«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)

- Өнімнің  өзіндік құнының төмендеуіне  елеулі әсер ете отырып, материалдық  ресурстарды ұнемдеу кәсіпорынның  қаржылық жағдайына да оңтайлы  әсер етті.

Айналым қорларын үнемдеу мен қолданудың экономикалық тиімділігін жетілдіру жоғары деңгейде, себебі олар өндіріс пен шаруашылық қызметтің барлық жақтарына оң әсерін тигізеді.

Әрбір кәсіпорында материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері бар. Резервтер деп қалыптасып келе жақтан немесе қалыптасқан, бірақ әлі де материалдық ресурстарды қолдануды жетілдіру бойынша қолданылмаған мүмкіндіктерді түсінуге болады (толығымен немесе жартылай).

Шаралардың сипатына байланысты өндірістегі ресурстарды үнемдеудің резервтерін жасаудың негізгі бағыттары өндірістік- техникалық және ұйымдық - экономикалық болып бөлінеді.

Өндірістік–техникалық бағыттарға шикізатты өндірістік тұтынуға сапалы дайындаумен байланысты шаралар, машиналардың құрылымын жетілдеру, шикізат пен оттының үнемді түрлерін колдану, екінші қолданыстағы   материалдық ресурстарды максималды мүмкін қолданумен өндірілетін бұйымдар өндіріс үрдісінде материалдық ресурстарды жоғалуы мен технологиялық  қалдықтардың максималды мнмкін азайтуын қамтамасыз ететін прогрессивті технология мен жаңа техниканы енгізумен байланысты шаралар жатады.

Материалдық ресурстарды үнемдеудің негізгі ұйымдастырушылық- экономикалық бағыттарына мыналар жатады: өндірістік өнімнің материал сыцымдылығын жоспарлау мен нормалаудың ғылымы деңғейін жоғарылатумен байланысты шаралар кешені, материалдық ресурстардың шығындаудың техникалық дәлелденген нормасы мен нормативтерін есептеу және енгізумен байланысты шаршлар және шикізттар мен материалдардың жаңа тиімдірек түрлері өндірісінің жеделтілген дамуынан тұратын прогрессивті пропорцияларды тұрақтандырумен байланысты кешінді шаралар.

Әрбір нақты кәсіпорындығы материалдық ресурстарды үнемдеу басты бағыты - жұмыс орындарындағы бірдей шикізат пен материалардан жасалатын дайын өнім көлемін жоғарылату. Ол өндірістің техникалық жабдықталуына, жұмысшылардың ұымдастырылу деңгейіне байланысты. Өндірістік үрдістегі жоғалтуларды қысқарту маңызды болып табылады. Бұл аркылы материалдық ресурстардың 15-20 үнемделуіне қол жеткізуге болады.

Айналым қаражаттарын басқаруда материалдық-өндірістік  қорларды бағалау әдісін дұрыс таңдау маңызды.Ол кәсіпорынның пайда деңгейіне әсер етеді.

Қорларды басқару саясаты «Адал АӨК» айналым қаражаттарын басқару саясатының бір бөлігі болып табылады. Ол қорлардың жалпы мөлшерін оңтайландырды, олардың құрылымын оңтайландыруды, және оларды өндіру бойынша шығындарды минимизациялауды білдіреді.

Қәсіпорынның жұмысының жоғары нәтижелігі, келісілгендігі тауарлық қорлардың оңтайлы мөлшеріне байланысты. Тауарлардың оңтайлы қоры деп көлемі мен ассортименті бойынша тұрғындардың сұранысына сәйкес келетін тауар мөлшерін, олардың берілген көлем мен ассортиментте минималды шығындармен үздіксіз өндірілуін атаймыз.        

Бөлшек сауда кәсіпорны бойынша тауарлық қорларды жоспарлау әрбір тауар және тауарлық топтар бойынша күндермен айналымдылық нормасын белгілеуден басталады. Жоспарлы қорлар бір күндік жоспарлы айналымды айналымдылық нормасына көбейту арқылы есептелінеді.

Қорлар нормасы келесі құрылымдық элементтер арқылы есептелінеді:

- Сауда  қоры нысандағы тауардың болу  уақыты;

- Тауарларды  қабылдауға, тексеруге және сатуға  қажетті уақыт;

- Тауардың  жолда болу уақыты;

- Жабдықталудың  бірқалыпсыздығына, орташа күндік  айналымды күндізгі айналымның  кезеңдерімен салыстырғандағы өзгерістерге, сонымен қатар сатып алушылардың, сұранысының өзгеруімен байланысты  құрылған кепілдік қор.

Айналым күндеріндегі сауда қорының нормасы екі бөліктен тұрады:

  • Сауда залында сатуға арналған тауарларды көрсету және сатып алушыларға жіберу үшін арналған қорлар. Бұл қордың мөлшері сатылатын тауарлар түрлерінің мөлшеріне, бір тұрдің орташа құнына және бір күндік тауар айналымға байланысты.

  • Келіп түсірулер кезеңі арасында үздіксіз сатылымды қамтамасыз етуге арналған қорлар. Оның көлемі бір партияда келетін тауарлар түрлерінің мөлшеріне және келіп түсірулер арасындағы интервалдарға байланысты.

Сауда қорының бірінші бөлімі келесідей есептелінеді. Сатуға арналған тауарлардың әрбір топтарының ассортименті түрлерінің мөлшерін олардың орташа құнына көбейту арқылы анықталады. Есептелінген қор мөлшеріне орташа күндік айналым мөлшеріндегі сауда залындағы минималды қорды қосады. Сауда қорының бірінші бөлімінің жалпы сомасын берілген тауарлар топтары бойынша орташа күндік айналымға бөледі.

Сауда қорының екінші бөлігі сатуға арналған тауарлардың келіп түсу жиілігіне және бір партиядағы бұйымдар түрлерінің орташа мөлшеріне байланысты әрбір тауарлар тобы бойынша жоспарланады. Есептеу келесі тәртіппен жүргізіледі: тауарлар тобы ассортименті мөлшерін бір партияда келіп түсетін бұйымдар түрінің орташа мөлшеріне бөлу жолымен ассортименттің толық жаңартылуына қажетті келіп түсетін тауарлар партиясының көлемі есептелінеді. Содан кейін есептелген көрсеткішті күндермен алынған келіп түсірілулердің орташа жиілігіне көбейтіледі.

Тауарларды қабылдауға, түсіруге, сапасын тексеруге, сатуға дайындау уақыты өткен кезең бойынша жұмыс тәжірибесі негізінде әрбір тауарлар тобы бойынша анықталады.

Кепілдік қор әрбір тауарлар тобы бойынша келесі көлемдерде бекітіледі: бір-бірін алмастыратын тауарлар бойынша – барлық сауда қорының 100-% дейін: басқа тауарлар бойынша – оның көлемінің 50% дейін.

Тауарлық қорлардың жолда болу уақыты әдетте басқа қала жабдықтаушыларынан тауарлар келіп түсірілгенде өткен 12 ай бойынша олардың қалдығы көлемінде есептелінеді.

Тауарлық қорлардың көлемі бөлек тауарлардың тобы бойынша емес, жалпы кәсіпорын бойынша анықталады.

Ақшалай нысандағы бөлек тауарлар тобы бойынша тауарлардың қорлар нормативі берілген тауарлар тобы бойынша жоспарлы орташа күндік айналымды осы тауарлық тобы бойынша күндермен берілген бекітілген қорлар нормасына көбейту арқылы анықталады.

Келесі сатыда бұл нормативтерді қосады, нәтижесінде барлық кәсіпорын бойынша жалпы тауар қорының нормативтік мөлшерін аламыз. Соңында барлық кәсіпорын бойынша тауар қорының нормасы есептелінеді. Күндермен берілген тауарлардың орташа қор нормасы тауар қорының жалпы сомасын орташа күндік айналымға бөлу арқылы есептелінеді.

 

3.3 Дамыған шетелдердегі фирманы дамыту тәжірибесі және олардың Қазақстан жағдайында қолданылуы

 

Қазіргі уақытта Қазақстанның алдында шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі тұр. Бұл келесі себептерге байланысты:

  • ұзақ мерзімді перспективадағы экономиканың өсу қарқынының тұрақтандырылуын қамтамасыз етудің қажеттілігі, ол елдің өндіріс құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесінің төменділігіне байланысты – шамамен 14 пайыз, ал бұл көрсеткіш Шығыс Еуропа елдерінде – 35-45 пайыз, дамыған елдерде – 50-60 пайыз. Бұл Қазақстандағы даму потенциалына сәйкес келмейді. Ішкі нарықта импорттық тауарлар басым, ал көптеген ірі кәсіпорындар жинақтаушы, қосымша бөлшектер мен материалдарды, елдің ішкі қолайлы жағдай немесе сәйкес өндіріс бола тұруына қарамастан шет елдерден әкеледі. Венгрияда өнім өндіру және қызмет көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты шағын кәсіпорындар арасында тендерлік негізде субподряд бойынша бөлудің жүйесі жұмыс істейді;

  • дамыған елдерде әдетте экономикадағы жұмысбастылардың негізгі көлемі шағын және орта бизнесте жұмыс істейді, яғни бұл біздің елдегі жұмыссыздық сияқты актуальды мәселені шешудің бір жолы. Елімізде жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне қарамастан шағын және орта бизнестегі жұмысбастылардың үлесі шамамен 19,7 пайыз (1,4 млн.адам) құрайды, ал Шығыс Европа елдерінде бұл көрсеткіш – шамамен 40 – 60 пайыз, ал дамыған елдерде – 90 пайыздан аса, оның ішінде шағын бизнестегі жұмысбастылар 50-60 пайыз;

  • экономиканың аймақтық аспектісінің дамуының біркелкі болмауы, орта және шағын қалалардың күйзелісімен түсіндіріледі. Жекелеген ауыл аймақтардағы жұмыссыздық деңгейі 30-50 пайыздыды құрайды;

  • Қазақстан экономикасының шикізатқа бағытталуы, оның құрылымындағы ірі кәсіпорындардың басым болуы және шағын, орта бизнестің дамымағандығы экономика дамуын төмендетуде;

  • қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылықтық негізі ретінде орта класты қалыптастыру және нарықтық реформалардың әлеуметтік базасын кеңейту мақсатында барлық халыққа нарықтық трансформация нәтижелерін таратудың қажеттілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижесін халықтың тек аздаған бөлігі ғана қолданады.

Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.

АҚШ шағын бизнес басқармасының сыныптамасы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін – жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.

АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97 пайызына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53 пайызына, көтерме сауданың 64 пайызына, бөлшек сауданың 72 пайызына, қызмет саласының 57 пайызына ие болып отыр.

Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ сауда министрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25 пайызға дейін үлес қосады.

АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әртүрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгресінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы – шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.

АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсаында бірнеше бағдарлама жасады.

Жапониялық шағын және орта бизнес.

Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.

Жапонияда шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55 пайызы, көтерме сауданың 60 пайызы, бөлшек сауданың 80 %-ы тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты – ерекшелігі – басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73 %-ына ие болып отыр.

Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.

1995 жылы Ресей Федерациясыда  «Шағын және орта бинесті мемлекеттік  қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған  кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс  салығын төлеуден босатылады. Шағын  бизнесті қолдаудың Федералдық  Қоры арқылы әр түрлі жобалар  қаржыландырылады. Бұл қорға федералдық  меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден  түсетін қаржының 5 пайызы келіп  түседі. Федералдық Қор арқылы  шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру  жүйесі екі қағидаға негізделген:

  • Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек;

  • қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлікті қаржыландырады.

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау