Қоршаған ортада тіршілікке қауіпті элементтердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:36, реферат

Описание работы

"Дегенмен оқиға болды" - деген ой миға жетті. Және сен, "Барлықтарың шапшаң сыртқа шығыңдар!" - деген айқаймен кіші ұлыңды қолынан ұстап алып, әйелің мен қызыңды асықтырып, жол - жөнекей "дабыл сумкасын" іліп алып, сыртқа шығуға бет алдың (бір жақсысы - бірінші қабат).

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).docx

— 37.98 Кб (Скачать файл)

КЕНЕНІҢ ШАҒУЫ

Белгілері: қал  сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, - қанды сорған кене).  
Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың  ұшымен  теріден баяу қозғалыспен алып таста.  
Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды.  
Қалаға келгеннен кейін емханаға қарал.

 
ЖЫЛАННЫҢ ШАҒУЫ

Сенің әрекетің:  
- Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі.  
- Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой.  
- Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой.  
- Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста.  
- Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су).  
-Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз.  
- Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.

Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!

БҮЙІНІҢ  ШАҒУЫ

Сенің әрекетің:  
- Шаққан жерді сабынмен жу, суық зат қой.  
- Ауруды басатын кез-келген дәрілер таблеткасын ішкіз.  
- Сұйықтықты көп ішкіз.

Балалар көп әсер алып қайтты. Әсіресе оларды таңдандырған өзеннің шоңғалдары мен құздар. Бақытқа  қарай оларды ештеңе шақпады, бірақ... қызым көзін уқалайды. Не болды? Өзеннің  жағасында бір бұтаққа соқтығысып қалдық. Бұл не деген сәтсіз күн!

КӨЗДІҢ ЖАРАҚАТЫ

Белгілері: көз  жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады.  
Сенің әрекетің:  
-Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып қой.  
- Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық компресс бас.  
- Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды,  сілтілер  түскенде - 15 минут,  белгісіз  химиялық зат түскенде - 20 минут.  
- Көзге бөгде заттар түскенде өзбетіңмен көздің алмасына немесе мөлдір қабақтың төңірегіне түскен кішкентай затты алуға әрекеттенбе. Бұл жағдайда екі көзді де таңып таста.  
- Бөгде зат көздің ағына немесе қабақтың ішкі жағына түскен кезде мынадай амал жаса: көздің ағынан немесе қабақтың үстінен ылғалданған бет орамалдың ұшымен іліп ал. Егер сізге ештеңе көрінбесе, кірпікпен жоғары қабақты төменгі қабаққа қарай соз. Бұл түскен затты орнынан қозғайды. Әрекетің сәтсіз шықса жоғарғы қабақтың кірпігін алып оны созыңыз. Оған сіріңкенің талшығын қойып оған қабақты ораңыз. Содан кейін көрінген затты жоғарыда көрсетілген әдіспен алыңыз. Егер әрекет тағы сәтсіз болса - тұратын мекендегі окулистке қарал.  
Осы жағдайлардың барлығында "103 -  жедел жәрдмін" шақырыңыз.

Әйелім ұсталған балықпен оралды. Оншалықты кішілеу  балық. Бұл жез балық. Өте дәмді "патша балық". Ендеше, балық  сорпасы болады! Және, тағы бір жағымсыз жағдай болатын сияқты. Ол құлағына әлдебір  шіркейдің  кіргеніне шағым айтады.

ШЫБЫН - ШІРКЕЙ ҚҰЛАҚҚА КІРУІ

Сенің әрекетің: Құлаққа  жылы суды ол сыртына ағып шығатындай қылып құю керек. Бұл кезде  сақтықпен құлақтың сырғалығын артқа  қарай және жоғары тарт.  
Келесі  әдіс: Егер бұл үйде болған болса: Ваннаға құлақтарың су астында болатындай қылып жату керек.

 
ҚҰЛАҚТАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР

Назар аудар! Құлаққа  түскен бөгде заттарды (моншақ, бұршақтың  дәні), егер тек олар сыртқы есту жолдарының кіре берісінде орналасса және сіз  дабыл жарғақты жарақаттамауға мүлде  сенімді болсаңыз ғана алуға тырысыңыз, басқадай жағдайларда өзіңіз шығаруға әрекеттенбеңіз.  
ЛОР дәрігеріне қаралыңыз.

ЕСТУ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚАБЫНУ ПРОЦЕССТЕРІ

- Ауруды жеңілдету  үшін әрбір 4 сағатта жасыңа  қарай парацетромолдың мөлшерін  іш.  
- Егер құлағыңнан ірің ақпайтын болса, құлағыңа ыстық су құйылып сүлгімен бірнеше қабат оралған жылытқыш қой.

Есіңде болсын! Құлақты мақтамен немесе өзге затпен нығыздауға болмайды!  Емханаға қарал.

Оңды аяқталды! Шыбын - шіркейді шығарып алдық. Түнге  жайғасып жатырмыз. Аз уақыт ішінде кешкі тамақ та дайын болады. Көрші  жүгіріп келді, асқазан дәрілерін  сұрайды, өйткені баласының іші өтіп ауырып қалыпты.  
Әйелім алып келген өзге дәрілер де пайдаға асты.

ІШ ӨТУ (ДИЯРЕЯ)

Сенің кеңесің: Аурудың  белгілері жойылғанша ауруға тамақ  берме. Ең болмағанда әдеттегіден жарты - литр  артық тәттісі жоқ сұйықтық ішкіз.

Есіңді болсын! Сүт ішуге болмайды!  
- 1 литр суытылған қайнаған суға 1 шай қасық тұз және 4 шай қасық қант қос немесе дайын регидрон таблеткасын іш.  
- Аспирин және ауруды басатын  дәрі-дәрмек қабылдама.  
- Егер бір тәуліктен кейін жеңілдікті сезінбесең, дәрігерге қарал.

Шатырдың ішіне  кіріп жатырмыз. Ұйықтайтын төсек-орындар  жылы және жайлы. Әбігершіліктің  бәрі артта қалды. Ертеңгі күн сәттірек болатындағына сенемін.

 
«Республикалық ТЖ және АҚ саласындағы басшылық  
 құрамның бiлiктiлiгiн арттыру курстары» РМҚК

 


Информация о работе Қоршаған ортада тіршілікке қауіпті элементтердің түрлері