Белсенді туризм түрлері. Рекреациялық туризм

Доклад, 18 Сентября 2015, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Белсенді туризм: маршрут бойынша белсенді түрде яғни өз күшін жұмсап қозғалып өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады.
Рекреациялық туризм. Рекреациялық туризм мақсаты – адамның толыққанды демалысы және оның денсаулығын туризм арқылы қалпына келтіру болып табылады.

Файлы: 1 файл

Белсенді туризм түрлері.docx

— 18.54 Кб (Скачать файл)

Белсенді туризм түрлері. Рекреациялық туризм

Белсенді туризм: маршрут бойынша белсенді түрде яғни өз күшін жұмсап қозғалып өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады.

Рекреациялық туризм. Рекреациялық туризм мақсаты – адамның толыққанды демалысы және оның денсаулығын туризм арқылы қалпына келтіру болып табылады.

Рекреациялық туризм, әсіресе оның белсенді түрлері, адам ағадам ағзасына тиетін кері әсерін жояды немесе төмендетеді (гипокинезия, дұрыс тамақтанбау, стресс т.б.). Оған, біріншіден, бұлшық еттер қимылы септігін тигізеді. Екіншіден, денсаулыққа күнделікті қоршаған ортаның өзгеруі, табиғат, достарымен қатынас жасаудың өзі пайдалы болады. Осындай жағдайда физикалық ауыртпалық та оңай болып көрінеді. Үшіншіден табиғаттың рекреациялық ресурстарының өзі сауықтыру эффектіне ие: таза ауа мен су, күн, қарағай орманындағы фитонцидтер және т.б. Жорық кезіндегі ауа-су әсері шынығу үшін де пайдалы. Табиғи рекреациялық ортада адам иммунитеті шынығады, адам ағзасының ауруларды туғызатын микроорганизмдерге қарсыласу қабілеті жоғары болады. Туристерді сауықтыруға және олардың толыққанды демалысына, сонымен қатар, сапалы туристік қызмет; тамақтану, жұмыс пен демалыстың жүйелі режимы, салауатты диета өз септігін тигізеді. Сөйтіп, рекреациялық туризм сауықтыру факторларының кешеніне ие деп айтуға болады.

Рекреациялық туристік әрекеттердің мақсаттары мен міндеттерінескере тұра, рекреациялық туризм жүйесі ішінде төрт туристік іс-әрекет түрлерін атап шығуға болады: рекреациялық-көңіл көтеру (релаксациялық) туризм, рекреациялық-сауықтыру туризмі, рекреациялық-танымдық және рекреациялық-спорттық туризм. Рекреациялық-көңіл көтеру және         рекреациялық-сауықтыру (оның ішінде реабилитациялық) туризмін нағыз рекреациялық туризмнің өзі деп айтуға болады. Бұлардың басты мақсаты – толыққанды демалыс пен туристерді сауықтыру. Рекреациялық-көңіл көтеру туризмінде туристер күнделікті ортадан аулақ болып, оң әсер тигізетін табиғи әдемі ортаға сүңгиді. Мысалы, теңіз курортына бару. Рекреациялық-сауықтыру туризмінің тікелей мақсаты – туристердің денсаулығын қалпына келтіру, сондықтан әртүрлі сауықтыру технологиялары қолданылады. Реабилитациялық туризмнің мақсаты (формасы – санаторлық курорттық демалыс) – адам денсаулығын ауруға дейінгі күйіне жеткізу. Реабилитациялық туризм технологияларынатабиғи ортада көлемі шектелген серуендеу, арнайы диета, шипалы минералды сулар және т.б. жатады. Сауықтыру туризм мақсаты (формасы – демалыс күнгі жорықтар) – туристердің денсаулықтарын сақтау және жақсарту. Технологиялары – табиғи ортада шектелген физикалық ауыртпалық, дене шынықтыру процедуралары және т.б.

Рекреациялық-танымдық туризм рекреациялық және танымдық туризмні өзара әрекеттесу шекарасында орналасады. Оның екі басты мақсаты – демалу және жаңа білім алу болып табылады. Бұларға түрлі экскурсиялық шаралары жоспарланған кез келген рекреациялық туристік саяхаттар жатады. Танымдық сипатына ие экологиялық жорықтар да рекреациялық-танымдық туризм қатарында.

 

          Рекреациялық-спорттық туризм дегеніміз – демалыс пен сауықтыру мақсатында спорт түрлерінің (тау шаңғы, жүзу, жүгіру, шаңғы жарыстары т.б.) технологиялары қолданылатын рекреациялық туристік шаралар. Осындай шараларда қатысатын туристер демалыспен бірге спорттық жетілдіру мақсатын көздейді.

Туристік іс-әрекетті қозғалыс деңгейі бойынша да жіктеуге болады. Осыған орай, белсенді және «пассивті туристік әрекеттерді атауға болады. Пассивті демалыс формаларына жағажайлық-шомылу мақсатындағы саяхаттарды жатқызамыз: қозғалыс деңгейі шамалы, ал сауықтыру үрдісі демалыс орнының рекреациялық ресурстары және психологиялық демалыс арқылы өтеді. Санаторлық шипалы судағы (реабилитациялық) демалысты да пассивті демалысқа жатқызамыз. Салыстырмалы түрде ауыл туризмін (агротуризм) де пассивті туризм деп айтуға болады. Белсенді туризм болса, мұнда туристердің физикалық ауыртпалығы жоғары болады, осы ауыртпалық демалыс пен сауықтыру факторы болып табылады.

Рекреациялық-көңіл көтеру туристік шараларының белсенді формаларының мысалы – «team building» (команда құру) деп аталатын корпоративтік демалыс түрі. Мұнда кәсіби қағида бойынша бөлінген командалар әртүрлі жарыстарға қатысады, мысалы, түрлі табиғи және жасанды кедергілерден өту, конкурстар және т.б. Бұл спорт емес, ойын, қатысушылар епті, төзімді айлалы болу керек және команда ынтымақтастығы өте маңызды. Тим билдинг мақсаты – әртүрлі жағдайларда дұрыс шешімді жылдам қабылдау, түрлі жағдайларға бейімделу, командамен бірге тапсырмаларды орындау және түсінісу, ұжымда сенім туғызу.

Рекреациялық-сауықтыру туризмнің белсенді формаларына демалыс күнгі немесе көп күндік ұзақ мерзімді сауықтыру жорығы жатады. Демалыс пен сауықтыру факторлары – рекреациялық ресурстар (орман, таза ауа мен су, көркем табиғат), физикалық жүктеме. Рекреациялық-танымдық туризмнің белсенді формаларының мысалы – экологиялық туристік жорықтар. Жалпы айтқанда, демалыс пен сауықтыру мақсатында спорт технологиялары қолданылатын туристік шаралар белсенді туризмге жатады.

Осындай классификацияның кемшіліктері жоқ емес. Аталған таксондар арасындағы шекаралары анық деп айтуға болады. Мысалы, біз рекреациялық-спорттық туризмге жатқызған рафтинг (су туризмі мен ескекті слалом технологиялары қолданылады) мақсаты бойынша рекреациялық-көңіл көтеру шараларына да жатады. Экологиялық экскурсияларды (туристік серуендеу) пайдаланатын агротуризм пассивті түрлерінен белсенді түрлеріне айналып кетеді. Дегенмен аталған жіктелу туризм түрлерін түсіну үшін пайдалы екені анық.

Қорыта келгенде, рекреациялық туризмнің белсенді формаларының негізгі белгілері мынадай:

● Белсенді туризм (серуендеу, саяхат, жарыстар) құралдары қолданылады

● спорт түрлерінің (тау шаңғы, су слаломы, су астында жүзу, ат спорты, спорт ойындары және т.б.) технологиялары қолданылады

● Туристік шаралар қатысушылардың қозғалыс белсенділігіне негізделеді немесе қозғалыс белсенділігі бағдарламаның маңызды бөлігі болып еептеледі

● Шаралар мәдени-танымдық, эмоциялық сипаттарға ие

● Көңіл көтеру сипатына ие

● Табиғи ортада өткізіледі

● ғылыми-әдістемелік базасы бар

 


Информация о работе Белсенді туризм түрлері. Рекреациялық туризм