Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:42, реферат

Описание работы

Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 38.26 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан Республикасының  халықаралық  шарттарын жасау, орындау  және денонсациялау тәртібі туралы» заң күшіне ие Жарлығына сәйкес шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын: 1. Қазақстан Республикасының атынан (мемлекетаралық шарт); 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан (үкіметаралық шарт); 3. Министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдар атынан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдар атынан (ведомствоаралық шарт) жасалады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдары атынан жасалады.

Егер де Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттарының  түрлері және де олардың жасау, орындау, күшін жою тәртібі Қазақстан  Республикасының Президентінің 1995 жылғы 12-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарын жасау, орындау  және денонсациялау тәртібі туралы»  заң күшіне ие Жарлығы мен реттелсе, 1996 жылы 9 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау мәселелері туралы» №2940 Жарлығымен (07.05.04ж. №1361 ҚР Президентінің Жарлығымен өзгертулер енгізілген) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру ережесi» (бұдан былай Ереже) бекітілді. Жарлық мәтінінде ол «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының бірлігін қамтамасыз ету, халықаралық шарттар мен келісушіліктердің, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іс жүзінде іске асыруды бақылауды күшейту және оларды орындаудың біртұтас тәртібін орнату» шығарылғаны жазылған.

Ережеде «жоғары  және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтар» ұғымы халықаралық-құқықтық сипаты жоқ мынадай құжаттарда белгiленген мiндеттемелер мен өзара түсiнiстiктi бiлдiредi:

Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының шет елдерге сапарлары мен  шетелдiк делегациялардың Қазақстан  Республикасына осы тектес деңгейдегi сапарлары кезiнде қабылданған  бiрлескен мәлiмдемелерi, декларациялары, коммюникелерi мен басқа да құжаттары;

Қазақстан Республикасының  Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бiрлескен құжаттар;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кездесулерi мен келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған хаттамалар, меморандумдар, ноталар, хаттар мен тапсырмалар;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының шет елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, шетел компаниялары мен фирмаларының басшыларына жеке жолдаулары және хаттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7-сәуірдегі  №1361 заң күшіне ие жарлығына сай  Ереже «Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық  ұйымдардың шешімі» түсінігіне құрылтай құжаттарына көрсетілген тәртіппен  қабылданған халықаралық ұйымдардың шешімі түсіндіріледі» деген 3-1 тармақпен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының  Үкiметi қажет болған жағдайда, бiрақ  кемiнде жарты жылда бiр рет  жоғары деңгейде қол қойылған мемлекетаралық шарттарды жүзеге асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты даярлайды және оларды әрi қарай орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. Бақылаудан алып тастауды не iс-шаралар жоспарын орындауды жұмыс барысындағы бақылауға көшiрудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған ретте оның мiндетiн атқарушы адам жүзеге асырады.

Конституцияның 54-бабының 7-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі  — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта  өз кезегімен қарау арқылы халықаралық  шарттарын ратификациялау мен денонсациялау  құқығын береді.

Кей елдерде ратификация  өзінен өзі ұлттық құқыққа белгілі  бір өзгерістер енгізбейді, себебі ратификациялау актілері мен  оған заң күшін беру бір бірінен ажыратылған (Франция, Италия, Бельгия және т.б.). Басқа елдерде конвенцияны ратификациялау фактісі конвенцияны автоматты түрде ішкі құқықтың бір бөлігі етеді (Аргентина, Мексика және т.б.). Алайда екі жағдайда да арнайы заңдық актінің қабылдануын қажет етуі мүмкін. Бұл ішкі құқыққа өздері орындалмайтын, яғни ұлттық заңнамаға енгеннен кейін тиімді әрекет ету үшін оларды жүзеге асыратын арнайы шараларды қабылдауды талап ететін.халықаралық нормалар енгенде ғана жүргізіледі.

Жалпысаяси сипаттағы  нысандағы ұйымдасқан құқықтық шаралар  жүргізумен (жаңа органдардың  құрылуы, заңдық актілердің және т.б. қабылдануы) байланысты емес шарттар туралы сөз қозғалғанда шарттың орындалуы жөніндегі арнайы мемлекетішілік актінің қабылдануы қажет етілмейді.

Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарын жасау, орындау  және денонсациялау тәртібі туралы»  Жарлығы Конституцияның халықаралық  шарттарды ратификациялау туралы ережелерін одан әрі дамыта отырып, 10-баптың 1-тармағында:«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялауды Қазақстан Республикасының Парламенті іске асырады» деп көрсетті. 14-бап ратификацияның екі сатысын көрсетеді: 14-баптың 1-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау, Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұсынылған халықаралық шарттарды қарастыру және соған сәйкесінше заң қабылдау құқығын береді. 2-тармағы ратификацияланған грамотаға Қазақстан Республикасының Президентінің қол қоюын қарастырады.

Құқық нормасы —  бірнеше реттік әрекет ережесі. Сондықтан  жат нормалар егеменді ұлттық құқықтық жүйеге бейімделіп, оның құрамдас бөлігі болу үшін, басқалармен сәйкес болу үшін мемлекеттің қолдауына ие болуы тиіс. Басқа қоғамдық қатынастардан тыс жеке реттелетін қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, тәжірибеде екінші нормалармен келісілмеген бір норманың қолдану мүмкін емес. Сондықтан да халықаралық-құқықтық ереже оның орындалуы мемлекетішілік қатынастарда қажет болғанда ғана ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуі тиіс /15, 65б./. Басқаша айтқанда, барлық құқықтық жүйе, барлық нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы, соның ішінде ұлттық құқықтық жүйеге енгізілген халықаралық құқықтың  нормалары үйлесімді түрде бірге жұмыс жасауы керек. Тек сонда  ғана «заңдар соғысынан» немесе көбіне кездесіп отыратын «заңға тәуелді актілердің агрессиясынан» (егер соғыс терминологиясын қолданса)  құтылуға болады.

Халықаралық конвенция  ережелерінің маңызды бөлігін өз бетінен орындалмайтын нормалар құрайды. Оны келесі сөз тіркестері көрсетеді: «мүше-мемлекеттер міндетті», «мемлекеттер шара қолданады» және т.б. Халықаралық құқық ғылымында қалыптасқан пікірлер бойынша мемлекеттің сот және басқа да органдары қызметінде осындай нормаларды қолдануы үшін халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға алдын ала имплементациялау қажет. Осыған байланысты С.В.Поленина құқыққолданушы органдар өз бетінен орындалмайтын конвенциялар ережелеріне сілтеме жасай ала ма және, ең бастысы, халықаралық конвенцияның өз бетінен орындалмайтын ережелері ұлттық заңнама нормалары алдында басымдықты пайдаланады ма деген сұрақтарды қояды. Жасап отырған алдау нәтижесі халықаралық-құқықтық құжатты мемлекеттің ресми тануға қатысты арнайы шараларды жүзеге асырмай-ақ халықаралық құқық нормаларын іске асыруы мүмкін екендігін көрсетеді және жоғарыда аталып өткендей, бұл көбінесе инкорпорация мен рецепция дәрежесінде болуы мүмкін.

Заңнамада «тікелей»  қолдану туралы, халықаралық құқық  нормасының «тікелей» әрекеті туралы жиі айтылады. Мысалы Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 3-бабының 8-тармағында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы  Кодекстің кеңістікте қолданылуының өзгеше ережелері белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет  екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады».

Нормалардың бір – біріне қайшы келуі және келіспеуі құқықтық реттеудің бұзылуына әкеліп соғады және соған орай оның тиімділігін ел көлемінде ғана емес, халықаралық құқық тәртібінде де төмендетеді. Заңгер-практиктерге жиі өзгеріп отыратын заңнаманың кей тұстарын көру қиынға соғады, ал кейбір жаңа нормативтік құқықтық актінің (әсіресе, заңға сәйкес актілер) пайда болу сәтін байқап та үлгермейді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес келмейтін  халықаралық шарттардың ратификациялануының  мүмкіндігі әбден аз десе де болады. Себебі Негізгі Заңда халықаралық-құқықтық қызметтің негізділігі мен оның дәлдігіне жауап беретін мемлекеттік органдардың шегі көрсетілген.

1995-жылы 30 тамызда  Конституция қабылданғаннан бастап  Парламент өз жұмысын бастағанға дейін 1995-жылдың 6 қыркүйегіндегі «1995-жылы 30 тамызда өткен референдумда Конституция қабылдануы байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін қамтамасыз ету және Республиканың халықаралық шарттық міндеттемелерін орындау бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес бірінші шақырылымдағы Республика Парламентінің бірінші сессиясы өз жұмысын бастағанға дейін Қазақстан Президенті мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттіліктерді жүзеге асырды. Олардың ішінде, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Бас Прокурорын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын лауазымдарына тағайындау, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасын, Жоғары Сот алқаларының төрағаларын, судьяларын лауазымына тағайындау мен оларды лауазымынан босату, Республиканың Конституциялық Сотының Төмен судьяларын, Республиканың Жоғары Арбитраждық Сотының Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарлары мен хатшысын, мүшелерін лауазымына тағайындау мен оларды лауазымдарынан босату, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен соттарының судьяларын қолсұқпаушылығынан айыру және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау бар.

Халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігіне кепіл болатын, оларды «сүзгіден» өткізетін Парламент мен Конституциялық Кеңес бар. 54-баптың 1-тармағына сәйкес «Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы 1) заңдар қабылдайды, …7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

Конституциялық  Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 2-тармақшасы); Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 3-тармақшасы); Бұл жағдайда Конституцияның 73-бабының 2-тармағына сәйкес «тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады». Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде өз шешiмiн шығарады. Егер мәселе кейiнге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне енгiзiлмейдi (74-бап, 1-тармақ).

Егер Республика Конституциясына қайшы келетін  халықаралық шарт ратификацияланып қойған болса, соның нәтижесінде  белгілі бір қайшылықтар туындаса, Конституцияны қорғауға үшінші билік — сот билігі шығады. Ол Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады (76-бап, 2-тармақ). Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады (76-бап, 2-тармақ). Соттардың

Халықаралық құқық  барлық жағдайда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан бұлтарыссыз, сөзсіз басымдығын талап етпейді. Әрбір мемлекет өзі үшін халықаралық құқық пен өзінің ұлттық құқығы арақатынасының деңгейін, тәртібін, нысанын орнатады. Міне осы жағдайда мемлекеттің егемендігі көрінеді. Дегенмен, халықаралық шартқа кіргеннен кейін, өзіне белгілі бір міндеттерді ала отырып (барлық шарт бойынша немесе бір бөлігі бойынша), мемлекет оларды адал орындауға міндетті. Міне осыдан мемлекеттің халықаралық аренадағы өркениетті тәртібі көрінеді.

Осылай, Қазақстан  Республикасының Конституциясы  жеткілікті мөлшерде Қазақстан Республикасында  халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді және сыртқы жағымсыз әсерлерді жоюға кепілдік береді.

Информация о работе Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар