Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:19, реферат

Описание работы

Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер--оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.

Файлы: 1 файл

Документ WordPad.doc

— 286.32 Кб (Скачать файл)

 

    Абайдың тәлім-тәрбиесі өз өмір сүрген ортасымен етене байланысты болғаны анық. Оның бойындағы бар асыл қасиеттер - даналық, данышпандық сол ұлтынан берілген, сол ұлтынан сіңген қасиет. Сондықтан да, Абайды өзі туып, өмір сүрген ортасынан бөле-жара қарай алмаймыз.

 

    Абай өз халқының төл перзенті, сол ортада өсіп-өніп өзі өскен ортасының тәлім-тәрбиесін алып, кейін сол ортаға қызмет етіп, оның жаманы мен жақсысын біліп, ой елегінен өткізе отырып әбден кемелденген кезінде өзінің педагогикалық маңызы зор көзқарастарын келер ұрпаққа білдіріп, беріп отырған кеңесі болды. Сөйтіп, Абай енді ұлылық биігінен халқының педагогикалық ой-парасатын ақыл тезі, жүрек қылынан өткізе келіп, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, өз жұртының келешек ұрпағына ғибрат боларлық ой тастап кетті.

 

    Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дегенде тек өз басын ғана айтып отырған жоқ, бүкіл сол кезге тән қоғамдық олқылық ретінде мәселені әлеуметтік дәржеге көтеріп, халқының мешеулеп қалған жай -күйіне келешек ұрпақтың назарын аударып ескерту жасайды.

 

    Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет. Олай болса, Абай шығармалары өз дәуірінің шеңберінде қалып қоятын құбылыс емес, ол талай заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал әсері арта беретін және дами беретін халықтың асыл мұрасы болып қалмақ.

  

Әдебиеттер тізімі:

 

 

 

    Абай Қара сөздер.-Астана, 2005.-99 б.

    Ақажанова А.Абай көңіл бөлген ұлттық ойындар // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2007.-№ 7.-76 б.

    Ахметов З. Таңдамалы. 1-т.-Алматы, 2008.-280 б.

    Әлібеков А. Мына сөзге құлақ сал // Абай.-1996.-№2.-59-62 б.

    Ғаббас С. Абайдың педагогикалық көзқарасы // Ақиқат.-1992.-№ 11.-81-87 б.

    Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы, 1992.-160 б.

    Жұматаева Е. Абай ғақлияларының тәрбиелік ықпалы // Қазақ тілі мен әдебиеті.-1993.-№8.-24-25 б.

    Құнанбаева А.Ж. Дәстүрлі қазақ жанұясындағы ата-ана мен бала қатынасының ерекшеліктері // Педагогика.-2006.-№ 9.-43-48 б.

    Сағындықов Е. Абайдың ұлттық тәрбие негіздері // Ақиқат.-1994.-№ 7.-75-77 б.     

«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

 

 

«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - университеттің бастауыш оқыту және филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.

 

Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.

 

Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз.

 

Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.

 

Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы - ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық

 

 

 

р/н

 

Тақырыбы

 

^ Сабақ түрі

 

сағат саны

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар

 

1

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы.

 

 

 

 

д

 

2

^

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік.

 

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы.

 

 

2

 

Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары.

 

 

д

 

пр

 

 

2

 

 

 

1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттері.

 

2.Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі.

 

3. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер.

 

4. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер.

 

3

 

Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы.

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

6

 

 

1. Ахмет Байтұрсынұлы.

 

 

    Мағжан Жұмабаев.

 

 

3. Жүсіпбек Аймауытов.

 

4. Сейіл Жиенбаев.

 

5. Шамғали Сарыбаев.

 

6. Ғали Бегалиев.

 

7. Иманбек Ұйықбаев.

 

8. Хасен Арғынов.

 

 

 

4

 

Ахмет Байтұрсынұлы

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

 

1. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі

 

2. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік тұрғыдағы еңбектерінің қазіргі кездегі көзқарасы

 

 

5

 

Мағжан Жұмабаев

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

1. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері.

 

2. Мағжан Жұмабаев - танымал педагог.

 

 

6

 

Жүсіпбек Аймауытов.

 

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

1) Жүсіпбек Аймауытов әдіскер-психолог.

 

2) Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері.

 

 

7

 

Сейіл Жиенбаев

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

1. Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты

 

2. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері

 

 

 

8

 

Шамғали Сарыбаев.

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

1. Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі.

 

2. Шамғали Сарыбаев әдіскер-координатор

 

 

9

 

Ғали Бегалиев

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

1. Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі

 

 

2. Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау

 

 

10

 

Иманбек Ұйықбаев

 

 

д

 

пр

 

 

1

 

 

 

 

 

    Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі.

 

 

2. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі.

 

11

 

Хасен Арғынов

 

д

 

 

1

 

 

 

    Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.

 

    Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

 

 

12

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихының салыстырмалы сипаттамасы

 

д

 

пр

 

 

2

 

 

 

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері.

 

    ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.

 

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасыр әдіскер-ғалымдарының «көзқарасымен».

 

 

 

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы

 

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

 

А. Байтұрсынов - - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».

 

1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.

 

«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.

 

Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары -- фонетика -- дыбыс туралы ғылым, морфология -- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.

 

Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.

 

А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.

 

Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -- сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.

 

А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.

 

Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері .

 

Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте ерте заманда жасалып , мыңдаған жылдар бойы өзгеріп , дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды , немесе дыбысты белгілейді . Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады . Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы , не жеке сөзді , не буынды , не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу - адамның ой - пікірін , сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды . Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған . Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны , ағаштың қабығын , тағы да басқаларын пайдаланған . Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар тұтас хабарды , не сөзді , не буынды , не дыбысты белгілейді . Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады .

Информация о работе Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі