Қоршаған ортада тіршілікке қауіпті элементтердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:36, реферат

Описание работы

"Дегенмен оқиға болды" - деген ой миға жетті. Және сен, "Барлықтарың шапшаң сыртқа шығыңдар!" - деген айқаймен кіші ұлыңды қолынан ұстап алып, әйелің мен қызыңды асықтырып, жол - жөнекей "дабыл сумкасын" іліп алып, сыртқа шығуға бет алдың (бір жақсысы - бірінші қабат).

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).docx

— 37.98 Кб (Скачать файл)

Назар аудар! Егер зардап шегушінің ұйқы қан тамыры соғысы жоғалып, көз қарашығы кеңейсе, дереу жүректі жанамалай уқалап, сылауды баста.

"Ақ суға бату  кезінде" зардап шегушіні судан  шығарғаннан кейін жүректі реанимациялау  шараларын жаса. Көмекшілер бар  болса, зардап шегушінің денесін  ысқылап жылытуға болады.  
Зардап шегуші тыныс ала бастағанда, оған мүсәтірлі спирт иіскету қажет.  
Біреудің жұмысқа селқос қарауы немесе жеткілікті қарамауынан электр желісіне электр қуаты аңдаусызда берілді (осы кезге дейін әдеттегі жағдайдағыдай ажыратылған).  
Кейбір бүтін қалған терезелерде жарық жанды, бірдене ұшқын берді және тұтана бастады да, сол жерлерден жалын лаулай бастады.  
Сен электр қуатынан ажырату әрекетін жасау үшін өз үйіңінің бөліп таратқыш қалқанын іздедің; жақын жерде үзілген сыммен құлаған электр бағаналары көрінеді. Бұл тағы да жаңа жарақат алуға ұшыратады. Бара жатып электр жарақатын алғандарға көмек көрсету ережелерін еске түсіресің.

ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ ЖӘНЕ НАЙЗАҒАЙДАН  
ЗАҚЫМДАНУ

Белгілері: электр тоғының әсерінен зардап шегушінің  бұлшық еттері құрысады, дірілдейді, бетінің  терісі ағарады, тамыр соғысымен  тыныс алуы бұзылып, әлсірейді. Естен  айырылуы мүмкін, тыныс алуының, жүрек  қызметінің тоқтауы ықтимал. Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын  жеріне дейінгі жолы "тоқ таңбасы" деп аталады. Ішкі құрлыстары зақымдануы мүмкін.  
Найзағай соққан кезде сал болып қалуы, бірден естен айрылуы, тыныс алуының тоқтап қалуы мүмкін.

Абай бол! Көмек көрсету кезінде өзіңнің қауіпсіздігіңді ұмытпа!

Сенің әрекетің:  
- Бүкіл тізбектен тоқты ажырат (рубильник, қосқыш, тығын), егер мұндай мүмкіншілік болмаса зардап шегушіні жалаң қолмен ұстама.  
- Егер зардап шегуші есін білсе, оған реланиум, нозепама, фенозепама және басқа дәрілер беріп тыныштандырған жеткілікті. Терең зақымдалған күйік болса - оны тазала ("Күйік" - тарауын қараңыз).  
-  Естен айрылған жағдайда (егер сыртқы әсерді сезінбесе) - реанимация шараларын ("Тыныс алудың тоқтау белгілері" және "Жүрек қызметінің тоқтау белгілері" тарауларын (жүректі жанамалай уқалап-сылау әдістері және жүрек - өкпе реанимациясын) қара) жүргіз.

Дереу "103 - жедел жәрдемін" шақыр!

Көрші үйдің қасында  үрей-дүрбелең болып жатыр, құтқарушылар тобы жедел сонда жетті. Аман қалған пәтерлерден адамдарды сыртқа алып шыға және көтеріп шығара бастады. Олардың  сыртқы бейнесі мен жүріс - тұрысы көзге түспейтін дене жарақаттарына  қарамастан хал-күйлерінің ауырлығын  білдіреді.  
Құтқарушылар газдың шығып жатқанынан күдіктенгендіктен, тыныс жолдарын ылғал сүлгімен қорғап жұмыс істеп жатыр.

ГАЗБЕН  УЛАНУ

Белгілері: Бас  ауырады, "шеке солқылдайды", "құлақта  шуыл", жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүректің қатты соғуы, құсықтың келуі, лоқсу.  
Қатты уланған кезде: ұйқы басады, төңірегіндегілерге селқос, немқұрайды, ал ауыр жағдайда - мазасызданады, қозғалысы ретсіз, тыныс алуы бұзылады, қарашығы ұлғаяды.

Есіңде болсын! Шапшаң зардап шегушілерді газ тараған аймақтан алып шық, тыныс алуына кедергі болатын киімдерден босат, таза ауаның келуін қамтамасыз ет.

Сенің әрекетің: зардап шегушіні аяғын көтеріңкіреп жатқыз,  денесін ысқылап, жылылап ора, мүсәтірлі спирт иіскет.

Есіңізде болсын: Улы газдармен уланған жағдайлардың барлығында зардап шегушіге сүтті көп бер.

Хлормен және аммиакпен  уланған кезде:  
- көзді және теріні ауруды сезінгені тоқтағанға   дейін сумен шай.  
   
Адамдар сыртта шамалары келгенше жағдайларын жасап жатыр. Әлдекім шатыр құрды, біреулері автомобилінде, біреулер енді қауіпті болуы мүмкін құрлыстардан аулақ жай ағаштың астына орналасты. ТЖ органдары радио мен зорайтқыш арқылы дүмпудің қайталануы туралы алдын ала хабарлайды.  
Күтпеген жерден жақын орналасқан шатырдан жанға бататын айқай естілді. Үстіндегі киімі жанған әйел адам жүгіріп шықты. Шатырдан түтін будақтайды. Ол көне заманғы примусты жағуға әрекеттенген екен.

 
ТҰРМЫСТЫҚ  КҮЙІКТЕР

Белгілері:  
І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.  
ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады),  ауру жанына қатты бата бастайды.  
ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.  
ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған.  
Сенің әрекеттерің:  
 - Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш.  
- Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.

Есіңде болсын! Күйген жерге қандай да бір май  немесе крем жағуға, теріде пайда болуы  мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың  ену қауіпі) болмайды.

Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек  бүршік) жергілікті жердің травпункттіне  қарал.  
Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.

Ақыр соңында, барлығы  біршама тынышталды. Адамдар, шамалары келгенше ас дайындап, шай әзірледі. Кешкі тамақ ішіп, жылынуға әрекет жасады. Бірақ қозғалған жүйке  әлі де қалпына келер емес.  
Мосқал ер адам, енді кепкен печеньемен, ол бағына қарай "дабыл сумкасында" болған, шай іше бастағанда кенеттен тұншыға бастады.

 
ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ НЕМЕСЕ ӨҢЕШТЕГІ  
БӨГДЕ ЗАТТАР

Белгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа  жетіспегенін сезінді, көгере бастады.  
Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі.  
Сенің әрекетің: Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек.  
Зардап шегушіден аузына саусағын салып зорланып құсуын талап  ет, саусақты мүмкіндігінше терең салып өңешті тітіркендіреді.  
Тыныс алуы тоқтайтын болса, кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіз.  
"103 - жедел жәрдемін" барынша жылдамдатып шақыр!

ТАМАҚ ІШУ КЕЗІНДЕГІ ТҰНШЫҒУ

Белгілері: Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс  алуы жиілейді, көгеріп, естен танады.  
Сенің әрекетің: зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға  доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады. Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас. Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында.  
Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз. Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға   қарай және шамалы төмен жағынан ішін   басуды  жалғастыр.  
Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет.  
Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі.  
Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады.  
1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп  қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайтала. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.

"103 - жедел жәрдемін" шақыр!  
Қарт адамға, сірә, тіпті жаман болса керек (жасы көрініп тұр), беті көгеріп, ол қасында отырған қызының қолына құлай бастады.

ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТОҚТАУЫ

Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр.  
Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі:  
- Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз.  
- семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала;  
- қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой;  
- мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

- келесі қолыңның  алақанын, қойылған қолдың үстіне  қойғанда, екі қолдың саусақтары  да жоғары қарап тұруы тиіс;  
- қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын.  
Қысу тәртіптері:  
Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс;  
Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады;  
Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет);  
Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).

Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап,  сылау әдістері  
(жүрек - өкпе реанимациясы)

Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!

- Зардап шегушіні  шалқасынан жатқыз (мықты, қатты  жерге), аяғын көтеріңкіреп қой.  
- Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз:  
- бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда:  
Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр.  
Жүрек - өкпе реанимациясын:  
-терінің қызаруы;  
-ұйқы күре тамырының соғысын байқалу;  
- қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.

ТЖ органдары  сейсмикалық белсенділіктің басылуы  туралы хабарлайды. Адамдар біршама  тынышталып, аман қалған үйлеріне қайта  бастайды.  
Аз уақыт ішінде таң атады. Күтпеген апаттан қираған тірлікті қайта қалпына келтіре бастайды.  
ІІ - БӨЛІМ. БІР ДЕМАЛЫС КҮНІНІҢ ОҚИҒАЛАРЫ

СӘТСІЗ САПАР

Ақырында, қаланың  қапырығынан құтылып табиғатқа  шығамыз - ау. Жай бір жерге емес, Шарынға барамыз. Балаларды алғаш  рет алатын болдық, сондықтан жиналу өте қарқынды. Әсіресе, Әсет әбігерленуде. "Тәжірибелі" турист ретінде, әлі  күнге шейін біресе біреуін, біресе екіншісін ұмытпауға тырысып, еске түсіруде.  
Бәрін ескерген сияқтымыз. Қармақтар, шатыр, ұйықтайтын төсек-орын, жылы киім, фонарь, балта, сіріңке және т.б. Әсіресе, келіспеушілік медициналық қобдишаны таңдаған кезде шықты. Ер адамдар (мен және Әсет) ең қажетті: бинт және йодпен шектелуге; әйел адамдар (жұбайым мен қызым Әсел) үйдегі қобдишаны толығымен алуға жиналды. Ақырында ымыралы келісімге келдік. Заттар толып кетті. Ол түк те емес, көлік жеткізеді...  
Міне, біз Қамалдар аңғарындамыз. Тамаша көріністің бірде-біреуін жіберіп алмау үшін және бейне-таспаға түсіру үшін алқапты толық жаяу өтуді шештік. Күн аяусыз күйдіріп тұр. (Шарында ең жақсы уақыт - ол мамыр айы, ал біз кешігіп қалдық). Аяқ астындағы тас түрлі түрлі-түсті сәуледе, Бажовтың "Күміс тұяғындағыдай" жарқырайды. Мусковиттің жарқырауы және тастардағы кварцтың дақтары осындай күшті әсер береді.  
Әсет, үнемі алда зымырап келеді,  айқайлап  төңіректі  даурықтырған ол артқа шегіншектеп, үні шықпай қалды, ақырында, бір тасқа отырып, күте тұруды өтінеді.  
Ол  бозарып  кетті,  маңдайдан тер  шыпылдап  шыға   бастады.  Құдайым - ай! Ол осы уақыт бойы бас киімсіз жүріпті. Не істеу керек? 

ЫСТЫҚ  ТИЮ

Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр  соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады.  
Сенің әрекеттерің:  
-Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан.  
- Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой.  
- Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт.  
- Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз).  
- Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

ҚҰСЫҚ,  ЛОҚСУ

Белгілері: ауыз арқылы асқазанның ішіндегісі еріксіз шығады.  
Сенің әрекетің:  
- Лоқсу басылғанға дейін қатты тамақ берме. Лоқсығанына қармастан, құсу көпке дейін тоқтамаса да көбірек сұйықтық бер.  
- Егер құсқан кезде бас қатты ауыратын болса, немесе іш ауырса, егер құсық массасы қан араласқан болса немесе қара, қоңыр кофе қоюлығына ұқсаса, жылдам "103 жедел жәрдемін" шақыр!

Машинаны айдап  келу үшін жүргізушіге қоңырау шалдық; одан әрі қарай машинамн кетуді шештік. Әсет жеңілдеп қалды, ол соққан самалмен бірге қайтадан шиқылдап дауыс шығара бастады.  
Міне ормандардың жұрнақтары. Ғажайып көрініспен иілген ағаштар пейзажға әлдеқандай бір қиял-ғажайып түр беріп тұр. Жүктерімізді түсірдік, алдымен ыстық өтудің қатал сынына тап болған Әсетті шатырға қалдырамыз.  
Әр жерде жаппалар мен шатырлар тігілген. Балықшылар өздерінің ауларымен жағада қатып қалған. Жүзімді шығара беріп едім ... ара!  
Бұл қайдан шықты? Ой қалай ауыртады...

АРАНЫҢ, СОНАНЫҢ, ЕСЕК АРАНЫҢ ШАҒУЫ

Сенің әрекетің:  
- Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды).  
- Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының "сүтін" қолдануға болады).  
- Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.

Аллергиялық естен тану дамыған кезде

Белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану.  
Есіңде болсын! Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.

Сенің әрекетің: сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің  түймелерін ағыт. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.

Есіңде болсын! Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі - дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды.

Тыныс алуы бұзылып, жүрек қызметі тоқтаған кезде "ауызға - ауыз" әдісімен жасанды дем алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау  қажет.  
"103 - жедел жәрдмін" шақыр.  
   
Шағып алды. Балалар айналаны тамашалу үшін жүруге дайындалып жатыр. Мен ауырсына отырып "шаруашылықта" қалдым.  
Жақын жердегі шатырдан бір ер адам танысуға келді. Мені ара шағып алғанын естігеннен кейін, бұл жерде - бұдан да қауіпті жағдайлар болатынын ескертті. Бұл жерде жыландар, кенелер және шаяндар бар көрінеді.  
Балаларға абай болу керектігін ескертіп жатырмын.  
Тағы бір қырсыққа тап болсақ не істеу керектігін ойланудамын; қайдағы бір жабысқақ бірдеңе шағып алуы мүмкін ғой.

Информация о работе Қоршаған ортада тіршілікке қауіпті элементтердің түрлері