Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 15:14, дипломная работа

Описание работы

Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың. қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады

Содержание работы

Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10

I – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19

1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24

ІІ–тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50

2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................

ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54

Файлы: 1 файл

I – тарау. Бастауыш сынып о-ушыларыны- танымды- іс--рекеттерін -.doc

— 351.00 Кб (Скачать файл)

  Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы байымдауы қажет.

Белгісіз объектіні  жанама жолмен танып білу тікелей  шешуге болмайтын қиындықтан туады. Мысалы, Жер шарының меридиан ұзындығын біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Кереннен шыққан Эратосфен есептеді. Меридиан ұзындығын табиғи жолмен есептеу мүмкін емес. Мұндай есептерді шығару үшін модель құру керек. Ал, Самостан шыққан Аристарх бұл қашықтықты геометриялық жолмен есептеп шығарды. Осы сияқты оқушылар Жер бетіндегі өлшеу жұмыстарына байланысты (тоған, жаяу адам, көлік) есептерді шығару кезінде кездеседі. Теңдеу мен теңдеулер жүйесін құра білу, алгоритмдермен жұмыс істей алу, сыныпта отырып-ақ, мұндай есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонда алгоритмдер мен теңдеулер және теңдеулер жүйесі есепті шығарудың моделі болып табылады.

Танымның басқа әдістері де бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.

Әркім өз мамандығына қарай, бір нәрсені әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл - шығармашылық, жетістік. Бізге де керегі осы. Мәселен, сызықтық функция - біреуге түзу болса, екіншіге - берілген теллеграмманың құнын есептейтін формула, үшіншіге - сымды қыздырғандағы оның сызықтық ұлғаюы, төртіншіге - жол формуласы т.т. Мұндай мысалдар математикада жеткілікті.

Біз неге үшкір, аққұман неге шар тәрізді, шәйнектің түбі неге жалпақ, машина дөңгелегі неге үшбұрышты емес, май жаққан нан неге жерге май жағымен түседі, құмырсқа биіктен құласа неге өлмейді, өрмекші өрмегі неге дұрыс көпбұрыш, бал арасының ұясы неге дұрыс алтыбұрыш, 37, 108, 47 деген не, ұзын адам неге теңселіп жүреді, қанатын жұлған көбелек неге қисайып ұшады, ешкі неге өседі, жеті атада неше адамның қаны бар, ұсақ дәннен гөрі ірі дән неге пайдалы, жел тұрмаса шөптің басы неге қимылда-майды деген сияқты сұрақтарға жауап беру оқушының танымдық қызығуын тудырып, өмір мен математиканы байланыстыра, жақындастыра түседі.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды   оқушыларға   білімді   меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың. қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзшің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықган мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды колдана білуде жетекші рөл атқарады.

Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен  әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе  ретінде оқушы өзінің қалыптасуында  өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Илентков). Қарама-қайшылық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.

Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелрдің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Балалардың танымдық  қызығушылылығын арттырудың негізі, олардың жемісті іс-әрекеттерді (сурет жапсыру, құрастыру, мүсіндер жасау) орындауына байланысты.

1) Балалардың сабаққа,  оқу материалына, танымдық іс-ерекетке  қызығушылығын белсендіру үшін  сабаққа жаңалық және қызықтылық  енгізу; балалардың өздерінін жеңуге шамасы жететіндей, оқушының білім дәрежесіне, ерекшелігіне сәйкес келетін қиындықтар, кедергілер жасау, өз бетінше орындайтын әр-түрлі жұмыстар, дидактикалық қызықты ойындар ұйымдастыру; өз еңбегінің куанышын сезуге мүмкіндік жасау сияқты тәсілдерді пайдалану;

2) Сабақ мазмұнының  ғылыми дәрежесіне сәйкестігі, өмірмен,  қоғаммен, табиғат құбыластарымен  байланыстылығы, сабақ мазмұнының  балалардың күш-жігерін, ақыл-ой  белсенділігін талал ету;

3) Ізденушілік, ойландырарлық  ахуал жасау;

4)  Балалардың шамасы жететіндей қиындық деңгейінде оқыту;

5) Мәселе — ізденушілік  әдістері, дидактикалық ойындар,  жаттығулар, танымдық есептерді  шешуді, әңгіме әдісін пайдалану,  тәжірибелерге зерттеушілік сипат  беру.

Мұндағы негізгі мақсат — балалардың ойлау қызметіне, танымдық белсенділігіне, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жол салу. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық окыту әдістерінің барлығы да қызмет етуі тиіс, оқушы мен ұстаздың ақиқатты ізденуші күйіне немесе дербес ізденуші дәрежесіне жеткізетіндей, үйіріп әкететіндей жағдай тудырып отыру қажет. Ол үшін ұстаз балалардың үнемі табиғат аясында, қоршаған ортамен тілдесіп жол ашып отыру қажет. Бала үнемі табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ата-анасына, үлкендерге танымдық сұрақтар қояды. Мысалы, қар қалай пайда бо-лады? Неге алақанда ериді? Жапырақтар неге түседі? Жаңбыр қайдан пайда болады? Алма ағашы неге көктемде ғана гүлдейді? Неге барлық ағаштар жеміс салмайды? Шыбын-шіркейлер қайда қыстайды? т.б.

Балалардың мұндай сұрақтарына жауап беру әрбір ата-ананың, ұстаздардың міндеті, тек жауап беру ғана емес, қоршаған ортаны таныту, баланың дүниетанымын кеңейту. Бұл жолда ұстаздарға оқытудың негізгі түрін басшылыққа алу қажет. Мысалы:

Сабақ — балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі. Сабақта табиғат құбылыстары мен заттар туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. Көркем шығарма туындылары, түр- түсті суреттер, диафильмдер, көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады.

Саяхат — сабақ түрі, жұмыстың бұл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Саяхат кезінде балалардың таза ауада болуы  далада хош иісті, көз тартар әдемі  гүлдер арасында қыдыру — терең  ой ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл күй тудырып, оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.

Оқушылардың қызығушылығын  арттыру жолдары

Республикада оқыту  мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың бенсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.

К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге қүмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.

Неміс педагогі И.Ф.Гербарт  өзінің оқыту теориясының негізіне әр сала-дағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Біздің бақылауымыз да осыны көрсетті.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақ-сы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс-жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады. Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілділі сыпайылығы, көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет-ғұрыпты үйретуге болады.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді.

Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің-әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісін басшылық" атты еңбегінде: "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді", - деген. Ал, ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттыруды. Дамыта оқудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан (оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі) тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері