Музыка мұғалімін аспапқа дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:08, курсовая работа

Описание работы

Оқу-әдістемелік кешені “Қосымша аспап-қобыз” пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделіп отыр.

Содержание работы

Абстракт ...........................................................................................................5
Курстың мақсаты .............................................................................................5
Курстың міндеті ...............................................................................................5
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме...................................................................6
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет............................................6
Студентке арналған ережелер..........................................................................6
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі......7
Жеке сабақтарының мазмұны.....................................................................9,14
СӨЖ-жоспары, мазмұны.................................................................................23
ОБСӨЖ- жоспары, мазмұны...........................................................................25
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.....................................................................26
Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрі...................................................28
а) академиялық тыңдау
б) техникалық тыңдау
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі................28
Пән бойынша оқу процесінің картасы............................................................30

Файлы: 1 файл

Ahmetona.NegMuz-Kobz.doc

— 265.00 Кб (Скачать файл)

         Алғашқы  жаттығуда  ішекті  саусағымен  баспай , алдымен  ішекке саусақтың  дұрысс түсуін жаттықтырған жөн.

        Қобыз  ойнаудағы жазу белгілері.

Қобыз ойнаудағы ысқыштың  түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін  білдіретін динамикалық  және  екпін белгілерін жатқа білу керек.

                    П-ысқыш төмен

                    Ү-ысқыш жоғары 

                    Ц.С.-тұтас ысқыш.

                    Н.П.-төменгі жартысы.

                    В.П.-жоғарғы жартысы.

                    С.-ортасымен.

                    К.Ц.-ұшымен.

                   К.Д.-түбімен.

 Саусақ қою   белгісі .                                 Ішек белгілері.

0-ашық ішек.                                                І-Е –ми ішегінде.

1-бірінші саусақ                                          ІІ-А-ля ішегінде.

2-екінші саусақ..                                         ІІІ-Д-ре ішегінде.

3.- үшінші саусақ                                        IV-Соль ішегінде

4- төртінші саусақ.     

1. Бір  октавалы гаммалар мен әртүрлі  жаттығулар.

Соль мажор  гаммасын бірінші позицияда таза дыбысты тыңдап, әртүрлі ұзақтықта орындау: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік.  Сольішегінде жүргізгенде штрих төмен қарай тартылады.Ре шегіндеде солай ,ля ішегінде ысқыштың түбінен бастағанда  оң қол ысқыштың ұшынан жоғары тұру керек.

Гаммалармен жұмыс жасау  кезіндегі алдағы саты тек қана қол жүгірту ғана емес, оған әдемі дыбыс болуы, әр түрлі штрихтарда пайдалану арқылы үдете түсу әр түрлі екпінді ойнау. Сол қол қозғаалысының денгейін өсірту үшін мажорлық немесе минорлық гаммаларды әр түрлі октавада ,әртүрлі гаммаларда ,әр апликатуралық үлгілермен  орындауы керек. Минорлық гамма мұңды нәзік дыбысты ұяң болып естіледі .Әр бір музыкант деп мажор емес ,минор гаммасында игеру қажет.

Студент  табиғи, гармониялық  және мелодиялық әуенді ойнағанда  есту қабілеті дами береді.

2.   Этюдтар (ойнау ерекшеліктері әртүрлі).  

Этюд (машықтану) орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма.  Этюдті ойнағанда, таңдау кезеңінде жылдам және жай  темптегі болуы қажет. Лига, сегіздік ноталардың төртеуі бір ысқышта орындалатын шығармалар.

Этюдтармен дайындық .Студенттің жеке жұмыс жоспарына этюдтерді  таңдап, іріктеу оның қабілетіне байланысты болуы керек. Әрбір жарты жиынтықта  этюдтер әр түрлі  техникалық әдіспен  емтихан  ретінде тыңдалуы қажет. Этюдтердің жалпы позииялық қозғалысты менгеруге , сол қол қозғалысыының әрі жеңіл, әрі үнемді болуына тікелей әсері мол.Арнайы оң қол қозғалысына әр түрлі штрихтарды аралыстыра ойнайтын этюдтердің де көлемі көп. Ол үшін берілген этюдтердің штрихтары аппликатурасымен әртүрлі орындау әдістері нақтылы көрсетілетінін қадағалап тұрғаны дұрыс.

3. Қазақстан  композиторларының шығармалары

Студенттің қабылдауына  қарай  шығарманың ноталық текстін  оқыту.  Нота текстімен жұмыс жүргізу  барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау. Ысқыштың  бір ішектен екінші ішекке көшуін  қадағалау.  Ысқышты  үнемдеп  , бір келкі дыбыс шығарып , тең бөліп үйрену     I семестрде - (желтоқсан айында) академиялық тыңдау.

    1. Орыс шетел композиторларының шығармалары.

Шығарма тандау барысында ысқыштың бір ішектен  екінші ішекке көшкен кезде ысқышты  үзбей жайлап ,артық дыбыс шығармай көшуді қадағалау.

Жартылық ноталарды  бір смычокпен,төрттік нотаны бутін  ысқышпен және жарты ысқышпен орындау.

5. Ірі  формалы шығарма.               

       Классик және  қазақ композиторларынан  қысқаша мәлімет.Композитордың өмірбаяны,  шығармашылық мәліметі. Берілген  шығарманың композитор шығармашылығындағы  ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы  мен жазылу фактурасы.

№2 кредит.

Тақырыбы:

Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін 

 шығармалар  мен пьесаларды меңгеру.

І семестрдегі  өтілген тақырыптарды күрделендіріп, қолдарды (координациясын) дамыту. Нота ұзақтығының күрделі түрлері: созылмалы нота, ноқатты нота, форшлаг т.б. Динамикалық құбылыстарды түсіну (меццофорте, крещендо, дименуэндо). Қос ноталарды синхронды орындау. Қобыз аспабындағы ең күрделі мәселе саусақтың қимылын жеделдету болып табылады. Сондықтан күнделікті сабақтарға  этюдтар, гаммалар, жаттығулар енгізілуі қажет.  Бір кілттік белгісіне дейінгі мажор және минор гаммаларын (3 түрін гармониялық, мелодиялық, натуралдық) үйрену. Соль  мажор,  ми  минор  гаммалары, олардың арпеджиоларын екі октавада ойнау. 

Соль мажор, ми минор  гаммалары, олардың арпеджиоларын  екі октавада ойнау.

1. Екі  октавалы гамма, мажор, минор.

Гамманы  ритмикалық әртүрлі  штрихтарда ойнау  (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б.  Гаммадағы жарты тон, бүтін  тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің  аралығын қадағалау.

  1. Техникалық дәрежеде екі этюд бір пьеса.  

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент  арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім  белгілі  бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі  қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (piano,  forte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі керек. Этюд шығармаларын таңдаған кезде таңдау барысында төрттік нүктелі нота,  сегіздігімен, он алтылық ноталары бар этюдтар алыуымыз керек. 

4. Орыс, шетел композиторларының шығармалары.

Орыс, шетел композиторларының  өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың  берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі.

Наурыз  айында техникалық тыңдау өткізіледі. (Соль мажор, ми минор, этюд )

№ 3 кредит.

Тақырыбы:

Негізгі ойнау  тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау  мәнерін меңгеру.

Ноталық сауаттылықты әрі қарай дамыту.

а) Күрделі  өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

б) Триоль

в) Квинтоль

Мелизмдердің  түрі:

Форшлаг –

Мордент - 

Трель – 

Мына  музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) - жай

Allegro (аллегро) - тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) - қатты

Piano (пиано) - тыныш

Vivo (виво) - жылдам

Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге кіреді. Жоспар бойынша: Кілітте 2 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары. Осы семестрге ойналатын гаммалар ре мажор оның паралелі си минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор.  Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен  жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі штрихта ойналатын этюд.

Этюд шығармасын дыбыстың таза шығуын қадағалау, ысқыштың ішекке бір қалыпты жүруін қадағалау. Сол қолдың орналасуын, денені дұрыс ұстау, оң қолмен ысқышты жүргізумен дыбыстың таза шығуын дамыту. Саусақты қою, саусақты алу, саусақтардың жүруін дамыту үшін әртүрлі штрихтарды қолдану.

Түрлі нюанстармен  ойналады.  Студент оқытушының көмегімен  шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шығармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.

2. Орыс, шетел классиктерінің шығармалары.

Орыс шетел  композиторларының шығармалары әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. 

3.Қазақ  композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының  өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың  берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында  мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде - әуені мәнерлеп  ойналады. Әуен әр музыкалық шығарманың түбірі.  Әуенді мәнерлеп ойнау  тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.
  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.
  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.
  4. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу керек.

4.Күрделі  формадағы шығарма.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен  сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Негізгі  музыкалық аспап - қобыз» 

пәні бойынша

050106- «Музыкалық білім»  мамандығының студенттері үшін

ЖЕКЕ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША  КУРСЫ

Жетісай - 2005

№ 1 кредит.

Информация о работе Музыка мұғалімін аспапқа дайындау