Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 11:29, реферат

Описание работы

1.Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.

2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.

3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Файлы: 1 файл

Баяндама тақырыбы.docx

— 79.66 Кб (Скачать файл)

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 1-сыныптар бойынша «Наурыз-шашу» атты ата-аналар арасында байқау өткізілді. Ата-аналар ауылдарға бөлініп, салт-дәстүрлер, өнер көрсетіп, ұлттық тағамдардан  дастархан дайындады. Ата-аналардың  ұлтық киім киіп, өнер, салт-дәстүрді көрсетуі оқушыларға ұлттық, патриоттық тәрбие беруде маңызы зор болды.

Астана қаласы балалардың құқықтарын қорғау департаманті Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсанындағы №560 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарының 260 –тармағын орындау мақсатында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 12.03.2012ж №06-09/172 хатына байланысты Халықаралық  отбасы күніне арналған «Мөлдір бұлақтан...»  атты отбасылар байқауы өткізілді.

Байқауға қатысушы отбасылар ұлттық киімдерімен, өз өнерлерін  ортаға салды. Салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің  білімді, оқушылар отбасында бақытты  екендігін айтып, өз отбасын мақтан етті. Бір отбасы домбыра тартып, ән айтып, күй шертсе, екінші отбасы өз шығармашылығымен таныстырды. Әрбір  отбасы өзіндік ерекшеліктерін көрсете  білді. Сайыс соңында жеңімпаз отбасыларды  марапаттау үшін  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Смағұлова Әлия Бегалықызына сөз берілді. Жеңімпаз атанған отбасылар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені жеңіп алған Күлдебаевтар отбасы Балалар құықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Мөлдір бұлақтан ....» атты қалалық байқауға, ал І орын алған Әбеновтар отбасы Тілдерді қолдану және дамыту басқармасының «Отан отбасынан басталады» атты қалалық байқауға жолдама алды.

Отбасылар байқауын өткізуде Ильясова Жеміскүл, Ермағанбетоа Айдын Қабрашеқызы, Дүйсенова Қуанышкүл  Кәдіршінқызы, Жұмабаева Роза Зейнелғабылқызы, Тоқсанбекова Гүлмира Байғарақызына  ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.

«Мектеп және отбасы»  тақырыбында сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді. Семинар  мақсаты мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-аналар мен оқушылар, сынып жетекшілері  мен пән мұғалімдері арасында өткен семинарды 8 «г» сыныбының  сынып жетекшісі Омарова Мира Сейлханқызы және 8 «б» сыныбының  сынып жетекшісі Қайбалдина Замзагүл өткізді.

Осы тақырыпта сынып  жетекшісі Қайбалдина Замзагүл баяндама оқыды. Қазақстан Республикасы Ата  заңының 27 –бап, 2-тармағында «Балаларына  қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу  ата-ананың табиғи құқығы және парызы»  делінсе, отбасы - бала тәрбиесінде  алғашқы ұжым болса, мектеп өскелең  ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі  шешуші буын. Сондықтан да мектеп пен  ата-аналар арасында тығыз байланыста жұмыс жасау негізгі мәселе екендігін  айтты . Сонымен рухани адамгершілік тәрбие – өзін-өзі ұстау, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру туралы және оқушылардан алынған  сауалнама қорытындысымен таныстырды, ата-аналарға ұсыныстар айтылды. Осындай  сауалнаманы ата-аналардан алынған. «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында  баяндаманы ата-аналар атынан Ешмаханова Айгул оқыды.

Мектеп оқушылары  мектеп өміріне байланысты мектеп формасы, оқушының сабаққа кешігуі, ата-ана  мен сынып жетекші арасындағы жағдаяттарды көрініс түрінде көрсетті. Осы жағдаяттарға байланысты сынып  жетекшілер және ата-аналар өз пікірлерін ортаға салды. Мектеп оқушыларының ата-аналарға арналған шағын концерті көрсетілді.

Тәрбие ісі меңгерушісі  Искакова Н.Ф.семинарды қорытындылап, семинарда сынып жетекші мен  ата-аналар үшін маңыздылығын, күнделікті мектеп өміріне байланысты көрсетілген  жағдаяттар, әсіресе оқушылардың  мектеп формасын киюі мектепте оқушылардың  ұялы телефонға байланысты мәселесі, осының барлығы бірінші күннен бастап сынып жетекші ата-анаға айтып  жеткізеді, келісім шартқа қол қойдырады. Осындай міселелерді ата-анамен мектеп бірлесе отырып шешуі керек. «Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетіспейді. Басқа  да адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай  бүгін бала тәрбиесіне байланысты ойымызды ортаға салып, пікір алмастырып, бір  бірімізден үйреніп отырмыз. Бір-біріне қамқор қайырымды ұрпақ тәрбиелеу  және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді  бойына сіңіру біздің міндетіміз. Бүгінгі  семинардың басты масаты да осы. 

Шараны ұйымдастырған  сынып жетекшілер Омарова Мира Сейлханқызы  мен Қайбалдина Замзагүлге, ата-ана  Ешманова Айгулге және қатысқан мектеп оқушыларына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне табыс, жұмыстарына  жетістіктер тіледі.

 

«Әкенің бала тәрбиесіндегі  ролі» атты ата-аналармен жүргізілген  жұмыстарға анықтама

«Әкенің бала тәрбиесіндегі  ролі» атты ата-аналармен жұмыс  қазан айында өтті.   

Қатысу  мақсатым:Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасындағы қарым-қатынасты бақылау. 

«Әкенің бала тәрбиесіндегі  ролі» атты тәрбие сағатын 7а сыныбының  сынып жетекшісі Карменова Н. және 7в сыныбының сынып жетекшісі  Есманова С.С. өткізді.

Тәрбие сағатының  мақсаты Оқушыларды жанұяда ата-ана  және бала арасындағы қарым-қатынасты  нығайту. Отбасы мүшелері арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты  қалыптастыру болды. Пікіралмастыру түрінде  өтті.

Қатысқандар: Сынып  жетекшілер, ата-аналар мен оқушылар.

Оқушылар көрінісі көрсетілді, сол көрініске ата-аналар өз пікірлерін айтып, ортаға салды. Оқушылар ата-аналарға арналған концерттік бағдарламасын  көрсетілді. «Бүгінгі менің өз ойым»  атты сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел балаңды сүй, бірақ еркелетіп, бүлдірме. Баланы ризашылық сезімге  үйрет. Балаларыңыздың доы бол, бірақ  құрбысы болма, баланы іс туралы ойлауға  үйрет деген сөздер мен мұғалім  аяқтады. 

Қорытынды:Сынып жетекші мен оқушы арасында тығыз байланыс бар, ата-аналармен өткен тәрбие сағатының оушы үшін тәрбиелік маңызы бар.

Ұсыныс:Осыны негізге ала отырып, мектеп көлемінде әкелер мектебін құру ұсынылады.     

 

«Осы  заман жағдайында сыныпта тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшінің ролі» атты сынып жетекшілер арасында өткен семинардың өткізілуі туралы анықтамасы 

2012 жылдың қаңтар  айында педагогикалық кеңес отырысында  «Осы заман жағдайында сыныпта  тәрбие жүйесін құрудағы сынып  жетекшінің ролі» атты сынып  жетекшілер арасында үйретуші  семинар болып өтті. Семинар сынып  жетекшілер өздерінің іс тәжірибесімен  алмасу, пікір алмасу, жұмыстарын  көрсету мақсатында өткізілді.  «Сынып жетекші және ата-ана»  тақырыбында бастауыш сыныптар  бойынша Дауренбекова Сара Құсайынқызы  баяндама жасады. Ол өз баяндамасында  бастауыш сыныптарда зама талабына  сай оқушыларға тәрбие беру  үшін ең бірінші ата-анамен  тығыз байланыста жұмыс жүргізу  керек. Бастауышта сынып сағаттары  мен іс-шаралар үнемі ата-аналардың  қатысуымен болып отырады. Сынып  жетекшілер ата-анамен тығыз байланыста  жұмыс жүргізілсе  тәрбие жұмысы нәтижелі болатынын айтты.  

«Бала тәрбиесіндегі  сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында  баяндаманы Елеусізова Р.Қ. 5 сынып жетекшісі  оқыды. Биылғы жылы 5 сыныпты алғаш  алғандықтан оқушылармен және ата-аналармен  тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп, сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын оқушылардың ата-анасын зерттеуден бастаған. «Менің жанұям» атты сынып  сағаттарында оқушылар өздері, отбасы мен ондағы қарым-қатынастары туралы жазған. Осындай бірнеше оқушының жазған шығармасына тоқталды.  

«Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» тақырыбында жоғары сыныптың сынып жетекшісі Тапиева Т.Ұ. тәрбиеге байланысты өзінің жұмысымен таныстырды. Тәрбиеге байланысты жұмысты адамның  ақыл ойына ықпал ететін ережелерден  бастайтынын айтып, осы туралы сынып  жетекшілерге ережелер таратты. Адамдардың реніш сезімін оятпай-ақ ықпал  етуге мүмкіншілік беретін тоғыз  ереже, адам өмірінің бақытты болуына  мүмкіншілік беретін жеті ереже, дәл бүгіннен бастап он ережесі оқушылармен  жұмыс істеуде, тәрбие беруде нәтижелі болатындығына тоқталды.  

Үйретуші семинарды  директордың тәрбие жөніндегі орынбарасы Искакова Н.Ф.заман талабына сай  тәрбие құруда 2011-2020жылдарға арналған Қазақстан Республикасы үздіксіз білім  беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында көрсетілген 12 бағыт бойынша әрбір  сынып жетекші жоспар құрып жұмыс  істеу керектігіне тоқталды.Семинарды  мектеп директоры Сексенова А.С. қорытындылап, сынып жетекшілерге тәрбие берудегі жұмыстарына сәттілік тіледі.  

 

 

 Сыныптар  бойынша ата-аналар жиналысының  өткізілуі туралы анықтамасы 

Сыныптар бойынша  ата-аналар конференциясы 2 ауысымда өтті. Өткізілу мерзімі: 15, 16 қыркүйек 2011ж 

Күн тәртібінде:  

1. Мектеп және  отбасы. Жаңа оқу жылының басталуына  байланысты сыныпта өткізілетін  іс-шаралармен таныстыру. 

2. Астана қаласы  ішкі істер департаменті жол  полициясы басқармасы 06.09.2011 №6-7802 хатына  байланысты жолда жүру ережелерін  сақтау туралы ата-аналарды таныстыру. 

3. Мектеп ережелері. 

а) Мектеп формасы 

б) Оқушылардың сабаққа  қатысуы 

3. «Мектепке жол»  акциясы айлығымен таныстыру 

Бастауыш сыныптар бойынша 18-23 ата-анадан келді.3в, 4в-23, 2а,б,г  – 21

5 а-23,5ә -21, 5б –  16, 5в-13,5д-19, 5е-13,

6 сыныптар –  а-14, ә-17,б-18, г-14, в-15, д-17,е-16

7-сыныптар- а-15,ә-18,б-19 в-10, г-19, д-14

8 сыныптар –  а-15, ә-б-14,в-г-20

9 сыныптар- а-14, ә-20, б-  в-14, г-14

10 сыныптар а- 9, ә-18

11 сыныптар а-15, ә  – 14 

 

Жаңа оқу жылының  басталуына байланысты сыныпта өткізілетін  іс-шаралармен сынып жетекшілері  ата-аналарды таныстырып, өткен оқу  жылының жетістіктеріне тоқталды

Астана қаласы ішкі істер департаменті жол полициясы  басқармасы 06.09.2011 №6-7802 хатына байланысты жолда жүру ережелерін сақтау туралы ата-аналарды таныстырылды. № 53 мектеп –лицейінің оқушысымен болған жол  апаты туралы айтып, осындай жағдайлардың алдын алу мен оқушы өмірінің қауіпсіздігіне ата-ана тарапынан  ерекше бақыланып отыруы, балаға түсіндірме жұмыстарының болуы ескертілді.

Мектеп пен ата-аналар арасындағы келісім шарт жасалынды. Мектеп оқушыларының форсасының сақталуы және оқушылардың сабаққа қатысуы, сабаққа кешікпеуі туралы айтылды.


Информация о работе Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі