Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа

Описание работы

2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ..............................................................................................................
4

1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................

6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................

10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................

16

2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................


24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................

24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................

32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........

39

3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................



45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................

45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................

51

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64

Файлы: 1 файл

1.docx

— 152.42 Кб (Скачать файл)

2008 жылдың қорытындысы  бойынша есептерді нақтылау есесінен  кірістер 176,9 миллиард теңгеге кеміту  жағына қайта қаралды. Сол сияқты, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөлшерде шығындарға әкеледі. Сыртқы сауда айналымы көрсеткіштерінің және теңгенің АҚШ долларына бағамының өзгеруі кіріс бөлігінде 22,8 миллиард теңге мөлшерінде шығынға әкелетін болды. Сондай-ақ тау-кен секторы бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салық көлемі 90 миллиард теңгеге төмендетілді. Бұл минералды шикізатқа ағымдағы бағалар бойынша есептелген салық ставкасын азайту есебінен болды. Бұл жерде мыс, хром, мырыш және қорғасын сияқты қатты пайдалы қазбалар сөз болып отыр.

Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді және қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, республикалық бюджет шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары:

- өңірлік жұмыспен қамту  стратегиясын іске асыру – 140,0 млрд теңге;

- инфляцияның болжамды  деңгейінің өсуіне байланысты  әлеуметтік төлем шығыстарын  индекстеу – 11,2 миллиард теңге;

- үздік студенттерді оқудың  ақылы нысанынан мемлекеттік  білім грантына ауыстыруды қамтамасыз  ету – 3,2 миллиард теңге;

- тұрғын үй-коммуналдық  сектордағы проблемалық мәселелерді және басқаларын шешу 79 миллиард теңге болды.

Тұтастай, бюджеттің кіріс бөлігінде жоғарыда аталған шығындарды және шығыс бөлігіндегі қосымша қажеттерді ескере отырып, өтемақы үшін жалпы қажетті сома 668,5 миллиард теңгені құрады.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, аталған қажеттерді жабудың бірінші көзі 2009 жылға арналған бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге мөлшеріндегі кепілді трансфертке қосымша үстіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер есебінен құралған, Ұлттық қордан 347,9 миллиард теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт болып табылады.

Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт Мемлекет басшысы жария еткен жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау стратегиясын іске асыру көзі болып табылады. Бұл ретте, 2009 жылдың 1 қаңтарына жинақталған және 3,3 триллион теңге құраған Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады. Мемлекет басшысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін нысаналы трансферттер түрінде толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюджеттің өз ішінен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шығыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды, бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмылдыруға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, республикалық бюджет тапшылығы түзетілген бюджет деңгейінде сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге (ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз). Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген субвенциялардың мөлшерін бекітілген көлемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9 миллиард теңге. Яғни, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіндегі сияқты жаңа Бюджет кодексінен де өз көрінісін тапқан саясат әрі бюджетаралық қатынастар туралы екі, үш жылдық заңды қабылдау арқылы сақталды, ол тұрақты өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді.

Қазіргі қаржы дағдарыстың салдарынан үлкен сабақ алуға болады. Себебі Ұлы тоқырау жылдарында өндірістің құлдырауы 40 % жағдайда болған, қазір 0,4 % көрсетуде, 100 есе айырмашылықты байқаймыз. Сондықтан да, Қазақстанның бұл қаржы дағдарысынан жаңарған, сенімді және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде шығуына мүмкіндіктер зор. Отандық экономистердің сараптамалары бойынша 2010 жылдың соңына таман экономикада міндетті түрде даму бағыттары басталады. Сол кезде еліміздің инфрақұрылымында орын алып отырған жетімсіздіктер экономиканың өсуіне кедергі болмайды. Дағдарыс кезінде экономиканың нақты салаларына көрсетілген қаржылық көмектің экономикамызды дамытуға және әртараптандыруға тигізетін көмегі көп. Қорыта келгенде, ең бастысы, дағдарыс салдарынан әлемдік өндіріс пен тұтыну көлемі мүлде тоқтап қалған жоқ. Тек олардың өсімінде біршама төмендеу болды. Болашақта әлемдік экономиканың сауығуына байланысты шикізатқа және басқа да тұтыну заттарына деген сұраныс артады. Ендеше қазіргі жағдайды аса ушықтырып, үрей туғыза берудің қажеті жоқ. Біздің ойымша, нақты тетіктерін жасап алмай, экономикаға орынсыз қаржы құю да қауіпті.

 

 

2.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысынан шығудың қазақстандық мемлекеттік басқару жүйесі

 

 

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезіндегі өзінің сөзінде нақты және қаржы секторларының орын алып отырған проблемалары туралы атап өтті және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Қазақстан – 2020» межесіне жету – тұтастай алғанда әлеуметтік, ішінара алғанда мемлекеттік басқару мен қоғамдық басқару сұрақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орынға шығатындығы және ол өз кезегінде ақталатын қызмет екендігі президентіміз Н.Ә.Назарбаевпен нақты шаралар пакетін қабылдау арқылы елбасылар ішінде көшілгері дәлелденді. Қаржылық дағдарыс жағдайында елімізде мемлекеттік басқарудың функциялары:

1) болжау;

2) жоспарлау;

3) ұйымдастыру;

4) үйлестіру;

5) бақылау[27,б.18].

Елбасы Жолдауында келтірілген экономикалық дамудағы статистикалық көрсеткіштер осы ойымызды бекіте түседі. Сондықтанда Қазақстан қаржылық дағдарыс жағдайы орын алмаған немесе оның әсері төмен елдердің қатарынан саналады.

Ендігі кезек басқарудың аяқтаушы функциясы болып табылатын – бақылау функциясын күшейту және оны әлемдік қаржылық дағдарыс пен экономикалық өрлеуді ескере отырып оңтайлы іске қосу қажет. Сәйкесінше мемлекеттік басқарудың бақылау функциясы – әлемдік қаржылық дағдарыстан Қазақстанның «аман» шығуына тікелей ықпал жасайды және оның маңызды кепілі болып табылды.

Мемлекеттік басқарудың функцияларын рет-ретімен күшейту және оларға қолдану барысында кезегімен жетекші маңыз беру – әлемдік қаржылық дағдарыстың қалыптасу, даму және жойылу фазаларына сай, орайлы және ұтымды іске асырылып жатыр. Қаржылық дағдарысқа қарсы тұрудың Қазақстандық тәжірибесі («Назарбаев моделі») ендігі кезекте Елбасы Жолдауына сәйкес басқарудың аяқтаушы, яғни бақылау функциясына үлкен үміт артылып, оған маңыз (мемлекеттік және қоғамдық) беру керектігіне назар аударып отыр. Елбасы Жолдауында айтылған бақылау мәселелері басқарудың аяқтаушы функциясы ретінде – қаржылық дағдарыстың аяқталушы фазасымен өзара байланыста және қайшылықта даму арқылы оптималды нәтижеге қол жеткізуді көздейді.  Бір сөзбен айтқанда әлемдік қаржылық дағдарыстан сақтану, оған қарсы тұру және оны ұтымды пайдалану мақсатында осы кезге дейін жасалған басқару функциялары (болжау, жоспарлау, ұйымдастыру және т.б.) текке кетпеуі үшін ендігі кезекте бақылау функциясын күшейту қажет. Біз бұл жерде мемлекеттік басқарудың функциялары тұтастықта және бірмезгілде қабат әрекет ететіндігін жоққа шығармаймыз, бірақ басқарудың қайсыбір функциясының қоғамдық даму процессінде күшейетіндігін және басқарудың шынайы мақсатына жету үшін солай болуы керектігін оңтайлы (оптималды) деп танимыз.

Жинақтап айтқанда Елбасы Жолдауында бақылаудың келесі түрлері әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму кезеңінде жетекші сипатқа ие болуы керектігі белгіленген:

  1. Президентік бақылау;
  2. Үкіметтік бақылау;
  3. Жұртшылықтың бақылауы;
  4. Парламенттік бақылау;
  5. Қоғамдық (партиялық) бақылау[28,б.23].

Сондай-ақ Елбасы Жолдауында аталған мемлекеттік және қоғамдық бақылау түрлерінің қаржылық дағдарыс жағдайындағы ролі, алдағы уақыттағы міндетері, сондай-ақ қай бағытқа назар аударуы керектігі жеке-жеке айқындалған. Атап айтар болсақ, президенттік бақылау қаржы дағдарысы жағдайында нәтижелі жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бақылауымен «Жол картасы - 2009» бағдарламасы жедел әрі жария атқарылды. Кеңестік заман құлағаннан бері жөндеу көрмеген жолдар мен істен шыққан ауыз су мен жылу құбырлары тұрғын халыққа, әсіресе ауыл халқына көп пайдасын тигізді. «100 мектеп» пен «100 аурухана» бағдарламаларының мейлінше іске асуына септігін тигізді. Бағдарлама жергілікті халықты жұмыспен қамтыды. Тұрғын үй құрылысы саласындағы үлескерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді және мемлекет есебінен қамтамасыз етілді. Өзге де құрылыс компаниялары тарапынан үлескерлер құқығының бұзылуына жол берілмеді және осы мақсатта қатаң бақыланды. Бұл қаржылық дағдарыс жағдайындағы Елбасы бақылауының нәтижелі қызметі әрі қажетті шарты екендігін бекітеді.

2020 жылға  дейінгі экономикалық өрлеудің  Бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз  ету міндеті Премьер-министр жанынан  және облыстарда әкімдер жанынан  орталық құру қажеттілігін белгілеп  отыр. Сәйкесінше бағдарламаны іске  асыруда Елбасы Жолдауда көрсеткеніндей  «Министрлер, әкімдер барлық ағымдағы  мәселелердің шешілуі үшін жауапты  болады. Олар барлық ресурстарын  жұмылдырады да». Сондай-ақ Елбасы  «Бағдарламаның» іске асуы –  «Нұр Отан» ХДП үшін жұмысының  өзегі болуы тиіс екендігін  белгіледі. Демек президенттік бақылау  әдеттегідей тек министрлерге  ғана емес, «Бағдарламаны» іске  асыру үшін ендігі кезекте  тікелей облыс әкімдерінің қызметтеріне, олардың ресурстарды барынша  тиімді және мақсатқа сай пайдаланып  жатқандығына да орнатылатындығын  білдіреді. Сондай-ақ партиялық бақылау («Нұр Отан» ХДП) үшін де –  президенттік бақылау оған қатысты  әрдайым жоғарғы бақылау көзі  болып  қала беретіндігіне назар  аударамыз.

Еңбек өнімділігінің кешенді артуын – экономиканы әртараптандырудың маңызды міндеті ретінде бекіте отырып, Елбасымыз Үкіметке осы салаға қаржы бөлуді және бақылау орнатуды қатаң табыстайды. Сәйкесінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылау функциясы – Үкіметтің ішкі бақылауын күшейтуді, әсіресе иновацияларды енгізуде олардың тиімділігін ұдайы бақылауда ұстауды қамтуы қажет. Себебі Елбасымыздың Жолдауында көрсеткеніндей «иновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді». Сәйкесінше Республика Үкіметі өз кезегінде Республика Президентінің алдында аталған міндеттерді іске асыру мәселесінде Қазақстан дамуының 2020 жылға дейінгі кезеңінде ерекше жауапты әрі бақылауда болатындығын білдіреді. Сондай-ақ Республика Парламентімен аталған саладағы Үкіметтің жұмысы парламенттік тыңдаулар мен үкімет сағаттарын ұйымдастыруға негіз болуы тиіс әрі өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық орнату қажеттігін болжайды. Республика Үкіметі бақылауының басты назарында Елбасы Жолдауында маңыз берілген келесі мәселелер болуы тиіс:

а) барлық компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының жауаптылығын арттыру қажеттілігі;

б) банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керектігі»;

в) әкімдердің бағдарлама бойынша қаржыландырылатын шағын және орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болатындығы және т.б[28,б.72].

Елбасы жұртшылықтың бақылауын күшейту мәселесі мен оның бақылау обьектісін нақты айқындайды: «Әр өңірде әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айырықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжылдықта бүкіл еліміздің жалпыұлттық міндетіне айналуы тиіс». Жұртшылықтың бақылауы – индустриалық жоба іске асырылып жатқан өңірде, бірінші кезекте жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының обьективті ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін және оларды тұрғын халыққа жария етуін білдіреді. Сондай-ақ облыстық (қалалық), аудандық Мәслихаттар мен олардың депутаттары заңда белгіленген бақылау өкілеттіліктерін Елбасы айқындаған осы бағытқа мақсатты түрде жұмылдыруы қажет. Тұрғын халық өңірдегі индустриалық жобаның мақсатқа сай әрі тиімді іске асуына бірінші кезекте мүдделі болуы тиіс. Жекелей алғанда өңірлердегі мұндай жобалардың дамуы жұмыс орындарының ашылуы сияқты жергілікті халық үшін жағымды жағдай қалыптастырумен қатар, тұтастай алғанда мемлекет үшін жалпыұлттық дамудың көрсеткіштерін арттыруда маңызды болып табылады. Сондықтанда жұртшылық бақылауына ие болатын субьектілер бірінші кезекте осы мәселеге айырықша назар аударуы қажет. Өз кезегінде жергілікті халық та саналы түрде өңірлердегі индустриалық жобалардың дамуына мүдделі әрі азаматтық (парасаттылық) жауаптылықта болуы қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «парламенттік бақылауға», сондай-ақ «қоғамдық бақылауға» айырықша назар аударып, қоғамдық маңызды міндет жүктеп отыр. Қазақстандағы парламенттік бақылау – мемлекеттік-құқықтық құбылыс ретінде осы күндері өте баяу дамуда. Қазақстан халқы атынан мемлекет дамуындағы маңызды сұрақтарға парламенттің бақылау орнатуы Республика Конституциясында бекіген «халық билігі», «заңның үстемдігі», «құқықтық мемлекет», «саяси және идеологиялық әр алуандылық» қағидаларының дамуына жол бастайды. Республика Конституциясында бекітілгендей адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» (1-бап, 2-тармақ) кезектілік тәртібімен мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Яғни мемлекет үшін аталған құныдылықтардан артық қазына жоқ, тіпті мемлекет мүддесінің өзі осы құндылықтар алдында тізгінін тартуы тиіс. Демек «құқық қорғау жүйесінің қызметі ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс». Шындығында да ішківедомствалық мүдде – жария қызметті іске асыру арқылы дербестікке ұмтылатын, локальданған әкімшілік (аппарат) ыңғайына ғана сай қызметке бой алдыратын, түптеп келгенде мемлекеттік мүддеден ірге ажыратуға қол созатын, мемлекет пен халық үшін кері әсерін тигізетін жағымсыз құбылыс. Француз административисті Р.Драгоның, ресейлік заңгер-ғалым Ю.А.Тихомировтың, А.Н. Козыриннің және т.б. ғалымдардың еңбектерінде мұндай жағымсыз құбылыс түбегейлі сыналады. Сондықтанда орталық атқарушы органдардың (үкімет құрамына кіретін), әсіресе құқық қорғау функциясын іске асыратын органдардың қызметіне парламенттік (қоғамдық) бақылау орнату адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына және тиісінше (барлық ресурстармен) қорғалуына жол ашады. Құқық қорғау органдары жүйесінің қызметі тұтастай алғанда – ең алдымен мемлекеттегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім және ел қауіпсіздігін нығайту сұрақтары тұрғысынан бағаланады. Мұндай көрсеткіштердің орнықтылығы және жетілдірілуі Елбасы көрсеткеніндей «ең алдымен азамат пен мемлекеттің мүддесін» қамтамасыз ету арқылы іске асуы қажет. Мемлекет мүддесінің қозғаушы күші – жария қатынастан туындамауы тиіс, ол Елбасы белгілегендей «қазақстандықтардың жақсы өмір сүруін» негізге алуы қажет. Тұтастай алғанда «Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсізідігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюуына мүмкіндік туғызу» болып табылады[29,б.46].

Қарастырылған бағдарлама берешегі 4,5 миллиард теңгеден асатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында әзірленді. Берешегі осы сомадан кем болатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдауды пайдалана алады.

Информация о работе Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі