«Қобыланды батыр» жыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 17:59, реферат

Описание работы

Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды

Файлы: 1 файл

халық ауыз әдебиеті срсп.docx

— 153.45 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау ісі қазақстанда ғылым академиясының филиалы (1946 жылдан бастап қазақ ССР ғылым академиясы) қүрылғаннан кейін күшейе түседі. ғылым академиясы жыл^сайын жер-жерге экспедициялар шығарып, халық әдебиетін жинатып отырады. Және де осы материалдардан бірнеше жинақтар қүрастырып шығарды. Мысалы: Казақстан Республикасы Үлттық шлым акаде-миясының Мүхтар әуезов атындағы әдебиет және өнер ин-ститутының қолжазба қорына жиналған ауыз әдебисті материалдарынан 1958—1973 жылдар арасында үлкенді-кішілі 23 том қүрастырылып жарияланады. Бұлардың ішінде: “Батырлар жыры” (үш том және орысшасы бір том), “қазақ ертегілері” (үш том және орысшасы үш том), “Айтыс” (үш том), “қазақтың мақал-мәтелдері”, “Шешендік сөздер” бар еді. Және бүларға қоса әрқайсысы бірнеше вариантымен “қыз Жібек”, “қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “қамбар батыр”, “Алпамыс”, “КөрүғЫлы” сияқты жырлар т. б. жарық көрді. Үлы Отан соғысына дейін эпостық жырларымыздың баспа жүзіне шыққаны он шақты ғана еді (“Алпамыс”, “қобыланды”, “қамбар”, “Ер Тарғын”, “қыз Жібек”, “қозы Көрпеш-Баян сүлу”, “Айман-Шолпан”, “Бекет” т. б.). Осыған қарап “қазақтың эпостық жырлары сан жағынан аз дүние екен” деушілер де болды. Ал қазіргі күнде бір ғана өнер институтының қолжазба қорында жүз сексеннен астам батырлар жыры, қырық шақты тарихи жыр, елеуден аса лиро-эпос сақтаулы тұр. Кейбір жырдың варианты да көп. 

 

 

  Мәселен, “қобыландының” 26, “Көрұғылының” 30 варианты І бар. Сондай-ақ, жырлардың көлемі де әр түрлі. Кейбір^ жыр бес жүз жолдық болса, енді біреулері он бес мың жолға жетеді. <“қобыланды батырдың” Мергенбай айтуын-дағы нұсқасы мен Нұрпейістің жырлаған варианты әрқайсысы он мың жолдан асады). 

Бұл келтірілген фактілер кеңестік дәуірде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау жұмыстарының жемісті түрде жүргізіліп отырғанын көрсетеді. 

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі шын мәнінде дәүірде колға алынып, ғылыми жолға қойылды. Бұл кезде ауыз әдебиетін зерттейтін — фольклористика деп аталатын — ғылым қалыптасты, фольклорист ғалымдар қатары өсіп келеді. Осының нәтижесінде жалпы қазақ ауыз. әдебиетінің және оның жеке түрлерінің туу, қалыптасып даму тарихы жайында ]’ газет-журналдық мақалалар, үлкен гылыми зерттеулер (монографиялар, кандидаттық, докторлық диссертациялар, мек-’ теп пен жогары оқу орындарына арналған оқулықтар т. б.) жазылып, баспа жүзіне жариялануда. қазақстан Респуб-! ликасы Үлттық ғылым академиясы шығарған “қазақ] әдебиетінің тарихы” дейтін күрделі еңбектің бірінші томы] (екі кітап) ауыз әдебиетіне арналады. 

Әрине, қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі кеңестік дәуірде | жүзегс асты деуімізбен бұл салада революцияға дейіні жүргізілген ж^мыстарды жоққа шығармаймыз. Революцияға дейін қазақ ауыз әдебиеті жайында жазылған монографиялық зерттеулер болмаса да, бірен-сарандап айтылған пікірлер болатын. Бұл жөнінде жоғарыда атап өткеніміздей, Ш.Уәлихановтың, В. Радлов пен Г. Потаниннің, И. Фалев, пен П. Мелиоранскийдің т. б. ғалымдар мен ағартушылардың | жалпы қазақ фольклоры туралы және оның кейбір жанрлары! жайында айтқандары да бар еді. Мұндай пікірлер, әрине,; үлкен ғылыми зерттеу еңбектерінің міндеттерін атқармасаі да, қазақ фольклорының тарихи даму жолдарын, әдебиеттікі және қоғамдық маңызын, көркемдік сипаты мен ерекшелігін| түсіну, оның сырын ұғыну жөнінде айтарлықтай мәнді екенін естен шығармаймыз. Және де бұл пікірлер кеңестік дәуірде қалыптасқан қазақ фольклористикасы үшін қымбат та қүнды болғанын білеміз.  

Бұл дәуірдегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму, өсу жолын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 

Бірінші кезең — 20—30-жылдар арасы. 

Екінші кезең — соғыс жылдары. 

Ушінші кезең — Үлы Отан соғысынан кейінгі жылдар. 

20-жылдардың бас кезінде-ақ қазақ  халқының ауыз әдебиеті жайында  мзселелер көтеріліп, фольклор туралы  газет-журналдарда үлкенді-кішілі  мақалалар жариялана ба-стайды. Бұл  мақалаларда қазақ фольклорын  жинау, зерттеу, бағалау хақында  көптеген пікірлер айтылады. Мүның  өзі казақ фольклористикасының  яғни ауыз әдебиетін зерттейтін  ғылымының тууына негіз салады.  

Алғашқы қадамы қазақ ауыз әдебиеті туралы жазылған кіші-гірім мақала-заметкалардан басталган қазақ фолькло-ристикасы идеология майдандарында шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихи және қоғамдық ролі жайында көтерілген мәеелелерге белсене араласу негізінде дүниеге келеді. Идеологиялық күрестердің негізінде туып қалыптаса бастаған қазақ фольклористикасы 20-жылдардың бас кезінде-ақ ауыз әдебиеті жөнінде бірнеше мәселелер көтереді. Солардың ішінде оның ерекше көңіл бөлгені: ескі мәдени мүраны игеру және ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу мәселесі болэды.

Сәбит Мұқанов “қазақ әдебиеті әм Ыбырай” деген тақырыпта мақала жазып, оны “қызыл қазақстан” журна-лының 1924 жылы шыққан 7-9 сандарында жариялайды. Сәбит осы мақаласшща ауыз әдебиетін, ән мен күйді халық арасынан шыққан, еңбекші халықтың түрмыс-тіршілігін, оның өмірін жақсы білетін адамдар тудырады дейді. Осы ретте Сәбит халық әдебиетінің ең көрнекті өкілдері деп Орымбай, Шөже, Арыстанбай, Шал, Тоғжан, Біржан, Нүркей, Ақан, Ыбырай сияқты ақын, жыршы, әншілерді атайды, олардың шығармаларын жинау, жарыққа шығару жайлы мәселе көтереді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. "Қазақ Энциклопедиясы"
    2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
    3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
    4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

 

 


Информация о работе «Қобыланды батыр» жыры