Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2015 в 02:58, курсовая работа

Описание работы

Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті

Файлы: 1 файл

Дип.-Бюджет-жүйесі-және-бюжет-құрылымы.doc

— 635.50 Кб (Скачать файл)

   төтенше мемлекеттік  бюджеттің атқарылуына бақылауды  жүзеге жүзеге асырады;

 бақылау іс-шараларының  қорытындылары бойынша қабылданған  шешімдердің орындалуын бақылауды  жүзеге асырады;

 Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;

 жергілікті бюджеттердің  жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды;

 республикалық бюджеттің  атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды;

 тиісті қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңды іске асыру туралы  қаулы қабылдайды;

 қарыз алуды жүзеге  асырады;

 шикізат секторы ұйымдарының  тізбесін бекітеді;

 орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртібін айқындайды; салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды; мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттігі туралы шешімдер қабылдайды;Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың  мониторингі мен  оны басқару тәртібін айқындайды;мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін  айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық   активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің  тізбесін айқындайды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитінің өткізілуін қамтамасыз етеді; төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке - бюджеттік алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды; жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді; заттай нормаларды бекітеді; бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды; ішкі бақылау жүргізу тәртібін белгілейді; орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимитін бекітеді; жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті  органның құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді;

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді;

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді;

бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды;

мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;

бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды;

бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді;

жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;

республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;

бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;

 бюджеттік кредиттеуді  жоспарлау мен талдауды жүзеге  асырады;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді;

басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;

гранттарды тартуға басымдығы бар өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;

 бюджеттік инвестициялар  мен гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізеді;

 Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган:

 республикалық бюджетті  атқарады және жергілікті бюджеттердің  атқарылуына қызмет көрсетуді  жүзеге асырады;

 тиісті  қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы, бюджетке өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы заңдардың  жобаларын әзірлеуге қатысады;

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады;

 бюджетке түсетін түсімдерді  болжауға және мемлекеттік бюджетке  кірістердің түсуі саласындағы  мемлекеттік саясаттың мақсаттары  мен басымдықтарын айқындауға  қатысады;

 республикалық бюджеттің  түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;

 республикалық бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілеріне  рұқсаттар береді;

 мемлекеттік мекемелердің  азаматтық-құқықтық мәмілелерін  тіркеуді жүзеге асырады;

 мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;

 уақытша бос бюджеттік  ақшаны Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырады;

 банктік шоттардан  шетел валютасын қайта айырбастау  тәртібін айқындайды;

 осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;

 бюджетті атқару жөніндегі  орталық уәкілетті органда мемлекеттік  мекемелердің шоттарын ашу, жабу  және жүргізу тәртібін айқындайды;

 бюджеттік есепке алуды  жүргізу тәртібін айқындайды;

 есептілік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды;

 Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады, тіркейді, өтейді және оларға  қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың  ұйымдастырылған рыногында өзі  шығарған мемлекеттік эмиссиялық  бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;

 мемлекеттік емес қарыздардың  мемлекеттік кепілдіктері бойынша  міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз  етеді;

 бюджет қаражатын игеру  мониторингін жүзеге асырады;

 республикалық бюджеттің  атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

 республикалық және  жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу, есептілік  жөніндегі әдістемелік басшылықты  жүзеге асырады;

 Қазақстан Республикасы  Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді;

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерді  конкурстық негізде айқындайды және оларға уәкілеттік береді;

 республикалық бюджет  қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет көрсетілуін және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;

 Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан 

(облыстық маңызы бар  қала) мәслихатының құзыреті

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:

 жергілікті бюджетті  және оның атқарылуы туралы жылдық есепті бекітеді;

 жергілікті бюджеттің  атқарылуын сыртқы бақылауды  жүзеге асыратын мәслихаттың  тексеру комиссиясын сайлайды;

 жергілікті бюджеттің  атқарылуына сыртқы бақылау жүргізу  туралы есептерді қарайды;

 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Облыс, республикалық  маңызы бар қала, астана, аудан            

             (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің  құзыреті

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі:

 жергілікті бюджет  жобасын әзірлейді және оны  мәслихатқа табыс етеді;

 жергілікті бюджеттің  атқарылуын қамтамасыз етеді  және мәслихатқа оның атқарылуы  туралы жылдық есепті табыс  етеді;

 тиісті қаржы жылына  арналған жергілікті бюджет туралы  жергілікті өкілді органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;

 жергілікті атқарушы  органның орта мерзімді фискалдық  саясатын бекітеді;

 экономикалық, бюджеттік  жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі  жергілікті уәкілетті органдарды  құрады;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;

осы Кодексте көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспарын бекітеді;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3.4 Мелмекеттік бюджет есебінен берілетін несие саясаты

Бюджеттік кредит – бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бөлінетін ақша. Бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру,  пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс. Кредиттік шарт – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және  қарыз алушы арасындағы келісім.  

Бюджеттік кредиттер: орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға; мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін іске асыруға; облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға; мемлекеттің жүз процент қатысуымен    қаржы агенттіктерінің (бұдан әрі – қаржы агенттіктері) мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталады.

 Бюджеттік кредиттер  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық және (немесе) жергілікті  бюджеттік бағдарламаларда көзделген  бағыттар бойынша және сомалар  шегінде беріледі.

 Бюджеттік кредиттер  заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына  қатысу мақсаттарына, қарыз алушының  шаруашылық қызметінің залалдарын  жабуына, көрсетілетін қызметтер  үшін сенім білдірілген тұлғаларға (агенттерге) ақы төлеуге берілмейді.   

Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

1) салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер бойынша берешегінің  болмауы;

2) қарыз алушының бюджеттік  кредит бойынша міндеттемелерді  орындауды қамтамасыз ететін  жағдайының болуы;

3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің  болмауы.

Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының орта мерзімдік фискалдық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредиттер беру мынадай принциптерге:

1) кредит шартына сәйкес  бюджеттік кредитті өтеу міндеттілігін  көздейтін қайтарымдылық принципіне;

2) міндеттемелердің орындалуын  Қазақстан Республикасының заңдарымен  белгіленген тәсілдермен қамтамасыз  ететін жағдайының болуын көздейтін  қамтамасыз етілу принципіне;

3) бюджеттік кредитті  бергені үшін қарыз алушыға  ақы төлеуін көздейтін ақылылық  принципіне;

4) бюджеттік кредитті  беру мерзімін белгілеуді көздейтін  мерзімділік принципіне сәйкес  жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредиттеу өлшемдері

Бюджеттік бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған жағдайда бюджеттік кредит беру арқылы іске асырылады:

1) орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық  даму жоспарына сәйкес келу;

2) іс-шараларды бюджеттік  кредиттеу арқылы іске асырудың  экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

Информация о работе Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы