Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 07:21, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі мәселелерге тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар, біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық мәселелердің тұрақты өсуіне де байланысты болды.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырымдаманың негізі «2030 Стратегиясында» салынған, онда «қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология» біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

нег.бөл.docx

— 78.26 Кб (Скачать файл)

Егер Балқаш өзенінің тұтастай ластануын сипаттайтын болсақ, онда келесі көрініс байқалады. Хлоридтер  проценттік қатынаста гидрохимиялық  талдаулардың жалпы санынан шекті  рауалы концентрациядан 80,4 % жағдайда асып түседі, сульфаттар және мыс - 100 %, мырыш 25,3 %, фторидтер 98,0 %, мұнай өнімдері 40 %, фенолдар 33,3 % жағдайда асып түседі.

Балқаш көлінің суында бірқатар микроэлементтер бар, олардың  аясында ауыр металдар Балқаш маңындағы  топырақ грунттың геохимиялық ерекшелігіне байланысты жетекші орын алады, сондай-ақ олардың өзендерге және ағын сулары бар көлдерге түсуі және өнеркәсіптік объектілерден ауа лақтырындыларынан  су қоймасының бетіне жартылай шөгуі  байқалады.

Балқаш көлінің суындағы марганец, мыс, мырыш, барий, титан, бор, никель, мырыш пен кадмий балық  шаруашылығының қоймаларына арналған ауыр металдар ШРК асып түседі. Стронций, мыс, қорғасын, молибденнің фондық құрамы тұрақты артуда, ал бұл антропогендік  факторлардың әсерімен түсіндіріледі. Бертіс топырағындағы кейбір элементтердің (мырыш, мыс, қорғасын) жоғары құрамына назар аудару керек, ол ұзақ уақыт  бойы (50 жылдан артық) ағынды суларға  Балқаш тау кен-металлургия комбинатынан (БТМК) лақтырылып отырды. Батыс |Балқаштағы және Бертіс қойнауындағы қалайы фондық мәндерден асып түседі.

Көлдің негізгі ластаушылары Іле, Қаратал, Лепсі және Ақсу өзендерінің  бойында орналасқан ауыл шаруашылығының алқаптары, сондай-ақ Балқаш қаласы өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады. Осы  уақытқа дейін Қаратал өзені  бассейнінде Текелі ГОК жұмыс  істеді, оның қалдықтары Қаратал өзенін ластады және сол өзен суымен Балқаш көліне зиянды заттар келіп түсті.

Балқаш көлінің экологиялық  жағдайының нашарлауы тропикалық тізбек бойынша беріледі, гидробионттардың тіршілік әрекетіне, соның ішінде балықтарға әсер ете отырып, нәтижесінде азық қорының нашарлауына, балықтардың  өну жағдайының нашарлауына және олардың қорының азаюына әкеліп соғады. Балық етінің құрамындағы  микроэлементтер мен олардың судағы концентрациясы арасындағы байланысты кобальт пен мыс үлгісінен байқауға болады. Су айдынының барынша ластанған ауданы – Бертіс қойнауында балықтың бұлшық ет тканіндегі мыстың жинақталуы 1,5-4 есеге, ал кобальт 100-150 есеге артық, ал бұл Сарышаған ластанған түбегінде аздау. 1995 жылғы зерттеулердің деректері бойынша Торанғалық шығанағында ауланған сазанның бұлшық етінде мыстың жинақталу коэффициенті 61,4; Майтан шығанағында - 43,5; Сасықкөл шатқалында - 13,2 құрады. Кобальттің жинақталу коэффициенті осыған сәйкес - 90,0; 65,3; 12,5 теңеледі. Бұдан басқа, Майтан шығанағында ауланған сазанның бұлшық етінде сынап табылған.

Балқашқа ластанған сулар  тек тау-кен комбинатынан ғана келіп  түспейді, сонымен бірге Қытайдан да келеді, шекаралық бекеттерде мыс  пен басқа заттар құрамының қатты  артқаны тіркелген. Қытай аумағына Іле өзені бассейнінен жылына 14,5 км³ суды сұрыптау байқалады, себебі Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы халқының белсенді өсуінен 3,6 есеге  ұлғайту жоспарлануда. Сарапшылардың  пікірі бойынша Тянь-Шань мұз ағыстарының  ұлғаюына қарамастан 10% жинақтау нормасы  апатқа әкеліп соғуы мүмкін, Балқаш шығыс бөлігінің құрғауымен екі  бөлікке бөлінуі мүмкін.

Қазіргі кезде ҚХР су қатынасы 2001 жылғы 12 қыркүйектегі «ҚР Үкіметі  және ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылған, сол негізде  жұмыс істеуде. Қазақстан-қытайлық бірлескен комиссия және сарапшылардың  жұмыс тобы құрылды және сол бойынша  әрекет жасауда.

Балқаш көлінің экологиясы үшін қауіпті қатерлер байқалады, әсіресе  Арал теңізіне ұқсас апаттың қайталануы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған ұқсас  бірқатар алаңдаушылықтар да байқалады. 1970 жылдан бастап Қапшағай су қоймасын толтыру үшін Іле өзенінің суы  пайдаланыла басталды, сол үшін 39 км³ су кетті, ал бұл өзен ағысының 2/3 азаюына және көл деңгейінен төмендеуіне  әкеліп соқты. Балқаштың таяздауы әсіресе  оның терең батыс бөлігінде байқалады. 1972 мен 2001 жылдар аралығында көлден оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан шағын  Алакөл тұзды көлі мүлдем жойылып  кетті, ал Балқаштың оңтүстік бөлігі осы уақыт ішінде шамамен 150 км²  су бетін жоғалтты. Балқаш маңындағы 16 көл жүйесінен тек бесеуі ғана қалды, босау процесі шамамен  бассейннің 1/3 қамтыды. Тұзды шаң  көл түбінен көтеріледі, азиялық  шаң боранын қалыптастыруға үлес қоса отырып, өңір климатына қолайсыз әсер етеді.

Экологиялық қадамдарды жақсарту қадамдары ретінде Қапшағай су қоймасын толтыруды тоқтату, металлургия  комбинатының ағысты суларын тазалау, суландыруға кететін қайтарымсыз  шығындарды азайту және т.б. ұсынылды.

2000 жылы Алматы қаласында  әр түрлі елдерден келген эколог  ғалымдар, сондай-ақ бизнес пен  билік өкілдері жиналған «Балқаш-2000»  конференциясы өтті. Форум жұмысының  нәтижесінде қарар қабылданды  және президентке, парламентке, үкіметке және халықаралық ұйымдарға Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін басқарудың жаңа принциптері туралы үндеу жолдады, өңірдегі қаржыландырылған жобалар бойынша үлкен мүмкіндіктердің жеке капиталын ұсынады.

2005 жылы Балқаш көлінің  проблемалары бойынша халықаралық  экологиялық форумда «Қазақмыс»  корпорациясы экологиялық таза  өндірістің құрылысын аяқтайды  деп жариялады, ал бұл 80-90 % лақтырындылар  азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Балқаш көлінің  бассейніндегі экологиялық ахуалдың нашарлағанын көрсетті. Балқаш көлінің  Тянь-Шань мұздықтардың қарқынды дамуының арқасында екінші аралға айналмады.

Балқаш көлі бассейніндегі  ахуалды тұрақты бақылау үшін және өңірдің тұрақты экономикалық дамуын жасау үшін мыналар қажет деп табылды:

- Балқаш көлі бассейніндегі  су объектілерінің ағымдық жағдайының  мониторингі, жағалау жері мониторингі;

- климаттың антропогендік  өзгерістері бассейні су бетінің  ресурстарын бағалау;

- Іле өзені шектес Қытай  аумағындағы суды тұтынудың әрі  қарай артуы және климаттың  антропогендік өзгерістері кезінде  мүмкін қолайсыз зардаптарды  анықтау;

- өңірдің экономикалық  қажеттіліктерін барынша толық  ескеретін нақты шаралар және  жер үсті су ресурстарын пайдаланудың  жаңа тұжырымдамасын, Іле-Балқаш  проблемасының экологиялық талаптары  мен халықаралық аспектілерді  әзірлеуболып отыр. Осы мәселелер бойынша қазіргі кезде көп нысанды жұмыстар атқарылуда.

 

 

2.3 Арал теңізінің және оны құраушы жердің экологиялық мәселесі

 

 « Сыңарлас қойдың  сыңсуы бір» - демекші елде алаңдатарлық  мәселе Арал теңізінің мәселесі болып отыр. Арал теңізі бұрын көлемі жағынан дүние жүзінде төртінші теңіз болып саналған еді, оның табиғат қоры өте бай, ал Арал маңындағы табиғат ортасы гүлденген және биологиялық тұрғыдан өте бай өлке еді. Аралдың бірегей оқшау болуы және әр түрлілігі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Теңіздің осындай атауға ие болуы да таңқаларлықтай емес. Себебі «Арал» деген сөздің өзі түрік тілінен аударғанда «арал» деген мағынаны береді. Сірә, біздің ата бабаларымыз Аралды Қарақұм мен Қызылқұм арасындағы ыстық шөл даладағы жайлы қоныс және құтқарушы арал деп санаған ғой.

Суармалы тоғандар 1940-жылдардан  бастап ірі ауқымды көлемде салына басталды. Суармалы тоғандардың көбісі нашар салынған, судың сортаңға айналуына  немесе булануына әкеліп соқтырды. Орта Азиядағы ірі Қарақұм каналында  шамамен 30-75 % су далаға кетті. 1960 жылдары, судың 20 км-ден 60 кубтық километрге дейін  жыл сайын теңізге құйылудың  орнына жерге ағып кетіп отырды. Осылайша, теңізді сумен қамтамасыз етудің үлкен бөлігі бұзыла бастады, 1960-жылдардан бастап Арал теңізі тарыла бастады.

1960 жылдарға дейін оның  ауданы 66,1 мың ш. км-ге теңесті.  Тереңдігі 10-15 м, ең үлкен тереңдігі  - 54,5 м. Аралдың барынша ірі  аралдары – Барсакелмес және  Возрождение. 1961 мен 1970 жылдар аралығында  Арал теңізінің деңгейі орташа  алғанда жылына 20 см-ге түсіп отырды. 1970-жылдарда орташа норма жыл  сайын 50-60 см-ге төмендеп отырды, ал 1980-жылдарға қарай теңіз деңгейі  төмендей берді: жылына 80-90 см-ге  төмендеді. Өңірдегі суармалы  көп дақылды егіс алқаптарын  дамыту нәтижесінде жердің сапасы  нашарлай бастады, қайтарымсыз  суды тұтыну көлемі артты, жаңбыры  аз қуаңшылық жылдар көп болды, 80-жылдардың басында Арал теңізіне  Амудария мен Сырдария өзендері  суларының құйылуы мүлдем тоқталды.

1990 жылдарға қарай оның  ауданы 36,5 мың шаршы км құрады (соның ішінде Үлкен теңіз 33,5 мың шаршы км құрады). 1995 жылдарға  қарай теңіз тіпті су көлемінің  төрттен үш бөлігін жоғалтты, ал үстіңгі бетінің ауданы  жартысынан астамы қысқарды.

2004 жылдарға қарай теңіз  өзінің бастапқы үстіңгі беттік  ауданынан 25 % ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану  сол теңізге тән өсімдіктер  мен жануарлар дүниесін құртып  жіберді. Қазіргі кезде теңіз  түбінің 33 мың шаршы километрден  астамы құрғап кетті. Жағалау  сызығы 100-150 километрге дейін шегініп  кетті. Судың тұздығы 2,5 есеге  дейін ұлғайды. Ал теңіздің  өзі екі бөлікке бөлінді –  Үлкен Арал және Шағын Арал. Осылайша Арал кеуіп бара жатыр.

Арал теңізінің кеуіп  қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді  жыл сайын жұтып алуда. Осы  жерде мекендеуші сүт қоректі  жануарлар мен құстар түрлері 50%-ға дейін азайып кеткен.

Осылайша, Арал маңындағы  Арал теңізінің құрғап кетуіне байланысты ғаламдық сипатта халықтың денсаулығына және шаруашылықты жүргізу үшін зардаптардың шығу тегі мен деңгейі бойынша  қалыптасқан экологиялық проблемалардың күрделі кешені пайда болды.

Қазіргі күні Арал маңындағы  барлық аймақта тым күрделі экологиялық  жағдай қалыптасты (Арал маңындағы  аудан 47,2 мың ш. км. құрайды). Бұл жерде  су және жер ресурстарының сапасы жойылған, экожүйенің құрамы мен төзімділігі  бұзылған, қоршаған ортаның экологиялық  құндылығы азайған, оның өнімділігі жоғары қасиеттері жойылған, қоршаған ортаның улануы күрт артқан, осыған байланысты ортаның медициналық-гигиеналық тұрақтылығы жойылған. Рыбацкий, Мойнақ, Әжібай, Жалтырбас, Бозкөл, Алтынкөл және Каратма шығанақтары жоғалып  кеткен.

Жылына 300 күнге жуық өңірде құмды тұз дауылы соғады. Кеуіп  қалған теңіз түбінен атмосфераға 75 млн. тонна құм мен шаң көтеріледі, ал Арал маңындағы 1 га ауыл шаруашылығы  жеріне 520 кг тұз түседі, ал бұл егілетін дақылдарға орасан зор шығын әкеледі. Аралқұм шөлі егістік жердің 2 млн. гектарын жұтып алды, жайылымдық жерлердің, орман алқаптарының, басқа да өсімдіктер дүниесінің құлдырауына әкелді. Теңіздің кеуіп қалуы жалғасып жатыр, ал бұл дегеніміз теңіз суының түбінен әлі де тұзды топырақ грунттар босайды дегенді білдіреді, сол кезде Арал маңындағы ауа әлі де улы тұз бен шаңға батады. Егер атмосфералық шаң негізінен ылғалды жерлерде шөгіп жинақталуы мүмкін дегенін ескерсек, онда бұл процестен таулар да сырт қала алмайды, себебі орта азиялық өзендер мен сулардың бастауы сол таулардан алынады. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде шөгеді.

Арал катастрофасының  зардаптары өңір аумағынан да шығып  кетті. Теңіздің кеуіп бара жатқан акваториясынан жыл сайын жанартау атқылаған  сияқты 100 мың тонна тұз бен  әр түрлі химикаттары мен улы  қоспалары бар ұсақ ұнтақты шаң  ұшады, ұшқан тұз бен шаң дауылы барлық тіршілікке келеңсіз әсерін тигізуде. Арал батыстан шығысқа қарай күшті  ағынды ауа ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы  қабатына аэрозольдардың шығуына мүмкіндік  береді, ластану әсері тым қатты  күшейеді. Тұз ағындарының іздері барлық Еуропа бойынша, тіпті Солтүстік  Мұзды мұхитқа дейін ұшады.

Аралдың таяздау және соған  шектес жатқан өңірлердің шөл далаға айналуын талдау 2010-2015 жылдарға қарай  теңіздің толықтай жойылып кетуі  мүмкін деген қатерлі болжамға әкеледі. Нәтижесінде – жаңа Аралқұм шөлі пайда болады, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің жалғасына айналады. Тұз  бен әр түрлі улы заттардың  үлкен мөлшері көптеген жылдар бойы бүкіл жер шарына таралады, ауаны  улайды және планетаның озон қабатын  бұзады. Арал маңында жаз неғұрлым құрғақ және қысқа, ал қысы тым қатты  суық және ұзақ болады. Ал мұндай жағдайдан  ең бірінші, әрине, Арал маңының тұрғындары зардап шегеді. Ол, бәрінен бұрын, суға деген өткір қажеттіліктен туындайды. Демек, тұрғындар күніне 125 литр орташа норма орнына, тек 15-20 литр су ғана алады. Бірақ тек суға деген қажеттілік ғана емес, сонымен қатар әр түрлі  проблемалар да туындайды. Бұл күні өңір аштықтан, жоқтықтан, сондай-ақ әр түрлі эпидемиялар мен аурулардан зардап шегуде.

Арал әрдайым теңіз  өнімдерін бай жеткізушілердің  бірі болған еді. Енді судың тұзды  деңгейінің ащы болғаны соншалықты, көптеген балық түрлері қырылып  қалды. Сол кезде аулап жүрген балықтардың қабыршақтарында пестицидтердің жоғары деңгейі жиі байқалды. Бұл  әрине, Арал маңындағы тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізді, балық аулау кәсіпшілігі және балықты қайта өңдеу өнеркәсібі жойылу үстінде, адамдар жұмыссыз қалуда.

Бұрын топыраққа астық  түсімін арттыру мақсатында көптеген улы тыңайтқыштар себілді. Улы химикаттармен  байытылған судың тазарту құрылғыларының нашар болуының кесірінен өзен ағыстарының  бойына да таралды, яғни барлық жаңа жерлерді улады. Соның салдарынан – Арал маңында өсетін қамыс, күріш, бидай құрамында әр түрлі канцерогендердің жоғары деңгейі байқалады. Өңірде ТМД елдерінің ішінде ана мен балалар өлімі 25. Бұл ТМД жөнінен ең жоғары орында тұр (1 000 туған балаға 75). Туберкулез, астма, тиф, анемия, паратиф, гепатит, рак сияқты ауру түрлері өте көп. Бауыр мен бүйрек аурулары белең алуда.

Арал теңізінің жойылып  кетуі туралы әр түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер Аралдың түпкі қабаты бұзылып, ол Каспий теңізіне ағып кетті деп  айтады. Ал біреулер Аралдың жойылып  кетуі Жер шары климатының жалпы  жылыну өзгерісіне байланысты табиғи процесс дейді. Кейбіреулер тау  мұздықтарының үстіңгі беттерінің құлдырауы, Сырдария мен Амудария өзендерін  қоректендіретін шөгінділердің  минералдануы мен олардың тозаңдануында  деп айтады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы