Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.

1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.

2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.

3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34

Қорытынды
37

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы..doc

— 536.50 Кб (Скачать файл)

     Гран – Чаконың ең көтеріңкі және құрғақ алаптарында монте деп аталатын бұта тоғайлары тараған. Олардың құрамында мимоза, каперцалар және кактустар бар. Бұл тоғайлар ормандармен қатар қазіргі кезге дейін көптеген жабайы жануарларды паналатып келеді. Гран – Чако фаунасының байлығы соншалық, кейбір жануарларды аулау ол жерде сақталып қалған шағын үндіс тайпалары үшін тіршілік етудің көзі болып табылады. Мысалы, олар сауыттыларды аулайды, оның жұмсақ ақ еті жергілікті халық үшін ғана емес, сонымен бірге үлкен қалалардың бай халқы үшін де жеңсік ас болып есептеледі.

     Халық негізінен өзен мамандарында тұрады, мұнда кебрачо күшті оталған. Онда ірі елді мекендер емес, ағаш кесушілер семьялары тұратын жеке лашықтар жиі кездеседі. Соңғы жылдарда Гран – Чакода мақта мен қант құрағын қолдан суарып өсіру кең етек жайып отыр.

    

2.1.6 Ла – Плата аймағы.

     Бұл аймақ алдыңғы  аймақтың оңтүстігінде жатыр. Оның құрамына Бразилияның территориясының бір бөлігі, Уругвай түгелдей және Аргентинаның солтүстік – шығысы кіреді. Ол Ла–Платаның эстуарийін үш жағынан орап жатыр, ал шығыста және оңтүстік–шығыста Атлант мұхитының жағаларына шығады. Батыста оның шекарасы біраз жерінде көтеріңкі Прикордильераға ұласып кетеді.

     Аймақ платформа алабындағы меридиан бағытындағы үлкен майысудың оңтүстік бөлігін алып жатыр және территориясының барлық жерінде дерлік жер бедері жазық. Тек оңтүстік пен солтүстік шығыста платформаның ежелгі негізінің алаптары жербетіне шығып, төбелі қыраттар мен аласа таулар құрайды. Пампа Атлант мұхиты жағынан келетін ауа ағындарының өтінде жатыр және территориясының көпшілік жерінің климаты ылғалды субтропиктік, мұның өзінде шығыстан батысқа қарай жауын – шашын мөлшері айтарлықтай азая береді. Субтропиктік және орманды дала өсімдіктерін – барлық жерде дерлік мәдени өсімдіктер ығыстырған, өйткені Пампа оңтүстік Америка континентінің халық барынша жиі қоныстанған әрі игерілген аудандарының қатарына жатады.

     Пампаның солтүстік – шығыс бөлігінде, Оңтүстік Бразилия мен Уругвай алабында, Бразилия қалқанының жыныстары жер бетіне таяу жатады және кейініректегі шөгінділердің арасынан көтеріліп, кей жерлерде беткейлері айқын тілімденген және биіктігі бірнеше жүз метрге баратын қыраттар мен қырқалар құрайды. Жергілікті халық кучильяс деп атайтын бұл қыраттардың басында көбіне үгілген граниттің үлкен кесектері жатады. Қыраттардың беткейлерін тіліп өтетін өзендер шоңғалдар мен сарқырамалары бар терең аңғарлар жасайды.

     Мұхит жағалауына және Парана мен Уругвай өзендерінің төменгі ағысына қарай кристалды негіздің жыныстары шөгінді жамылғының астына қарай шөге береді де, жер беті бірте–бірте тегістеледі. Парана мен Уругвайдың өзен аралығында және Ла – Платадан оңтүстікке қарай, кәдуілгі Пампа деп аталатын жерде жер бедері жазық және кристалды жыныстар кайнозойдың континенттік шөгінділерінің қалың қабаттарының астында жатады. Ла – Плата мен Атлант мұхитына іргелес ауданда, Ылғалды немесе Шығыс Пампа деп аталатын жерде, жер бетінің кең алаптары лесс тәріздес жыныстармен, құммен және тұнба тосқындармен жабылған; олардың биіктігі 200 м – ден аспайды, ал жағалауға таяу жерлерде 100 м – ден кем.

     Құм төбелер мен тайыз көлдер қатарласып жатқан ойпатты жағалау Ла – Платаның орасан зор әстуарийімен тілімденген.

     Ла–Платадан оңтүстікке қарай Пампаның тегіс бетінде кристалды тау жыныстарынан құралған, 1000 м- де астам биіктікте шоқы таулар көтеріліп тұрады. Бұл Пампа сьеррасы немесе Буэнос–Айрес Сьеррасы деген жалпы атпен белгілі. Сьерра – де – ла Вентана ме Сьерра – де – Тандиль. Олардың тік беткейлері мен өркешті қырлары айналасындағы жерден бөліктеніп көрініп тұрады.

     Бүкіл аймаққа субтропиктік климат тән, бірақ әр жерде жауын – шашын түсуі әркелкі болады. Территорияның көп жерінде жыл ішінде жауын – шашын біркелкі таралады да еш уақытта дерлік құрғақшылық болмайды. Бірақ оңтүстік – батыста жылдық жауын – шашын мөлшері азаяды және олардың жыл маусымдары бойынша таралуын біркелкі деуге келмейді. Уругвайда 2000 мм шамасында, Уругвай мен Парана өзендерінің өзен аралығында, шамамен соншалықты, Ла – Платаның жағаларында – 1000 мм жайын – шашын түседі, ал одан да бытысқа қарай жауын – шашын мөлшері 500–300 мм–ге дейін азаяды. Сонымен бірге оңтүстік–батыста жауын–шашын түсуінің маусымдылығы байқалады, жыл ішіндегі түсуі бірқалыпты емес және жыл сайын күшті ауытқып отырады. Осы құрғақ батыс аудандары Құрғақ Пампа деп атайды. Жауын – шашынның өте мол кезі жаз болады. Жазда жауын – шашынды солтүстік – шығыс желдері әкеледі, қыста олардың түсуі полярлық ауа фронтының циклонды әрекетіне байланысты.

     Батысқа қарай жауын – шашын азайып қана қоймайды, сонымен бірге климаттың континенттігінің жалы күшеюі байқалады. Бүкіл аймақта жаз өте ыстық болады, солтүстік бөліктерінде ең ыстық айдың орташа температурасы +27° С – ге, ал оңтүстік бөліктерінде +23°, +24° С – ге жетеді. Ең жоғары температура мөлшері барлық жерде өте зор, ал Уругвай мен Парананың өзен аралығында және батыста ол 45° С – ге жетеді. Жазғы ыстықты күшейте түсетін ыстық ылғалды солтүстік желдері жиі соғады.

     Қыс айларының орташа температурасы барлық жерде жылы, бірақ бүкіл аймақта аяз болып тұрады. Өзен аралығында июльдің орташа температурасы +15° С – ге, Ылғалды Пампада +7, +9° С – ге дейін, батыста +6, +10° С – ге дейін барады. Уругвай өзенінен шығысқа қарай және өзен аралығында аяз сирек болады, бірақ Ылғалды Пампада – ақ температура - 10° С – ге дейін төмендеуі мүмкін. Қыста әдетте оңтүстік памперо суық желі соғып, қаптаған шаң – тозаң көтереді, өйткені қар жамылғысы болмайды; қар өте сирек жауады және тез еріп кетеді.

     Сөйтіп, аймақта жаз бен қыстың арасында айырмашылық болғанымен, ол бүкіл жыл бойы өсімдік жамылғысының дамуына және ауыл шаруашылық жұмыстарына кедергі келтірмейді.

     Уругвай үстірті және  Парана мен Уругвайдың көптеген  мол сулы салалары ағып өтетін  өзен аралығы жеткілікті суландырылған. Бірақ Ылғалды Пампаның өзінде – ақ өзен аз, оны Прикордильерден немесе оңтүстік сьерралардан ағатын шамалы су ағындары ғана кесіп өтеді. Батысқа қарай, Құрғақ Пампада су ағындары күрт азаяды, онда әдетте күшті нөсерлер кезінде ғана су жинайтын шағын уақытша өзендер басым болады. Тұзды көлдер көп, көбіне жер асты суларының жоғарғы қабаты да сортаң болып келеді. Құрғақ уақытта тартылып қалған көлдердің түбінде, құрғап қалған өзен арналарының бойында тұз шығып жатады. Бүкіл Пампада ішуге жарамды суды құдықтан алады.

     Аймақ алқабында топырақ - өсімдік жамылғысының батыстан шығысқа қарай жауын – шашын жылдық мөлшерінің азаюына қарай өзгеруі байқалады. Бразияның оңтүстігінде және Уругвайдың өсімдік жамылғысында орман үлкен роль атқарады. Олар әдетте өзен аңғарларын бойлап өседі, сонымен бірге кей жерлерде қызыл топырақты алаптарды қамти отырып, суайрықтарға да шығады. Орман көбіне мәңгі жасыл ағаштардан тұрады және лиананың көптігі мен қалыңдығы жөнінен тропиктік орманға ұқсас болады. Олардың құрамында араукария мен бамбук басым, бұталардың ішінде парагвай шайы тараған. Орман алқаптары суайрықтарда ашық алаңдарға ауысады, онда астық тұқымдастар қалың да биік өседі.

     Су басатын батпақты алаптарда, әсіресе уругвай мен Панараның өзен аралығында үлкен көлемді жерді батпақ өсімдігі алып жатады. Көп жерде әлі де болса ну болып өскен қамыс пен құрғақ сақталып қалған, олардың арасында бетін тұңғиық  пен әртүрлі балдырлар басқан су айдындары көрінеді.

     Оңтүстік батысқа қарай астық, тұқымдас өсімдік ағаш тектес өсімдіктерді мүлде ығыстырып тастайды да, Ылғалды Пампаның территориясында орман түгелдей жойылады. Бұрын бұл жерде астық тұқымдастардың туыстары өсетін.

     Су арылмайтын жердегі Құрғақ Пампа кәдімгі шөлейт тәрізді болады.

     Пампа–Оңтүстік Американың халық жиі мекеңдеген әрі адам игерген аймақтарының бірі. Бұл, әсіресе, ірі қалалар орналасқан және барлық жері дерлік жыртылған Ла – Платаға іргелес жатқан аудандарға тән жағдай. Бұрын мұнда үлкен көлемді жерде орман мен бұта өсімдігі өскін болса керек, бірақ бұл күндері ол із – түзсіз жойыоып кеткен. Оның орнында қазір байбақшалар, бидай мен жүгерінің ұшы – қиырсыз егістері. Батысқа қарай елді мекендер азая береді, ал жыртылған жер бірте – бірте жайылымдар мен игерілмеген алаптарға ауысады.

     Cондай – ақ бір кезде құрамында көптеген тұяқтылар мен ірі дала құстары болған жануарлар дүниесі де аз сақталған. Оның есесіне көптеген әртүрлі кемірушілер пайда болған. Өзен аралығының батпақты тоғайларында және Атлант жағалауы лагуналарының жағаларында әртүрлі құстар: қызыл қаз, құтандар, қызғыштар т.б. ұялайды.

 

2.1.7 Прекордильер.

     Түгелдей Аргентинаның алабында жатқан бұл аймақтың табиғат ерекшеліктері оның материк ішінде Оңтүстік тропик пен 38° о. е. аралығында, Атлант мұхитынан алыста, оны Тынық мұхиттан бөлігін Андының тау бөліктерінде жатқан географиялық орнымен байланысты. Жер бедеріне платформа шетінің неоген – антропоген кезінде орогендік тау түзілудің нәтижесінде пайда болған меридиан бағытындағы жақпарлы жоталар мен оларды бөліп жатқан терең қазаң шұңқырлардың және тегіс жазықтардың кезектесіп отыруы тән болады. Аймақ алабында жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты табиғат жағдайлары әртүрлі болатын шөлейт ландшафты басым.

     Прекордильердің Пама сьерралары деп аталатын шығыстағы алдыңғы жоталары: Сьеррас – де – Кордова мен Сьеррас–Сан–Луистың биіктігі 2880 м – ге жетеді. Одан солтүстікке таман Гран–Чаконың батыс шекарасында биіктігі 5000 м – ден асатын  Сьерра–дель–Аконкиха жатыр. Аймақтың батысындағы Кордильера – де – Фаматина биіктігі 6250 м – ге жетеді.

     Тауаралық ойыстарда климат құрғақ және континентті, климаттың бұл белгісі шығыстан батысқа қарай күшейе береді. Жауын – шашын түгелдей дерлік жазғы кезде түседі, оның жылдық мөлшері Құрғақ Пампа алабындағы 250 – 300 мм-ден тауаралық ойыстар мен Анды алды ойыстарында 100 мм – ге дейін азаяды. Мұның өзінде жауын – шашын мөлшерінің жылдан – жылға едәуір ауытқуы байқалады. Кей жылдары Мендоса немесе Сан – Хуан сияқты пункттерде жаңбыр мүлде түспейді десе де болады.

     Жауын–шашынның жылдық мөлшері меридиан бағытындағы тау жоталарының шығыс беткейлерінде және олардың етектерінде көбейеді, өтйкені онда Атлантика жағынан келетін ауа массалары Сьеррас–де– Кордованың және басқа жоталардың шығыс бөліктерімен көтеріледі де мол ылғал әкеледі. Кордовада, Тукуманда және жоталардың етектеріндегі басқа елді мекендерде, сондай – ақ сьерралардың шығыс беткейлерінде 500 – ден 1000 мм – ге дейін жауын – шашын түседі.

     Бүкіл аймақта су өте тапшы, оның үстіне грунттың тұздылығына байланысты грунт және беткі суларының біразы тұзды болып келеді. Су ағындары Анды мен сьерралардың шығыс беткейлерінде пайда болады да, құмға барып сіңіп кетеді немесе Құрғақ Пампа мен ішкі қазан шұңқырлардың тұзды көлдері мен батпақтарына барып құяды. Өзендер жазда таудағы қардың еруінен және жаңбырлы кезде суғалыққа толады да дер бетін көп бұзады, ал жылдың басқа уақыттарында мүлде таяздайды. Олардың көпшілігінің суын таудан шыға салысымен жер суаруға бірден таратып әкетеді.

     Суарылатын жерлерде оазистер жасалған, онда жүзім (Мендоса ауданы), қант құрағы (Тукуман ауданы) және басқа дақылдар өсіріледі.

     Ойыстар алабындағы суарылған аудандар мен сьерралардың орман басып жатқан ылғалды шығыс беткейлерінен басқа жерлерде өсімдік жұтаң және айқын ксерофиттік сипатта. Сор немесе сусымалы құм алаптары кактус, қараған, мимоза немесе қатты астық тұқымдастар өсетін кең–байтақ жерлермен кезектесіп суысып отырады.

 

2.1.8 Патагония үстірті.

     Патагония деп Оңтүстік Американың Аргентина алабында жатқан оңтүстік – шығыс бөлігін айтады. Бұл 40° о.е. оңтүстіктегі дүние жүзіндегі бірден – бір қуаңшылық аймақ.

    Патагонияда қатты шөп және тікенді бұталар өсетін, суы жоқтың қасы мен халық өте сирек тұратын сиқысыз үстірт көптеген километрге созылып жатады. Ол шығыста буырқанған салқын мұхитқа тік жар жасап құлайтын қатыгез жағаның биік сатыларымен аяқталады.

     Патагония үстіртінің бет жағы көлбеу жатқан жас шөгінді жыныстар мен қоңыр түсті базальт лаваларының жабындыларынан тұрады. Бұл жыныстар жер бетіне таяу жатқан, ежелгі фундаменттің бетін жауып жатады. Солтүстікте ежелгі фундамент жер бетіне шығып, терең каньондардан тілімденген қырат құрайды. Оңтүстік бөлігінде жанар таулық немесе кейде құрғақ, кейде мардымсыз су ағындары болатын астау тәріздес кең қолаттар тілгілген қабат – қабат сатылы үстірттер басым келеді.

     Патагония жағалауы кеме қынасына өте қолайсыз, өйткені мұхитқа биіктігі 100 м – ге жететін және одан да астам қия кемерлер жасап құлайды. Мұхиттан алыстаған сайын жер беті бірте – бірте биіктей береді, сөйтіп Патагонияның кейбір массивтері 1500 м биіктікке дейін көтеріледі.

     Патагония үстіртінің климаты құрғақ. Бұл ендіктерде атмосфералық жауын – шашынды батыс желдері әкеледі, бірақ олардың аймақтың шегіне өтетін жолын Анд тауы бөгейді. Ауа ағындары Анд тауынан асып түскенше құрғап кетеді де, жауын–шашын болмайды. Климаттың құрғақтығының екінші себебі – Оңтүстік Американың оңтүстік–шығыс жағасы маңындағы салқын Фолкленд ағысы. Ол жауын–шашынның түсуіне кедергі жасап қана қоймайды, сонымен бірге жазғы температураны төмендетеді. Сондықтан Патагонияда температураның маусым бойынша ауытқуы осы ендіктердегідей емес шамалы ғана болады.

     Жауын – шашынның жылдық мөлшері Атлант жағалауында өте – мөте аз – 150 мм–ден аспайды (Санта – Круста не бары 135 мм). Андының етегінде жауын–шашын әсіресе тауды аңғарлар тілімдейтін және ылғалды батыс желдері таудың шығыс беткейіне өтетін жерлерде біршама артады. Мұндай жерлерде жауын–шашын 300–400 мм–ге дейін түседі. Барлық жерде жауын – шашынның ең мол кезі қыста болады.

     Патагонияның солтүстігіндегі жаз ыстық, оңтүстігінде–салқын. Рио – Негро аңғарында январидың орташа температурасы +24°С–ге жуық, бірақ тау үстіртінің орта бөлігінде – ақ ол +18°С – ге дейін төмендейді, ал оңтүстікте, Санта–Круста, шамамен +15°С. Мұның өзінде ең жоғары температура +28, +35°С – ге жетеді.

Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы