Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 07:21, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі мәселелерге тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар, біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық мәселелердің тұрақты өсуіне де байланысты болды.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырымдаманың негізі «2030 Стратегиясында» салынған, онда «қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология» біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

нег.бөл.docx

— 78.26 Кб (Скачать файл)

Алайда барынша кең  таралған бастапқы нұсқа – Арал теңізі қоректенетін су ресурстарының  дұрыс емес таралуы болып табылады. Арал теңізіне келіп құятын Амудария мен Сырдария өзендері бұрын су айдынын  қоректендіріп отыратын негізгі  күре тамыр еді. Екі өзен де өз бастауын таулардан алатыны белгілі, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Түрікменстан аумақтары арқылы өтеді. 60-жылдардан бастап осы екі өзеннің  су ресурстарының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығының жерін суландыруға  және Орталық Азия өңірін сумен қамтамасыз етуге кете бастады. Соның нәтижесінде  ағысы төмен түсіп кеткен өзен арналары жойылып бара жатқан теңізге  дейін жете алмайды, құмға сіңіп  кетеді. Бұл ретте бұрылған судың  тек 50-60% ғана суармалы егіс алқаптарына  жетеді. Бұдан басқа, Амудария мен  Сырдария өзен суларын дұрыс емес және үнемді емес бөлудің кесірінен  суармалы жері бар тұтас аудандарды батпақты жерлерге айналдырып жіберді, ол жерлер пайдалануға жарамсыз болып  қалды, ал кейбір жерлер су мүлдем жетіспейтін  жерлерге айналды. Егін шаруашылығы  үшін жарамды 50-60 млн. гектар жерден тек 10 млн. гектар ғана суарылады.

Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық қауымдастықтар Арал маңындағы проблемаларды шешу бойынша шешімдер қабылдауда. Алайда ол шешімдер өкінішке қарай экологиялық  апаттың бастапқы себебімен күресуге емес, ең бірінші кезекте оның зардаптарын  жоюға бағытталған. Мемлекеттер  мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар  бөлетін негізгі күштер мен қаражаттар халықтың тіршілік деңгейін және өңірдің  инфрақұрылымын көтеруге кетеді. Теңізді  қалпына келтіру туралы мүлдем ұмытып кетті.

Қазіргі кезде әлемдік  капиталды Арал теңізінің тағдыры  емес, сол өңірдің қаншалықты табиғи қоры бар екені қызықтыратыны  өте өкінішті. Бұл жердегі газдың болжамдалған қоры 100 млрд. куб. метрді құрайды, ал мұнай 1-1,5 млрд. тоннаны  құрайды. Арал бассейнінде жапондық JNOC корпорациясы мен Shell британ-голландиялық компанияның мұнай мен газды  іздеуі жүргізілуде. Әлемдік инвестицияларды  қатыстырып, өңірді құтқаруға болады деп ойлайтын көптеген жергілікті шенеуніктер тек өз қара бастарының қамын ғана ойлайды. Алайда бұл Арал теңізінің проблемасын шеше алады ма екен? Бәрінен бұрын, кен орындарын қазу өңірдегі экологиялық ахуалды одан сайын шиеленістіреді.

1994 жылы 23-24 маусымда Парижде  Дүниежүзілік банк, ПРООН бен  ЮНЭП ұйымдастырған Арал теңізі  бассейнін дамыту Бағдарламасы бойыншакездесу өтті, осы кездесуде Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің, 33 үкіметтік және агенттік және үкіметтік емес ұйымдардың делегациясының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері әзірлеген жақын арада жақсарту бойынша нақты іс әрекеттер Бағдарламасы мақұлданды.

1995 жылы Орталық Азия  республикаларының үкіметі, өңір  мамандары мен ғылыми қоғам,  халықаралық ұйымдар Нөкіс қаласында  Арал теңізі бассейнінің тұрақты  даму проблемалары бойынша Орталық  Азия мемлекеттерінің және халықаралық  ұйымдардың Декларациясын қабылдады.  Ол тұрақты даму принциптерінің  қатаң сабақтастығын және осындай  маңызды проблемаларды шешуге  назар аударуды қарастырады.

Орталық Азия мемлекеттері үкіметтері құрған Мемлекет аралық үйлестіру  су шаруашылығы комиссиясы белсенді жұмыс атқаруда, ол экология талаптары  және барлық елдердің мүдделері есебінен Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын  бірлесе басқару мен пайдаланудың барлық мәселелерін қарастырады. Бұл  ретте өңірдегі бес республиканың  қай қайсысы да теңізді сақтау проблемасымен бірлесе қарастырады.

Арал теңізі шамамен 50 жыл  ішінде кеуіп қалды. 1987 жылы шегініп  бара жатқан теңіз екі жеке су бөлікке  бөлінді, Солтүстік Арал теңізі (Шағын  Теңіз немесе Кіші Арал теңізі) және Оңтүстік Арал теңізі (Үлкен Теңіз  немесе Үлкен Арал теңізі). Оларды қосу үшін жасанды канал да қазылды, бірақ  олардың арасындағы байланыс 1999 жылы тоқтап қалды, себебі екі теңіз де тарыла бастады. 2003 жылы Оңтүстік Арал теңізі әрі қарай шығыс және батыс  бассейндері деп бөлінді.

Оңтүстік Арал теңізі маңызды  дәрежеде Өзбекстан жағында қалды, маңызды түрде тағдыр тәлкегінде қалды.

Енді бұл да бір бірінен  оншақты километрге алшақтап кеткен үшінші су айдыны. Шағын Арал — Қазақстан  аумағындағы Арал теңізінің бір  бөлігі. Шағын Аралды тұзды көлдің қалған бөлігімен қосатын тар  бұғазды 1992 мен 1998 жылдары арақабырға қылды, бірақ екі жолы да бекітілмеген құм бөгеті — су деңгейінің арту шамасы бойынша сумен шайылып  кетті.

Қазақстан егемендігін жариялағаннан  кейін Арал теңізін қайта жаңғырту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін  құтқару бойынша көптеген жобалар  әзірленді. 2003 жылы қазанда Қазақстан  Үкіметі ұзындығы 13 км болатын жаңа әрі неғұрлым сенімді Көкарал  бөгетін салу жоспары туралы жариялады, ол 2005 жылы салынып бітті. Судың деңгейі  маңызды түрде артты, ащылығы  біршама азайды, қазір өнеркәсіптік масштабта балық ауланады және экологиялық мәселелер біршама шешімін табуда.

 

 

2.4 Каспий теңізінің және жағалау жерлерінің экологиялық мәселесі

 

Елдегі ең ірі су қоры – Каспий су алабына жиналған. Оның да өазіргі жағдайы көңіл көншітпейтіні  анық.

Каспий — әлемдегі ең көне мұнай өндіру бассейні. Бүгінгі  күні Каспий мәселесі өте өзекті, бірақ  халықаралық-құқықтық статусы және каспий өңірі мемлекеттері арасында мұнай ресустарын бөлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне тәуелділіктен  тыс Каспий аймақтың экологиялық  объектісі болып қала береді. Оның бөліктерінің біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында  бұл әрбір мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді.

Теңіздің және теңіз жағалау жерінің басты ластаушысы, сөзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай ластанулары жасыл-көк және диатомды балдырлармен көрсетілген Каспийдің фитобентосының және фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің өнімділігін төмендетеді. Ластанудың көбеюі су беті мен атмосфераның, тропосфераның арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді. Үлкен аудандарда мұнай қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы бірнеше рет төмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі организмдердің басым бөлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың әсер етуі суда жүзетін құстарда көрнектірек көрінеді. Осетр балықтарының қоры азайып барады.

2000 жылы Атырау қаласында  70 ш. оңтүстік-шығысқа қарай теңіздің  таяз аймағында ең ірі Шығыс-Қашаған  мұнай және газ кен орны ашылды. 2001 ж. Батыс Қашаған кен орнының мұнай-газдылығы дәлелденген. Мұнайлық ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде теңіздің ауданынан 27.7 % ауданы, судың 6.2 м орташа тереңдігі кезінде жалпы көлемінен 0.94 % судың өте төмен деңгейінен қауіпті. Яғни, егер теңіздің әр түрлі бөліктерінде су көлемінің бірлігіне мұнайдың бір тоннасын құйса, онда Солтүстік Каспийде шамамен экожүйеге ластағыштар 100 есеге қатты әсер етеді. Каспий теңізінің табиғи ортасының негізгі ластану көздері өзен ағындысымен (материктік ағыс) шығару және тазартылмаған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ағындыларының, қалалар мен жағалаудағы ауылдардың коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларының төгінділері; өзен және теңіз кеме қатынасы, каспий кемежайларындағы кемелердің ағынды сулары; құрлық пен теңіз қайраңында мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану; теңіз жолымен мұнай тасымалдау, құбырлардағы апаттар; теңіздің түбін тереңдететін жұмыстар кезіндегі екінші рет ластану, мұнай газ және энергия кешендерінің объектілерін жылытумен және тазартылмаған төгінділеріне байланысты Каспийдің ластануы; жер бетіндегі, су және теңіз экожүйелерінің био әр түрлілігінің және іске қосылған механизмдердің жоқтығынан өнімділігінің азаюы; нормативті-құқықтық құжаттардың жетілмегендігі, халықтың жеткіліксіз экологиялық сауаттылығы; мұнай өндіру аудандарында халықтың ауру-сырқаулығының өсуі болып табылады.

Өзен ағысымен Каспийге жыл  сайын 40-45 км3 ағынды сулар келеді, олардың 60 % Волга бассейні береді. Ағындардың жаға бойындағы циклондық сипатының  болуы себебінен, теңіздің кез келген бөлігінің ластануы шарасыз басқа  бөлігінің ластануына әкеледі. Сонымен  қатар, теңіздің биологиялық маңызды  бөліктері де ластанады.

Ерекше қауіпті мұнай  көмірсутектерінің, хлор-органикалық  қосылыстар-дың, ауыр металдар мен радионуклидтер жоғары мөлшерімен анықталатын химиялық ластану болып табылады. Қазірдің өзінде Каспийде мұнай көмірсутектілердің орташа шоғырлануы 1.5-2 есе балық  шаруашылығы су қоймаларының нормасынан жоғары. Каспийде биологиялық жансыз және ең ластанған Баку бухтасының мысалында теңіздегі қарқынды мұнай өндірісінің салдарын көруге болады. Ресей жағалауында мұнай көмірсутектілерінің Теректің сағаларында шоғырлануы, сондай-ақ ықтимал нормадан асты, бұл Шешенстандағы соғыс әрекеттерімен байланысты болды. Жыл сайын 20-30-ға жуық көп төгінділер тіркеледі, үнемі техногенді апаттардың саны көбейіп отырады.

1978 ж. бастап Каспий  трансгрессивтік кезеңде тұр.  Кейінгі бірнеше жылдарда Каспийдің  деңгейі тұрақтандырылды, мұнай  өндіру аудандарындағы теңіздің  деңгейін артуы кез келген  апаттық жағдайларға, қорғау бөгеттерінің  және үйінді ғимараттардың бұзылуына,  құбыр жолдарының жарылуына, жер  асты суларының ластануына және  т.б әкелуі мүмкін.

Орталық Каспийдің оңтүстік және үлкен бөлігі үлкен геодинамикалық қауіптілікке ұшырайды. Ол жоғары сейсмикалылыққа  байланысты. Ал, дәл осы учаскелер  бойынша транскаспийлік су асты мұнай  құбыр жолдарының жобаларын: жылына 20 млн.т. дейін қазақстандық мұнайды  Теңізден және Түрікменстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия транскаспийлік газ  құбырынан тасымалдау іске асыру  жоспарланды. Ресей сейсмологтарының қорытынды-ларына сәйкес, Каспийдің  түбі бойынша мұнай құбырларын салу апаттарға және жер астындағы  жер сілкіністерінің салдарынан ауқымды мұнай құйылуына ұшыратады. Қатты жер сілкінісі кезінде 1000-ға жуық атм. миллион қысыммен үстіңгі  бет пен атмосфераға құрамында  күкірт-сутектілері бар көмірсутектілер  тоннасының төгінділері болуы ықтимал, бұл үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Ал Қаспийдің тұйық жүйесіне, теңіз  «өлімінің» басын бастау үшін мұнай  құйылысымен шағын апат жеткілікті. Теңіз қайраңында мұнайды өндіру, бұрғылау, дайындау және тасымалдау процесі  кезінде жағалау мен су мұнаймен ғана емес, сондай-ақ, бұрғы шламымен, ауыр жуу сұйықтарымен және әсіресе, құрамында теңіз флорасы мен  фаунасына зиянды әсер ететін әр түрлі  химиялық қосылыстары бар ағынды сулармен ластанады.

Каспий теңізінің мұнай  кен орындарын пайдаланудың ерекшелігі - құрамында мұнай бар жыныстарының нашар тұрақтылығынан ұңғымалардан алынатын сұйықта құмның көп көлемінің болуы. Құрамында қалдықты мұнайдың 5-10 проценті бар құм кейде пайдалану колоннасында және сорғы-компрессорлық құбырларда жиналады және тіпті кептеліс жасауға да қабілетті. Барлық дерлік өндірістік мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері (соның ішінде құбыр жүргізу жолдары) сәйкес жағдайларда қоршаған ортаны әр түрлі экологиялық маңызды көптеген зиянды заттармен ластайды. Әр түрлі зерттеулер бойынша мұнай физиологиялық процестерге кері әсер ететіні, әр түрлі тіндер мен органдарда патологиялық өзгерістерге әкелетіні, ферментативтік аппарат пен нерв жүйесінің жұмысын бұзатындығы қалыптасқан. «Зиянсыз» болып саналатын салыстырмалы шағын мұнаймен ластанулар балықтарда, ұлуларда қан құрамының өзгеруіне әкеледі және зат алмасуын бұзады. Ластану көздерін талдау, теңіздік мұнай және газ кенорындарын Каспийде әзірлеу және барлау кезінде теңіз көбінесе мұнаймен, химиялық өңделген құм ерітіндісімен, ЖММ, химиялық реагенттермен, сондай-ақ, техникалық йодтармен ластанатынын көрсетеді.

Кейінгі жылдары Каспий теңізінің  ластануы тікелей теңіз жағалауында  орналасқан мұнай өндіру және қайта  өңдеу кәсіпорындарының ағынды суларының  төгінділерінің, құрамында әр түрлі  жемірлі синтетикалық үстіңгі-белсенді заттары бар өнеркәсіптік және тұрмыстық  қала ағындыларымен болды. Бұл ластанулардың  негізгі себептері мыналар болды:

- гидротехникалық ғимараттардың  құрылымдық жетілмегендігі, технологиялық  жабдықтың жеткіліксіз сенімділігі;

- кенорындарды игерудің  технологиялық процестерінің жетілмегендігі;

- диагностиканың жеткілікті  деңгейі және қауіпті объектілердің  жұмысын бақылау;

- мұнай газ кенорындарын  бұрғылау және әзірлеу кезінде  теңіз ортасының ластануын, сонымен  қатар, теңіздің бетінен төгілген  мұнайды оқшаулау және жинау  бойынша құралдарды жоюға арналған  арнайы құралдардың жоқтығы және  жеткіліксіздігі.

Гидрохимиялық зерттеулердің  нәтижелері Каспий теңізінің Солтүстік  бөлігінің фенолдармен (18 ПДК дейін) бұзылу қауіптілігін дәлелдейді, ал Маңғыстау  облысының аудандарында теңіз суының мұнаймен ластану деңгейі 10-13 ПДК  құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің  солтүстік бөлігінде сынаппен, ауыр металдармен және хлорланған көмірсутектілермен ластанудың жоғары деңгейі байқалды.

Қоршаған ортаның сапасына өндірістік кәсіпорындар мен объектілердің  кері әсері қатты климаттық жағдайлармен, тұзды шөгінділерден өндірілетін  және қайта өңделетін көмірсутекті шикі заттағы күкіртті қосылыстардың  көп шоғырлануымен, Каспий деңгейінің жоғарылауымен және жағалаудағы  мұнай кенорындарын жылытумен, теңіз  кенорындарын игеру процесінің қарқынды өсуімен, континент аралық магистраль құбыр жүргізу жолдарының салынуымен және т.б күшейеді.

Каспийдің теңіз кеңістігінде көмірсутектілер қатар ластағыштар  ауыр және ауыспалы металдар – жасанды  және өзен ағындысымен өнеркәсіптік қалдықтардың (ерітілген және шөгінді) құрамды бөлігі түрінде ұсынылғандар болып табылады. Металдар қоршаған ортаның түрлі әсер ету және қайта құрылу түрлеріне бейім (физикалық, химиялық, биологиялық). Микроэлементтер сияқты металдар балықтар мен басқа да гидробионттардың өмірінде маңызы зор. Олар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың құрамына кіреді, балықтардың организмдерінде өтетін биохимиялық процестерге қатысады. Бірақ, көп көлемде суда бола отырып, өмірлік процестердің пайда болуына антибиотикалық әсер етеді және генетикалық өзгерістер әкеледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су пунктілерін гидрохимиялық зерттеу кезінде, олардың қатарында қорғасынның, кадмийдің, бромның, нитраттардың, хлоридтердің және сульфаттардың ПДК арттыру байқалды. Жағалаудағы мұнай кен орындарын (Шығыс Кокарна, Жағалау, Шөл, Тәжіғали) жылыту және Мартыши, Қорсақ, Прорва, Терең-Өзек кен орындарының бөгеттері арқылы теңіз суын тазарту кезінде Каспийде мұнай өнімдерін шоғырландыру жеке орындарда 100 ШМШ дейін ұлғаяды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы