Туризм рекреациялық қызметтің бір түрі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2014 в 17:54, реферат

Описание работы

Туризм рекреациялық қызметтің бір түрі ретінде ғана емес, әлемдік экономиканың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырлады.
АҚШ ұлттық туризм саясатын зерттеу Орталығының мамандары рекреацияның мынадай анықтамасын береді [15]: бос уақытты жасап шығу және оны жеке пайдалануымен шұғылданатын адамдардың іс-әрекетін түсінеді. Осыған байланысты «бос уақыт» деген түсінікті еңгізу қажет.

Файлы: 1 файл

СӨЖ рг10.docx

— 22.84 Кб (Скачать файл)

   Туризм рекреациялық қызметтің бір түрі ретінде

 

 

Туризм рекреациялық қызметтің бір түрі ретінде ғана емес, әлемдік экономиканың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырлады.

АҚШ ұлттық туризм саясатын зерттеу Орталығының мамандары рекреацияның мынадай анықтамасын береді [15]: бос уақытты жасап шығу және оны жеке пайдалануымен шұғылданатын адамдардың іс-әрекетін түсінеді. Осыған байланысты «бос уақыт» деген түсінікті еңгізу қажет. Рекреациялық саланың дамуы бос уақыттың мәселесімен тікелей байланысты. Бос уақыт – көлемі және мазмұны бойынша өзгермелі, белгілі эпоханың, класстың, әлеуметтік топтың беліглеріне ие динамикалық категория. Ол жұмыстан тыс уақыттың белгілі бір бөлігі болып табылады. Бұл  түсінікке адамның іс-әрекетінің жан-жақтылығы сипатты, осыған бос уақытын пайдалану деңгейі тәуелді, яғни демалысын шығармышлықты өткізу немесе өзінің уақытын «босқа» өткізуде.

Жұмыс және өндірістік уақытымен салыстырғандағы бос уақытын белсенді өткізудің негізгі элементтерінің бірі демалу уақыты – апталық мейрамдар, қысқы және жазғы демалыс т.б. Бос уақыттың түсінігі мәдени талаптарды қанағаттандыру, демалу мен ойын-сауықтырумен бір түсінікте болады.

Р.Ланкуаре адамның өмір бойы уақытын төмендегідей түрінде жіктейді:

1. Әлеуметтік және жеке уақыт: әлеуметтік уақыт деген – белсенді жұмыс істеуге, қоғамдық және от басындағы өмірге арналған уақыт; жеке уақыт – ден саулығына және мәдени дамуына арналған уақыт.

2. Демалу уақыты және белсенді әрекетте болу уақыты: еңбек, қоғамдық және от басына арналған уақыт; ал демалу уақыт —  демалуға арналған уақыт.

3. Өндірістік іс-әрекетінің уақыты  және пайда табуымен байланысты емес уақыт.

4. Құрылымдалған және құрылымдалған  емес уақыт: біріншісі – календарь және айқын кесте бойынша ұйымдастырылған уақыт, екіншісі — жобаластырылмаған уақыт.

Уақыттың маңызды қасиеттерінің бірі оның иерархиялығы. Уақыт иерархиялығын төмендегідей формада көрсетуге болады:  

 

Әлеуметтік уақыт = жұмыс уақыты + жұмыстан тыс уақыт.

Рекреациялық уақыт жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі болып табылады. Тәуліктік әлеуметтік уақыт үш сегіздік қағидаға жауап береді (тәуліктің 24 сағатының – 8 сағаты ұйықыға жұмсалады, 8 сағаты жұмыс уақыты, 8 сағаты жұмыстан тыс кезең.

Б.В. Николаенко бойынша бос уақыт – табиғи қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты емес жұмыстан тыс уақытының бір бөлігі, ол жұмыстан тыс сипаттағы әрекетті орындауға мәжбүри жұмсалатын уақыт (мысалы, кеңістікте орын алмасуды, яғни жұмыстан үйге жету, немесе керісінде).

Рекреациялық уақыттың ажыратылған массивтері индивидтің (адамның) күштерін қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс (воспроизводство) функциаларын әр түрлі түрде орындайды. Мысалы,инклюзивтік уақыт – күштің қарапайым компенсаторлық қайта қалпына келтіру уақыты, күнделікуақыт – күштің компенсаторлықты-кеңейтілген қайта қалпына келтіру уақыты, отпускті (жылдық демалу) уақыт – кеңейьілген қайта қалпына келтіру уақыты. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдастырылған рекреацияның құрылымы рекреациялық уақытқа сәйкес келмейді. Рекреациялық уақыттың құрылымына сәйкес рекреацияның лайықты түрлерін ажыратады:

инклюзивті – күнделікті және еңбек іс-әрекетінің құрамына кіретін рекреациялық іс-әрекет;

күнделікті – түрақты рекреациялық іс-әрекет: қысқа мерзімді серуендеп жүру, таңғы жаттығу, спорттық ойын, шомылу, оқу;

Апталық – жұмыс атплығының соңына жататын рекреациялық іс-әрекет (уик-энд): саяжайға, қаладан тыс демалу орындарына бару т.с.с.;

Отпусті (жылдық демалыс) – жұмыс жылының аяғына қатынасты рекреациялық іс-әрекет.

Компенасторлық – адамның күшін қалыпты деңгейге дейін келтіретін рекреациялық әрекет.

Кеңейтілген – адамның күштерін белгілі бір қорымен компенсациялауға мүмкіндік беретін рекреациялық іс-әрекет.

Рекреациялық кеңістік және уақыт. Жоғарыда келтірілгендей рекреациялық уақыт жеке адамның, топтың, қоғамның физикалық, рухани ден сауылығын сақтау, қайта қалпына келтіру және даму және интеллеткуалдық жетілдіру үшін қолданылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі.

Бүгінгі таңда, көп адамдардың рекрациялық уақыты бос уақытына сәйкес келеді. Одан қалса бос уақыттың халықтың ден саулығын қайта қалпына келтіруге және дамытуға жұмсалатаны уақытты рекрациялық уақыт деп анықтайды.

Қазіргі таңда рекреациялық географияның жаңа проблемалардың бірі бос және жұмыстан тыс уақытты рекреациялық уақытқа ауыстыру. Рекреациялық уақытты демалушылардың және демалысты ұйымдастыратындардың уақыттарын ажырату қажет.

Демалушылар рекреациялық уақытын өзінің жеке көз қарасынан қарастырады, ал демалысты ұйымдастырушылардың уақыты – халықтың рекреациялық тұтынуларын қамтамасыздандыруына бағытталған іс-әрекетті функциолану және қалыптасу уақыты.

Әлеуметтік уақытты зерттеудің өлшеу бірліктері өмір (балалық шақ, кәмелеттік, кәрілік), жыл, апта, тәулік болып табылады. Осы кезеңдердің рамкасында әлеуметтік уақыттың құрылымы, жұмыс және жұмыс тыс уақыттың кезектесуінің белгілі бір ритмі қалыптасады.

Әдеттегі еңбек күнін сипаттайтын тәуліктік кезеңіне жұмыс басталуға дейін, түскі асқа бөлінген, жұмыстан кейінгі жұмыс емес кезеңдері кіреді. Оның ұзақтылығы бірнеше сағат. Апталық кезеңнің құрамына, кезекті қайталанатын тәуліктік жұмыста тыс уақытымен сенбі-жексенбі (уик-энд) демалу уақыты кіреді, оның ұзақтылығы 1-2 күн шамасында. Жылдық кезеңге отпускті уақыт кіреді, ол кезеңнің ұзақтылығы еңбек түріне қарай әр түрлі болып табылады, мысалы Қазақстанда, 18 календарлық күннен 56 күнге дейін созылады.

Рекреациялық кеңістік әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі болып табылады. Ол рекреациялық уақыт сияқты рекрациялық іс-әрекетінің субъектімен тікелей байланысты. Демек, жеке адамның, адамдар тобының, аймақ, мемлекет халқының, т.с.с. рекреациялық кеңістігі туралы айтуға болады.

Рекреациялық кеңістікті демалушылар және демалысты ұйымадстырушылар қалыптастырады. Рекреациялық кеңістіктің қалыптасуы таңдау негізінде қалыптасады: нақтылықтың көптеген объектілері мен қасиеттерінен рекреациялық тұтынуға ылайықты болып келетін.

Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық потенциал. Рекреациялық потенциалды ұзақтылығы және өткізу орны бойынша критерийлерге қарап ажырату өте күрделі мәселе болып табылады. Экскурсия мен туризмнің арасындағы уақыт бойы айырмашылығын тәуліктік цикл бойынша ажыратылады деп түсінеді. Яғни 24 сағат дейін рекреациялық әрекет экскурсияға жатады, ал одан көп болған жағдайда оны туризм деп есептейді.

Рекреациялық іс-әрекеттер әр түрлі болып келеді. Мысалы демалудың барлық түрлерін екі үлкен топқа бөледі, стационарлық және мобильді (қозғалмалы десек болады). Басқа бір классификациясы бойынша демалуды ұзақ уақыт бойы (емделу, сауықтыру, спорттық, тану т.б.) және қысқа мерзімді категорияларға бөледі.

Маусымдық белгілері бойынша демалу түрлерінің топтарында жазғы, қысқы, өтпелі масымдарда демалу түрлеріне бөлуге болады. Жастық шақ бойынша мектепке жетпеген балалардың, мектеп оқушылардың, орта жастағы және кәрі жас адамдардың демалу түрлеріне бөлінеді. Осыған қосымша отбасымен демалу, жеке демалу, аралас демалу, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған демалу болып бөлінеді.

Рекреацияның дамуына рекреациялық потенциалдың бар болуы қажетті жағдай, ол жағдай әр түрлі масштабта бағаланады: халықаралық, мемлекет, аймақ, аудан деңгейлері.

Белгілі бір территориядағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарының жиынтығын рекреациялық потенциал деп атайды.

Рекреациялық потенциалды төмендегідей көрсеткіштер бойынша қарастыруға болады:

1. Табиғи және тарихи-мәдени  объектілердің бірегейлік, экзотикалылық деңгейі:

—         мәдени-тарихи объектілердің ақпараттық мәні;

—         объектілердің тану және тәрбиелік маңызы;

—         ЮНЕСКО тізіміне жататын, халықаралық деңгейдегі объектілер мен   ескерткішердің бар болуы;

—         ұқсас объектілер арасындағы типтілігі;

—         түрақты мекен жайына салыстырғандағы объекттің контарсттылық деңгейі;

—         объекттер мен құбылыстардың басқа жерде кездесетіндығы және қайталанбайтығын дәрежесі;

—         сұраныс орындарына қатынасты тарихи-мәдени объектілердің қол жетерлігі және осы объектілер танымал болуы;

—         мәдени кешендердің сыйымдылығы және сенімділігі;

—         объектілердің көлемі мен пішіндері және оны шолу мүмкіндігі.

2. Табиғи және тарихи-мәдени  потенциал мен территорияның  қол жетерлігі:

—         көлікті қол жетерлігі;

—         кеңістікті қол жетерлік;

—         уақыт бойы қол жетерлік;

—         саяси қол жетерлік;

—         әлеуметтік-экономикалық қол жетерлік;

—         қаржы қол жетерлік;

—         ақпараттық қол жетерлік;

—         формальдық қол жетерлік;

—         инфрақұрылымдық қол жетерлік.

3. Рекреациялық және туристтік инфрақұрылымның бар болуы.

—         орналастыру индустриясы;

—         азықтандыру индустриясы;

—         ойын-сауық (развлечение) индустриясы;

—         көлік тасмалдау индустриясы.

4. Территорияның рекреациялық  және туристтік мүмкіндіктері және оны пайдалану дәрежесі. Рекреациялық іс-әрекетінің ресурстары және жағдайы:

—         территорияның медикалы-географиялық және физикалық-географиялық сипатты көрсеткіштері;

—         территорияның микроклиматтық ерекшеліктері;

—         территорияның мәдени-тарихи маңыздылығы;

—         территорияның рекреациялық игерілгендігі және рекреациялық игеруі;

—         рекреациялық ресурстардың сиымдылығы;

—         рекреациялық және туристтік ресурстары туралы ақпарттық құрамдастығы;

—         рекреация және туризм дамуының жинақтау, орындалу және локализдену факторлары.

5. Территорияны рекреациялық пайдалану дәстүрлері.

—         территорияның рекреациялық игерілу деңгейі;

—         территорияның әлеуметтік-мәдени өзгерістері;

—         аймақтағы рекреация мен туризм дамуының дәстүрлі және бірегей бағыттары;

—         туристтік орталықтар және туризм орталықтары: олардың ерекшеліктері, мамандануы және дамуы мен қалыптасуындағы ерекшеліктері;

—         ауданның игеру кезеңі және игерулік дәрежесі;

—         территорияны рекреациялық пайдалану түрлері.

6. Жергілікті халықтың  өмір сүру салт-дәстүрлері және  территорияның туристтік-рекреациялық  мұраны қабылдау жағдайы.

7. Табиғи-климаттық және  ландшафттық жағдайы:

—         климат жағдайы;

—         орографиялық жағдайы;

—         гидрологиялық жағдайы;

—         фауналық және флоралық ресурстары;

—         ерекше қорғалатын табиғи территориялар және бірегей табиғи объектілер;

—         адамның организміне табиғи факторлардың ықпалы, олардың комфорттылығы: жергілікті жердің метеорологиялық жағдайы, ауа райының өзгермелілігі т.с.с.

—         топологиялық (жергілікті жердің бірегейлігі; табиғи орталардың байланыстылығы және табиғи мен мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың өзара әрекеттесу формалары), фукционалдық (саңырауқүлақ, жидек теру, балық аулау, өнеркәсіптік емес аң аулау жағдай, саяжай үшін территория бөлістіру жағдайы) және эстетикалық қасиеттері (рекреанттың психологиялы-эмоциональдық сферасына территорияның әсер ететін қабілеті).

8. Рекреация мен туризм  дамуына ықпалы бар жағымды және жағымсыз факторлар:

—         ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне еңгізілген объектілердің бар болуы;

—         техногендік іс-әрекетінің саладырының және табиғаттың апаттық құбылыстардың орын алуы (авариялар, апаттар);

—         халықаралық және ішкі туризмнің инфрақұрылымдық қамтамасыздану дәрежесі;

—         жергілікті түрғындарды және еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері;

—         аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

9. Демалудың территориялық  ұйымдастырудың негізгі аспектілерін өзара байланысты зерттеу:

—         демалуды ұйымдастыру формалары;

—         демалуды ұйымдастырудың перспективтік бағыттары;

—         рекреациялық инфрақұрылым және оның кеңістікті ұйымдастыруының ерекшеліктері;

—         кеңістіктің туристтік-рекреациялық диффееренциациясы;

—         территорияның экологиялық жағдайы;

—         территорияның рекреациялық және шаруашылықты маңыздылығы.

 


Информация о работе Туризм рекреациялық қызметтің бір түрі ретінде