Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

Музыка мұғалімдерінің қызметі өзінің құрылымына қарай жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Мұғалімнің әр түрлі рөлде көрінуіне тура келеді. Ол қоғамдық ұжымның ұйымдастырушысы болғандықтан басқарушылық қызметтің дағдыларын да игеруі керек.

Мұғалімнің  осындай көпқырлылықты талап  ететін мұғалімдік қызмет өзінің маңыздылығымен қарама-қайшылығы тұрғысынан ерекше мамандық. Мұндай көпқырлы қызмет иесі, мұғалімге жоғары талаптар қоя отырып, оның кәсіби бейімделу үдерісін күрделендіреді.

Маманға қажетті  психологиялық-педагогикалық білімдердің  педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш, көңіл қалу сезімдерін туғызады. Туындаған мәселелердің күрделілігі және оларды жеңудің жолдарын анық білмеуі олардың көңілінде қорқыныш, сенімсіздік туғызып, жас мамандардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін тигізеді.

Күрделі үдерістердің қатарындағы кәсіби бейімделу үдерісі  өзіндік ішкі және сыртқы қайшылықтарымен  сипатталады. Олар:

– болашақ музыка мұғалімінің өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, іскерлік дағдылардың жоқтығынан, сондай-ақ ұжымдарда шығармашылық, демократиялық негіздердің жоқтығынан;

– жалпы теориялық білімімен оны тәжірибелік қызметінде қолдана алмауынан;

– болашақ музыка мұғалімінің өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативтік мүмкіндігінің сәйкессіздігінен пайда болады.

Сондай-ақ ЖОО  тұлғаны кәсіби даярлау үдерісінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтарға даярлай алмауы;

– болашақ музыка мұғалімінің өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті мен оның жаңа әлеуметтік жағдайы, қызметтік ұжымы, оның нақты мүмкіндіктері; т.б.

     Бұл  қайшылықтарды шешудің жолдарын  зерделеп, олардың әрқайсысын жеке  тұлға ерекшелігімен байланыстыра  қарастыру қажет. 

Кездесетін  қайшылықтарды жеңу үшін, қоғамдағы  әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың жасалуына, ерік-жігері секілді сапаларды пайдаланып, кәсіби құзырлықты  қалыптастыруға күш салу керек.

Бұл мәселе, болашақ  музыка мұғалімінің әлеуметтік белсенділігінің  қалыптасу деңгейін және психологиялық  ерекшеліктерін есепке ала отырып жоспарланған түрде жеке жұмыс істеу шараларын ұйымдастыру түрінде іске асырылады. Себебі: бұл жұмыстар оның ортаға орнықты түрде кәсіби бейімделуіне ықпалын тигізеді.

Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби бейімделу мәселесін  қарастыру барысында кәсіби құзырлықтың қалыптасуына әсері басым екендігін айтуымыз керек.

Білім беру үдерісін және оқу-тәрбие саласындағы құбылыстардың  басты нәтижесі әдіснама мәселесінде. Біріншіден әдіснама логикалық ойлаудың, іс-әрекетінің әдісі мен құралы әрі  оның құрылымы туралы ғылым ретінде қабылданса, екіншіден, ол ғылыми қабылдаудың әдісі мен нормасы ретінде қарастырылып, теориялық дамудың әдіснамасы немесе қабылдаудың түрлері ретінде педагогикалық шындықтың анықтамасы болып есептелінеді.

Бұл анықтама ғылыми көзқарастың екі тобын ерекшелейді.

Біріншісі өз кезегінде  жиі қолданылып жүрген педагогикадағы ақиқатты қабылдау жүйесінің жиынтығын  көрсетеді.

Екіншісі –  қабылдаудың ойлаумен қарым-қатынасын  бейнелейді. Оларды ұстанымдар, әдістер, құрал-жабдықтары негізінде қарастырады.

Бұл ғылыми зерттеулер барлық философиялық-педагогикалық  тәжірибелерге сүйенеді. Әдіснаманың  ғылыми жүйесі ақиқатқа негізделген  әдістемелік жүйенің басты шарттарының  бірі болып табылады.

Сондықтан болашақ  мұғалімдерді кәсіби даярлауда, кәсіби құзырлықтың қазіргі жағдайдағы жүзеге асырылуының әдіснамалық негізін талдау қажеттігі туындайды.

А.П.Сейтешев берген анықтама бойынша әдіснама –  бұл  жоғары педагогикалық білім беру үдерісін және құбылыстарды зерттеуге  арналған кілт.

Әдіснама –  өзгертуге жетілдіруге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы [44].

Ғылыми танымдық ерекшелік табиғаты логика мен әдіснама және әдіс деген ұғымдардың мәнін  ашуды қажет етеді. Ғылыми танымның әдіснамасы – адамның танымдық және тәжірибелік қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал әдіс деп – танымдық немесе тәжірибелік мәселелерді шешудің тәсілін түсінеміз.

Дегенмен, әдіс адамның танымдық және тәжірибелік  іс-әрекетінде реттеушілік қызметін атқарады.

Демек, дамудың  жалпы философиялық теориясы және логикасы мен әдіснамасы негізінде түсіндіріледі.

Ол адамның  жаңаша ойлануының және әлеуметтік шығармашылығының логикасы болып саналады.

Жалпы алғанда, болашақ музыка мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру үшін, педагогикалық-психологиялық және тәжірибелік даярлық жүйесі қажет.

Ол арнай  мамандық пәндер циклы арқылы қамтамасыз етіледі. Ал біздің зерттеу бойынша  болашақ музыка мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесі мамандық пәндерді педагогикалық әртістік шеберлікке оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Сондықтан біз  болашақ музыка мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесін жобалауда мына негізгі кезеңдерге сүйендік:

– оқу жоспарларының  құрылымын талдау,

– оқыту мақсатын айқындау;

– оқыту мазмұнын жүйелеу;

– оқытудың әдістерін  таңдау;

– оқытудың құралдарын іріктеу;

– оқытудың формаларын саралау;

– оқу үдерісін ұйымдастыру талаптарын тұжырымдау.

       Сонымен, болашақ музыка мұғалімдерін  кәсіби даярлау жүйесі мынадай  кезеңдерден өтеді: жүйені жобалау,  жүйені құрастыру, жүйені іске асыруды талдау, жүйені іске асыру, кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру.

Біздің зерттеуіміз  бойынша, болашақ музыка мұғалімдеріне  кәсіби құзырлықты қалыптастыру жүйесін  жасауда оның келесі элементтері  ерекшеленеді:

  – мақсаты: оқу үдерісінде кәсіби құзырлықты қалыптастыру;

  – мазмұны: педагогикалық әртістік шеберлікті пәндік мазмұнмен сабақтастыру;

  – әдістері: танымдық әдістер; дидактикалық әдістер, практикалық әдістер, интерактивтік әдістер т.б.

  – формалары: дәрістер, шығармашылық семинарлар, өзіндік жұмыстар, арнайы практикумдар, музыкалық студия базасындағы сабақтар, консультациялар, дипломдық және курстық жұмыстарды қорғау, ғылыми семинарлар мен конференциялар, шығармашылық шеберханалар, музыкалық қойылымдар, әуендік кештер, тақырыптық кештер т.б.;

  – құралдары: дидактикалық, педагогикалық жағдаяттар, әртістік шеберлікті кәсіби қалыптастыруға арналған тапсырмалар т.б.;

– бақылау тәсілдері: ағымдық, қорытынды: сынақ, емтихан, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, педагогикалық әртістік шеберлік нәтижелерін талдау;

  – коррекция тәсілдері: тапсырмаларды жүйелеу, оқытудың жекелеген кезеңдерін нақтылау, эксперимент арқылы теориялық, практикалық мәнділігін талдау;

  – күтілетін нәтиже: болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы қалыптасуының жоғары, жеткілікті деңгейлері.

Кәсіби құзырлықты қалыптастыру  жүйесі болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби мамандық пәндерді оқытудың барлық деңгейлерін қамтуы қажет.

Музыка мұғалімін  кәсіби даярлаудағы басты мақсат шығарманы орындау барысында сөзді айтуға емес, сөзбен іс-әрекет етуге, сөз арқылы ойлануға, өз ойларын сөз арқылы ашуға және жасыруға жұмылдырылған.

Мұғалімнің  бірегей шығармашылық үдеріс шеңберіндегі педагогикалық және көркемдік компоненттерді талдау, педагогикалық шығармашылық қыз-метте педагогикалық білім, бейімділік және дағдыларды тиімді пайдалануына ғана емес, сондай-ақ эмоциялы механизмдер жүйесі арқылы, тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Музыка мұғалімінің  сабақта педагогикалық-психологиялық тұрғысынан рухани ішкі  жан дүниесі бай болса,  қаншалықты анық, алуан түрлі болса, соғұрлым ол оқушыларға білім берудегі тәжірибесі нығая түседі. Сабақтың әрдайым шығармашылық деңгейі арта түседі. Сондықтан сезімдік болмысты дамыту – педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады.

Біздің ойымызша, музыка мұғаліміне педагогикалық үдерістің  қарым-қатынастық сипатын оңтайландыра отырып, оған ендіретін мүмкіндіктерін саралау, педагогикалық әртістік шеберліктерін  үйлестіріп, оларды салыстыру негізінде талдауды меңгеру маңызды болып саналады.

Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы –  кәсіби  мүмкіндіктер спектрін және оларды қалыптастыру қажеттілігін сезінуін, болашақ қызметте маңызды әртістік шеберлік дағдыларын жетілдіру мен практикалық меңгеруге деген қызығушылықтарын оңтайландыруға жағдай жасайды. Музыка мұғалімі үшін:

– жағымсыз психофизиологиялық жүктеме жойылып, өзінде рухани сезімталдықты  оятуға мүмкіндік пайда болады;

– аудиторияның көңіл-күйіне ықпал ету және музыкалық білім мазмұнына тұрақты қызығушылықты қолдау шеберлігі пайда болады;

– өзінің жеке дүниетанымдық мақсаттарын таныту, өз ойын ауызша білдіру қабілеттілігі, танымдық белсенділігі артады; өз тәжірибесіне сенімділігі артады;

– сезімдік табиғатын  дамыту және қисынды, эмоциялы, образды дүниені өзінің ішкі әлемінде, әрекеттерде үйлестіру, музыкалық талғамын, рухани мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді;

– оқу үдерісінің оқушы үшін тартымды, жарқын, сезімдік бай, адамгершілік әлеует  қалыптастыруға жағдай жасайды;

– өнер тәжірибесін, мәдениет құндылықтарын жеткізу  жүзеге асырылады;

– оқушының эмоциялық  сезімін, шығармашылық бағдарын дүниетанымдық  және адамгершілік тұрғысынан бағалау, баланың жеке ерекшеліктерімен, оның өмірлік тәжірибесімен салыстыру  қабілеттілігі арта түседі;

– болашақта  шығармашылық өсуді болжау мүмкіндігі пайда болады.

Оқушы үшін:

– білім мазмұнына мотивациялық-құндылық қатынасы қалыптасады;

– материалды эмоциялық  қабылдауы жарқын көңіл-күй мен  қызығушылықты сақтауға, оқу мотивтерін меңгеруге, сезімдік ашылуға мүмкіндік береді;

– еркіндік, ашық-жарқын әңгіме, сұхбат жасауға және  оқуға  жағымды қарым-қатынас сезім пайда  болады, шаршау немесе енжарлық көрініс  бермейді;

– өнер тәжірибесін  түйсінуі мен қабылдауы жеңіл  және қызықты бола түседі, танымдық интеллектуалдық қабылдау деңгейі өседі;

– әдемі әуенге, әртістік шеберлікке негізделген педагогикалық  үрдіс оқушылардың шығармашылық бағдарының қалыптасуына, олардың рухани ұстанымына, білімді сезімдік қабылдауға, ізгілікке тәрбиелеуге ықпал  етеді; эстетикалық талғамдарын дамытады.

       Музыка мұғалімдерінің оқу зерттеу жұмысына – студенттердің педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыруға арналған жұмыстары, студенттердің ғылыми-әдістемелік жұмыстары кіреді.

        Сонымен, болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың жүйесін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы ретінде қарастырамыз.

       Болашақ музыка мұғалімдерін  даярлауда кәсіби құзырлықты  қалыптастыру эксперименттік зерттеу,  жүйелілік талдау, бақылау, статистикалық өңдеу әдістерінің де өзара байланыста жүргізілгендігін айтуға болады.

Жоғары оқу орнының  бағдарламасын егер студент өзін қызығушылығы бар, мәдениетті нағыз  маман, жауапкершілігі мол, ерікті, талапты  тұлға ретінде көрсетсе ғана сәтті  меңгеруі мүмкін.

Музыка мұғалімдерін даярлау барысындағы білім беру жүйесінің жаңа бағыттарының бірі –  болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың өзіндік  ерекшеліктерін, іс-әрекетін мәдени қалыптастыру болып табылады. Студенттердің білім  дәрежесін, оқытушының кәсіби деңгейін мүмкіндігінше жоғары қалыптастырудың негізі қалануда.

 ЖОО-да оқыту мен  тәрбиелеу үдерістерін бір-бірімен  байланыстыра отырып, студенттердің  бойында ғылыми дүниетанымын, адамгершілік, саяси сапаларын, еңбексүйгіштік  пен оларға байланысты маманға тән кәсіби іскерлік қасиеттермен қабілеттермен қатар, кәсіби кәсіби құзырлығын қалыптастыру қажет.

Сондай-ақ кәсіби кәсіби құзырлықты қалыптастыру қоғамдағы  қарым-қатынасты және заман талабына сай болуын талап етеді. Бұл әрбір  оқытушының, ұстаздың негізгі педагогикалық міндеті.

Болашақ музыка мұғалімдерін кәсіби даярлаудың маңыздылығы маманның жеке тұлғасы мен қызметіне деген  талаптарымен сипатталады.

 Бұл ЖОО – ның  педагогикалық үдерісінде жалпы  және кәсіби мәдениетті, шығармашылық  қарым-қатынас жасауда өзін-өзі ұстай білу мәдениетінің қажеттілігін арттырады.

Қазіргі кезде нарықтық қарым-қатынастардың шарттары бойынша  жұмыс істеу үшін жоғары дәрежеде мамандандырылған кәсіби қабілеті жоғары мамандарды даярлау талап етіледі. Қазіргі қоғамдық өзгерістердің  қарқынды дамуы жаңа заман талабына сай сапалы мұғалімдерді даярлауды қажет етіп отыр.

Болашақ музыка мұғалімдері  үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына лайықты шешімдер қабылдап, жүзеге асыра алатын болуы тиіс.

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру