Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Дегенмен, бастауышта оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендердің жоқтығы арасында қайшылық айқын көрінеді. Бұл біздің тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Сондықтан біз осы тақырыпты жан-жақты зерттеуді көздеп, алдымызға мынандай мақсат қойдық:
2-сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдарының педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері.................................................................................................5
І.1. Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы...5
І.2. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары......................................................................................................................10
ІІ-тарау. 2-сыныпта «Ана тілін» оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдары..............................................17
ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны........................................17
ІІ.2. 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі..........................................................................................27
Қорытынды.................................................................................................................33
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................34

Файлы: 1 файл

эстетикалы0 тарбие.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

Шоқанның халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына, көркемдік талғамының жетілуіне, ой-өрісінің, рухани әлемінің кеңи түсуіне бірнеше факторлар (шартты түрде) әсер етті (өскен ортасы,табиғат, туыс-жолдас, өнер адамдары т.б. жанұясы, әке-шешесі, әжесі; орыс достары).

Шоқанның балалық шағы Көкше өңірінде – Оқжетпес, Құсмұрын, Сырымбетте өтті. Бұл өңір баршаға  өзінің тарихи аңыздарымен, ғажайып  сұлу табиғатымен, атақты майталман суырып салма ақын, әнші-күйшілерімен белгілі. Мұның Шоқанның рухани жетілуіне, көркемдік талғамының қалыптасуына тікелей әсері болғаны күмәнсіз.

Бала жасынан әжесі  Айғанымнан ертегі, аңыз-әңгімелерді, тарихи оқиғалар мен XVIII ғ. Жоңғар көтерілісіне қатысқан батырлар туралы естеліктерді естіп өсуі Шоқанның туған жер, ел, Отан алдында жауапкершілігіне арттыруды, халық мұрасын бағалап, сүйе білуге үйретті. Оның ой-өрісінің кеңеюіне, көркемдік талғамның жетілуіне орақ ауыз, от тілді ақын-жыршылар (Жұмағұл, Жанақ, Арыстанбай, Орынбай, Шөже, Нұрымбай), бал таңдай әншілер, саусағынан өнер тамған күйшілерден естіген қазақ халқының тарихи шындығын бейнелейтін әндер мен лирикалық әуендері, эпикалық жырлары мен толғаулары, тарихи күйлері әсер етті.

Эстетикалық тәрбие туралы құнды пікір айтқан адам – Ыбырай Алтынсарин болды. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, халқына халық мұрасына:ауызекі шығармашылыққа әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігінің артуына, эстетикалық талғамы мен сезімінің дамуына өскен ортасы (табиғат, семья, туыс-достар, өнер адамдары т.б.) әсер етті. Әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл-ойы жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балқожаның ықпалы ерекше болды.

Ыбырай осы бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім-тәрбиесін, үлгі-өнегесін, көңіліне түйгендерін оқу-ағарту ісі арқылы қазақ балаларының бойына сіңісті ете білді. Балаларды ауызекі шығармашылығын қадірлеуге, ондағы халықтың басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдерге әділ баға бере білуге үйретті, оны ерекше әсермен, жоғары эстетикалық сезіммен қабылдауға баулыды.

Ы.Алтынсариннің де эстетикалық  тәрбие проблемаларын қозғайтын  арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Бірақ, Ы.Алтынсариннің эстетикалық  көзқарастары оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты.

“Қазақ хрестоматиясына” енгізілген ауыз әдебиетінен жинаған  материалдардың мазмұны тек қана танымдық, адамгершілік, өнегелік және ақылгөйлік сипатқа ғана емес, ол сондай-ақ жоғары эстетикалық талғамның жан-жақты  қалыптасып дамуына, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты сыртқы жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелейтін ықпалымен де құнды.

Белгілі педагог Мағжан Жұмабаев:

“Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны”-дей келіп,”Жаратылыстың һәм искусствоның сұлулық заттары адамның сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген арман, сылдырлаған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала … міне, осы сықылды жаратылыстың сұлу заттары адам жанында бір ляззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды”- деп атап көрсетеді.

Шетел ғалымы Г.Маркет: Эстетикалық қызығу, эстетикалық қажеттілікке қарағанда белгілі бір құнды нәрсені меңгеру мақсатына бағытталған ұмтылыс” дейді. Бұл жерде ол эстетикалық қызығу үлкен бір мақсаттан туындаған іс-әрекет пен саналылық, жеке адам мен эстетикалық объектісінің арасындағы тығыз байланыстық екенін айтады.

Зерттеуші Жолдасбеков С.А. өз еңбегінде:

“Эстетикалық  қызығушылық деп біз эстетикалық құндылығы бар объектіге мақсатты танымдық қатынасты түсінеміз. Эстетикалық қызығушылық объекті мен субъектінің эмоциялық әсер толқыны мен түсінігі арасында пайда болады”, дей келіп, “эстетикалық қызығуды өмірдегі, болмыстағы адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстарды танып білу мақсатымен өз қалауы бойынша нысаналы іс-әрекет екенін ескерсек, мұндай іс-әрекетті бастауыш класс оқушыларының бойында ерте қалыптастырып, эстетикалық қызығушылықты жас кезден оятудың маңызы зор екені күмән туғызбайды”- деп қорытынды жасайды.

I.2. Бастауыш  сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін  тәрбиелеу жолдары

 

Есімі соңғы кездері  жұртшылыққа мәлім бола бастаған Ө.Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баянда”  жан сұлулығы мен тән сұлулығы жайлы біраз пікірлер айтқан. Адамның жайдары мінезі, сөйлеу шеберлігі, әдемі киінуі, денесін жинақы ұстауы оны көркемдікке баулитындығын айта келіп былай дейді: ”Әр пенденің тұлғалық бітімі бет әлпеті, өз түсі, ылпалық киім жарасымы: мінездемелік ұнасымды тақілеттер бір-бірімен айқындық парықталыс белгілеп танымал кісілер көргеннен жазбай танитын бітіске ие болуы жарақтық".

Ғұлама адамның киген  киімі қонымды әрі жарасымды, таза болса, оның көңілін көтеріп, жанының  жайдарлы болуына себеп болады дейді: ”Пенде көркі,- деп жазды ол,- ылпалық жарастылық, яғни жапырақтық, жарасақтылық … “ дей келіп, ылпа әрі толық, әрі орамды, әрі жылы, жарасымды әрлі болмағы мен сәнді болмағы шарт…”.

Ортағасырлық шипагерлік бұл арадағы негізгі түйіні –  адам денесі таза, кірқожалақтан аулақ болса, одан түрлі жаралар аулақ жүреді. Сондықтан да баланы жас кезінен тазалық сақтау әдетіне дағдыландыру қажет.

Дене тік және сұңғақ болып қалыптасуы бала үшін ат үстінде  мығым отыруы, жүріс-тұрысын үнемі  бақылап отырғаны абзал.

Ғұлама дененің көркем болып қалыптасуы үшін мынадай кеңес береді. Тамақты жемеу, өйткені ол дененің терлеп, әрі жағымсыз иіс шығаруына себепші болады. Адам көбінесе жеміс-жидектерді көбірек жеуді әдетке айналдыру қажет. Дала ойшылы тамақты көп жеген адам рабайсыз семіреді, сөйтіп тән сымбаттылығынан айрылады дей келіп, “ішуі жаманның, тышуы жаман”, “Жөнсіз ас кекіртеді, одан қалса семіртеді” дегендей тұжырымдар жасайды.

Орта ғасырлардағы келесі бір қазақ ғұламасы шежіре-тарихшы  Қадырғали Жалаири, ұлың батыр болсын, ал қызың көркем сұлу болсын дейді. Оның осы түйіні Құран Кәрімдегі ер адамның күші мен көркі, зеректігі мен батырлығы үйлесіп жатуы тиіс дейтін қағидалармен үндеседі. Ал, қыз баланың жайдарлы, сымбатты болуы өмірдің сәні және ұрпақтың көркем болып жалғасуының негізі. Ғұламаның, - “Үйдегі нәрселер үй иесіне сай” деуінің өзінде де үлкен мән жатқан жоқ па? Мәселен, кейбір салдыр-салақ тұратын отбасынабара қалсаң дүниелері шашылып, шаң басып, бөлмесі қолаңсып жатады. Үй ішіндегілердің ұқыптылығы мен тазалығы жан мен тән сұлулығымен орайласып жататындығы белгілі.

“Адам эстетикасы” дегенде  біз нені түсінеміз?

Енді осыған тоқталайық:

1. Сыртқы келбет (түр-тұрпат). Сән.   

 Сыртқы келбет пен  мінез-құлық тығыз байланысты. Ол  туралы:”әлем-жәлем киім”, “тұрпайы, арсыз түр”, “жасанды күлкі”, т.б. тіркестер жоғарыдағы ойымызды дәлелдей түседі. Адамның сыртқы түрі, келбеті оның мінез-құлқына адам мәдениетінің бір бөлігі ретінде кіреді. Оның үстіне, көбінесе, адамның мінез-құлқы оның сыртқы түрінен, киім киісінен, жүріс-тұрысынан, т.б. көрініп отырады. Мысалы, адамның театрға джинсы шалбармен келуі – мәдениетсіздік және әдемілік емес.

Сыртқы түр деп нені айтамыз? Бұған кіретін құбылыстар: киім, фигура, келбет, бет-әлпетінің  өзгерісі, дене құрылысы, бой, салмақ, мүсін (“Фигура” сөзі латын тілінен аударғанда “сыртқы түр”, “бейне” дегенді білдіреді).

Мүсін – адам денесінің  әдеттегі, үйреншікті қалпы. Шағын бойлы, сымбатты, мүсінді адам бойлырақ көрінеді. “Қайындай сұлу, сымбатты”, “мүсінсіз  ат сиыр сияқты”, т.б. тіркестер – бұған дәлел. Мүсіннің дұрыс болмауы денсаулыққа әсер етеді, тынысты тарылтады. Иықты тіктеу, ішті тарту, басты жоғары ұстау, бұғақты шығармау, аяқты сүйретпеу, т.б. Міне, мұның бәрі – дұрыс мүсіннің элементтері. Мүсін жаттығулар, гимнастика арқылы қалыптасады. Шығыста көбінесе жүкті төбесіне қойып тасу қанқаның түзелуіне септігін тигізеді деп саналады.

Мүсінді де, мүсінсіз де адамдар бар. Артық салмақ олардың  көңіл-күйін бұзады.

Мысалы, Америкада 42 жастағы  Уолтер Хадсоннің салмағы 550 кг (мәліметтер 1988 жылы алынған). Көптеген артистер өздерінің салмағының артып кетпеуін қадағалап отырады. Олардың кейбіреулері қызық нәтижелерге жеткен. Мысалы, 47 жастағы Рэкел Уэлч 168 см боймен 50 кг-ға төмендесе, Жаклин Биссеннің бойы 170 см, салмағы 54 кг.

Артық толысудың себептері:

  1. Кең тараған себебі – тамақты көп ішіп, аз қимылдау. Қарапайым халық жалқау адамдар толық (семіз) болады деп санайды.
  2. Жасы ұлғаюы себепті зат алмасудың бұзылуына байланысты ауру.
  3. Баланы сәби шағында күшті тамақтандыру семіздікке алып келуі мүмкін.

Балаларды шектен тыс  тамақтандырмау керек.

         4. Тұқым қуалаушылық.

Адам өзінің пішінін  қадағалауы қажет. Әйелдер кейде  сәнді, әдемі көйлектер тігеді, шаштаразға барады, беттерін әрлейді, ал пішіндері  туралы “ұмытып кетеді”. Шын мәнінде  мүсінді, сымбатты болу - әдемі.

Бұл бастауыш сатыдан  бастап, бала санасына құйыла беретін  мәселе.

Сыртқы түр, киім, шаш, т.б. туралы сөз еткенде жазушы А.П.Чеховтың “Адамда бәрі де әдемі болуға тиіс: келбеті де, киімі де, жаны да, тәні де” деген сөзін еске алмауға болмайды.

Мінез-құлықтың мәдениеті  тек өзінің келбетімен, түр-тұрпатыңмен  ғана адамдарға жағымды әсер қалдыра  алуыңмен анықталады. Киім жақсы тігілген, үтіктелген, аяқ киім тазартылған, шаш  таза, көзқарас жылы, тілектес, бетті  әрлеу мен иіс-су шамасынша болуы керек. Кеште сәнді киім, жұмыста спорттық киім болғаны дұрыс, керісінше емес. Мінез-құлық үлгісін де байқау, сақтау қажет.

Мәселен, күлкі қарапайым  болуы тиіс. И.Мержаев жазғандай:”Ауызды  кең ашып күлуге болмайды. Сықылықтап күлу, басқа да айналадағы жұрттың мазасын алатын күлкілер сияқты орынсыз”.

3.Этикет. Этикеттің  негіздері.

“Этикет” сөзі француз  тілінен алынған, “мінез-құлықтың белгіленген, тұрақталған тәртібі”, “қоғамда қатынаса білудің түрлері” дегенді білдіреді.

Қоғамның дамуының басында ешқандай этикет болған емес. Ежелгі Римде император Цезарьға “Цезарь” деп сөйлеген. Императорлық биліктің әрі қарайғы даму сатысында оған қаратып сөйлеудің ерекше ережелері жетіле бастады.

Тәрбие мен өзін-өзі  тәрбиелеу адамның темпераментін  ескере отырып, оның мінез-құлқының жағымды жақтарын қалыптастыруға және адамның өзгелермен қарым-қатынас жасауы үшін кедергі жасайтын қажетсіз қасиеттерін жете білуге келіп тіреледі. Мінездің кейбір сипаттарын қарастырайық.

Сыпайылық – бұл адамдарға  деген құрмет. Ізгі ниетті қарым-қатынас. Сыпайылыққа – дөрекілік, дөкірлік, тұрпайылық, арсыздық қарама-қайшы. Қарым-қатынаста сыпайы болғаны адамды айналадағы адамдар жоғары бағалайды, ал мұндай қасиет сыпайы адамның өз басына жеңіл болады, себебі туысқандарға, достарға, таныстарға:”Рахмет! Қайырлы таң!” деп айту аса қиын емес. Сол себепті де “Ештеңе де сыпайылық секілді жоғары бағаланбайды және оңай берілмейді” деген сөз бар.

Әдептілік, өнегелік –  бұл өзіңізді басқа адамның орнына қоя білушілік.

Бұл – жеке және қызмет бабындағы қатынастарда шама-шарықты білу сезімі. Өнегелі адам басқа адамдардың қасиеттерін кемсітпейді, ал биязы, сыпайы адам өз қасиеттерін сыйлайды. Өз пікіріңді біреуге күштеп танытуға, әбес сұрақтармен адамның жеке өміріне араласуға, мазасын алуға болмайды. Басқа адамның хаттарын оқу, сізді қанша қызықтырып тұрса да, адамға тесіле қарау дұрыс емес.

Егер қонақ абайсызда  ыдысты сындырып алса, оған ренжігеніңізді көрсетпегеніңіз абзал. Әрине, қуанышты да, көрсетудің керегі жоқ. Кінәсін  мойнына алып, өкініп, жазасын тартқаннан кейін де адамға оның кінәсін айта беру - әдепсіздік. Жасаған қайырымдылығын, жақсылығының үшін үнемі алғыс айтқызуды талап ету де - әдепсіздік. Өзіңіздің таныс адамыңызды қолайсыз жағдайда көріп қалсаңыз, оны байқамаған қалып танытыңыз және оны есіңізге алмаңыз да.

Тілектестік, жақсылық тілеушілік басқаларға көмек беріп, олардың  жайын түсініп, қайғысына ортақтасу, сол сияқты олардың табыстарына  қуана білуден көрінеді. Күншілдік, қызғаншақтық – бұл басқаларға да табыс пен бақыт тілемеу. Қызғаншақ адамның басқаны күндеуден басқа қолынан ештеңе келмейді. Қызғаншақ адамдармен достаспауға, араласпауға тырысыңыз.

Ойын кезінде немесе сеанс үстінде әңгімелеспейді және түсінік бермейді. Тек тыңдап, көру керек. Тіпті, егер бағдарлама қызық  болмаған жағдайда сыпайылық үндемей отыруға міндеттейді.

3.Киім туралы.

Киімге қойылатын бірінші  талап – мұнтаздай тазалық. Киім, шаш, тырнақ, мойынның, т.б. қайсысы болса  да бәрібір. Ұқыпсыздық, кір, таза еместігін  сезіну, әр уақытта қолайсыздыққа  туғызады және айналадағыларды сыйламаушылықты білдіреді.

Бастауыш сатыда эстетикаға эстетикалық талғам қалыптастыратын  жол-ол-көркем шығармалар.

Көркем шығармалар негізінде  экологиялық, этикалық, эстетикалық  мұраттарды оқушылардың табиғатқа  ізгілік қатынасын қалыптастырумен тұтастықта қарастыру белгілі бір методологиялық жүйені талап етеді. Көркем шығарманы жалпы эстетикалық дүниетаным тұрғысынан қабылдау моделін жасау оның рухын тұтас қалпында оқушы бойына сіңіруге мүмкіндік береді.

Осы орайда зерттеу мәселесін  жүзеге асыруда сабақта белгілі бір ұстаным болуы қажет. Көрнекті ғалым М.Н.Скаткиннің “Дидактиканың даму тарихы білімінің мазмұнында, сипатында, дүниетанымдық қызметінде, ойлау ерекшеліктерінде де көрініс табады”,- деп айтқанындай сабақ үстіндегі оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру сияқты дүниетанымдық сипаттағы оқыту принциптері сияқты оқушылардың табиғатқа ізгілік қатынасын қалыптастыра оқытуды арнайы принцип ретінде тануды қажет етеді.

Адам тек ақыл-оймен  ғана емес, -сезіммен де өмір сүреді. Сезім  – біздің дүниені қабылдауымыздағы, оны түсінудегі, өмір сүрудегі, болашақты ойлаудағы, дүниені жасап құрудағы қабілеттің бөлінбес бөлшегі. Адамзат жасаған ақыл-ой, білім, ғылым, тәжірибесі адамға қандай керек болса, ғасырлар бойы сұрыпталып, шыңдалып, әсемделіп жеткен сезім тәжірибесін білу де соншалықты қажет. Дүние туралы, әлем туралы ғылым мен білім мыңдаған жылдарда қалыптасқан болса, адамның сезім арқылы білінетін оларға қатынасы да соншалықты ұзақ уақыт қалыптасқан.

Сол қалыптасқан қатынастар мен сезімдердің материалдық көрінісі көркем өнер адам сезімі мен қатынастарын ізгілендіруде бай тәжірибе жинақтаған. Сол тәжірибені пайдалана отырып, әдебиет сабағында адам жанын адамгершілік, ізгілік деңгейге көтеріп, сезім мен қатынас мәдениетін қалыптастырамыз.

Әдеби – теориялық білім де, әдебиеттің тарихы да қанша жетілдірілген деңгейде меңгерілгенімен, мектептегі әдебиет пәнінің мақсаты мен мәні бола алмайды.

Әдебиеттің тарихы мен  теориясы әдебиетшіні ғана дайындайды, оларда әдебиеттің ана сүті, жүрек  қылын шертер нәрі жоқ. Әдебиеттің ана сүті – оның мәнінде, ондағы сұлу суретте, ой-сезім бірлігінде. Әдебиеттің мәні ғана адамның жан сезімін байытады. Әдебиеттің мәнін түсінген, сезінген ұрпақ қана оның адамгершілік – эстетикалық мазмұнымен сусындап, оның ана сүтіне қанығады, тойынады, сөйтіп ғасырлар бойында қалыптасып, дамып, сұрыпталып келген сұлулық сезімі тәжірибесін меңгеріп, әдебиетті танып білуге әрқашан дайын болады. Сол арқылы өзінің өмірге, адамзатқа, табиғатқа ізгі қатынасын құруға қабілеті артады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны