Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 07:21, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі мәселелерге тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар, біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық мәселелердің тұрақты өсуіне де байланысты болды.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырымдаманың негізі «2030 Стратегиясында» салынған, онда «қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология» біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

нег.бөл.docx

— 78.26 Кб (Скачать файл)

Судың ащылығы топырақ  қабатының сортаңға айналуына әкеледі, грунттың екінші реттік сортаңдауын  дамытады және дақылдардың түсімін  маңызды түрде азайтады.

Екінші рет топырақтың сортаңға айналу нәтижесінде күріш  алқабында тұзды шөлдің жаңа дақтары  қалыптасады. Қатты сортаң жерге  айналған ауданның өзі тек Қызылорда  облысының өзінде ғана 40 мың га (13,9 %), орташа сортаңға айналған жер - шамамен 200 мың га (69,4 %), әлсіз сортаңға айналған жер - 43 мың га (16,7 %) құрайды. Нәтижесі көрсетіп отырғандай, бұл өңірдегі сортаңға айналмаған жер күріш себілген алқаптар, суармалы жердің мелиорациялық  жағдайын сипаттамайды.

Жыл сайын Сырдария өзеніне  ластанған 850 млн. м3 пайдаланылған су ағады, олардың 210 млн. м3 Қызылорда облысы бойынша сульфат-натрийлі құрамы бар 1,5ден 6,0 г/л дейінгі минералдауды құрайды.

Әсіресе шиеленіскен жағдай соңғы жылдары Ферғана аңғарындағы  шағын өзендер суларының сапасының  күрт нашарлауымен байланысты (Қасансай, Падша-Ата, Исфайрам, Сох, Исфара, Ахангаран, Чирчик). Соңғы 15-20 жыл ішінде осы  өңірдегі тұрғындар санының күрт артуымен байқалады, ал бұл табиғи және су объектілерінің экологиялық жағдайына  жүктеменің күрт ұлғаюына әкеліп соқты. Осы өңірдегі елді мекендердің барлық ағыс сулары тазартусыз өзендерге лақтырылады, осылайша күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.

Сырдария өзенінің төменгі  сағасындағы ашық су қоймаларында шекті  рауалы концентрациядан (ШРК) жоғары пестицидтердің болуы 10-200 сынаманың біреуінде, құдық  суларында - 5-30, құбырмен келетін суларда - 20-35 сынамада байқалады. Азық түлік  өнімдерінде пестицидтер көбінесе жеміс- жидектерде - әрбір 50-сынамада, азықтарда - әрбір 30-50 сынамада кездеседі.

Таулар арасындағы шұңқырлар  мен аңғарлар шегіндегі, сондай-ақ тау  беткейлері, алқаптары мен өзен сағаларындағы  жер асты суларының үлкен бір  бөлігі беттік ағыстармен тікелей байланысты. Жер үсті өзен суларының көлемінің  қысқаруы және олардың сапасының  нашарлауы жер асты суларының  тиісті көрсеткіштеріне тікелей  әсер етеді. Бұл ретте жер үсті суларының жер асты суларымен  гидравликалық өзара байланысы  жер үсті сулардың да, сондай ақ жер  асты суларының да, әсіресе өзен ағыстары мен дамыған суландыру  аймақтарындағы қалыпты сапасының  толықтай жоғалуына әкелді.

Өзен сулары сапасының  нашарлауының басты себебі суармалы жер ауданын күрт ұлғайту болып  табылады, бұл ретте су ресурстары тек толықтай жойылып қана қойған жоқ, бірақ сапасы жағынан да сарқылды. Өзен ағысы таудан ағыс түзетін аймақтан бастау алатын жерде суаруға бөлінеді. Өзен ағысына орташа алғанда олардың  артық ағысы ғана және коллектор-дренажды желісінің ағысы ғана құйылады. Сырдария өзені бассейніндегі коллектор-дренажды сулардың жалпы көлемі жылына 12-14 км/жыл жетеді, оның 10 км3 өзенге қайтадан құйылады, ал 2-4 км табиғи түрде төмендеуге бұрылады.

Осыған сәйкес өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық  режимі өзгерді. Аңғардың орташа бөлігіндегі  өзендердің толық емес барлық ағысы  оның төменгі ағысының жоғарғы бөлігінде  суару үшін екінші рет алына бастады. Соның нәтижесінде өзінің меншік төменгі ағысына табиғи ағыстың  келуін тоқтатты. Өзен ағысы бұл  жерде дренажды ағысты басты қабылдағыш қызметін атқарды. Оның мысалы Сырдария, Қарадария мен Нарын өзендерінің  жоғары және орташа ағысы қызмет етуі мүмкін. Сырдария өзені Шардара су бөгетіне дейінгі дренажды және ақаба  суларды жалғыз су қабылдағышы болып  табылады, өйткені басқа су қабылдағыштар  болмайды.

Сырдария өзенінің жер  үсті ағыстарын қарқынды реттеу орташа ағыста, әсіресе төменгі ағыста гидрологиялық  режимнің маңызды өзгерісінің нәтижесінде  оның өздігінен тазарту жағдайы  күрт нашарлайды.

Соңғы жылдары Сырдария өзені  бассейнінде өткір пайда болған қарама қарсылық жоғарғы ағыста су ресурстарының үлкен бөлігі қалыптасуы болып табылады. Бұл ретте судың  энергетикалық потенциалын пайдаланатын суды пайдаланушылардың мүдделері  басым тұрады, су ресурстарын күзгі  қысқы мерзімде барынша жиі қолданылады, төменде орналасқан суармалы жерге  су өсімдіктердің өсіп өну және даму кезеңінде қажет.

Сырдарияның бірегейлігі  өзен суларын пайдаланудың жоғары сапасынан  тұрады. Әлемде осыған ұқсас су объектілер аз, олардың пайдаланылатын ресурстары олардың қолдағы көлемінен асып кетеді. Төменгі ағыс бойынша Сырдарияның  өзен ағысына қайтып келген қайтару  ағысы түріндегі шамамен 40 % көлемі қайтадан пайдаланылады. Соның нәтижесінде  пайдаға асыру процесінің осыған ұқсас қарқындылығы су сапасына айтарлықтай  әсерін тигізеді және күрделі экологиялық  проблемалардың себепкері болып  табылады.

Өзен ағысының қысқаруы, Сырдария өзеніндегі жалғыз су көзінің  ластануының жоғары деңгейі, Арал теңізінің  таяздануы, экологиялық жүйенің  табиғи тепе теңдігінің бұзылуы қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді, популяциялық сипаттаманы және осы өңірдегі халық  денсаулығының көрсеткіштерін нашарлатады.

Ластанудың жоғары дәрежесі Қазақстанның басқа өзендері үшін белгіленген. Мысалы, Үлек өзені – Оралдың  негізгі ағысы – Алға химиялық зауытының АҚ («Фосфорхим») және Ақтөбе хром бұйымдары зауытының ААҚ  бор мен хроммен ластанды. Ластану  көздері осы кәсіпорындардың  сүзгісіз салынған шлам жинақтағыштары болып табылады.

ҚР аумағында кездесіп отырған су қоры және жер алабтарының  барлығын бір зерттеуде қамту  күрделі екені анық. Жоспар негізінде  зерттеу бірнеше жылды қамтитынын атап өткім келеді, себебі толық  мәліметпен қамту әлі де қарастырылуда.

Көптеген сызбалық, кестелік жұмыстарымды көрнекі түрде көрсетіп түсіндірсем деген ниеттемін, сол  себепті бастапқы қалыпта тек  текстілі нұсқамды ғана ұсынып отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жұмыстың өзектілігінің  негізін – Елбасының сөздерінен ойыма  салған сындарлы ақиқатынан туындап, құрады.

Жалпы, қарастырып отырған  мәселе, қазіргі күні кімді болсын алаңдататыны рас. Себебі, бұл мәселенің  шегінде біздің – кешегіміз бен  бүгінгіміз, ал одан кете еретеңіміз етек алған.

Экологиялық жағдайдың орын алуын айтумен қатар, оны шешудің  де көптеген жолдары мен нұсқауларын  атап көрсеттік. Ғылыми жұмыстың арықарай жалғасын табатынына сеніммен қараймыз, сол себепті әлі де ізденіс  үстіндеміз. Сонымен қатар, болашақ  мамандығымыз мен өмірлік серттілігіміз  осы мәселелерге тікелей тәуелді  екенін мойындаймыз.

Жұмыс өз деңгейі мен бағалық  үстемесін табарына үміттіміз, оның үстіне « қаққан қазықтың да өз мақсаттылығы бар » екендігіне сенімдіміз.

Баршамыз бірігіп, ел алдындағы  борышымыз мен міндетімізді орындауға ниеттіміз. Ең алдымен, өзіміз өмір сүріп отырған ортамызды тұрақты түрде дамытумен қатар, оның экологиялық мән жағдайын да толық негізде қамтамасыз етуіміз керек. Ал осы мақсатта ғылым мен білім күшімізді қолдансақ, толық жеңеріміз анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск, 2005.

2. Габов Ю. А. Экологическая безопасность Казахстана (мифы и реальность), Астана, 2006.

3. Исмаилов Ч. Экономико-географические условия. Развитие нефте-газово- химического комплекса в Прикаспийских районах. Баку, 2003.

4. Дускаев К.К. Трансграничные проблемы водных отношений Республики Казахстан. Экология и устойчивое развитие. 2004. № 2

          5. Брагин Б.И. Тяжелые металлы и хлорорганические пестициды в озере Балхаш и рациональное использование его сырьевых ресурсов. Балхаш, 1992.

6. Мамедов Р.. Формирование Международно-правового статуса Каспийского моря в постсоветский период / Р. Мамедов// Центральная Азия и Кавказ. - 2000.

7. Декларация по проблемам устойчивого развития бассейна Аральского моря. Нукус. 1995.

8.Программа конкретных действий по улучшению экологической обстановки в Приаралье. 1994. 23-24 июня. 

9. Панин М.С. Загрязнение бассейна Иртыша тяжёлыми металлами. Экология Сибири, Дальнего Востока и Арктики – 2001 г. Материалы междун. конф. – Томск, 2001.

10. Жанбеков Х.Н. Накопление и миграция тяжёлых металлов вводном бассейнер. Сырдарьи. Вест. МОН РК, 2001. № 3.

11. Баркелиев Т. Главные экологические проблемы Каспийского моря.//Экспертиза, 2002.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы