Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:19, реферат

Описание работы

Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер--оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.

Файлы: 1 файл

Документ WordPad.doc

— 286.32 Кб (Скачать файл)

 

Әріп жазуы . Таза күйінде дыбыстық жазу - 2000 жылдықтың екінші жартысында пайда балса , вокалданған дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің 1000 жылдығының басында пайда болған . Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу . Әр түрлі тілдерде буын санымен сөздің санынан дыбыстық саны әлдеқайда аз . Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін , әдетте 20 - дан 40 - қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады . Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері меңгеруді , сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді . Ертедегі әріп жазуы ( финский , ежелгі , еврей т/б ) дыбыстық жазу болды . Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған . Зерттеушілер ең алғашқы дыбыстық жазу мен финский жазуын атайды . Мамандардың пікірі бойынша финский жазуының ескерткіштері (Абибаал , Асдрубаал жазба ескерткіштері ) б . з . д . 10 - 11 ғасырларда пайда болған . Финский жазуында 22 - таңба бар . Олардың әрқайсысы

 

жеке дыбысты таңбалаған .

 

Әріп жазылуының таралуы б . з . д . 1000 - жылдықтың алғашқы ғасырларынан басталды . Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралған . Шығыста финский жазуының негізінде пайда болған аралий жазуынан Европа халықтарының әріп жазу жүйелері жасалып таралады . Жазулар таңбалардың орналасу бағытына қарай бір - біріне ажыратылады . Қытай жазуындағы идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады . Орыс , грузин , армян , өзбек , қазақ жазулары солдан оңға қарай бағытталса , араб жазуы керісінше , оңнан солға қарай бағытталған .

 

 

Коллиграфиялық жазуға үйретудегі методикалық тәсілдер .

 

 

    Жазғанда үлгімен салыстыра білу .

 

    Дыбысты жазбаша әріппе және басқа әріпті жазбаша әріпке айналдыру .

 

    Әріпті жазу тәсілдерін білу .

 

    Әріптерді жалғастыру тәсілдері ( үзбей жазу )

 

    Әріптердің биіктігін салыстыра білу жолдағы әріптердің бірдей биіктігін сақтау .

 

    Әріптерді жол сызықтарының ортасына және жолға жаза білу .

 

    Жазуды бастау , жазуды толтыру .

 

    Дұрыс көлбеу жазу тәсілі .

 

 

 

Жазуды ауыр меңгеретін оқушылармен , атқарылатын жұмыс түрлері .

 

1 - ші сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді . Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады , ал екіншілері ежелеп оқиды , ал үшіншісі буындап оқиды , төртіншілері тіпті оқи да алмайды , әріпте танымайды .

 

Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушының құрамымен танысады , олардың қайсысының қалай оқитынын біледі . Дайындығы қатар оқушылармен сабақ үстінде , сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі . Әрбір оқушының дайындығына қарай , тапсырма , дәл , тең беріліп , оларды түгел қамтиды . Мұнда , әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты енетін жағдай жасалғаны жөн . Бұл жұмыстардың барлығының келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп , әр оқушының дайындығына қарай , жазу дағдысын жетілдіру . Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады .

 

 

Жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлар .

 

Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай , әр түрлі дәрежеде өтеді :

 

фонетикалық жазу дыбыстық - әріптік талдауды шебер жүргізуді , дыбыстарды дұрыс , анық айта білуді , айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді ;

 

морфологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп , ережелерді үйрену басым болады .

 

Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары :

 

1 . Жазылатын сөздің мағынасын , мәнін анықтау . Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің , сөйлемінің , текстің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн .

 

2 . Сөздің айтылуына және жазылуына , грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару ; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау : оқы , ойлан , есіңе жазып ал , тыңда , зейін аудар , т / б . Жіберілген қателермен жұмыс жасау :

 

Жазғаныңды тексер , түзет , қайта жаз , осыған ұқсас мысал ойлан , т / б . оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу .

 

3 . Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру : салыстыру , талдау , жинақтау жұмыстары , " неге ? " сұрағын көбірек қою .

 

4 . Сөйлеу әрекетінің бірде - бір жағын естен шығармау керек : дыбыстық әріптік талдау , сөз құрамына жаттығу , сөз таптары бойынша , синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары . Орфографиялық жаттығуларды ( көшіру , диктант ) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама , шығарма ) кезектестіріп өткізу .

 

5 . Грамматикалық жаттығуларды сөздік - орфографиялық жаттығулармен кезектестіру . Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты . Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар . Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады .

 

 

Көркем жазуға үйретудің әдіс - тәсілдері .

 

Көркем жазу 1 - ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып , келесі сыныптарда жалғасады , немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады . Коллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың маңызы зор . Ұқыпты , таза , әдемі , анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық , тиянақтылық , еңбекқорлық кез - келген жұмысты аяғына жеткізуге қажетті төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді .

 

Жазуға қажетті тәсілдері :

 

1 . жазу құралын пайдалана алу .

 

2 . дәптерді дұрыс орналастыру және жазу кезінде оны жылжытып отыру .

 

3 . сабақ кезінде дұрыс отыру .

 

4 . жазу кезінде қолды жол бойымен дұрыс қозғай білу .

 

 

Жазу сабағында қолданылатын көрнекіліктер .

 

Мұғалімнің оқыту үрдісіндегі міндеті балалардың анық естіп , қабылдауы мен сөйлеу қабңлетін дамыту . Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор . Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді , жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды .

 

Сабақтарында көрнекілікке қойылатын талап : оқушы және сөзді немесе оның бөлшектерін ( әріптерді , буындарды , морфемаларды ) анық көретін болуға тиіс , бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай , естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап , сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек . Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет .

 

Ендеше " көрнекілік " деген ұғым сөздерді анық айтуды да , мәнерлеп оқуды да , мысалдар іріктеуді де , тақтадағы , таблицалар , дәптерлердегі жазуларды да қамтиды .

 

Әдетте көрнекілік те графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді . Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар , сөздер , сөйлемдер басқа түспен жазылады яғни асты сызылады . Кейде таұтаға , оқушылардың дәптеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі ( бірде түбірі , екіншіде қосымшасы ) . Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы бейнелеуді қамтамасыз етеді , алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып , істің мәнін біршама түсінуге ( мысалы , басқаша жазбай , неге осылай жазамыз ) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді . Сондықтан таблица т / б жасау үшін материалдар жан - жақты ойластырылып , таңдалып алынады .

 

Оқушылар таблицаға қарап , соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып , олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс , өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет .

 

Мысалы , - " й , и " әріптерінің жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына сияқты сөздерді бағана етіп жазады .

 

Киін - кейін ки - қой

 

Жина - жайна сиыр - сойыл

 

Биле - бейне тиме - түйме

 

Мұнда " и " , " й " әріптерін қызыл түспен жазуға болады . Бірақ негізгі әдіс - бірінші бағанадағы сөздерді екнші бағанадағы сөздермен салыстыру . Бұл сөздердің жазылуын салыстыра отырып , балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табады , " и " әрпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын анықтайды . " и " - дің дауыссыздардан , " й " әрпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері айтады . Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептелінеді . Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын жүйесін, әдісін , сондай - ақ , оқушының білім , дағды , шеберлік дәрежесін білуге болады . Қысқасы , дәптер - оқушы жұмысының айнасы .

 

Әр сабақтың басында оқушылардың барлығы дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады . Бір жол тастап , сабақтың тақырыбын не тақтадан , не оқулықтан көшіреді . Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады . Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді . Оқушылардың жазғандары анық , таза , мүмкіндігінше , сауатты болу керек . Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады , жаттығуларға түрлі түсті қарындаштар да пайдаланылады . Көрнекі құралдарға магнитафон , грампластинка , оқу фильмдері , диафильмдер де жатады . Оқушылар пластинкаға жазылғандарды зейін қоя тыңдап , мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады , жазады , тыныс белгілерін қояды , талдайды . Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады . Оның ішінде әсіресе , түрлі буындар , сөздер , сөйлемдер , жазылған карточкалар , конверттер көп қолданылады .

 

 

Жасалған көрнекіліктерді сабақ барысында қолдану .

 

Мектептегі оқу мен тәрбие ісінің құрылысын жетілдіріп , тиімді әдіс - тәсілдер қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру , техникалық құралдармен көрнекілік құралдарын орынды қолдану нәтижесінде оқушылардың біліміндегі формаларды жою , оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру , сабақ үрдісін нағыз ғылыми жолмен ұйымдастыру . Жалпы сабақтарда көрнекіліктерді пайдалану сонау 16 - ғасырларынан бері сөз болып келеді . Көрнекі құралдары принцип ретінде дүниеге белгілі еткен словян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский . Көрнекіліктерді пайдалану іс жүзінде тек қазіргі заман мектептерінде орын алып отыр . Қазәргі мектептерде сабақ көрнекіліктерді қолдануға ерекше мән беріп отыр , өйткені ғылыми техникалық үрдістің алға басуы нәтижесінде балаларды да ақыл - ойы болып жатқан өзгерістерді тез қабылдайды деуге болады .

 

Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қай кезде, қандай мақсатпен қолданады .

 

 

    ол оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады . Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу .

 

    тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .

 

    оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру , тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады .

 

    " әліппе " кезінде суретті , алфавит , қиыс әріптер , буындар , түрлі таблицалар т / б . пайдаланылады .

 

 

Техникалық құралдар - көрнекіліктің техникалық прогресс дәуірі туғызған жаңа түрлері . Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы сауат ашу сабақтарының тиімділігін арттыруға болады . Көрнекіліктерді пайдаланудың дұрыс болуы мұғалімдердің іскерлігіне , ізденістілігіне , шығармашылық пен жұмыс атқара білуіне байланысты . Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.

 

Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады [1].

 

Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.

 

1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.

 

«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.

 

Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру - дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.

 

Дыбыс жүйесінен теориялық білім пен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі--әңгіме әдісі. Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен үштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауап сөзіне қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Дыбыс жүйесінен өткізілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мына сияқты дағдылары қалыптасады: олардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ширату негізінде өз сөйлемін стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді [3].

 

1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі», Ғ.Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф.Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К.Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә.Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р.Әміровтың К.Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

Информация о работе Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі