Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

2. Девальвация (құнсыздану). Бұл саясатта ұлттық валюта курсынын. төмендеуі, экспортты ынталандыру, импорттық тауарды шектеуге бағытталады.

Дегенмен, девальвацияның төлем балансын реттеудегі рөлі нақты жағдайларға және жаллы экономикалық қаржылық саясатқа байланысты. Девалвация тауарды экспорттауға ынталандырады. Тек қана бәсекеге түсе алатын тауарлар мен қызмет көрсетудің экспорттық қуатының болуына, сондай-ақ әлемдік нарықта қолайлы жағдайға байланысгы.

3. Валюталық шектеу. Экспортерлер экспорттан түскен пайданы кеңінен пайдалана алмайды. Белгілі бір мөлшерін мемлекептік ұлттық банкке сатуға тиісті. Ал қалғанын өзі пайдалана алады.

4. Қаржы және ақша-несие саясаты. Төлем балансының ташпылығын азайту үшін экспортерлерге бюджеттік субсидия қолданылады. Импорттың салыққа протексионистік көтерме, процентті салықты алып тастау, құнды қағазды шетел ие-ленушілерге төленуі.

5. Төлем балансына қатысты қоолданылатын мемлекеттік ықпалдың арнайы шаралары оның негізгі баптарыныауда балансының қалыптасуына байланысты "көрінбейтін" операциялар және капитал қозғалысы.

 

3.9 Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы:табиғаты және негізгі  бағыттары.

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп  жатқан өндірістің интернационализациясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда.

Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Халықтың жаппай миграциясы XX ғасырдың екінші жартысында әлемдік қоғамдастықтың өміріндегі ерекше құбылыстардың біріне айналды.

Халық миграциясы дегеніміз – тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы.

Халықаралық миграция әр түрлі формаларда болады: еңбектік, отбасылық, рекреациялық, туристік және т.б.

Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Жүмысшы күшінің халықаралық нарығы - жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы. Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады.

Жұмысшы күші миграциясының екі түрлі себебі бар:

- экономикалық сипаттағы;

- экономикалық емес сипаттағы.

Экономикалық емес сипаттағы себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік, отбасылық және тағы басқа,

Экономикалық сипаттағы себептерге жекелеген елдердің дамуының әр түрлі экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды.

Жұмысшы күші өмір деңгейі төмен елдерден өмір деңгейі жоғары елдерге ауысады. Объективті түрде миграция еңбек ақы шартындағы ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайды.

Жұмысшы күшінің миграциясын анықтайтын маңызды экономикалық факторлардың бірі - кейбір елдерде, ең алдымен әлсіз дамыған елдерде жұмыссыздықтың орын алуы. Халықаралық еңбек миграциясының маңызды факторының бірі - капиталдың шетке шығарылуы және халықаралық корпорациялардын, қызмет етуі.

Трансұлттық корпорациялар жұмысшы күші мен капиталдың бірігуіне ықпал етеді, олар бұл жағдайда жұмысшы күшін капиталға қарай жылжытады немесе еңбек күші артық аймақтарға ауыстырады.

Транспорттық байланыс құралдарының дамуы өз ретінде халықаралық еңбек миграциясының елеулі түрде дамуына ықпал етеді.

Енді жұмысшы күші миграциясының 5 бағытын атап көрсетейік:

1) жұмысшы күшінің дамушы  елдерден өиеркәсібі  дамыған елдерге миграциялануы;

2) өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі миграция;

3) дамушы  елдер  арасындағы  жұмысшы   күшінің  миграциясы;

4) жұмысшы  күшінің бұрынғы  социалистік   елдерден  дамыған елдерге миграциялануы;

5) ғылыми қызметкерлердің, білікті мамандардың өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы елдерге миграциялануы.    Жұмысшы   күшінің   халықаралық   миграциясьгның   қазіргі тандағы ерекшеліктері:

1. Еңбек нарығында қатаң шектеулердің күшейе тусуі

Мексика - АҚЩ-қа қоныс аударушы мигранттардың ең негізгі қайнар көзі. 1995 жылы бұл елден 90 мың тұрақты қоныс аударушы АКШ-қа келді.

Бірақ та бұрынғы Кеңес Одағы мен Филиппин елдерін қоса алғанда, осы жылдағы мигранттар саны Мексикадан асып түсті, яғни Кеңес Одағының мигранттар саны - 55 мыңға, ал Филиппин мигранттарының саны — 51 мыңға тең болды.

Еуропалық одақ азаматтары осы Одаққа кіретін кез келген елде жұмыс істей алады. Ол Еуропалық Одақ шеңберінде экономикалық мигрантгардың қозғалуына ықпал етеді.

Еуропалық Одаққа мүше елдердің әр қайсысындағы шетелдік азаматтардың арақатынасы кең шеңберде болады: Нидерландыда - 25%, Люксембургте - 89%-ке дейін. Жақында бұл көрсеткіштер Орталық және Шығыс Еуропадан келген жаңа имигранттардың ағылуы нәтижесінде көтерілді.

2. Мигранттар арасында жоғары  квалификациялы мамандар санының ұлғаюы.

Бұл құбылыс бүкіл дүние жүзіне тән. Ол экономиканы реттеудің ерекшеліктерін айқындайды. Өйткені көп ұлттық компаниялар кеңейді, олар өздерінің білікті жұмысшыларының ішкі нарықтарын дамытады.

3. Сауданың кеңейтілуі.

Ол білікті мамандар үшін тікелей (саудаға қатысы бар еңбек түрлерін ұсыну) және жанама ("шетелге" деген қатынасты өзгерту) мүмкіндіктерді жасайды. Үкіметтер жоғары табыс табатын имигранттарды қабылдайды, сондықтан иммиграциялық ережелер осындай мамандардың ағылып келуіне жағдайлар жасайды.

4. Көп ұлттық кәсіпорындардың өсуі

Ірі компаниялар еркіндікті қажет етеді, ол мамандардың бір елден екінші елге еркін ауысуына ықпал етеді. Бір елдің азаматтары басқа бір елде мамандардың жетіспеушілігі жағдайларын жеңілдетеді.

5. Соңғы жылдары миграция мәселесі проблемалық мақсатқа ие болуда.

Қабылдаушы ел үшін иммиграция көп  пайда келтіреді. Бай елдер үшін демографиялық өзгерістер өте маңызды  рөл атқарады. Халықтың орташа саны сарапшылардың болжамдары бойынша өсуде.

Иммиграция оның төмендеуіне ықпал  етеді, өйткені мигранттардың көбі — жас адамдар.

Ол белсенді жұмыскерлер мен зейнеткерлер арасындағы арақатынасты және салықтарды төмендетуі мүмкін.

Біз жоғарыда жұмысшы күшінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктеріне тоқталдық. Енді жұмысшы күші тартылуының негізгі орталықтарын қарастырайық.

 

Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күшінің  миграциясы

Елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына тәуелсіз түрде қалыптасқан жұмысшы күшінің миграциясы барлық елдерге тән сипат алған. Бірақ та әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл процесс индустриясы дамыған елдерде өте айқын және белсенді түрде байқалады, өйткені бұл елдерде болып өткен ауыр кезендерде жұмысшы күшінің экспорты валюталық түсімнің қайнар қөзі болып табылады.

Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайының көтерілуі мен саяси тұрақтылықты сақтау жағдайында жұмысшы күшінің тұрақты түрде жылжуына мүмкіндік бар екендігін дәлелдейді.

Еңбек миграциясы сипатындағы көп  қырлы процестің масштабын, интенсивтілігін және даму ерекшелігін анықтау үшін өте маңызды үш бағытты талдау қажет.

Ол бағыттарға мыналар жатады:

- эмиграция (жұмысшы күшінің кетуі);

- иммиграция (жұмысшы күшінің келуі)

- халықтың ішкі қозғалысы

Қазақстандағы еңбек миграциясы процесі бұрынғы КСРО кезінде де, қазіргі кезде де, яғни тәуелсіз құқықты мемлекет статусын алу жағдайында да әрекет етуде.

70 - 80-жылдарда Қазақстан пайда болған халықтың эмиграция құбылысы республикааралық халықтық миграция шеңберінде халықтың тұрақты және интенсивті түрде қысқаруы нәтижесінде қалыптасты.

"Ақыл-ойдың" кетуі деген  миграцияның төмендегідей себептері  бар:

1.   Демографиялық және экономикалық дамудың сәйкессіздігі нәтижесінде жұмысшы күшінің басқа елдерге кетуі ұлғаяды және жұмыссыздық дәрежесі өз ретінде төмендейді, яғни еңбек балансы реттеледі.

2. Тұрақты емес халықтың интенсивті түрде республикадан ағылып келуі.

Бұл процесс өздеріне етене жақын әлеуметтік-психологиялық ұлттық ортаны іздеу мақсатында жүреді.

Ресейлік мамандардың зерттеулері бойынша, халықтың реслубликадан Ресейге миграциялануы бойынша, 1996 жылдың бірінші жартысында Қазақстан 10-орында болды.

Қазіргі кезде халықтық эмиграция таяу және алыс шет елдерге бағытталған.

Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасындағы  соңғы екі жылдағы халықтық сыртқы миграция көрсетілген.

Жылдар

Алыс шетел

Таяу шетел

 

келуі

кетуі

келуі

кетуі

1996 жылдың 9 айында

1543

51977

-50434

-73675

1997 жылдың 9 айында

1637

47512

-45875

-156621


 

Кеткен  халықтың ұлттық құрамын  орыстар  (57,5%)  және немістер (17%) құрайды.

 

Еңбекке жарамды жастағы адамдар саны 147,5 мың адамға жуық немесе кеткендердің жалпы санының 64%-ін құрайды.

Соңғы жылдардағы миграция саласындағы тенденцияя миграциялық қозғалыстардың азаюымен сипатталады.

1996 жылы миграциялық қозғалыс 757,2 мың адамға, ал 1995 жылы 990,7 мың адамға тең болды. Мигранттардьщ жерін ауыстырушы адамдар құрайды (1996 жылы - 63,0%, 1995 жылы - 59%).

Төмендегі кестеде соңғы екі  жылдағы республикадағы миграцияның интенсивтілігі көрсетілген.

 

1000 адамға есептегенде

 

1995

1996

Келушілер саны

4,32

3,3

Кетушілер саны

18,8

14,0

Миграциялық ағым

 

 

(кетуі)

-14,48

-10,7

1000 кетушіге шаққан-

 

 

дары кетушілер саны

4358

4258


Эмигранттардың негізгі бөлігін (78%-тен астамы) таяу шетелдегі елдер құрайды: Ресей (72%), Украйна (2%), Белорусь пен Қырғызстан (1%-тен).

Кетушілердің ішінде елеулі үлесті орыстар (58,9%), немістер (19%), украиндықтар (7,7%) алады. Кетушілердін, тұрақты түрде көбеюі Ресеймен, Украинамен, Белорусьпен және Әзірбайжанмен миграциялық алмасу кезінде байқалады.

Қалған басқа республикалар бойынша, келушілер саны кетушілер санынан артық болды, атап айтқанда, Грузия, Латвия, Тәжікстан, Армения және Түркіменстан.

Қазақстан мен Германия, Израиль, Греция арасында біржақтылық миграциялық  ағымдар қалыптасады.

1996 жылы эмигранттар санының азаюы Германияға кетушілер ағымының азаюы есебінен болды.

Кетушілер ағымының біртіндеп азайғанына қарамастан, олар жеткілікті дәрежеде елеулі болып қалуда. Бұл жағдайда еңбекке қабілеті бар жастағы адамдар - 63%, еңбекке жарамды жастан төмен тұлғалар - 24%, еңбекке жарамды жастан жоғары тұлғалар - 13%.

Негізінен, отбасы жағдайына байланысты адамдардың кетуі байқалуда. Мигранттардың жалпы санындағы некеде тұрғандар - 24%, жесірлер - 5%, ажырасқандар - 4% және 16 жастан төмен адамдар - 26%-тік үлесті алады.

Республикадан салыстырмалы түрде алғанда, білім денгейі жоғары адамдар кетуде. Қазақстандағы миграциялық ағымдардың бірден-бір себебі өмір сүру деңгейінің төмен дәрежеде болуы.

Республикадағы халықтың иммиграциясы елдің әлеуметтік қиындықтар ошағынан алыс орналасқандығымен сипатталады. Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, аштық пен саяси куғын-сүргін салдарынан жергілікті қазақ халқының жаппай шетелге көшіп кетуі де осы процестен көрінеді.

1995 жылмен салыстырғанда, 1996 жылы республикаға халықтыңғ келуі едәуір азайды.

Иммиграция интенсивтілігінің  төмендеуіне мыналар себепші болды:

•   сыртқы саясат жағдайының күрделенуі;

•   республикадағы экономика  және әлеуметгік сферадағы жағдайдың қиындауы.

Басқада мемлекеттермен миграциялық алмасу нәтижесінде республикамызда жыл сайын халық саны азайды. Соңғы 5 жылда (1991-1995) халық саны 1 млн. адамға жеткен. Ал 1995 жылдан бастап миграциялық шығындар тенденциясы төмендеді.

Елдің экономикасын тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы келешекте иммиграцияның ұлғаюына әкеліп соғуы тиіс.

1991-1994 жылдар кезеңінде халықтың ішкі миграциясының ағымы 10,7%-ке азайды.

1994-1996 жылдар ішінде тұрғылықты халықтың миграциялық белсенділігі айқындалған, сонымен бірге, Алматы қаласында басқа облыстардан келген адамдар саны кеткен адамдар санынан 2 есе көп болды.

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар