Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

1) нарық экономикасы дамыған  елдер;

2) экономикасы - нарық жүйесіне өту барысындағы елдер;

3) дамушы елдер.

Мұндай бөлу 1980 жылы елдер экономикасына талдау жасау жеңіл болсын деген мақсатпен бөлінген. Қазіргі кезде көптеген өзгерістерге байланысты бұл мәселе қайта қаралып жатыр.

І топқа нарық экономикасы дамыған 24 мемлекет кіреді.   Топтарға  бөлудің  өзіндік  критерийлері   бар.   Бұл  елдердің өзі даму сатысы жағынан мынадай топшаларға бөлінеді:

а)   "Үлкен   жетілік":   АҚШ,   Англия,   Жапония,   Германия, Канада,   Италия,   Франция.   Бұл   елдерде   жалпы   ішкі өнімнің көрсеткіші жоғары;

ә)   Еуропалық Одаққа кіретін Еуропаның басқа дамыған капиталистік елдері: Белъгия, Греция, Дания, Португалия, Люксенбург, Испания, Нидерланды;

б)  Еуропалық еркін сауда  ассоциациясына кіретін елдер: Австрия, Исландия, Норвегия, Швейцария, Финляндия, Швеция, Лихтенштейн.

в)Одан басқа дамыған капиталистік елдерге кіретіндер: Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР), Австралия.

ІІ топқа экономикасы өтпелі кезендегі елдер кіреді. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік жүйедегі елдері: Албания, Болгария, Польша, Венгрия, Румыния, Чехия, Словакия және де бұрынғы одаққа кіретін елдер: Ресей, Украйна, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Молдавия, Белорусь, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Латвия, Литва, Эстония, сонымен қатар, Югославияның бөлінуіне байланысты: Сербия, Черногория, Македония, Босния, Герцеговина.

ІІІ топқа дамушы елдер кіреді. Бұл елдерге Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінің 141 елі кіреді. Негізінен, бұл елдер 50 — 60-жылдары колониялық (отаршылдық) жүйенің күйреуіне байланысты пайда болған. Дамушы елдер дүние жүзі жерінің 70%-ін, ал халқының 80%-ін алып жатыр. Олардың негізгі белгілері - әлемдік шаруашылық жүйесіне тәуелділігі, көп укладтылығы, өндірістік күштер дамуының төмен деңгейі; өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының артта қалуы. Бұл елдер саны жағынан өте көп мемлекеттерді біріктіргенімен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтардың бірі - аймақтық диспропорция (үйлессіздік). Жалпы алғанда, дамушы елдер экономикалық даму жағынан бірінші топтағы елдерден әлдеқайда артта.

 

2.2 Әлемдік шаруашылықтың адами ресурстары.

Әлемдік еңбек бөлінісі әлемдік тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникальқ салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірістік дамуда т.б, көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарының типі XIV-XV ғасырда пайда бола бастады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде еді.

Әлемдік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама-қарсы системаның бір-біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан) ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше, ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды.

Сонымен, әлемдік еңбек бөлінісі  -  мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі - ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі  — оны бөлшектеу  және  қайта  жинақтау.   Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады.  Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және   де   аймақтық-өндірістік    кешен    болуға   ықпал    етеді. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты — өнім шығарудың әдісі, яғни әлемдік еңбек өнімін өсіруге саяды. Әлемдік еңбек бөлінісі  -  өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы,   қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы.

Қоғамдық еңбек бөлінісі өзінің кәсіптік қызметіне байланысты мынадай формаларға бөлінеді:

1.  Жалпы (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, құрылыс, өндірістік емес сфера). Бұл еңбектің өндіріс сфералары бойынша бөлінуі;

2. Меншіктік  (ірі  өндірістердің ішіндегі  салалық және саларалық өндірістер). Бұл елдердің белгілі өндіріс салаларына, өндіріс түрлеріне мамандануы.

3. Бірыңғай кәсіпорындар (агрегат, машина, деталь) т.б. елдердің жекелеген агрегаттар, машиналар, бөлшектер, дайындауға мамандануы.

Әлемдік еңбек елдер арасындағы қоғамдық аймақтық еңбек бөлінісінің дамуының жоғары көрінісі. Ол мемлекеттер арасында тұрақты да тиімді экономикалық байланыс негізінде өндірістің мамандануына және де жекелеген өнім шығаруда сан және сапа жағынан нәтижеге жетуге ықпалын тигізеді.

Әлемдік еңбек бөлінісі өндірісті интернациализациялауды және айырбастауды кеңейтуде ерекше орын алады. Әлемдік еңбек бөлінісін дамытуға ықпал ететін бірнеше факторлар бар:

1. Елдердің табиғи-географиялық  орны:

а) табиғи байлықтың ерекшелігі және бөлінуі;

ә) елдің географиялық орны;

б) еңбек ресурстарының әр түрлілігі;

в) өндірістің тарихи дамуындағы әдет-ғұрып;

г) топырақ-климаттық жағдайларындағы  ерекшелік.

Қазіргі кезде ХЭБ-ны ғылыми-техникалық революция және экономикалық факторлар табиғи жағдайларға тәуелділігінен босатқан, ал негізгі фактор - ғылыми-техникалық прогресс (ғылымның дамуы, приборлар, құрал-жабдықтар, жоғары дәрежедегі машиналар).

2. Ғылыми-техникалық прогресс.

3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар:

а)  ғылыми-техникалық және экономикалық даму деңгейі;

ә) өндірістің тарихи дамуындағы ерекшелік, әдет-ғұрып және    сыртқы    экономикалық байланыстағы    әдет-ғұрыптар;

б)   ұлттық   өндірісті   ұйымдастырудың   механизмі   және оның әлеуметтік түрі;

в) сыртқы экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың механизмі және әлеуметтік орта.

Төмендегі кестеден халықаралық еңбек  бөлінісінің формалары мен факторларын  көруге болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбектің әлемдік бөлінуі - бүкіл әлемдік нарықтың бүкіл әлемдік шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуының шешуші факторы болып табылады. И.П. Фаминскийдің анықтауы бойынша: "Халықаралық еңбектің бөлінуін, еңбектің қоғамдық территориялық мемлекеттер арасында бөлінуінің жоғары сатысы деп тұжырымдауға болады. Ол бөліну — тұрақты, экономикалық жағынан тиімді мамандандырылған өндіріске (жекелеген өнім түрлеріне) негізделген өндіріс нәтижелерімен өзара айырбастап отыруға арқа сүйейді".

Еңбектің әлемдік бөлінуі (ЕХБ) әлем меншіктерінде кеңейтілген ұдайы өндіріс процестерін жүзеге асыруда шешуші элемент болып табылады; ол процестердің өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді; салалық теориялық жағынан халықаралық тепе-теңдікті қалыптастырады.

Табиғи және қоғамдық факторлардың белгілі бір жиынтығы еңбектің әлемдік бөлінуіне, әр түрлі мемлекеттердің сол бөліну процесіне қатысу деңгейіне ықпал етеді.

Әлемдік шаруашылықтың қазіргі даму кезеңінде мемлекеттер арасында еңбек бөлінуінің басты қозғаушы күші техникалық прогресс, жаңа заманға сай машиналар, құрал-саймандар, приборлар, технологиялар және ғылым болып отыр.

Әлемдік еңбек бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы көрінісі, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың негізі және жалпы экономикалық өзара тәуелділіктің объективтік бастамасы. ХЕБ-нің дамуы мен деңгейі өндіргіш күштердің өсуімен белгіленеді.

Еңбек бөлінісінің төрт формасы бар:

1) әйелдер мен ерлер, ересектер  мен балалар, және қарттар арасындағы  еңбек бөлінісі;

2) қоғам ішіндегі, яғни экономика  өндірісінің арасындағы еңбек бөлінісі; кәсіпорындар мен жеке жұмысшылардың еңбек бөлінісі;

3) территориялық еңбек бөлінісі  — аймақтық мамандану процесіндегі маманданған өнім мен қызмет көрсетудегі айырбас. Оның қызмет ету ортасы — мемлекеттегі экономикалық аудандар;

4) халықаралық еңбек бөлінісі - ең жоғарғы формасы, яғни жекелеген  елдердің шаруашылыққа мамандануы, нақтылы  өнім мен қызмет көрсетудің айырбасы,  оның негізгі қызмет ету ортасы - дүниежүзілік нарық.

Мұндай   мамандану   қалыптасу   үшін   қандай   жағдайлар қажет десек, олар:

1) елдің өзінің салыстырмалы  ерекшелігі болуы (табиғи ресурс  байлығы), басқа елдер алдында өндірістік өнім шығаруы қажет;

2) сол шығарылған өнімге деген  басқа елдердің қажеттілігі болуы  керек;

3)   өнімге шығарылған шығын  оны сататын елге алып келгенде: бастапқы бағасынан қымбат болу  керек. Яғни. өнім өндірушіге табыс  алып келуі қажет.

Мемлекеттердің әлемдік экономикадағы орны оның халықаралық мамандануына байланысты. Мысалы, Жапония - ғылымды көп қажет ететін салаларға (автомобиль, кеме, радио-электроника, робот) маманданған. Кез келген мемлекеттің ХЕБ-ге араласу орны, сол елдің экономикалық даму деңгейіне байланысты. Сондықтан да дамыған капиталистік елдер халықаралық еңбек бөлінісінде бастапқы позицияны алады. Және олардың негізгі ерекшелігі - дайын бәсекеге түсе алатын өнім шығаруында. Ал дамушы елдердің әлемдік экономикада алатын орны жаңа индустриалды елдердің даму қарқынының күшеюуіне байланысты. Соңғы жылдары ғана біраз өзгеріске ұшырады. ХЕБ-ге елдердің қатысуында географиялық фактор да біршама ықпал етеді Мысалы, Англия өзінің географиялық қолайлы орнына байланысты (теңіз жолында) өнеркәсіптік революцияның жемісін берген ел болды.

Таяу Шығыстың мұнай-газ ресурстары осы аймақтың ең ірі отын-энергетикалық базаға айналуына себеп болды. Дегенмен, географиялық орны, табиғи байлығы тек алғашқы факторлар ғана: бұл жерде шешуші орынға әлеуметтік - экономикалық жағдай (экономикалық дамудың деңгейі, шаруашылықтың құрылымы, еңбек ресурстары, тарихи әдеті т.б.) жатады.

Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт  өткен сайын өзгеріп отырады. Ол еңбек өніміділігін арттырады; экономикалық аудандарды қалыптастырады; өндіріс салаларын байланыстырады және елдер арасындағы шаруашылық байланыстарын нығайтады.

Экономикада, әлемдегі өндірісте, саудада және де халықаралық экономикалық байланыстардың басқа да формаларында әр елдің өз орны бар. Елдің даму ерекшелігі, жалпы әлемдік шаруашылықтағы атаулы өзгерістерге байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік байланыстар жүйесіне айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы және оның ары қарай қалыптасуы ХЕБ-нің дамуы мен тереңдей түсуіне тікелей байланысты. Тарихи дамуына көз салсақ, оның қалыптасуы өндірісті капиталистік әдіспен басқарудан басталып, алға қарай дамуы объективті бағытта кеңіп, халықаралық экономикалық айырбас және территориялық еңбек бөлінісінде бүкіл дүние жүзі елдерін біртұтас мақсатқа жұмылдырып отыр. Еуропада капитализмнің қалыптасуы Еуропа халықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардың тарихи тағдырына ықпал етті.

XVI ғасырда әлемдік нарық бірте-бірте қалыптаса бастады (сауданың дамуы, теңіз саяхаты, құрлық ішіндегі байланыстар). XVII ғасырда колониялық тонаулар басталды. Сонымен, әлемдік шаруашылық байланыстарының дамуы өндіргіш күштердің дамуына әкелді. Жинақталған капитал алғашқы өнеркәсіптік революцияның материалдық негізгі күші болды да, бұдан соң халықаралық еңбек бөлінісі қалыптаса бастады. Машина индустриясы өсуінің үлкен қарқыны өнім шығарудың көлемін ұлғайтты.

Ұлттардың бір-бірінен алшақтықтары кеми түсті:

а) континенттер мен елдер арасында тұрақты сауда байланыстары артты;

ә) әлемдік нарық дамып, мемлекеттер арасында тығыз экономикалық байланыстар пайда бола бастады.

XIX және XX ғасырда әлемдік байланыс бүкіл әлемдік сипат алды. Қорыта айтқанда әлемдік шаруашылықтың пайда болуының алғашқы бастамалары:

1) мануфактуралық өндірістің дамуы;

2) экономиканың табиғи, тұйық шеңберінің бірте-бірте ашылуы;

3) жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығының қалыптасуы;

4) сауда байланыстарының кеңуі.

Ал әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының шешуші рөлі: ірі машина индустриясы, транспорттағы болған прогресс және әлемдік нарықтың пайда болуына байланысты.

Қазіргі кезеңдегі әлемдік шаруашылықтың дамуы қандай? XX ғасырдың соңында елдердің және аймақтардың экономикалық дамуының көп укладтылығына, әр түрлі стадиясына қарамай, глобализациялау бағыты жүріп жатыр. Глобализациялау қазіргі кездегі әлемдік экономикалық қатынастардың негізгі шешуші факторы. Қазір әлемдік шаруашылық жүйесін глобализациялау - өнім шығару мен тұрмыс қажетін өтеудің дүниежүзілік нарығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу процесімен тығыз байланысты. Оларды әлемдік қаржы жүйесі және негізгі ұйымдар біріктіреді.

 

2.3 Ғылыми – техникалық потенциал және оның қазіргі әлемдік шаруашылықты дамытудағы рөлі.

Қазіргі кездегі көптеген қарама-қайшылықтарға  қарамастан, елдер арасында өзара  түсіну мен ынтымақтастық бағыты өсіп келеді. Әлемдік шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты, бағынышты әлеуметтік-әділетті әлемге ұмтылу. Осыған байланысты ұлттық экономиканың үлгісін жасау барысында экономикалық және әлеуметтік қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында "көзге керінбейтін" экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бұл өзгеріс өздігінен ешқандай себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол қарама-қайшылығы мол, күрделі құбылыс.

Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:

1) индустриалды   қоғамнан  (ақпараттық)   постиндустриалдыға ауысуы;

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар