшерге дейін ашып, әлеуметтік педагогтің қызмет саласының мүмкіндігін кеңейту мәселесі қарастырылуы керек. Бұл болашақта осы мамандық бойынша диплом алғалы отырған ЖОО түлектері үшін жұмысқа орналасу мәселесін шешудің оңтайлы жолы болып табылар еді.

          Енді өзін-өзі тану пәні бойынша мамандардың қажеттілік рөліне келсек, бұл пән адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту жағынан жалпыұлттық қазақстандық идеалдармен сәйкес келетін мәдениет пен әлеуметтік нормаларды қалыптастыру мақсатын көздейді.

         Әрбір адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етіп отырғандықтан, әлемде болып жатқан өзекті мәселе үшін өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінуі қажет. Осыған орай, республикада аталған тәрбие жүйесін құру мақсатында 2001 жылдан бері Сара Алпысқызының бастауымен «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру» бағдарламасы бойынша ашылған эксперименттік алаңдарда, нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарда жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 2010 оқу жылында республиканың мектептеріне өзін-өзі тану оқу пәні ретінде енгізілді.

        Білім беру мекемелерінде бұл пән бойынша маман тапшылығы айқын сезілуде. Себебі пән адамтанудың құрамы ретінде психология, философия, әлеуметтік педагогика ғылымымен байланысты әлеуметтік мәні бар күрделі мәселелерді қарастырып, адамдардың әлеуметтік жауапкершілік, адами ізгі қасиеттерін қалыптастыруға негізделеді. Сол себепті де пән өз деңгейінде өту үшін ұстаз оқу әдістемесін толық меңгерген маман болуы тиіс.

       Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану мамандығының алғашқы түлектері осы жылы ЖОО-нын аяқтайды.

       Сондықтанда алдағы уақытта өзін –өзі тану пәнінен ,  өзін-өзі тану пәнінің оқу әдістемесін толық меңгерген,  білімді, сауатты мамандар білім береді деген ойдамын.

       Мен «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын таңдағаныма қуанамын. Себебі бұл мамандық қазіргі уақытта біздің қоғамға ауадай қажет мамандықтардың бірі.

          Сондықтанда мен болашақта «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітіріп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік педагогикалық саласының дамуына атсалысып, осы сала жайлы қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыруға өз үлесімді қоссам деймін.


Информация о работе Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні маманының қоғамдағы орны