Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

І-бөлім. Әлемдік экономика  мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі  заңдылықтар

1.1 Әлемдік экономика мәні мен негізгі заңдылықтары.

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы  әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың  өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы  экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Қазақстан Республикасы өз тәуелділігін алған соң әлемдік экономикадан өз орнын алу қажеттілігі сезінді. Әрине, бұл әрі аса қажетті де әрі өте күрделі міндет болып табылады.

 Дүниежүзілік қоғамдастық: оның құрамындағы мемлекеттердің айырмашылықтары.

Дүниежүзілік бірлестікке 160 тан  астам ұлттық тәуелсіз және еркін  экономикалық субьектілер кіреді. Олардың  әрқайсысы өзара даму бағытына әсер ете алады. Барлық елдердің өзіне ғана тән тарихи – географиялық, ұлттық,діни көзқарасы және саяси әлеуметтік жағынан ерекшеліктері бар.

 Әлем әр түрлі әлеуметтік-экономикалық  жүйеге,халықаралық топтарға бөлінген. Олар бір-бірінен мақсаты, жұмыс істеу механизмі, ол механизмнің әрекет ету тиімділігі мен ерекшеленеді. Дүниежүзілік бірлестігі елдерді әртүрлі критерий негізінде классификация жасауға болады.Бұдан оншақты жылдар бұрын дүниежүзілік бірлестік социалистік капиталистік елдер және үшінші әлем деп бөлініп келеді. Ал,қазіргі экономикалық дамуына қарай дүниежүзілік бірлестіктегі елдерді былай 3 топқа бөлеміз.

  1. Экономикасы дамыған
  2. Дамып келе жатқан
  3. артта қалған елдер

Осындай әр түрлі экономикалық даму деңгейі өзара экономикалық тәуелділікті туғызды. Дүниежүзілік бірлестікпен бөлініп жек дара өмір сүруге талпыныс талай рет нәтиже берілді.

 

1.2 Әлемдік нарық.

Ұлттық нарық - бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера. Сонымен,  А ұлттық нарығы екі элементтен тұрады (а-суреті)

Ұлттық нарық ішкі сауды Сыртқы сауда

 


 

     А                 =           В                +  

 

 

 

А елінің сыртқы сауда операциясы, дәлірек айтқанда экспорты басқа  В және С елдері үшін импорт болып  қабылданады.

Сыртқы сауда дегеніміз - белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асыратын сфера - халықаралық нарық деп аталады.(б-суреті) 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы сауда операцияларының  төрт негізгі түрі бар:

  1. экспорттық операция - шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату,
  2. импорттық операция - шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатьп алу,
  3. Реэкспорттық    операция    -    бұрын    импортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
  4. реимпорттық операция - бұрын экспортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

Ұлттық нарық пен әлемдік нарық бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың өзара айырмашылықтары да бар.

И.П. Фаминский өз кітабында ұлттық нарықтар мен әлемдік нарықтар арасындағы айырмашылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Енді біз сол айырмашылықтарды бір жүйеге келтіріп, кесте түрінде көрсетелік:

 

Ұлттық нарық

Әлемдік нарық

1. Тауарлар қозғалысына экономикалық  факторлар (елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстар) ғана әсер етеді.

1. Тауарлар қозғалысына мемлекеттер  арасындағы шекаралық және жекелеген мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясаты әсер етеді

2. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар қозғалысы шектеулі болады.

2. Жекелеген елдерде өндірілген кейбір тауарлар әлемдік тауар айналымына мүлдем түспей қалады, яғни бұл нарықтардағы тауар қозғалысы өте шектеулі болады.

3. Ұлттық нарықтарда ұлттық бағалар белгіленеді.

3. Бұл нарықта " әлемдік бағалар" деген ерекше баға жүйесі белгіленеді.

4. Ұлттық нарықтардың монополизациялану мүмкіндіктері бар.

4.Әлемдік нарықта монополизациялану мүмкіндігі төмен дәрежеде болады.


 

                                         

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Әлемдік нарықтың түрлері.

1.3 Сала құрылымы және қазіргі өнеркәсіптің әлемдік шаруашылықтағы рөлі.


     1.Шаруашылықтың салалық құрылымы.

     2.Өнеркәсіптің салалық құрылымы

 

1.Әрбір мемлекет шаруашылығы мекемелер мен ұйымдардың үлкен бірлестігінен тұрады,олардың әрқайсысы өзінің атқаратын жұмысымен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.Бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын мекемелер мен ұйымдар  экономиканың салаларын құрайды.

 Халық шаруашылығы деп өзінің көлемі жағынан өте үлкен және әртүрлі экономиканың салаларынан тұратын жинақты атайды.

  Халық шаруашылығы 2 сфераға  бөлінеді.

1)өндірістік сфера

2)өндірістік емес сфера

 

   Өндірістік сфера деп  материалдық қажеттіліктерді өндіріп  оларды тұтынушыға жеткізуді қаматамасыз ететін қызметтердің барлық түрлерін айтамыз.

Өндірістік емес сфера деп материалдық  қажеттіліктерді өндірмейтін,бірақ  рухани қажеттіліктерді өндіретін  сфераны айтамыз.

 

        Өндірстік  сфера салаларына мыналар жатады.

1)өнеркәсіп

2)ауыл шаруашылығы

   А) мал шаруашылығы

   Б) егін шаруашылығы

3)көлік

4)құрылыс

5)тамақ

6)байланыс

7)сауда

 

     Өндірістік емес сфера  салаларына мыналар жатады:

1)білім

2)денсаулық  сақтау немесе  медицина

3)мәдениет

4)өнер

5)спорт

6)ғылым

 

2.Өнеркәсіп деп пайдалы қазбаларды  және басқа да табиғат ресурстарын  өндіріп, оларды дайын өнімге  айналдыратын көптеген мекемелер  мен ұйымдардың, салалардың жиынтығын  айтамыз.

  Өнеркәсіптің салалық құрылымы  осы өнеркәсіптегі барлық салалардың бір-бірімен байланысын, олардың құрылысын және санын білдіреді.

 

  Өнеркәсіп салалыр мынадай:

1)ауыр өнеркәсіп

2)жеңіл өнеркәсіп

 

  Ауыр өнеркәсіпке мыналар  жатады:

1)машина жасау

2)металлургия 

3)химия өнеркәсібі

4)орман өнеркәсібі

5)жанар жағарамай және энергетика

      Машина жасау комплексі  көпетеген машина жасайтын және  металл өңдейтін салардан тұрады. Ол өнім өндіру жағынан өнеркәсіп  салаларының ішінде бірінші орында  тұр. Машина жасау өнеркәсібі  экономикадағы басты рольді атқарады  және басқа салардағы еңбек  өнімділігі осы өнеркәсіпке байланысыт.

  Металлургия адамзатты қар  және түрлі түсті метталдармен  қаматамасыз етеді.

 Химия өнеркәсібі қазіргі  кезде экономиканы жаңашаландыру  кезеңін және ғылыми-техникалық  прогрессті қолдану жағдайын  көрсетеді.

   Орман өнеркәсібі – материалдар өндіретін салалардың ішіндегі ең ескілерінің бірі болып табылады. Ол ағаш өңдеу, дайындау, химиялық және қағаз дайындау өнеркәсібі мекемелерінен тұрады.

Жанар жағармай және  энергетика өнеркәсібі жағармай мен электроэнергетика  салаларының жиынтығынан тұрады. Ол қазіргі заман шаруашылығының негізі.

Жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіп саларының  бастысы болып табылады.

Жеңіл өнеркәсіп саларына мыналарды  жатқызамыз:

1)тігін өнеркәсібі

2)аяқ киім

3)тамақ

 

1.4 Қазіргі өнеркәсіптің салалық құрылымы.

      1.Мекеме - өндіріс негізі

      2. Өнеркәсіптік мекеменің  құрылымы

 

Өндірістік мекеме өнеркәсіптің негізгі  басқару тармағы болып табылады. Ол өндірістік шаруашылықпен айналыса отырып, барлық өндірістік шаруашылықпен айналыса отырып,барлық өндірісске керекті материалдық құрал – жабдықтармен және заңдық құқықтармен қамтамасыз етеді, өнім өндіреді және сатады. Осының барлығы мемлекеттік жоспарға, заңға байланысты атқарады.

            Мекеме деп біріккен өндірістік  – техникалық, ұйымдасқан және  экономикалық ағзаны айтады. Оның негізгі белгілері мыналар:

1)мекемедегі технолгиялық процесстердің  бірлігі 

2)мекемедегі өндіріс ұжымы мен  басқару жүйесінің бірлігі

3)жосапрлау  мен есептеудің  бірлігі

4)өндіріс ресурстары мен жұмыс  нәтижелерінің бірлігі

   Кез-келген бір мекемені  құрғанда қандай өнім өндіріп шығаруға арналғанын нақты білеміз. Осыған байланысты мекемелер мына түрлерге бөлінеді:

1)өнеркәсіптік 

2)ауылшаруашылық

3)көлік пен құрылыс мекемелері

       Экономикалық  өнім өндіруге байланысты мекемелер  мынадай болып бөлінеді:

1)өндіріс құралдарын өндіретін  мекемелер

2)тұтыну заттарын өндіретін  мекемелер

           Өндіріс  қуатына байланысты мекемелер  келесі түрге бөлінеді:

1)кіші

2)үлкен 

3)орта

 

 Мекеме құрылымы деп мекеме  ішіндегі бөлімдердің құрамын,  олардың бір-бірімен байланысын айтамыз.

Мекеме құрылымы өндірістің салалық  технолгиясымен тығыз байланысты. Өндіріс  процесстері неғұрлым қиын болса, соғұрлым мекеме құрылымы  да әралуан  және үлкен болады.

Өнеркәсіптік мекеме құрылымы  құрамындағы бірнеше бөлімдерден құрастырылады. Олар: цехтар,участоктер,шаруашылықтар,олардың бір-бірімен байланысы және бір-біріне бағынуы.

Өнеркәсіптік мекеме құрылымын  өндірістік және өндірістік емес бөлімдерге бөлеміз.

Өндірістік құрылымға мыналар  жатады:

Негізгі, қосалықы цехтар мен бөлімдер, қызмет көрсету бөлімдері т.б.

Өндірістік емес бөлімдерге келесілер  жатады:

Тұрғын үй шаруашылығы, бала-бақшалар, стадиондар, спорт алаңы, мәдениет үйлері т.б.

  Мысалы, машина жасай өнеркәсібіндегі  өндірістік және өндірістік емес бөлімдерді атайтын болсақ, өндірістік бөлімдерге – дайындайтын, жасайтын және құрастыратын цехьар жатады. Олар  шикізатты, материалдарды дайын өнімге айналдырады.

   Өндірістік емес бөлімдерге  – құрал-жабдықтандыру, энергетикалық  механикалық жөндеу т.б. цехтер  жатады.

         Өндірістік  емес бөлімдерег осы мекемдегі  шаруашылықтар жатады.

 

ІІ бөлім. Әлемдік шаруашылық ресурстары.

2.1 Қазіргі әлемдік шаруашылықтың табиғи – ресурстық потенциалы.

Әлемдік шаруашылықтың құрылымы және әлемдік экономикалық қатынастар — елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінген. Олар халықаралық топтарға бірігеді. Сонымен қатар, олар бір-біріне ұқсамайтын, егеменді, өз беттерінше экономикалық субъекттер болып табылады. Біртұтас әлемге кіретін елдер эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихи-географиялық, ұлттық, діндік және әлеуметтік-саяси жағынан жан-жақты ерекшеліктерге ие. Ол елдер көздеген мақсаты, даму механизмінің қызметі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Алайда қазіргі кезендегі кез келген ел әлемдік байланыссыз толық экономикалық дамуда болуы мүмкін емес.

Халықаралық тәжірибеде елдерді классификациялағанда (топтастырғанда) негізгі үш топқа  бөлеміз:

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар