Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.
Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Содержание работы

І .Кіріспе...........................................................................................................3-4
ІІ .Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары.................................................................5-14
2.1.Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық
педагогиканың алатын орны…………………………………………………….......................................15-20
2.2. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні………………………………………………………………….21-24
Қорытынды...........................................................................................................25-26

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................27 -28
Қосымша........................................................................................................29-30

Файлы: 1 файл

МӘДЕНИ.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда жанұядағы еңбек  тәрбиесі айырықша орын алады. Еңбектің барлық тұрі баланы қызықтыра бермейді. Сол үшін балаға тапсыратын жұмыстар олар ойнайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал.

Жанұядағы еңбек тәрбиесін  баланың сәби көзінен-ақ бастау керек. 2-3 жасар бала қолынан келмесе де ата-анасының әрекет - қимылдарын қайталамақшы болып, көп әуреленеді. Өз ойыншықтарымен ойнап жатқанның өзінде ересек кісілердің іс-әрекетін қайталап, бірде «шофер» болып машина айдаса, бірде «қүрылысшы» болып үй қалайды. Мұндай ойындардың мәнінен түсінбеген кейбір ата-аналар «не бар сендерге топырылап, бүлдірме мына нәрселерді» деп жазғыра бастайды. Қиял дүниесінде өз әрекетіне мәз болып, қуаныш сезімінде отырған балалар, Мұндай жағдайдан кейін, ызаланып жылап та қалады. Содан барып, бірде болмаса бірде ата-анасына қарсы дау айтып, қарсыласа кететін дөрекі мінезді жағымсыз қылықтар шығара бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиеленумен үштастыра отырып жүргізген дұрыс. Әрине, баланың еңбек ету кезіндегі бірінші әрекеттері сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бірақ бірінші жолы нәтиже шығара алмады деп, баланы еңбек етуден шеттеуге қате болады. Баланың іс-әрекетіндегі қателіктерін ұрсып, зекіп емес, оған әсер ететін сөздермен түсіндіру керек. Бала психологиясының бір ерекшелігі - ересек кісілердің еңбек әрекеттеріне қызыға қарайтындығы. Бәрімізге белгілі: жұмыс істеп жатқан уақытта жас сәби қасыңа келіп еңбек құралдарын ұстағысы келіп, араласа бастайды. Сондай кезде «жағаласпа, қолыңнан келмейтін нәрсеге ұмтылма» деп, жекіріп тастайтын кісілер де кездеседі. Еңбек процесіне қызыға қарап тұрған жас сәбидің нәзік көңілі сондай дөрекі сөздің әсерімен суый бастайды. Ең негізгі кемістік - еңбекке деген ынтасы жоғалып, көңілі ойынға ауады. Тіпті бала 2 жасынан-ақ өз бетінше еңбектенуге әрекет жасайтындығы байқалады. Соның үшін баланы еңбекке баулу сәбилік дәуірден-ақ басталатындығы мәлім. 2 жасар баланың аяқ киімімді, сырт киімімді өзім кием деп әрекеттенуі еңбектенудің бастамасы екендігін білдіреді. Бірақ кейбір ата-аналар жас баланың ондай әрекетін қолдаудың орнынан, жекіріп, ұрсып тастайды: «адам асығып тұрғанда, сәнденбекші осы, тез-тез киіндірейін» деп жұлқылай бастауы баланы кесірлікке, қиқарлыққа бастайды. Егер бала іс-әрекетінде білмейтіндігін білдірсе, оған жекірместен шыдамдылықпен үйрету - оның еңбекке деген ынтасын арттырады. Баланың қолынан келетін нәрсесін өзіне істетпей, ата-ананың « жаны ашып», өздерінің орындай салуы еңбектің қүнын төмендетеді де, бала мінезінде жалқаулық, салақтық сияқты жарамсыз қылықтарды қалыптастырады.. Баланың-еңбкке ынталылығын арттыратын жағдайлардың бірі   -оның еңбегін бағалай білу. Жұрт алдында мадақтау, оның еңбекке ынтасын арттырумен бірге, оны өз бетінше жұмыс істеуге құлшындырады. Бірақ орынсыз мақтау баланың дандайсуына, менмендік жасауына алып келеді. Сол үшін әрбір ата-ана бала еңбегінің эділ де орынды бағалай білуі керек. Әрине, баланы еңбкке баулу үгін жанұяда баланың жас ерекшеліктеріне, қызығуына, қабілетіне байланысты түзілген режим болуы шарт. Ондай тәртіптің болуы баланы ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. жанұяда балаларға жасына қарай жеке-жеке тапсырма беріп, оның орындалуына тексеріп отыру баланың жауапкершілігін күшейтеді. ұяда не көрсең, үшқанда соны іледі дейді халқымыз. Сондықтан баланы жастайынан дербес әрекет етуге үйрету керек. Оның жұмысына қызығып, шамадан тыс көп істете беруге де немесе қолынан келмейтін ауыр жұмысқа жіберуге де болмайды. Өйткені ондай жағдайлар баланы қатты жшіықтырады немесе өз күшіне, қабілетіне сенімсіздік тудырады. Содан барып бала мінезінде жалтақтық сияқты жағымсыз жақтар қалыптасады. Сонымен қатар балаға тек жеңіл-желпі жұмыстар істеу де оның еңбекке деген қүштарлығын кемітеді. Балаға тапсырма беріп, артынан оны «аяп», өзі істей қоятын ата-аналар да табылады. Шымкент қаласының №47 орта мектептің 6 сынып оқушысы Бекжан оқу жылының соңында сыныпты тазалау жұмысында оның анасы келіп партасын тазалап, сырлап отыр. Ол баласын еңбек еткізудің орнына, оған берілген тапсырманы өзі атқаратын мұндай кісілер балаларының ақсаусақ болып өскенін көргенде барып санын бір-ақ соғады. Еңбексіз өскен балалардың ақсаусақ болып жүргені аз ба? Еңбек сүймейтін жалқаулардың мінез ерекшелігінде еңбек адамдарын сыйламайтын менмендік сияқты жарамсыз қылықтар айқын байқалады. Сондықтан мектеп мұғалімдері, ата-аналар атақты педагог К.Д.Ушинскийдің: «Өзі еңбек етпейтін адам ілгері баса алмайды, ол бір орнында тұрып та қала алмайды, кері кетеді. Адамның денесі, жүрегі, ақыл-ойы еңбек етуді тілейді. Егер адам өз өмірінде қандай себептен болсын қол қусырып бос отырса, онда ол дурыс жолдан адасады, оған енді амалсыздықтан келіп түсетін екі-ақ тұрлі жол бар және оның екеуі де адамды мерт қылатын жол. Оның бірі - қабақ ашпай, өмірден түнілу жолы, қаратүнек басқандай торыгу жолы, түпсіз терең жабығу жолы немесе майы таусылған шырақтай бара-бара сөну жолы. Ал еңбек- адамның өзінің еркін еңбегі - ол нағыз тіршілік - деген аталы ақылын зердесінде берік ұстағандары жөн. Баланың мінез ерекшілктерін семьяда тәрбиелеу мектеп тәрбиесімен үштасып жатса, ойдағыдай нәтиже беретіні даусыз. Бірақ кейбір ата-аналар балалары мектепке барғаннан кейін, ендігі тәрбие мектептің мойынында, біздің міндетіміз баланы асырап кинідіру деп қарайды. Өйткені одан арғысын мектептің өзі игеріп әкетеді деп қате түсінеді. Бала мектепке барганнан кейін де күнбе күн бақылап тұрмаса оқуында олқылық, тәртібінде тиімсіздік туады. Мысалы, Шымкент қаласындағы №47 орта мектептің б-шы сынып оқушысы Бекжан әке-шешесінің бақылауында болмағандықтан сабаққа бірде келсе, бірде келмейді. Оқудан суып қалған кейбір балаларға қосылып, күні бойы көшеде салақтап жүреді. Әрине, ондай балаға ата-ананың күделікті бақылауы қажет-ақ.

    Кейбір ата-аналар баласының оқудан нашар екендігін біліп тұрса да ата-аналар жиналысына келмейді.

Мысалы, №47 орта мектептің 6-шы сынып оқушысы Бекжан, Ерзат, Әлиби, Ержігтің көптеген пәндерден  үлгермеген. Өздері бір сыныпта екі  жыл отырғандар, тәртіптері нашар. Сондай бола тұрса да, олардың әке-шешелері ата-аналар жиналысына бір рет те қатыспаған. Ондай ата-аналар Қазіргі кезде балаларының нашар оқитындығын ғана білсе, олардың келешегінде қандай қиыншылықтар болатындығын ойламайды да. Осы күйінде   ата-ананың   бақылауынсыз   тәрбиеленген   балалар   тәртіпсіз балаларға қосылып, олардың мінез ерекшелігіндегі кейбір жарамсыз қылықтарын қабылдауы мүмкін. А.С.Макаренко айтпақшы, ондай балалардың ата-аналары кәрілігінде қайғы-қасіретке ұшырайды.

Ата-аналар жиналысына кейбір жауапты қызметте жүрген кісілер де келмей қалады. Олардан неге келмедіңіз деп сұраса, қолым тимейді деп жауап береді. Ондай ата-аналар өз жұмысын негізгі деп санап, бала тәрбиесін екінші дәрежелі жұмыс деп қарайды. Бұл кешірілмес қателік. Мектепте балаларға қойылған талаптар ата-аналар тарапынан қүпталып, оның орындалуына жәрдем беріліп отырса, олардың іскерлігі де арта түседі. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың оқуға ынталылығы, үғынуы, жалпы сабаққа қатынасы бірдей бола бермейді. Әрбір оқушының өзіндік мінез ерекшелігі, сыртқы дүниеге қатынасы, қимыл-әрекеті болатындығы белгілі.

Міне, соған орай оқушылардың  мінез ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау да олардың оқу-тәрбие жұмысындағы ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу кезеңдерін түсінуге жәрдем етеді.

Мектептегі оқыту-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшіліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, творчестволық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі түлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де Нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге аууға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңце шыдамсыз, ұшқылақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді.

Оқытумен бірге оқушының жас ерекшелігіне сай келетін ақыл-ой әрекеттері мен қабілет ерекшелігін де ескерген жөн. Мұндай айрықша ескеретін бір жәйт оқушының сабақ үлгеріміндегі түсінігін дұрыс бағалаумен бірге, оның ықыласын жетілдіру мәселесі.

Педагогикалық тәжірибеде кейде оқушылардың кейбір пәндерден үлгермеуіне қарап, олардың жалпы қабілеті, сабаққа қатынасы туралы қате қорытынды жасалады. Шымкент қаласындағы №47 орта мектептің б-шы сынып оқушысы Асқаров Нү.рдәулетті кейбір пән мұғалімдері сабағынан үлгермеуіне қарап, сол пәндерден келешекте мағлү_маты шамалы болар деп күмәнданып келген. Бірақ сынып жетекшісі оған көп көңіл аудармайды. Бірақ басқа пән мұғалімдері оның оқуына толық үлгере алатындығына сенім білдіру арқылы Асқаровқа оқуға ынталалығын қалыптастырады. Нәтижеде бала психологиясына тэн қасиет мадақтау тәсілімен оның толқы үлгерімге жеткендігін байқадық. Бұл фактіні ұлы педагог А.С.Макаренконың балаға талап қоюмен бірге оны қүрметтей білу керек деген сөзін дәлелдеп отыр. Олай болса, оқушылардың мінез-құлқын жете түсініп алмай жатып,асығыс қорытындыға келуге болмайды.

Оқыту процесінде оқушылардың  білімін дұрыс бағалаудың олардың  мінез ерекшеліктерін тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Оқушы мүталімнің сұрағына жауап беруде өзінің ой-өрісімен ғана. өлшеп, қойған бағаға ренжитін кездері де болады. Мұндай жағдайда оқушыға қойылған бағаның дұрыстығын аңғартып отыру үшін кемістігін дер кезінде ескертіп отыру керек. Сондай-ақ баланың көңілін аулау үшін өне бойы бағаны көтермелеп қою да жарамайды. Себебі - мұндай жағдайда оқушының өзіне қоятын талабы тежеліп, ой процестеріндегі даму кезевдері бэсеңси бастайды. Сол үшін оқытушының бағасы оқушының білімін өлшейтін мысқал таразы болу керек. Мү.ғалім бағасы эділ болғанда ғана оқушылардың оқуға деген ынта-жігері арта түседі, ұстаз әрекетіне зор сеніммен қарап оны әр уақытта құрметтейтін болады. Оның өзі шәкірттің мұғалімді сыйлауын күшейтеді. Мұғалімнің кемістігін ересек кісілер байқағанда; шәкірттерінің көзінше жамандаудың қажеті жоқ. Кейбір мұғалімдердің кемістіктерін шәкірттерге айту арқылы жалпы олардаң ұстазға деген сыйласу қатынасын төмендетіп жіберуіміз де мүмкін.

Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбилеудс ең негізгі түлға мүгалім екендігі белгілі. Тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары мұғалімнің айтқанын өз ата- аналарының айтқандарынан да артық көреді. «Ия, бізге апай былай деген», «Біздің апай осылай үйреткен» деген сияқты сөздерді шын ықыласпен айтады. Демек оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде мұғалімнің білімділігі, мәдениеттілігі, ұстамдылығы, тапқырлығы, байсалдылығы ең негізгі фактор болып саналады. Барлық мұғалімдер шәкірттердің аңсаған арманынан шыға бермейді. Ксйбір мұғалімдер сабақ беруде оқұлықтағы материалдардың көлемінен ұзап кете алмайды. Ондай мұғалімдер оқушылардың түсінбей қойған сұрақтарына жауап берудің орнына, «Осыны да білмейсің бе», «Басыңмен неге ойламайсың» деп жекіріп тастайды да, баланың білімге құмарлығын тежейді. Осыдан барып оқушылардың оқуға деген ынтасы темендей бастайды. Өйткені мінез тұйық, жасық оқушы мұғалім тарапынан көңілге кір келтіретін жекіру сезін немесе эділетсіз айыптау әрекетін байқаса, біліп тұрған нәрсесін айтқысы да келмей қалады. Ал осындай жағдай жақсы оқитын қайсар, ожар мінезді балаға әсер етсе, ол сабаққа салқын қарап, тәртіпсіздер қатарына қосылуы мүмкін.

Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі көңіл аударарлық мәселе - адалдықты, шыншылдықты, сыйластықты қалыптастыру. Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана балага болсын, басқаға болсын, айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Сонымен бірге олардың кішіпейілділігі, адамгершілігі баланы адалдық пен шындыққа бағыттайды.

Баланы шыншылдыққа, адал ниеттілікке тәрбиелеуде көршілердің, бірге ойнап, бірге жүретін балалардың қарым-қатынас әрекеті қимылы үлкен роль атқарады. Ата-ананың балаға берген тәлім-тәрбиесін бірге ойнап. жүрген өзге балалардағы жарамсыз қылықтар бұзуы мүмкін. Мысалы, бес жасар Қанат бір күні бір уыс өрік алып келді. Жүзінде қорқыныш сезімі байқалып тұр. «Мұны қайдан алдың, Қанат» деп сұрағанымызда: «Самат пе Бағдат екеуіміз Олжастың қорасындағы өрік ағаштан алып едік» деп жауап береді. Самат өте ерке бала болып өскен. Бүдан кейін Саматтың ата-анасымен әңгімелесіп, балалардың жүріс-тұрысын қадағалауды ойластырдық. Балаларға біреудің қорасына кіріп өрікті үрлауға, жүлуға болмайтындығын түсіндіргеннен кейін олар жарамсыз әрекеттерін тастады.

Бала мінезіндегі адалдыққа  қайшы келетін қылықтарды дер  кезінде дұрыс тәрбиелеу жолымен қүртып отырмаса, халықының алдында кешірілмейтін кінэға дүшар ететін дөрекі қимыл әрекеттерге алып баруы мүмкін.

Бала сөзіндегі өтірікпен шындықты ажырата білу керек. Өмір тәжірибесінің, білімнің жеткіліксіздігінен жас балалар қолынан келмейтін жұмысты, «мен мұны істей аламын» деп шын көңілмен айтады. Мысалы, алты жасар Ерлан үйіне келіп, тоқтаған жеңіл машинаға қызығып, «мен машинаны айдай аламын» дейді. Немесе жазғы каникулда көп жерлерді көріп жақсы демалу нәтижесінде шаттанған кейбір балалар көрмеген нәрселерін де көрдім деп артық сөздер айтып қоюуы мүмкін. Міне, мұның бәрін өтірік деп айтуға болмайды.осындай жағдайды кейбір ата-аналар «Біздің осы бала отірікші бола ма деймін» деп айтып та қояды. Осындай орынсыз сөздер көңілінде кіршік жоқ жас баланың мінез-құлқындағы саналы қасиеттерге зиянын тигізеді.

 

 

Балалардың  мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық педагогиканың алатын орын

«Ел басына жақсы  туса, асыл болар, масыл болмас, Ел басына жаман туса, масыл болар, асыл бомас» - дейді ұлы ғұлама Ә.Науай. Әрбір перзентінен үміт кеткен ата-ана мен туған халқына жақсы адам болу әрбір адамның мойындағы асыл парызы, масыл болуға, жаман адам болуға ешкімнің қүқы жоқ. Жақсылыққа жақын адам сыйдың қүрметтісін алады, алыс адам кемкетісін алады. Әрбір жақсылық адам көңіліне ұят атты құсты ұялатады.

Халықтық педагогика дегеніміз не? Халықтық педагогика - көп арнаулы, қыры - сыры мол күрделі  ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайды қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрыпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тиіс.

Халықтық педагогика - тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.

Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегенден Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Х.Арғынбаев. С.Сарсенбаев, С.Ұзақбаев. А.Мұқанбаева т.б.

Зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әртұрлі мазмұн мағынада түсіндірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.

Халықтық педагогикасының мұрасының бірі   - дәстүр.

Салт-дәстүр бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отратын қоғам, өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады.

Халық дәстүрінің танымдық тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жасұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгешілік қасиет-сапаларымен сабақтасып біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Бала біздің елімізде ерекше халық. Ол түсінетін, сөзінетін, көретін, ұмтылатын, әрекет жасайтын, жарық дүниеге келген алғашқы күннен бастап-ақ ата-анасын, жақын-туыс туғанын, әрі бүкіл елді қуанышқа ерекше сезімге бөлейтін халық. Сондықтан балалардың өмірі мен жан-жақты жетілуі үшін олардың рухани және дене күштерінің кінәрәтсіз және қауіпсіз дамуын, адамгершілік, имандылық жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауымыз қажет.

Балалық адам өмірінің аса  маңызды кезеңі, болашақ өмірге әзірлік емес, қайта нағыз жарқын, ерекше қайталанбас өмір. Сөйтіп балалықтың балалық шақта баланы кім жетектегеніне қоршаған дүниеден оның ақыл ойы мен жүрегіне не еңбегіне - осының бәріне шешуші дәрежеде ымырасыздық сияқты қасиеттердің қалыптасуының процесі басталады.

Бұл процесс мұғалімдер, ата-аналар тарапыыан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық тұрғыда басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік педагогика - психология ғылымында айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида әрбір тәрбиеші, мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуді және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс істеуде басшылыққа алу керек. Бұны білмейінше бұған мән бермеген жағдайда нағыз тәрбиеші бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.

Информация о работе Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары