Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.
1. Қонақ үй бизнесінің спецификасы мен жобалардың ұзақ мерзімді өтелімділігі өздеріне инвесторлар мен деволоперлерді тартпады. Бірақ соңғы бірнеше жылдар Қазақстанға келетін шет ел қонақтарының ағыны жылдан жылға өсуде. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексінің секторы дамуда.
2. Шетел және отандық құрылыс салушылар еліміздің қонақжайлылығын дамытуда инвестицияны белсенді түрде құя бастады.

Содержание работы

Кіріспе

1.
Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге
қабілеттілігі
8
1.1.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына туризмнің әсері
8
1.2.
Қонақүй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде
16
1.3.
Қонақүй бизнесінде менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі
22
1.4.
Қонақүй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі
30
2.
Қазақстанда және Жамбыл обылысында қонақүй бизнесінің дамуын талдау
36
2.1.
Құрылу тарихы, басқару және оны ұйымдастыру
36
2.2.
Басқару құрылымы және әр бөлімнің атқаратын міндеттері
37
2.3.
Жамбыл қонақ үйі қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері
44
2.4.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
46
2.5.
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
47
2.6.
Негізгі құралдар құрылымын және қозғалысын талдау
51
2.7.
Өнімді өндіруге кеткен өндіріс шығындарын талдау
53
2.8.
Кәсіпорынның пайдасын және өнім рентабелділігін талдау
54
3.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің тиімділігін арттыру
жолдары
58
3.1.
Қонақүйдің жалпы шығындары және заңнаманы жетілдіру
мәселелері
58
3.2.
"Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу
60

Қорытынды
63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65

Файлы: 1 файл

Диплом Галым.doc

— 1.15 Мб (Скачать файл)

Бірақ, ұйым үшін тағдырды шешетін шешімдерді басқару иерархиясындағы басшылықтың тек жоғарғы звеносы қабылдайды. Басқару тиімді болу үшін басқару деңгейлері шамалы және бөлімшелер кішігірім болу керек.   Қонақүй бизнесінде ең маңызды аспект, сауатты кадр саясаты, сондай-ақ отельде қызметкерлердің бірыңғай білікті командасын құруда мүмкін болатын оқытылатын бағдарламалардың икемді жүйесі болып табылады.

 

1.4 Қонақ үй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі

 

Люкс классты отелі, сондай-ақ  орта классты қонақ үйі бар барлық компаниялар тәжірибе жүзінде кәсіби басқарушы компаниялармен басқаруға келісім жасайды. «Бэст Вестерн» және «Френдиш Иннз» клуб мүшелері болып табылады.

  Олар мүшелік жарнасын төлейді және белгілі стандарттарға сәйкес болу керек. Сол үшін бронюрланған жүйесіне кіргені үшін артықшылықтармен пайдаланылады және ұлттық және жергілікті клиенттердің мойындағанын біледі.

Осымен бірге, олар өз тұлғасын және стилін сақтайды. Тәжірибе жүзінде әрбір жеке кәсіпорын тағайындалған өнім, қызмет көрсету, дизайн және бағалар кең шамада ажыратылуы мүмкін.

  Қонақ үй тізбегі - ұжымдық бизнесті жүзеге асырушы және тікелей басшының бақылауында жүретін қонақ үйлер тобы. Тізбек ғимарат немесе жерге ие болуы мүмкін немесе жалға ала алады. Кәсіпорын тізбегінің әкімшілігі кез-келген пайдадан артықшылыққа ие, бірақ сонымен қатар операциялық шығындар үшін жауапкершілік ауыртпалығын көтереді.[16]

Көп жағдайда бірлескен кәсіпорын тізбек әкімшілігімен басқарылады ма немесе ол франчайзинг мүшесі болып табылады ма, анықтау керек. Кәсіпорын  және оның қызметкерлерінің сыртқы түрі; мейрамханада берілетін тағам өнімдері; қызмет көрсету деңгейі немесе декор, бұл кәсіпорынның кімге жататын сұрағына жауап бермейді. Соған қарамастан, егер кәсіпорын қандайда бір танымал қонақ үй немесе мейрамханалар тізбегінің тек франчайзинг мүшесі ғана болып табылса, онда ол әкімшілік тарапынан тікелей бақылаудан тыс өз бетінше басқарылуы мүмкін. Әрі қарай, тізбек табысқа ие болуға құқығы жоқ және франчайзинг операциялары бойынша шығындар үшін жауапты емес. Мысалы, «Холлдей Иннз» қонақ үй тізбегі жөнінде бүкіл дүние жүзі біледі. Сонымен бірге, бұл тізбек әр түрлі компанияларға жататын 98% франчайзинг кәсіпорындарынан тұрады.

Қонақ үй тізбектері келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • операциялардың комерциялық сипаттамасымен клиенттердің сипаттамасының кең спектріне байланысты тұтынушылардың кең көлеміне үндеу жасау қажеттілігі туады. Өнім орташа сипаттамаға ие мүмкіндігі туады, оның өзі кәсіпорынның емес, тізбектің қызығушылығына сәйкес болуы мүмкін. Клиенттер талғамдарының әр түрлілігіне байланысты бірегей сипаттамалардың кең спектрін құру мүмкіндігі жоқ болуымен туылған қиындықтар пайда болады, өйткені олар үлкен нарықтың сегментінің қызығушылықтарымен сәйкес келмеуі мүмкін
  • Көп жағдайда, тізбекте бола кәсіпорындар меншіктік немесе франчайз келісім негізінде қосылған барлық қонақ үйлермен біркелкі болуына ұмтылады. Кәсіпорындардың бірі жеткен жағымды тәжірибе кәсіпорынның орналасу орнына байланысты емес тізбек ішінде қайталану мүмкін екенін клиенттер білу керек.
  • Өнімдерді, сервис пен басқару саясатын стандарттау жағдайында кәсіпорын тізбегін басқару айтарлықтай жеңілдетіледі.

Сауда жасауда үнемдеу мүмкіндігі бар. Мамандарды дайындау және жалдау едәуір арзан тұрады, қызмет көрсету сапасына бақылау жеңілдетілген. Сондай-ақ, клиент ереже бойынша бір тізбектің қай кәсіпорында не күту керек екенін біледі.

Франчайзинг - қонақ үй пайда үлесіне айырбастауда  тізбектің сауда белгісін, оның операциялық жүйелерін және бронюрланған жүйесін пайдалану жөнінде қонақ үй тізбегі мен жеке қонақ үйлер арасында келісім. Бұл келісімнің маңызы мынада франчайз беруші аз инвестиция-мен нарыққа неғұрлым терең енуі мүмкін, сол уақытта франчайз алушы өз кәсіпкерлік қызметін төмен қауіп қатерлікпен өрістете алады. .[16]

Франчайзингті сата отырып , франчайз беруші бизнесін дамытады және қосымша табыс көзін табады. Жаңа жақтаушылармен ізбасарлар нарықта өнім немесе қызмет көрсетуді жылжытады және жарнама шығындарын бірігіп көтеруіне көмектеседі.

Қазақстанда қонақ үй бизнесін ұйымдастырудың негізгі формасы тәуелсіз кәсіпорын. Өткен жылдардың  ақпараттық  вакуумымен қосыла бұл бронюрланудың бірыңғай жүйесінің жоқтығына, дүние жүзінде қонақ үй индустриясының жетістігі жөнінде, білімнің аздығы және дүние жүзілік стандарттардан қалу салдары ретінде олардың енгізуде жылдамдықтың жоқтығына әкеледі. Көптеген шетелдік туристерге тұратын қонақ үй дүние жүзілік деңгейге сәйкес екендігін білу маңызды. Осыдан Қазақстанда көшпелі туризм неге дамымаған деген қорытынды жасауға болады.

«Холидей Иннз»,  «Рэдиссон Хоутеиз» және «Риджент Хоутеиз» қонақ үйлері франчайзингтік қатынастар  мысалдары болып табылады.

Қонақ үй шаруашылығы өзін кәсіпкерлікке едәуір дәрежеде  франчайздық тұрғыдан бейнелейді және тәжірибе жүзінде бұл істе құлдыраудың байқалмайтыны дәлелденеді. Демографиялық өзгерістерге жауап ретінде франчайзингтың концепциясы мен жаңа нарықтардың құрастырылуы жүруде. [19]

         Бүгінде дүние жүзілік қонақ үй тізбегі кез - келген талғамды қанағаттандыруы мүмкін.

         Нидерланд астанасында дүние жүзінде ең үлкен қалқымалы отель бар. Бұл бес қабатты жабдықталған «кеме». Амстердам айлақтары арасында қозғалыста және теңіз саяхатының толық қиялын жасайды.

         Бахрейн мемлекетінде Персид шығанағының түбінде орналасқан су астындағы қонақ үй бар. Ол өзіндік өткелдермен өзара байланысқан 6 корпустан тұрады. Оның ішкі қабатына тек арнайы мөлдір лифтпен түсуге болады, оны экзотиканың  әуесқойшыларын теңіз иіріміне түсіреді.

          Ұқсас қонақ үй Флорида да бар, бірақ ол 6 адамға ғана есептелген және сол себепті дүние жүзінде кішігірім болып саналады. Оның жалпы ауданы 135 кв.м.

           Келушілердің үлкен бөлігін 1980жылғы Олимпиадаға арнайы Москвада салынған «Измайлово» қонақ үйі комплексінде орналастыруға болады. Ол бір уақытта 9500 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар.  

          Сингапурда дүние жүзінің ең жоғарғы отелі бар - 73 қабат.

           Тринидад және Тобаго Порт - оф - Спейн  Республикасының астанасында өткір сезімнің әуесқойшылары үшін шағын отель орналасқан. Ол құлама жардың үстіндегі жартаста ілініп тұр және оған тек төбесінен кіруге болады.

            1300 нөмірі бар токио қонақ үйлерінің бірі дүние жүзінде ең жылдам сервисті ұсынады. Келуші қонақтың құжаттау, төлеу, кілтті алуы және басқаларына жұмсайтын максималды уақыты 45 секунд. Барлығы арнайы видео бақылаулы жабдықтың көмегімен автоматты түрде орындалады.

             Сан - Францискода «Фэрмонт» отелінің бас ғимаратында орналасқан нөмір «люкс», дүние жүзінде ең қымбат нөмір болып есептеледі.  Отель 1927жылы салынған және салықты есепке алмағанда «люкстің» құны тәулігіне 6мың $. Клиент тәулік бойы қонақ бөлме, сарай қызметшілерінің және шофердің қызметімен қамтамасыз етілген. [22].

             Әр түрлі елдерде қонақ үйлерді топқа жіктегенде бүгінгі күні 30дан астам бар түрлі жүйелерді пайдаланылады. Ең алдымен туристерді орналастыру құралдарын топқа жіктейді. Туристерді орналастыру құралдары ретінде туристерге түнеу үшін ауық - ауық немесе үнемі ұсынатын орындар болып табылатын кез - келген объектілер алынады. Қосымша жағдайлар ретінде есептелінеді: түнеу орындарының жалпы саны кейбір минимумнан асады; орналастыру объектісі басшылыққа ие; объектіні басқару коммерциялық негізде құрылады.

              Дүние жүзілік Туристік ұйымның (ВТО) ұсыныстарына сәйкес барлық орналастыру құралдарын екі категория түрінде қарастыруға болады: ұжымдық және жеке.

          Ұжымдық орналастыру құралына қонақ үйлер және ұқсас орындар, арнайы орындар (сауықтыру орындары, еңбек және демалыс лагерьлері, конгресс - орталықтары) және басқа да ұжымдық орындар жатады. Туристердің жеке орналастыру құралдарына меншіктік немесе жалға алынған үйлер, туысқандар немесе таныстардың тегін ұсынылған орындары.

           Жеке орналастыру құралдары қонақ үй индустриясының субъектісі ретінде сирек қарастырылатынын атап өту қажет, ал орналастырудың ең танымал және таратылған формасы қонақ үйлер және ұқсас орындар болып табылады. [21]

           Атап айтқандай, жүз жыл бұрын қонақ үй орналасуының екі түрі ғана болды: қоғамның жоғары таптарының өкілдері үшін сән - салтанатты отельдер және басқалары үшін керуен сарайлар. Уақытша жолда өткізетін адамдар үшін таңдау болған жоқ..

            Бүгін де саяхатшы экономикалық классты қонақ үй мен сән - салтанатты отельдерден мотельмен кемпингке дейін қонақ үй орналастыру орындарының көп көлемде әр түрлі формалары және түрлерін таңдауда. Бұл жағдайда әрқайсысының көңілі бойынша және ақшасына байланысты ұнататынынды қалайды.

             Қонақ үйлерді топқа жіктеу жүйесінің басқа түрлері бар. Қонақ үйдің бірегей сыныптамасын  (топқа жіктелуі) енгізуде дүние жүзінде туристік қызметті жүзеге асырушы, мемлекеттің мәдени - тарихи дамуымен, олардың ұлттық ерекшеліктерімен, қызмет көрсету сапасының критерияларындағы өзгерістер мен байланысты бір қатар факторлар кедергі жасайды.

              Ең таралған сыныптамаға  (классификация) жатады: Францияда, АҚШ-та, Австрияда, Венгрияда, Мысырда, Қытайда, Россияда, Қазақстанда және халықаралық  туристік алмасуда қатысушы басқа елдер қатарында қолданылатын жұлдыз жүйесі; Грецияда пайдаланылатын әріптер жүйесі; Ұлыбритания үшін сипатты «тәж» жүйесі; сондай-ақ разрядтар жүйесі.

              Қонақ үй сыныптамасының (классификация) ең жиі кездесетін түрі француз ұлттық сыныптамасы, осыған сәйкес барлық қонақ үйлер жабдықталғандығына байланысты шартты жұлдыздар мен белгіленген категорияларға бөлінеді.

              Австрия - туристерді қабылдау бойынша танылған дүние жүзі лидерлердің бірі. Міне, сондықтанда тек елдің таулы бөлігінде ғана мыңнан астам отельдер бар.

              Орналастыру құралдарының ең арзаны «Юс Хоутеиз», Австрияда оның саны 100-ден аз емес (салыстыру үшін Россияда 10-нан аз). Қалаушылар осы қымбат емес жастар жатақханасында түнейтін орын сатып алады, бірақ әрине бұл жерде қандай да бір ерекше қолайлықтар көрсетілуіне кепілдік жоқ.

              Австрия отельдері 5-жұлдызды жүйе бойынша бағаланады, бірақ ауылдық жерлерде «категориядан тыс қонақ үйлер» деп аталатын фермерлік жанұялармен қызмет көрсетілетін кішігірім бір, екі және үш қабатты үйлерді жиі кездестіруге болады.

             3-5 жұлдызды категориялы Австрия отельдері бір көзге қарағанда бір - бірінен аз өзгешелігі бар. Бұл класстың көптеген қонақ үйлері бассейнмен, саунамен, мейрамханамен, буфеттермен, солярилерімен жабдықталған. Австрияда кеңінен таралған «романтикалық стиль» ұқсастықты тереңдетеді, онда көптеген қонақ үйлердің интерьерлері сақталған. Ол қазіргі техникалық үйлесімді байланысқан тұрмыстық көне заттарының бар болуымен түсіндіріледі.

              Кейде 3-жұлдызды қонақ үйдің жабдығы (мысалы, бассейннің бар болуы) 4-жұлдызды отельден жақсы болуы мүмкін. Жалпы, екі жоғары категориялардың отельдері неғұрлым кең нөмірлері және ұсынылатын қызмет көрсетудің үлкен жиынтығына байланысты өзінің жұлдыздығын ақтайды.

              5-жұлдызды қонақ үйлер 4-жұлдызды қонақ үйлерден қосымша «ұсақ - түйек» және қызмет көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

              Мысырда қонақ үйлерді топқа жіктеуде жұлдыздар қолданылады, бірақ европалық жүйемен салыстырғанда олар шамамен жарты жұлдызға артық екенін ескеру керек.

              1996жылдың басында Қытайда орналастыру құралдарының 4мыңға жуығы есептелінді, оларды бағалау үшін кеңінен таралған

5-жұлдызды жүйе қолданылады, бірақ сонымен қатар елде өзінің спецификалық шкаласы бар, оған сәйкес келушілерді қабылдау базасының ең қарапайым түріне «қонақтар үйі» жатады.

              Осы керуен сарайлар мен хостельдерді студенттік жатақханалармен салыстыруға болады.

              «Қонақтар үшін үй» неғұрлым жабдықталған болып есептелінеді. Шын мәнінде, ол  2-3 жұлдызды деңгейдегі қонақ үйлер 3-4 жұлдызды категориялы отельдердің талаптарына жауап беретін неғұрлым мәртебелі орналастыру құралдарын туристік қонақ үйлерді, ал 4-5 жұлдызды категориялы отельдерге «шарапты үйлер» жатқызуға болады. Осы жағдайда қытай стандарттары европалық стандарттардан  қалмайды.

              Грецияда сыныптамалық (классификация) «әріптік» жүйесі танымал, бірақ отельдік фасадтарында (қасбет) үйреншікті жұлдыздарды көруге болады.

              Барлық грециялық қонақ үйлерді 4 категорияға бөледі:

              «А» категориясының қонақ  үйлері 4-жұлдызды деңгейге, «В» - 3-жұлдызды деңгейге, «С» - 2-жұлдызды деңгейге сәйкес. Жоғары классты қонақ үйлерге жиірек «deluxe» категориясы беріледі. Бірақ , көрсетілген сыныптамаға қарамастан Грецияда бірдей категорияға ие орналастыру құралдары едәуір бір-бірінен ажыратылады.

               «С» категориялы қонақ үйде қызмет көрсетудің ең аз жиынтығы ұсынылады.

               «В» категориялы отельдер, егер олар курорттық зонада болса, онда олар көп жағдайда жағалауда орналасады.

               «А» категориялы отельдер қызмет көрсетудің неғұрлым жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді.

               Ең жоғарғы деңгейге үміттенетін қонақ үйлер көп жағдайда халықаралық талаптарға жауап береді.

               Ағылшын қонақ үйлерінің сыныптамасы күрделі: Кейбіреулері дәстүрлі жұлдызды категориялы қонақ үйлерді ұсынады, бірақ ереже бойынша отельдің фасадтарында (қасбет) жұлдыздар емес, «тәж» бейнеленген. Қонақ категориясын «Тәж тілінен» «жұлдызға» ауыстыру үшін, тәждің барлық санынан бірді алу қажет. Олай болса, лондондық «Роял Норфольк Хоутел» 3-жұлдызды немесе 4-тәжді болып саналады.

Информация о работе Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі