Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа

Описание работы

2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ..............................................................................................................
4

1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................

6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................

10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................

16

2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................


24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................

24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................

32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........

39

3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................



45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................

45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................

51

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64

Файлы: 1 файл

1.docx

— 152.42 Кб (Скачать файл)

б) саяси әкімшіліктендірудің кілтті мәселелері бойынша шешімдерді жариялау;

в) кәсіби әрекеттің этикалық кодексін міндетті талқылаумен мемлекеттік қайраткерлер біліктілігн жүйелік арттыру;

г) өз өкілеттігі шеңберінде жемқорлық қарқындарының дамуына барлық ранг әкімшіліктерінің жауапкершіліктерін қамтамасыз ету[15,б.4].

Осылайша, іс жүзінде мемлекеттік басқару жүйесі жақсы реттелетін жүйеге айналуда, ол, өз кезегінде, жаңа моральдық негізде ішкі дамуды ынталандырады.

Мемлекеттік басқарудағы мөлдірлік қағидасын іс жүзінде іске асыру саяси әкімшіліктендірудің төмендегідей шығындарын нейтралдауға үмкіндік береді:

– биліктегі басқарушылардың құқыққа қарсы «коммерциялық» іс-әрекеті;

- олардың  экономикалық жеңілдіктер мен  қаржылық несиелерді бөлу бойынша  «ақылы қызметтерді» ұсынуы;

– мемлекеттік тапсырысты басқару;

– меншіктің түрлі формаларын акционерлеуге белсенді қатысу.

Экономикалық басқару саласы заңсыз баюдың айтарлықтай үлкен мүмкіндіктерімен, сәйкесінше, адекватты жемқорлықпен сипатталады, себебі кономикалық шаруашылық ету субъектілерінің айқын корпоративтілігі барысында қаржылық іс-әрекеттің алуан түрлілігімен байланысты.

Мемлекеттік саясат саясаттың (партиялар, азаматтық қоғамның ассоциациялары, зерттеу орталықтары, бизнестің, мәдениеттің және ғылымның көрнекті қайраткерлері) өзге субъектілерінің қатысуымен мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының көптеген жағдайларын ескере отырып өңделеді. Мемлекет саясатын өңдеу негізінде қоғамның негізгі қызығушылықтары, мемлекет дамуының сәйкес кезеңінің стратегиялық қажеттіліктері жатыр.

Мемлекеттік саясатты өңдеу – стратегиялық мақсаттарды таңдау және оларды сәйкес құжаттарда бекіту (бағдарламалар, заңдар) барысында саясат субъектілерінің іс-әрекеті, факторларының жиынтығы.

Мемлекеттік саясатты өңдеу процесіне қойылатын қазіргі таңдағы талаптар:

1. Алға  көзқарас.

Саясатты өңдеу процесі саясаттың қол жеткізуге ұмтылатын белгілі нәтижелерін анық қамтиды және мүмкін болғанша саясаттың болашақ әсерлерін ескереді.

2. Кең  көзқарас.

Саясатты өңдеу процесі мемлекеттің бақылауындағы ықпал етуші факторларды есепке алады.

3. Инновациялылық, иілмелілік пен креативтілік

Саясатты өңдеу процесі мәселелерді шешу тәсілдері қарастырылып, жаңа да креативті идеялар өңделетін инновациялылық және иілмелі болып табылады. Тәуекелдер анықталады және белсенді басқарылады.

4. Ақпараттың  негіздері.

Саясатты өңдеу процесіндегі кеңестер мен шешімдер түрлі қайнар көздерден алынған қол жетімді ақпаратқа негізделген және барлық адамдар мақсаттарды қалыптастырудың мүмкін болатын кезеңіне тартыған.

5. Тартымдылық.

Саясатты өңдеу процесі саясатқа тікелей немесе жанама ықпал ететін барлық адамдардың қажеттіліктеріне ықпал етіп, әрекет ететінін ескереді.

6. Бірігу.

Саясатты өңдеу процесі үкіметтік стратегиялық мақсаттардың институционалды шекарасынан шығатын тұтастай көзқарасты қамтиды және саясаттың моральды, этикалық және құқықтық факторларына негізделеді.

7. Бақылау.

Әрекет етуші және өңделген саясаттар жаңа саяси инициативалар сияқты неғұрлым тиімді мен өзгермелінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін тұрақты бақылауға алынады.

8. Бағалау.

Саясат тиімділігін жүйелік бағалау оны өңдеу процесіне қаланған.

9. Нәтижелерді  ескеру.

Саясатты өңдеу процесі саясатты енгізу процестері мен оны қалыптастыру процестеріне негізделген[16,б.85].

Саяси стратегиялар мен саяси бағдарламаларды өңдеу моделін сипаттауға қатысты бірнеше тәсілдемелер әрекет етеді. Жалпы, осыған қатысты саяси процесс мынадай негізгі фазалармен сипаттала алады (сурет 1):


 


 

 

 

 

 

 

 

ықпал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Саяси курсты тоқтату

 

Сурет 1. Саяси цикл

 

Мемлекеттік саясат теориясында осындай мәселелердің екі түрі бөліп қарастырылады:

  • биліктің бақылауына алынып, билікпен шешілетін;
  • қоғамда туындайтын, бірақ саяси назарға ие болмаған.

Мәселе мемлекеттік органдардың күн тәртібіне шыққаннан кейін, саясатты өңдеу процесі басталады – қызығушылықтарды келістіру, мақсаттарды анықтау және оларға қол жеткізу құралдарын анықтау. Шешімдерде анықталған және бекітілген саясат жүзеге асырылуы тиіс, бұл қабылданған шешімдер мен бағдарламаларды енгізу бойынша шаралар кешенін қарастырады. Бұл шаралар мемлекеттік органдар, бизнес, азаматтық қоғам құрылымдарының іс-әрекетіне қатысты. Саясатты бағалау саяси циклдың салыстырмалы дербес кезеңін білдіреді және ол таңдалған саясаттың тиімділігі мен сапасын тексеруге бағытталған.

Мемлекеттік саясатты өңдеу процсінің ең алғашқы жүйелі модельдерінің бірі Р.Хоффебертпен «ашық жүйелер моделі» атауымен өңделген. Аталмыш модельге сәйкес саясатты өңдеу процесі неғұрлым кең де анықталмаған шарттардан саяси мақсаттарды талқылау мен шешімдерді өңдеу процесіндегі ережелерді рәсімдеуге ілеспелі өтуді білдіреді.

«Институционалды рационалды таңдау» моделі Э.Остр және оның әріптестерімен өңделген. Аталмыш модель бойынша мемлекеттік саясатты өңдеу нәтижесі екі негізгі шарттар ықпал ететін факторлар процесіне тартылған жеке әрекеттер қызметін білдіреді:

  • жеке шарттар
  • қабылданған шешімдер жағдайымен байланысты шарттар.

Аталмыш модельдің негізгі идеясы – саяси басымдықтарды таңдайтын жеке тұлғалар шешім қабылдаудың түрлі жағдайына байланысты түрліше әрекет ететін болады. Мұнда институционалды талдаудың үш деңгейін ескеру қажет: операциондық деңгей (шешім қабылдайтын деңгей); ұжымдық таңдау деңгейі (келісілген ұжымдық нормалар); конституциялық деңгей (ұжымдық нормалардың таңдалуын басқаратын конституция).

«Саяси ағындар» моделі мемлекеттік саясатты өңдеу процесін құрайтын үш «ағындардың» сипатталуын қамтиды. Бірінші ағын алдыңғы үкіметтік іс-әрекеттің нақты мәселелері мен нәтижелері жайлы ақпараттан құралатын «мәселелік ағын» деп аталады. Екінші ағын – түрлі кеңес берушілер мен мамандар мәселеге талдау жасап, түрлі баламаларды қалыптастырады. Үшінші ағын «саяси» деп аталады және таңдаудан, саясаткерлердің іс-әрекетінен құралады. Ол үшеуі біріккенде сәйкес шешімдерді қабылдау үшін «мүмкіндіктер терезесі» туындайды.

Саясатты өңдеудің барлық жалпы модельдері саяси шешімдерді қабылдаудың ортақ алгоритміне сәйкес келеді (қызығушылықтар-басымдықтар-тәуекелдер-мақсаттар-ресурстар-шешімдер). Әр модель мемлекеттік саясатты өңдеудің қандай да бір аспектілеріне назар аударады. 

Әр саяси ғылым билікті бөлу қағидаларын жүзеге асыру ерекшеліктеріне, қызығушылықтар топтарының әрекет етуші жүйесіне, үкімет пен парламенттегі саяси күштердің өзара әрекеттесу сипатына байланысты мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асырудың бірнеше мүмкін болатын теориялық модельдерін бөліп қарастырады.

Патерналисттік теория – ел лидерлерінің қоғам қызығушылықтарында әрекет етіп, үкіметтің немеен айналысуын анықтау инициативасын қолға алады. «Үкіметтің ісі - басқару» формуласын ұстанады.

Ұжымдық теория – үкіметтің ролі ірі әлеуметтік-экономикалық топтардың қайшылықты қызығушылықтары арасындағы теңдікті орнатуынан тұрады.

Даралық теория – саяси процестегі әр азаматтың дауысының маңыздылығын көрсетеді [17,б.79].

 

 

1.3 Мемлекеттік  басқарудағы мемлекеттік саясатты  қалыптастыру және оны жүзеге  асыру механизмі

 

 

Кез-келген мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін өмірге енгізу мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік саясат азаматтық қоғам институттарын тартумен мемлекеттік билік органдарымен өңделіп, жүзеге асырылатын мақсаттар, міндеттер, басымдықтар, стратегиялық бағдарламалар мен жоспарлы шаралардың жиынтығын білдіреді.

Мемлекеттік саясат мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің, оның барлық құрамдыс элементтерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік билік органдарын, шаруашылық субъектілер мен азаматтық қоғам институттарын стратегиялық және ағымдық қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге бағдарлауы тиіс.

Мемлекеттік саясат – бұл қоғамдық мәселелерді шешу, қоғамның немесе оның жекелеген салаларын дамытудың маңызды мақсаттарын шешу, қол жеткізу мен жүзеге асыру бойынша мемлекеттік билік органдары тарапынан экономикалық, құқықтық, әкімшілшік ықпал ету әдістерінің жиынтығы.

Мемлекеттік саясат төмендегі элементтерді қамтитын маңызды қоғамдық мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік билік органдарының әрекеттер жоспарын білдіреді:

1) қоғам  дамуының мақсаттары мен басымдықтарын  анықтау;

2) саяси  стратегияны өңдеу мен жоспарлау;

3) тиімділіктер  мен шығындарға сәйкес баламалы  бағдарламаларды талдау және  бағалау;

4) саяси  және әлеуметтік топтармен кеңесу;

5) мемлекеттік  шешімдерді таңдау және қабылдау;

6) бағдарламаларды  жүзеге асыру барысының мониторингі;

7) бағдарламаны  жүзеге асыру нәтижелерін бағалау.

Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары мемлекет тарапынан әлеуметтік топтар, ұйымдар мен жеке тұлғалардың әрекеттерін реттеумен байланысты болып, келесілерді қамтиды:

- азаматтардың, мемлекет пен қоғамның құқықтарын  қорғау;

- әлеуметтік  және экономикалық белсенділікті  қамтамасыз ету;

- халықтың  қажеттіліктерін қанағаттандыру  үшін тауарларды ұсыну мен  қызмет көрсету үшін жағдай  жасау.

Мемлекеттік саясатты қоғамдық өмірдің белгілі саласында мемлекеттік билік органдарына шешуге тура келетін мәселелердің мазмұнына байланысты бағыттары бойынша жіктеуге болады.

Мемлекеттік саясаттың мынадай түрлері болады:

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- экологиялық;

- әкімшілік;

- сыртқы;

- әскери;

- демографиялық;

- ақпараттық  және т.б (сурет 1) [18,б.62].

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Мемлекеттік саясаттың түрлері

 

Сонымен қатар, мемлекеттік саясатты оны жүзеге асыру деңгейлері бойынша жіктейді:

- халықаралық  және әлемдік саясат;

- жалпымемлекеттік;

- аймақтық;

- жергілікті (сурет 2).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу деңгейлері бойынша жіктелуі

 

Саясат субъектілері арасындағы және олардың арасындағы жанжалдылық деңгейінің өзара қатынастар сипатына байланысты мемлекеттік саясаттың мынадай түрлері болады (сурет 3):

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурете 3. Мемлекеттік саясаттың түрлері

 

Бөлу, қайта бөлу, реттеуші (бәсекелік және протекционисттік), әкімшілік-құқықтық, стратегиялық және дағдарысқа қарсы.

Бөлу саясаты халықтың түрлі топтары арасындағы халықтың түрлі топтары арасындағы сәйкес материалды игіліктерді бөлу бойынша билік органдарының әрекетімен байланысты: әлеуметтік бағдарламалар, білім беру қызметтері, денсаулық сақтау қызметі, әлеуметтік жеңілдіктер және дотациялар және т.б.

Қайта бөлу саясаты белгілі ресурстардың халықтың бір тобынан екінші тобына немесе салықтар, тарифтер мен трансферттер жолымен территорияларға берілуін білдіреді.

Реттеуші саясат (бәсекелік және протекционисттік) түрлі әрекет түрлерін реттеу бойынша мемлекеттік басқару органдарының әрекетін қамтиды: экономикалық реттеу, тұтыну нарығын қорғау, антимонополиялық саясат, нарықтардағы бәсекелестікті қамтамасыз ету, кедендік саясат және т.б.

Әкімшілік-құқықтық саясат заң шығару және норма шығармашылық іс-әрекетпен, сонымен қатар барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары және басқарудың қызмет етуі және дамуымен байланысты: республикалық, аймақтық және жергілікті.

Стратегиялық саясат шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара қатынастарды қамтиды, шетелдік және қауіпсіздік саясатын, қоғам мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.

Дағдарысқа қарсы саясатты мемлекет дағдарыстық жағдайларды реттеу немесе табиғи апаттар салдарларын жою бойынша мемлекеттік билік органдарынан арнайы әрекеттерді талап ететін төтенше жағдайлардың пайда болуы жағдайында жүзеге асырады (сұрапыл жағдайлар, техногенді апаттар, экономикалық немесе саяси дағдарыстар).

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру бірнеше әрекеттерден құралатын және төрт негізгі кезеңді қамтитын циклды білдіреді.

1. Мемлекеттік  саясатты инициациялау. Аталмыш  кезеңде мәселелер анықталып, осыған  байланысты мемлекеттік билік  органдарының мәселелері мен  мақсаттары орнатылады.

Информация о работе Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі