Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:42, реферат

Описание работы

Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 38.26 Кб (Скачать файл)

Қазақстанның  үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар

Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық  құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.

Конституция елдің  негізгі заңы ретінде елдің мемлекеттік-құқықтық өмірінің барлық аспектілерін, соның ішінде халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет ішінде орындалуын анықтайтын құжаттың кілті болып саналады. Бұл Конституцияның мемлекет қызметінің негізін реттеудегі ерекше орнынан және оның халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкестігінен көрінеді. отырады, оның халықаралық құқық нормаларымен және қағидаларымен сәйкестенуінде бұл рөл ерекше орын алады. Бұның маңыздылығын біздің еліміздің азаматтары да мойындайды. Конституция жай ғана мемлекеттің халықаралық шарттарға қатысты ниетін көрсетіп қоймайды, олардың орындалуына нақты нұсқаулар мен кепілдік береді. Сонымен бірге, халықаралық нормаларының ұлттық құқық жүйесіне ену тәртібін анықтайды, оның заңдық шегін де қарастырады.

Осы белгіге сәйкес ғалымдар мемлекеттердің негізгі үш басты тобын көрсетеді:

Бірінші топта халықаралық шарттар сол мемлекеттің ұлттық құқығымен тең деңгейде қолданылатын мемлекеттер (АҚШ, Франция, Швейцария және т.б.).

Екінші топтағы  мемлекеттерде халықаралық және ұлттық заңнама және басты соттық тәжірибе қатаң түрде халықаралық және мемлекетішілік құқықтың аражігін айырады (Англия, Ұлыбритания басқарып ортырған Достастық қатарындағы мемлекеттер).

Үшінші топта  жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мемлекеттік құқықтан жоғары тұрады (ГФР, Италия) /1,15 бет/. Мысалы: ГФР Конституциясында мынадай ережелер бар: «Халықаралық құқықтың жалпы нормалары федерация құқығының құрамдық бөлігі болып табылады. Олар заң алдында артықшылыққа ие және федералды аумақтың тұрғындары үшiн құқық және мiндеттердi тiкелей тудырады».

Қазақстан кеңестік дәуірде халықаралық қатынастардың  дербес субъектісі болмаған, алайда республикада Сыртқы істер министрлігі болды, ал КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 80-бабы мен ҚазКСР-дың 1978 жылғы Конституциясының 71-бабы ҚазКСР-ға шетелдік мемлекеттермен қатынастарға түсуге, олармен келісімге отыруға және дипломатиялық және консулдық өкілдермен алмасуға, халықаралық ұйымның қызметіне қатысуға құқық берген болатын. Барлық кеңестік республикалар ішінен БҰҰ-на мүше болу мен халықаралық аренаға дербес шығу құқығы шын мәнінде 1944 жылы 1 ақпаннан тек Белорусь және Украина Кеңес Социалистік Республикасына тиесілі болды. Кеңестік Одақ құрамында Қазақстан объективті түрде ондай халықаралық құқық субъектісі деген мәртебеге ие бола алмады, себебі ол тек федеративтік мемлекет ішінде ғана республика мәртебесін иеленді. Жекелеген халықаралық қызметтің болмауы кеңестік биліктің саяси ықпалымен түсіндірілмейді. Сонымен қатар, кеңесті Одаққа қарсы күштеп тұратын әлемдік қауымдастықтың қарсыласуымен де байланысты. КСРО-ң барлық он бес мүшесінің және осы мемлекеттердің Ұлттар Лигасына немесе басқада халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысуы социализм күшінің басым жағдай жасауына алып келуі мүмкін еді. Соған орай ҚазКСР және Одақтың басқа да республикалары сыртқы саяси қызметте дербес бола алмады және КСРО Конституциясында айқындалған ішкі мақсаттарды, міндеттерді және қағидаларды басшылық етіп отырды.

Барлық халықаралық  міндеттерді мемлекет толықтай өз мойнына  алып отырды, бұл жүкті жекелеген  республикаларға артпады. Егер колониядан босаған африкалық мемлекеттерге өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін әділетсіз халықаралық шарттарды денонсациялап, жою маңызды рөл атқарса, 1990-жылдары тәуелсіздік алған бұрынғы посткеңестік республикаларға, соның ішінде Қазақстанға мұндай қадам жасаудың қажеті болмады, себебі республика Кеңес Одағының құрамында және қорғауында болды. Сондықтан «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында көрсетілген мемлекеттің дамуының стратегиялық міндеттері постколониялық елдердің әлемдік тәжірибелеріне қарағанда мүлдем басқа болды және Ұлы держава құлағаннан кейін Қазақстанда орын алған саяси-экономикалық жағдай көрсетілді. Алайда бұрынғы одақтас республикалардың да ұлттық егемендігінің толықтай құрылуы өте қиын жағдайда жүріп жатты.

Қазақстандық конституционализмнің қалыптасуы әлемдік тәжірибенің  негізінде жүріп жатты. Конституцияны дайындағандардың мойындауы бойынша, әлемдік тәжірибенің барлық жақсы жақтары алынды. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «бостандық сөзінен туындаған эйфория жағдайы» /4/ немесе В.И.Гойманның айтуынша «заңшығарушы романтизм» /5/ 1993 жылғы Конституцияның жасалуына әкелді, алайда бұл Конституцияның мазмұны елдегі объективті дамып  жатқан экономикалық және саяси-құқықтық жағдайдың үрдісін толықтай көрсете алмады. Сондықтан жасаушылардың пікірінше мемлекеттің нысаны мен тиісті құқықтық жүйеге сай келетін 1995 жылғы екінші Конституция қабылданды.

1993 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституцияны қабылдауынан бастапқы кезең. Төртінші кезеңнің конституциялық заңнамасының қалыптасуы  1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты. Бұл кезең, ғалымның айтуынша, әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Белгілі ғалымдардың  ұлттық құқықтық жүйені кезеңге бөлу мәселесіне аса назар аударуы  оның қиын екенін және оны дамытудың  бір мәнді еместіктерін, соған қоса оның қалыптасуы мен әбден жетілдіруінің мәселелеріне әртүрлі жолдардың бар екендігін куәландырады. Жалпы жоғарыда келтірілген кезеңге бөлудің екеуінің де өмір сүруге толық құқығы бар және халықаралық құқықпен тығыз байланысты қазіргі ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан басталатындығын құжаттар куәландырады . Алайда 1990 жылдың 25- қазанындағы «ҚазКСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» 14-тармағында Қазақ КСР өзін өз мүддесі аясында сыртқы саясатты айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың қызметіне, оныңішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелеріне қатысуға құқығы бар халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде жариялаған. Мұнда негізінен мемлекеттің экономикалық егемендігі жарияланды. Соған сай республика еркіндік және теңдік қағидаларын ұстана отырып, тиімді шарттар негізінде шетел мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын құрып, өзінің сыртқы экономикалық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

Осылай Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.

Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық  қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.

Қазақстан өз егемендігін  алған сәттен бастап, қайнар көзіне қарамастан, халықаралық міндеттемелерді  сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей сипаттағы халықаралық әдет-ғұрыптық нормаға сай қызмет етті.

Тәуелсіз Қазақстанның 1993-жылғы алғашқы Конституциясы  қабылданғанға дейін көптеген өзгертулер мен толықтырулармен әрекет еткен 1978-жылғы ҚазКСР Конституциясына 1991 жылдың 21-тамызы мен 20-қарашасында мемлекеттің халықаралық құқықтың легитимді қатысушысы болуға мүмкіндік беретін біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, 71-бапта ҚазКСР  шет мемлекеттерімен қатынасқа түсуге, олармен шарт жасасуға және дипломатиялық және консулдық  өкілдіктермен алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар екені көрсетілген.

Конституцияның 97-бабының  21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды». Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет» делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген «конституция алдындағы акт» болып саналды деп есептейді /8/.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.

Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық  құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы  туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған  құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.

«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі»  делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды  дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен  алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға  мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.

Көлемі үлкен  емес Конституциялық Заңның «Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы» делінген екінші тарауында 1948 жылғы  Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға  бірдей Декларацияның кейбір ережелері бекітілді. Мысалы, 6-бапта Қазақстан Республикасы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi ретінде барлық ұлттарының азаматтарына тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асыруға кепілдік береді. Қазақстан жалғыз егемендікті жеткізуші, мемлекеттік билікті жүргізуші тек қазақ емес барлық ұлттардың азаматтарына мемлекеттік биліктің өздері сайлайтын мемлкеттік органдар арқылы орындалуына кепілдік береді. Бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының азаматтыққа ие болу құқығы көзделген 15-бабына, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізу құқығы көрсетілген 21-бабына сай келеді. Бұл бапта сонымен бірге, діни сеніміне, қоғамдық ұйымдарға тиесілігіне, шығу тегіне қарамастан Қазақстан азаматтарына бірдей құқықтар берілетіндігіне кепілдік берілген. Бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 6-бабына (құқықсубъектілігін мойындатуға құқық), 18-бабына (ой пікірге, діни сенімге, ар ождан бостандығына құқығы) және т.б. сәйкес келеді.

Посткеңестік ғылыми жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының, мысалы Д.Г.Гусейноглының «Әзербайжанның  халықаралық құқықтық субъектілігі» атты еңбегінде, Г.Ш.Катамадзенің «Грузияның халықаралық құқықтық субъектілік негізі» деген диссертациясында КСРО құлауы нәтижесінде егемендік алған жас мемлекеттер КСРО-ға кіру нәтижесінде жоғалтып алған өздерінің мемлекеттігін қайта орнатты деп есептейді. Соған орай жас мемлекеттердің ең бірінші, өмірлік қажетті функциясы өздерінің тәуелсіздігін құрайтын мемлекеттік құқықтың негізін қалау болды. Қазақстанда осы процесс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің  тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды  саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы  Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда  адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.

1995 жылғы Конституцияда  «Адам және азамат» бөлімі  екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.

1993 жылғы Конституция  Қазақстан Республикасының бірден  бір заңшығарушы және жоғарғы өкілді органы деп Жоғары Кеңесті атап, парламенттік басқару нысанын жариялады. Жоғарғы Кеңестің  толық көлемдегі өкілеттігінен Конституцияның 64-бабының 18-тармағын атап өтуге болады, бұл тармақ осы мемлекеттік органға халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау құқығын берді. 130-бабы Конституцияны соттық қорғауды және оның үстемдігін қамтамасыз етуді Конституциялық Сотқа жүктеді, оның Республика Конституциясының халықаралық шарттар мен міндеттемелеріне сәйкестігі туралы талаптарды қарау өкілеттігі болды.

1995 жылғы Конституциясы  мен оны дамыту үшін қабылданған  заңнама халықаралық шарттарға,  Қазақстанда қабылданған құқықтық  нормалардың халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкестігі туралы көптеген ережелерді қамтиды. Шетелдік бай тәжірибе де есепке алынды. 1995 жылғы Конституцияның нұсқасын дайындаған, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған кеңес беруші-сараптамалық кеңес құрамына тек қазақстандық емес, сонымен қатар ресейлік және  шетелдік мамандар да қатысты. Олардың қатарында РФ Конституциясының авторларының бірі С.С.Алексеев, Франция Конституциялық Кеңесінің төрағасы Р.Дюма мен Франция Мемлекеттік Кеңесінің кеңесшісі Ж.Аттали бар.

Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі  басты трансформатор рөлін атқарады. Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.

4-баптың 3-тармағындаРеспублика  бекiткен халықаралық шарттардың  республика заңдарынан басымдығы  болады және халықаралық шарт  бойынша оны қолдану үшiн заң  шығару талап етiлетiн жағдайдан  басқа реттерде, тiкелей қолданылады деген ереже бекітілген.

1969 жылғы 29-мамырдағы  халықаралық  шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 2-бабы 1-тармағының в-тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттің халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше нысандары бар: ратификациялау, қабылдау, бекіту, қосылу.

Мемлекеттің халықаралық  шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие.

Информация о работе Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар