Өңдеуші өнеркәсіп салалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:04, реферат

Описание работы

Өнеркәсіп 3-ке ажыратылады:
1) бұйымдық (дайын өнім өндіру);
2) бөлшектік (дайын өнімді, керекті бөлшек);
3) техникалық (полуфабрикат).
Ауыр өнеркәсіп республикада өндірілетін бүкіл өнеркәсіп өнімінің 75%-ынан астамын береді.

Содержание работы

І.Кіріспе..........................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Өндіруші өнеркәсіп салалары..............................................................4
2. Металлургия өнеркәсіп саласына жалпы сипаттама........................6
3. Машина жасау өнеркәсіп саласының ерекшелігі.............................14
4. Химия өнеркәсібіп саласына сипатама..............................................16
5. Жеңіл өнеркәсіп өндіруші салалары...................................................22
ІІІ. Қорытынды...........................................................................................25
IV. Әдебиеттер.............................................................................................27

Файлы: 1 файл

Реферат Өндіруші кәсіп салалары.DOC

— 162.50 Кб (Скачать файл)

1 т феррокорытпа  шығару үшін 10 мың квт.сағ электр  энергиясы жұмсалады. Өнім бірлігіне көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатын өндіріс - энергияны көп қажет ететін өндіріс деп аталады. Оларды орналастырудағы басты фактор - энергетикалық фактор болып саналады.

Біздің  еліміздегі ферроқорытпаның негізгі  бөлігін Ақтөбедегі және әлемдегі ең үлкен Аксудағы 2 зауыт шығарады. Олардың негізгі өнімдері - феррохром, одан басқа ферросилиций мен басқа да күрделірек қорытпалар.

Металлургия - кен өндіру, қара және түсті метаддарды қорыту- ауыр өнеркәсіптің аса маңызды саласы. Металл өндірудің ең аддымен шойын мен болат қорытудың көлемі елдің экономикалық даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Біз әр жыл сайын 400 мың тонна болат прокатын импортқа аламыз. Мысалы, 2001 жылда экспортқа 2200 тонна алынды, оның бағасы 95,5 млн доллар болды. Қазақстан 18 мың тонна алюминий (бағасы 11,8 млн доллар) экспортқа шығарды. Қазақстан ғалымдары металлургияның 4 және 5-өзгертуін (переделы) көздейді.

Қара металлургия - Қазақстан ауыр өнеркәсібінің жас саласы. Қазіргі кезде оның толық және орташа циклді өндіріс кәсіпорындары бар. Бұл кәсіпорындар шойын, болат, прокат бұйымдарын шығаратын болса, олар толық циклді өндіріскәсіпорындары болып есептеледі, ал сол зауытта тек болат қорытылып, прокат бұйымдары шығарылса, онда орташа циклді өндіріскәсіпорындары деп аталады. Қара металлургияның орналасу факторы шикізат көзіне, отын және экологиялық мәселелерге байланысты. Қазір республикамызда 30-дан аса темір кен орны бар. Негізінен, кен орындары Орталық Қазақстан мен Қостанай облыстарында Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Атасу, Аят кен орындарының кендері байыту комбинаттарында байытылған соң металлургия зауыттарына жіберіледі. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттарының өнімін Магнитогор металлургия зауыты пайдаланады. Темір кенінің 85%~ы Қазақстанның солтүстігінде шоғырланған.

Қазіргі кезде  толық циклді зауыт Теміртау қаласында  орналасқан. Бұл кәсіпорында шойын, құбыр, рельс, жұқа табақ, ақ қаңылтыр шығарады. Осы комбинатта шығарылатын ақ қаңылтыр еліміздің консерв өндірісін  толық қамтамасыз етіп отыр. Темір  кені қорынан Қазақстан ТМД-да 3-орын алады. Республикада сапалы қара металлургия да дамып келеді. Ақтөбе зауыты хромхаудың хромитімен жұмыс істеп феррохром шығарса, Ақсу зауыты Ораддан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Ферроқорытпалар өндірісі энергияны көп қажет етеді, сондықган олар жылу электр станцияларында салынған. Қазақстан өндірілген ферроқорытпаның 60%-дан астамын шет елдерде шығарады, одан жыл сайын 100 млн АҚШ доллары шамасында пайда табады. Қара металлургия - Қазакстанның маңызды экспорттық саласы. Темір кенінің жартысы, балқытылған ферроқорытпалардың 3/4-і мен прокаттың 90%-ы шет елдерге жіберіледі. Бүл өнімдерді негізгі сатып алушылар - Ресей, Қытай және Еуропа елдері.

Қара металлургияға ферроқорытпа өндірісі, яғни темірдің маргацпен, хроммен, басқа да қоспалық металдармен, кремнимен бірге.

Түсті металлургия Қазақстанда жақсы дамыған. Түсті метаддарды қазақтар ерте заманда-ақ қорыта білген, ондай металл қорытқан кен орындары Орталық Қазақстаннан, Алтай өлкесінен табылып отыр. Ал Алматы облысындағы Есік қаласы маңынан б.з.б. V ғасырда археологиялыққэзбанегізінде табылған сақ киімдерінің (бас киім, сырт киім, аяқ киім) алтыннан жасалғаны анықталып отыр. Бірақ бұл сала республикада алғашқы ірі кәсіпорындар (Лениногор полиметалл комбинаты мен Қарсақпай мыс қорыту зауыты) сальінғаннан кейін тек 1928 жылдан бастап қана қарыштап дами бастады. Сол кезден былай Қазақстанда алуан түрлі түсті метаддарды өндіретін көптеген кеніштер мен карьерлер жасалған, осы заманғы кен байыту фабрикалары, металлургия зауыттары мен тұтас комбинаттар салынған. Қазақстан жерінде Менделеевтің периодтық жүйесіне кіретін барлық түсті металл кездеседі. Әсіресе мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, полиметалл кендеріне бай. Балқаш мыс комби-натында балқытылған мыс дүниежүзілік стандарт болып есептеледі. Балқаштың мысы қазір Лондонның түсті металдар биржасында сапа эталоны ретінде көрмеде тұр. Балқаш, Жезқазған мыс комбинаттары өз өнімдерін шетелге экспортқа шығарады.

Мыс, қорғасынмырыш  және таяуда пайда болған алюминий мен титан-магний өндірістері - Қазақстан металлургиясының басты салалары. Бұл салалардың әрқайсысыныңхалықаралықзор маңызы бар және олардың кейде ірі комбинаттар түзетін кеніштері мен карьерлері, кен байыту комбинаттары мен зауыттары болады. Қазақстанда түсті металдар өндірісін ұйымдастырудың мұндай формасы олардың кендерінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кендерде таза металл (1-5%-ға дейін) аз, ал шашыранды металдар тіпті 1%-дан аз болады. Сондықтан түсті метадцар кендері әлденеше рет байытылған соң ғана, құрамында металы көп концентрат алы-нады. Оның үстіне, әдетте кенде бірнеше пайдалы элементтер кездеседі және олардың әрқайсысы әр түрлі цехтарда шикізатты кешенді өндеу принципі бойынша жекелей алынады. Мысты өндіру және қорыту республиканың орталық және шығыс бөліктеріне шоғырланған. Балқаш және Жезқазған кен-металлургия комбинаттары -мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Олар Қоңырат, Саяқ және Жезқазған мыс кендерімен жүмыс істейді. Өскеменге жақын орналасқан Глубокое елді мекеніндегі Ертіс зауыты мен Жезқазған маңындағы Қарсықпай зауыты - куаты шағын мыс қорыту зауыттары. 1990 жылдарға дейінгі Қазақстан 400 мың тонна мыс өндіретін, қазір оның көлемі 300-340 мың тонна шамасында. Алюминий және титан-магний өндірістері - Қазақстандағы түсті металлургияның жаңа салалары. Олар республикада 60 жылдардың орта шенінен дами бастады. Павлодар қаласында алюминий зауыты салынған. Мұнда жоғары сапалы галий шығарылады. Энергияны көп қажет ететін бұл метаддар арзан электр энергиясын көп өндіретін ірі жылу және су электр станциялары бар Павлодар мен Өскеменде қорытылады, өйткені бір тонна алюминийді қорыту үшін 18-20 мың кВт/сағат, ал титан мен магнийді қорыту үшін одан да көбірек электр энергиясы жұмсалады. Алюминий өнеркәсібінің шикізаты -боксит, нефелин, алункит. Қазақстанда түсті метаддар ішінен өндіру көлемі мен шаруашылықта пайдалану мөлшері жөнінен алюминий 1-орын алады. Боксит кені Торғай облысында шоғырланған, көлемі онша үлкен емес, сондьіқган қазір басқа шикізат қорлары іздестірілуде. Есіл нефелин кен орны және Екібастұз көмірініңжанған күліндегі глиноземді пайдалану үшін жаңа зауыт салу жоспарлануда. Екібастұз МАЭС-І жылына 28 млн тонна күл мен шлак бөледі. Оның құрамында едәуір мөлшердегі тотық бар. Егер Екібастұз маңына алюминий зауытын салса, бұл ауданның экологиялық жағдайы жақсарар еді. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде қорғасынмырыш немесе полиметалл өнеркәсібі дамыған. Алайда бұл саланың ежелгі орталығы - Лениногор, ең жаңа орталығы - Өскемен қалалары. Олар жергілікті кен байыту комбинат-тарындағы қоргасын мен мырыш концентраттарын пайдаланады. Республиканың оңтүстігінде Қаратау кенін пайдаланып, Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істейді. Жоңғар Алатауындағы Текелі және Орталық Қазақс-тандағы Жәйрем де полиметалл өнеркәсібінің маңызды орталықтары болып табылады. Түсті метаддардың ішінде алтын мен күміске тоқталмай кетуге болмайды. Соңғы уақытқа дейін Қазақстан өндірілген алтынды металл күйінде тапсырып кедді. Егемендік алғаннан кейін тазартылған алтын мен күміс республикамыздың алтын қорына жинақталуда. Алтын өндіретін ең ірі кәсіпорын «Алтай алтын» таукен бірлестігі кұрамында Арқалы, Бақыршы боқы, «Октабрь» кен орындары бар. Алтын өндіретін кен орындары, сондай-ақ Павлодар, Көкшетау, Ақмола облыстары жерінде орналасқан.

3. Машина жасау өнеркәсіп саласының ерекшелігі.

Машина жасау - көптеген өндірісті қамтитын кешенді  сала. Елдердің әрқайсысы өзінің күшін  машина жасау өнімдерінің белгілі бір түрлерін шығаруға жұмсап, осы арқылы мемлекетаралық-аумақгьіқ еңбек бөлінісіне қатысады. Осыдан келіп, өнеркәсіптің кез келген саласынан гөрі машина жасау саласында өндірісті ұйымдастырудың мамандандыру мен кооперативтендіру түрлері кеңінен дамыған. Сондықтан сабақтас салалармен жасалған байланыстарды бұзудың кез келген түрі кәсіпорынның тоқтап қалуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Алғашқы салынған кейбір кәсіпорындар, негізінен, Ұлы Отан соғысы кезінде майдан төңірегіндегі аудандардан көшірілген зауыттар Қазақстанның қалаларына орналастырылып, машина жасау өнеркәсібі дами бастады. Мысалы, 1941 жылы Луганск Паровоз жасау зауыты жабдықтары көшіріліп әкеліп, соның негізінде Алматы ауыр машина жасау зауыты салынған. Мәскеу, Воронеж, Харьков т.б қалалардан көшірілген зауыттар (Шымкент қаласындағы прессавтомат зауыты, Петропавл изоляциялық материалдар зауыты) Ақмола насос зауыттарына негіз болды. Тың игеруге байланысты Ақмола ауыл шаруашылығы машина жасау зауыты, Павлодар трактор

зауытының құрылыстары салынды  да, 1У58 жылы конвейерден ең алғашқы трактор шықты. 1970 жылы топырақты эрозиядан қорғайтын машиналар мен құраддар өндіруге мамандандырылған қазақ ауыл шаруашылығы машиналары зауыты іске қосылды. Соңғы жылдары Қазақстанда электротехникалық машина жасау бағыты жақсы дамып келеді. Қазір Алматыда электротехникалық және электромеханикалық зауыттар бар. Қарағанды қала-сында шахта кұрал-жабдықтарын шығараіын зауыт, Кентау қаласында экскаватор зауыты, Петропавлда атқарушы механизм зауыттары жұмыс істейді.Аддағы уақытта Қазақстан машина жасау өнеркәсібінің кұрылымында турбина, двигатель және көлік машиналарын жасау, сонымен катар станок-аспап және прибор жасау мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісіне арналған маши-налар өнеркәсібі, дәл машина жасау салалары одан әрі өркендетіліп жетілдіруі тиіс. Қазір көптеген шетеддермен бірлескен кәсіпорындар салынуда. Шетелдердің озық технологиясын пайдалана отырып, салынған кәсіпорындар өнімдері соңғы 1-2 жыл ішінде кеңінен танымал бола бастады. Мысалы, Белорусьтан алынған бөлшектерден Алматыдағы радиотехникалық зауыт «Горизонт» теледидарын құрастырды. Өскемен қаласында «Нива» автомобилі шығарылады. Қазақстан Республикасьіньщ «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясыньщ зауыттарында мұнай, газқұрал-жабдықтарының жаңа түрлерін шығару қолға алыдды. Қазір отандық кәсіпорындар арнаулы техниканың, материаддардың және қосалқы бөлшектердің 150-ден астам түрін шығаруды игерді. Мұнай, газ құрал-жабдықтарын шығару үлесі «Мұнаймашта» 92%-ды, Петропавл ауыр машина жасау зауытында 63%-ды, Алматы ауыр машина жасау зауытында 38%-ды, Өскемен арматзфа зауытында 41 %-ды кұрап отыр.


4. Химия  өнеркәсібіп саласына сипатама.

Бұл кешен  әр түрлі химиялық заттармен катар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен кұрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ыкпалын тигізеді және халықты тауармен камтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті корғайтын, суды тазалайтын және ағын суды за-лалсыздандыратын заттар шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда ол -жер бетіндегі барлық тірі организмдердің «қорғанышы».

Химияның  салааралық байланыстары ауқымды.

Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик күбырлар) қолданылады.

Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар: 1) табиғатта  кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл заттар көп жағдайда өздерінің касиеті жөнінен дәстүрлік конструкциялык, материалдардан да асып түседі; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (коксохимия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) құрамдасады. Оларды кез келген жерде кұруға болады. Бірак, ол үнемі тиімді бола бермейді.

Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі  факторларына -шикізат, су, энергетика, тутыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен колданылады. Жұмысшылар, мысалы, металлургияға қарағанда аз кажет. Сондықтан, химия зауыттарын аз қоныстанған жерлерде де сала береді.

Химия кешеніне 5 ірі сала: 1) кен-химия (минералдық шикізаттар - фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру); 2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералды тыңайткыштар алу); 3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялык талшық; 4) полимерлерді өңдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия - фармацевтикалыц (дәрі жасау).

Қазақстан «химиясының» құрылымы жетілмеген: онда полимерлік химияға карағанда негізгі химияның үлесі басым. Фармацевтика өнеркәсібі негізінен алғанда жаңадан құрылуда.

 Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған» - цышцыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдың тыңайтқыштар өндірісі ұстап тұр.

Күкірт қышқылын «кышқылдардың кышқылы», химия өнеркәсібінің «наны» деп атайды. Ол басқа қышқылдар, химиялық косылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін кажет. Бұл өте белсенді, кауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар кажет). Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жақын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялык факторларда (күкірт газын ұстап калу) маңызды.

Қышқыл алу  үшін күкірт пен су кажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің құрамында болады. Күкірт қышқылын: 1)ауыр металдардың металлургияльщ орталықтарында (Жезказған, Балкаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау); 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады . Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде -тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен қолданылады. Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз. Біздің еліміздегі оның өнімдерін негізгі тұтынушылар - түсті металлургия, тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде -АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбританияның кәсіпорындары.

Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр энергиясын жұмсап, фосфориттен алады. Біздің елімізде фосфорит коры жөнінен Ақтөбе, әсіресе, Қаратау алаптары ерекшеленеді. Бірақ, энергияны көп қажет етуіне байланысты фосфорды Батыста емес, бұл үшін Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетикалық) каучук сияқты конструкцияльщ материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың ор-нын алмастыра алады. Өндіруге кажетті фосфор қышқылынан өңдейді.

Ауыл шаруашылығына  әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералды тыңайтқыштар кажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бүл - материалды көп кажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп үсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады. Алынған үнға күкірт қышқылын косу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Құрамында «фосфордың қос үлесі» болғандықтан, ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат). Ақтау мен Степногорда фосфорлы уран кендерін кешенді өңдеу арқылы фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады.

Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болатындықтан оның өндірісін кез келген жерге орналастыруға болады. Ал сутегін алу көзі - табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар.

Қазақстанда бұл  саланың «жоғарғы өндіріс кабаттары» көбірек дамыған, полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шы-ғарылмайды. Сондықтан, шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия - кешенінің әлсіз тұсы болып есептеледі. Оның химиялық өнім құнындағы үлесі (10%) экономикалық дамыған елдерге қарағанда 5-6 есе аз.

Полимерлер  алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол  себепті, олардың өндірісі сумен  және электр энергиясымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау мен Атырауда 2 пластмасса зауыты бар. Әзірге олар тасылып әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді. Ақтау зауыты полистирол, ал Атырау зауыты -полиэтилен мен полипропилен шығарады.

Информация о работе Өңдеуші өнеркәсіп салалары