Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.

1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.

2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.

3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34

Қорытынды
37

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы..doc

— 536.50 Кб (Скачать файл)

     Оңтүстікке қарайғы бағытта ағаш өсімдігі бірте – бірте үлкен алқапты алады, өзен бойларында көбіне пальмалардан тұратын қалың галерея ормандары көсіліп жатады.

     Жылдың құрғақ кезінде су қоймаларының көбі таяздайды, кейде олардың суы мүлде кеуіп кетеді. Бұған әрдайым соғып тұратын құрғақ солтүстік – шығыс жел, ауа температурасының жоғары және күннің әрқашан шық болуына жағдай жасайды. Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамай қалады. Ауада шаң көтеріледі, көптеген ағаштың жапырағы түседі, шөп қурап кетеді. Тек өзен жайылмаларындағы кейбір ағаш қана көгерген қалпында қалады және кактустар мен құрғақшылыққа жақсы төзетін басқа да өсімдіктер өздерінің әдеттегі түрін жоймайды.

     Ориноко жазығы қазіргі кезге дейін нашар игерілген, халық сирек қоныстанады. Тек аздаған жерде жүгері, маниок, мақта, банан өсірілетін өңделген алаптар бар. Мал шаруашылығы өркендеген, бірақ жайылым ретінде мал жаюға жарамды жерлердің шағын бөлігі ғана пайдаланалады.

     Төменгі Ориноко аңғарында, өндіруші өнеркәсіп дамыған Венесуэланың территориясында, халық едәуәр тығыз, ол жерде жаңа қалалар мен поселкелер пайда болуда, өңделетін жердің көлемі ұлғаюда, саваннаны асфальттанған жолдар кесіп өтеді.

     Жануарлар дүниесі алуан түрлі және жақсы сақталған. Аймақты жыртқыштар – пума мен ягуар тіршілік етеді, олар жабайы шошқаға (пекариге) және басқа шөп қоректі жануарларға шабуыл жасайды, сонымен бірге үй малын ұстап әкетіп жейді. Өзен бойларындағы батпақты тоғайларда тапир кездеседі, саваннаның ашық жерлерінде құмырсқа жегіштер мен сауыттылар тіршілік етеді. Саваннада термиттер құрылыс салады, өте – мөте құрғақ кезде көбейіп кететін басқа да насекомдар көп.

 

2.1.4 Бразилия таулы қыраты.

     Аймақ табиғатының басты ерекшеліктері таулы үстірттер мен төрткүлді үстірттердің көп болуына және субэкваторлық климат пен тропиктік климаттың басым болуына байланысты.

     Эрозиялық процестердің ұзақ әсер етуі және таяу уақыттағы тектоникалық қозғалыстар тау қыраты өңірінде алуан түрлі жер бедерін түзген. Онда ежелгі кристалды мүжілген алаптары шөгінді жыныстардан түзілген оқшау қыраттармен, жанар таулық үстірттермен және кайнозойдағы жарылу мен көтерілу нәтижесінде пайда болған жақпарлы жоталармен ұштасып жатады.

     Таулы қыраттың ең биік бөліктері Атлант мұхитына таяу жатыр және одан енсіз жағалау өңірімен ғана бөлінген. Барлық жерде дерлік жағалық сызықта таяу арада болған жердің төмен түсуінің ізі байқалады. Кей жерлерде жағалауға қолайлы айлақ болып табылатын шағын үшкіл қойнаулар кіріп тұрады. Осындай қойнаулардың бірінің жағасында Бразилияның ірі қаласы – Рио – де – Жанейро орналасқан. Одан солтүстікке және оңтүстікке қарай тау қыратының шеті біраз кейін шегінеді. Атлант мұхитының жағасын бойлап толысу кезінде ішінара су басатын құмды жағажайдың байтақ өңірі жатыр.

     Бразилия таулы қыратының шығыс және оңтүстік – шығыс бөктері Атлант мұхиты жағынан биік және күшті тілімденген тау жүйесі сияқты болып көрінеді. Шығыс Бразилия қалқанының шеткі бөлігінің неогенде бөлшектенуінің және көтерілуінің нәтижесінде биіктігі 2000 м – ден асатын жоталар немесе сьерралар пайда болған. Жағалаудың мұнан кейінгі төмен түсуінен сьерраллардан Рио – де – Жанейро қойнауын қоршап жатқан төбелері бас қант тәріздес аралдар бөлінген. Тау қыратының бұл бөлігінің қойнауында темір және марганец рудаларының, радиоактивтік элементтердің, алмастың және алтынның бай кен орындары бар.

    Орталық аудандарда жұрнақ таулы үстірттер бар, оларға өзеннің терең аңғарлары ішкеріліп кіреді.

     Батыста және орталық бөлігінде кристалл тау жыныстарын палеозой мен мезозой кезіндегі әк тас пен құмтас қабаттары жауып жатады. Өзендер оларды биік, қия беткейлі төрткүл қыраттарға (шападаларға) бөлшектейді. Жоғарғы Парана бассейнінде кристалды негіздің беті триас лавалары қабатының астында қалады. Олар сатылы үстірт жер бедерін құрайды. Бұл үстірттердің сатыларынан Парана мен оның көптеген салалары құлап ағады да, шоңғалдар мен сарқырамалар (Игуасу, Сети – Кедас, Урабуганга т.б.) жасайды. Шоңғалдар мен сарқырамалар кристалды үстірт бөктерін басып өтетін өзендер де көп.

     Батысында және солтүстігінде Бразилия таулы қыраты ойпаттармен шектеседі. Тропиктік оймандар жауып жатқан ойпатты алаптар өзен аңғарларын бойлап тау қыратының шегіне ішкерілей кіреді.

     Cолтүстікте ылғалды кезең неғұрлым ұзақ уақытқа созылады, соған орай температура әлгіден де гөрі бірқалыпты болады, жыл бойы өзгермейді дерлік.

     Тау қыратының ішкі және солтүстік бөліктерін Амазонканың салалары – Шингу мен Токантинс суландары жатады. Өзен торы өте жиі, барлық ағыс жаз бен күзде тасиды, ал жылдың қалған уақытында су деңгейлі өте төмендеп кетеді. Шоңғалдар мен сарқырамалардың көптігіне байланысты өзендері кеме жүзуге жарамсыз, бірақ су энергиясының қоры өте мол болады.

     Шығысқа қарай климат жағдайында едәуір өзгеріс байқалады. Тау қыратының солтүстік – шығыс бөлігінде ылғалды маусым жыл ішінде үш айға дейін қысқарады, ал жауын – шашын мөлшері 1000 – 400 м – ге дейін азаяды, сонымен бірге оның жылдық жиынтық мөлшері жыл сайын күрт ауытқиды. Оңтүстік – шығыс пассаттар ылғалының көпшілігін жағалауда қалдырады да, тау қыратының ішкі бөлігіне біршама құрғақ күйінде келеді. Экваторлық ауа солтүстік – шығыс дөңіне ерқашан өзгермеген күйінде жете бермейді.

     Солтүстік – шығыстың жалғыз ірі өзені – Сан Франсискудің режимі өте тұрақсыз, бірақ соған қарамастан, оның шоңғалдаған бос жеке алаптары кеме қатынасына пайдаланады. Өзеннің шоңғалды алаптарында электр станциялары салынған. Соңғы жылдары жер суару мақсатында шығын өзендерде бірқатар ұсақ су қоймалары жасалған.

     Сьерралардың Атлант мұхитына қараған беткейлері мен жағалау жазығында жауын – шашын мөлшері күрт артады және ол бүкіл жыл бойы үзбей жауады десе де болады. Ол жерлерден жоғарғы Парана жүйесінің көптеген өзендері басын алады. Су ресурстары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында интенсивті пайдаланылады. Тау қыратының бұл бөлігінде Бразилияның ең ірі су станциялары мен су қоймалары салынған.

     Бразилия таулы қыратында саванналар мен тропиктік сирек ормандар басым болады. Негізгі тау жыныстарын жауып жататын қалың және ежелгі үгілу қабығы тау қыратының барлық дерінде топырақтың аналық тау жынысы болып табылады. Оның үстінде тау қыратының ішкі бөліктерінде қызыл және қызыл – қоңыр топырақ, ал Атлант жағалауының ұдайы ылғалды аудандарында – қызыл латериттік топырақ түзіледі. Көбіне саваннаның екі типі: кампос – лимпос және кампос – серрадос таралған. Кампос – саваннаның Бразилияла қабылданған жалпы аты. Кампос – лимпостың ерекшелігі онда ағаш өсімдігі мүлде кездеспейді. Қалың өскен шөп теңіз бетіндей төрбеліп тұрады, осынысымен қоңыржай белдеудің даласына біршама ұқсап кетеді.

     Тау қыратының өте құрғақ болып келетін солтүстік – шығысында кәдуілгі саванна бірте – бірте ерекше тропиктік орман каатингаға айналады. Мұнда өсімдік ұсаққа созылатын қуаңшылыққа, саваннаның өсімдігінен де гөрі бейімдірек келеді, ал топырақ жамылғысында қоңыр – қызыл, тіпті, қоңыр – қышқыл топырақ кездеседі. Каатинганың өсімдік жамылғысы ағаштар мен бұталардан тұрады, шөп, әсіресе астық тұқымдастар мен күрделі гүлділер мүлде жоқтың қасы. Ағаштардың көбінің діңі қампиған және сүрегі жұмсақ кеуек болып келеді, онда ылғалдың мол қоры жиналады. Басқа ағаштардың діңі жіңішке, бөрік басы өте – мөте аумақты. Өте көп ағаш пен бұта өсімдіктерінің тікеніктері болады. Осының бәрі өсімдіктер бір – бірінен айтарлықтай қашықтықта тұрса да, жергілікті жерде жүруді өте қиындатып жібереді. Каатинганың өзіне тән өсімдіктерінен алуан түрлі пішіндегі кактустар, опунциялар мен сүттігендер көңіл аударарлық. Сүттігендердің ішінде каучук тұқымдастары бар. Сондай – ақ пальманың бірнеше түрлері, соның ішінде балаусыз пальмасы карнауба кездеседі.

     Тау қыратының шығыс шетін бойлап, сьерралардың беткейлері мен төбелі жағалау жазығында ылғалды тропиктік орман өседі. Олар нақ мұхиттан мангра тоғайларының жалпақ өңірі түрінде басталады, ол әрі қарай Амазония ормандарына өте ұқсас орманға айналады. Онда цекропиялар, пальмалар, ағаш тәріздес папоротниктер, лианалар, соның ішінде өзгеше лиана – бамбук, әртүрлі эпифиттер таралған. Таулардың мұхитқа қараған беткейлерінде орман құрамының және оның сыртқы түрінің биіктікке байланысты өзгеруі жақсы байқалады. 1800 – 2000 м биіктікте бірте – бірте пальмалар мен ағаш тәріздес папортниктер жойылып кетеді, лианалардың бір түрлері басқа түрлерімен ауысады, ағаш өсімдігі сирейді, бірақ оның есесіне шөп өсімдігі анағұрлым қалың бола бастайды, барған сайын жапырағын түсіретін өсімдіктер жиі кездеседі, өйткені қысқы температура енді едәуір төмен болады. 2100 – 2200 м биіктікте, ағаш өсімдігінің жоғарғы шегінде, мәңгі жасыл өсімдіктер мүлде жойылады. Бұдан жоғарыда биік тау шалғындары, ал одан кейін кең – байтақ шымтезек батпақтары бар тундраға ұқсас ландшафт басталады. Батпақтарда сфагнум мүгі, әртүрлі қыналар және шықшылдық шөптер өседі. Бразилия таулы қыратының аса биігінде қыста желді ауа райы басым болады, қар түсетін кез де болады, түнде температура – 5, -7° С – ге дейін төмендейді.

     Қиыр оңтүстік шығыста, субтропиктік белдеумен шекара бойында, Атлант мұхиты жағалауында, қызыл топырақта бразилия араукариясы орманы Парагвай шайы шілігімен аралас өседі. Араукарияның құнды сүрегіне бола бұл ормандар көп шабылуда.

     Ормандар мен саванналарда құмырсқа өте – мөте көп. Олардың кейбіреулері адам тұрағына таяу қоныстанады да, адамдарға үлкен қолайсыздық тудырады. Саванна ландафтысына тән бейне бір ерекшелік – термит илеуі.

     Бразилия таулы қыратының территориясын халық әркелкі мекендеген, және ала – құла игерілген, сондықтан табиғат ландшафтыларының өзгеру дәрежесі де аймақтың әр бөліктерінде әртүрлі. Атлант мұхитына іргелес өңір көбірек қоныстанылған. Парана байссейнінде жыртылған жерлердің ең көлемді аудандары шоғырланған, онда темекі, банан, жүзім шыбығы өсіріледі. Өзен аңғарларындағы суармалы жерлерде күріш плантациялары бар.

     Ылғалды солтүстікте  қрнт құрағы мен зәйтүн пальмасы, құрғағырақ жерлерде – кофе  ағашы өсіріледі. Солтүстік – шығыстағы суармалы жерлерде мақта егіледі.

     Табиғи өсімдік атлант маңы өңірінде көп жойылған, соның ішінде ылғалды тропиктік ормандар ама көп зақымданған. Аймақтың ішкі бөліктерінде жайылым ретінде пайдаланылатын саванналар мен қайтара өскен тоғайлардың орасан зор аудандары жатыр.

     

2.1.5 Тропиктік жазықтар.

     Бұл аймақ солтүстікте Амазонияға ұласып кетеді, оңтүстікте оның шекарасы шамамен 30° о. e., шығыста – Бразилия таулы қыратының батыс етегін, батыста – Андының етегін бойлап өтеді. Аймақ Аргентинаның, Боливияның, Парагвайдың және Бразилияның шегіне кіреді. Жазық жер бедері, тропиктік континентті климат, саванналар мен тропиктік сирек орманның кең таралуы  - оның табиғатының негізгі ерекшеліктері.

     Аймақ платформаның қалқандары мен Андының аралығындағы протерозой мен протерозойдан кейінгі шөгіндімен толған меридиандық майысуға сәйкес келеді. Биіктік 300–ден 700 м–ге дейін ауытқиды, Парагвайдың жоғарғы ағысының қазан шұңқырында олар 200 м – ден аспайды.

     Амазонка мен Парагвай жүйелерінің суайрығында ежелгі фундаментінің антеклизасы жатыр. Оның ең биік жері 1425 м жайдақ қырат. Осы қыраттан және Андыдан ағып шығатын өзендер жазықта сала – сала болып ағып, оны құм мен тұнба материалға толтырады. Көпшілігінің арнасы құрғақ маусым кезінде кейіп қалады. Оларды бойлап жаңбырлы кезде адамға қауіпті болатын тұтқыр және батпақты тұнбалы өңір созылып жатыр. Жылдың құрғақ уақытында тұнба құрғайды да, өзендердің берік биік жағасына айналады.

     Аймақтың климаты тропиктік, ылғалды және құрғақ маусымдар күрт ауысып тұрады. Континенттік белгілері, әсіресе Гран–Чакода айқын байқалады, оған жылдың ыстық және салқын кезеңінің орташа айлық температурасы арасындағы айырмашылығының елеулі болуы ғана емес, сонымен бірге материктегі температураның тәуліктік ең күрт ауытқуы тән. Гран – Чако – Оңтүстік Американыңың ыстық жерінің бірі. Жергілікті тұрғындар оны “жасыл аптап” деп орынды атаған. Жазғы айлардың орташа температурасы +28, +30° С – ге, ал абсолют максимум +47° С–ге жетеді. Ең суық айдың орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай +20 – дан 16° С – ге дейін өзгереді, сонымен бірге қыста күндіз ыстық, ал түнде салқын оңтүстік желі соғады, кейде температура 0° С – ден төмендейді де, қырау түседі. Оңтүстіктен салқын ауа масалары келіп кіргенде температура күндіз де күрт төмендей береді, әрі өте тез төмендейді.

     Гран – Чаконың көпшілік бөлігінде ылғал балансы теріс. Жауын – шашын негізінен жазғы екі  - үш айда түседі. Оның мөлшері тек шығыста ғана 1000 мм- ге жетеді, ал территорияның көпшілік бөлігінде ол 500 мм- ден аз, бұл өте күшті булану жағдайында егіншілікке мүлде жеткіліксіз.

     Солтүстікте, Маморе мен Бени өзендерінің бассейнінде ылғалды кезең 5 – 6 айға созылады және жауын – шашынның жалпы мөлшері 1500 мм – ге дейін көбейеді. Жауын – шашынның таралуындағы айқын көрінетін маусымдылық бұл жерде де сақталады, бірақ ылғалдың қыстағы жеткіліксіздігі өсімдікке Гран – Чакодағыдай әсер етпейді. Әдетте, жазда жаңбыр мол түседі және осының әсерінен өзендердің күшті тасып, жазық территорияны су басады және батпақтанып кетеді. Топыраққа сінген ылғал құрғақ кезеңнің бас кезінде өсімдікке нәр береді. Мұндай жағдай Бразилия таулы қыратына іргелес жатқан және Пантанал деп аталатын қазан шұңқырға да тән. Жазғы жаңбырлы кезеңде Парагвай және оның салалары тегіс ойпатты жерге кең жайылып тасиды да, оны тұтас батпаққа айналдырады. Құрғақ кезең басталысымен  - ақ өзендер бірте–бірте арнасына қайтады, сонымен бірге ағысының бағытын жиі өзгертелі. Баяу буланатын ылғал өсімдікті қоректендіреді. Бразилия таулы қыратының немесе Гран – Чаконың көршілес аудандарына қарағанда бұл жердің өсімдігі жасыл түсін, балғын қалпын анағұрлым ұзақ сақтайды.

     Парагвай бассейніне жататын Гран – Чаконың өзендерінің де (Пилькомайо, Бермехо т.б.) жаңбырлы маусымда суы молайып, күшті тасиды. Олардың бәрі де ирелеңдеп ағып, жыл сайын тасыған кезде арнасын өзгертіп отырады. Грунтының сортаңдылығын Гран – Чаконың кейбір өзендерінің және түгелдей дерлік көлдерінің суы ащы болады. Жазықтың ең аласа жерлерінде жаңбырлы кезеңде уақытша ащы көлдер пайда болады.

     Аймақта жолдың мүлдем болмауы жағдайында өзендердің транспорттық маңызы зор. Гран – Чаконың ішкі аудандарына апаратын негізгі жолдар – Парана мен Парагвай, сонымен бірге Парагвайдың тек жаңбырлы кезеңде ғана шағын кемелер өте алатын кейбір салалары.

     Солтүстікте және шығыста су басатын жерлерде үлкен алаптарда өсімдігі қалың және жануарлар дүниесі бай батпақтар алып жатады. Батпақты өзен жағаларында пака деп аталатын дүние жүзіндегі суда болатын ең ірі кемірушілер тіршілік етеді және көптеген құс ұялайды. Қызылқаз, құтан, көгершін, тоты және орман тауықтары өзен бойындағы қалық ормандарда жүреді. Кей жерлерде өзен бойында тек пальмадан дерлік тұратын ормандар өседі, олардағы жеке ағаштардың биіктігі 40 – 50 м- ге жетеді.

     Құрғағырақ жерлерде шөп өсімдігіне бай және биік ағаштар өсетін кәдуілгі саванна алқаптарын кездестіруге болады. Гран – Чакоға ксерофиттік тропиктік ормандар мен бұта тоғайлары тән. Гран – Чаконың аласа сирек ормандарында ағаштардың бағалы түрлері көп, олардың ішінде атақты кебрачо бар. Кебрачоны кесу, өңдеу және тасу жұмыстарымен халықтың көпшілігі айналысады.

Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы