Характеристика станций жайрем

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 22:25, дипломная работа

Описание работы

АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолына кіретін стансалар, яғни Жәйрем, Ушқатын және Жомарт стансаларының аралықта пойыздар қозғалысы жартылай автоматты блокировка сигналы арқылы жүзеге асырылады. Ал «Весовой» маневрлік аумағының маневрлік құраманың қозғалысы маневрлік ретпен орындалады. Жәйрем стансасынан Ушқатын стансасына пойыздарды жөнелту, Жомарт стансасына тиеуге келген және тиелген вагондарды жіберу жартылай автоматты блокировка сигналымен жүзеге асырылады, ал егер ол ақауланған жағдайда тепловоз машинистінің радиобайланыс арқылы хабарларынан кейін Жәйрем стансасының кезекшісі тіркеуі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание работы

1 Жәйрем стансасының техникалық және пайдалану сипаттамасы
1.1 Жалпы мағұлмат
1.2 Бағыттамалық шаруашылық
1.3 АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолы
2 Жәйрем стансасының жұмыс істеу анализы
2.1 Жүктік жұмыстың көлемі мен мінездемесі
2.2 Оперативтік басқару және стансаның жұмыс істеу жоспарын құру
2.3 Жәйрем стансасының жұмысын талдау
2.5 Түсіру
2.6 Жергілікті вагондарды жөнелту
3 Құжатайналымның автоматтандырылған жүйесін енгізу жолымен АҚ «ЖКБҚ» Жәйрем стансасының жүктік коммерциялық жұмысын жетілдіру
3.1 Қазіргі кездегі стансадағы құжатайналым бойынша атқарылатын жұмыстар
3.2 ЭКТҚ құжатайналым жайлы жалпы мағлұматтар
3.3 АБЖ құжатайналымда құрамды дайындау кезіндегі жұмыс істеу принциптері
3.4 Енгізу бойынша технологиялық есептеулер

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 5.74 Мб (Скачать файл)

 

Бүкіл локомотивті локомотивтер жұмысы және маневрлік болып саналады.

Жабдықтау құрылғылары  жоқ.

Кірме жолында  қозғалыс жылдамдығы кем болмау керек:

– 50 км/сағ – Жайрем стансасынан Үшқатын стансасына дейін поездардың екі аралық қозғалысында;

– 40 км/сағ – Үшқатын стансасынан Жомарт стансасына дейін поездын екі аралық қозғалысында;

– 25 км/сағ – маневрлік район «Весовой» Жайрем стансасына дейінгі поездын екі аралық қозғалуында және Жайрем Үшқатын стансасында ең басты жолдар арқылы;

– 15 км/сағ – бағытына қарамастан бүйірлі стансалы жолдарды поездар қозғалысын басқару

– 10 км/сағ – поездарды тиеу түсіру тұйықтарында және вагондарда салмақ өлшегіште өлшеу кезінде қозғалу қажет.

Жомарт стансасында стансалық жолда маневрлік жұмыс атқару кезінде станса бойынша және маневрлік локомотивтер бойынша пойыздық радио байланыс қолданылады.

Жомарт және Үшқатын станса аралығында стансалық байланыс бар.

Вагондардың жарамдылығы  олардың техникалық бақылаудан өткендігі  туралы тиілген вагондардын. Жомарт стансасынан кірме жолға берілгенге дейін және ол құжаттарға белгіленіп анықталады.

Вагон жарамдылығын тиеуге берілген жүктің коммерциялық қатынасында жүктасмалдаушы анықтайды. 2010жылы 344 тиелген жартылай вагондар рудамен шақпақтасты тиеу үшін берілді.

Кірме жолда  келген жүкті сақтау үшін қойма бар, ол №11 түсіру тұйғы:

– цемент үшін,сыйымдылығы 250т;

– резеңке – техникалық бұйымдар (шлангілер) үшін қоймалар - 300 – 350т;

– ГСМ тұйығының территориясында 12 әр түрлі жарамды әр бірінің сыйымдылығы 250 – 300куб метр құрайтын заттар.

– жүктеу пунктердің арасындағы байланыс телефон арқылы.

Түсіру жұмыстары  тиеуге келген вагондар арқылы жүзеге асырылады. [1]

 

2 Жәйрем стансасының жұмыс істеу анализы

 

2.1 Жүктік жұмыстың көлемі мен мінездемесі

 

 

Станса келесідей оталарды жүзеге асырады:

  1. Жүктік пойыздарды қабылдау және жөнелту, саның ішінде тиелген және бос маршруттарды қоса;
  2. Кірме жолдарға бос жартылай вагондарды беру;
  3. Тасымалдау құжаттарды рәсімдеу және жүктік тасымалдауға жауапты;
  4. Құрамалардың техникалық және коммерциялық қатынаста және қабылдау – жөнелту операцияларын тексеру.

АҚ «Жәйрем  КБК» кірме жолы темір марганецті концентраты рудасын, баритті, құрылыс материалдардың (ұсақталған тас) қара металдың тиеу және АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолы жүк қабылдаушы атына түскен вагондарды түсіру жұмыстары іске асырылады. Пойыз көлемі жол бөлімінің деректорының бір айлық жоспары бойынша жүзеге асырылады. Поездық және маневрлік жұмыстарның көлемі мен мінездемесі. Стансада төмендегідей жұмыстар атқарылады: қабылдау жөнелту және өткізу жүкті және жолаушылар поездардың екі жаққа; бос жартылай вагонды жеке топтарын және телімдерден құрамы, құрамы – телімдік поездарды екі жақтан келе жатқан поездардың қозғалыс керегені бойынша тиілген вагондардан ағыту; жеке топты вагондардың телімге құрама телімге тіркеу, сонымен қоса поездарды жинақтау жоспары бойынша бағытпен жөнелтеді. АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолына келген тиілген вагондарды стансада бос вагондарды қабылдайды, содан кейін екінші үшінші қабылдау – жөнелту жолына қояды.

Өңдеу жұмысына келесідей пойыздар қатысыды:

– құрама, құрама – телімдік – тиілген тіркеу вагондары;

– телімдік – тиеуге арналған бос жартылай вагондарды ағыту жұмыстары орындалады.

 

2.1 кесте

Жәйрем стансасы бойынша 2011 жылы 12 айда жөнелтілген жүктер

 

Жүк атауы

Станса тағайындалуы

Вагондар саны

1

2

3

Марганецті

Концентрат

Ю-уральская  ж.д.

Московская  ж.д.

     4915

     2055

Темірмарганецті

Концентрат

Зап- Сибирьская ж.д.

Свердловская  ж.д.

Ю- Восточная ж.д.

Киргизская  ж.д.

       633

       708

       173

       428 

Теміррудалы

Концентрат

Жанааул КЗХ 

      3713


 

2.1 кестенің жалғасы

1

2

3

Барит

Сев- Кавказская ж.д.

Карабас КЗХ

          28

          60   

Ұсақталған  тас

РК бойынша

        4447     

Қара металл бөлшегі

Павлодар КЗХ

          24

Барлық тиелген  және түсірілгені

       17184


 

2.2 кесте

Жәйрем стансасы бойынша 2011 ж 12 айда келген жүктер

 

Жүк атауы

Келу жолы мен  станса.

Вагон саны

1

2

3

Көмір

Кызылжар

241

Дизельді жанармай

Павлодар

Аманкарагай

216

29

Селитра

Березники РЖД

Казыкурт КЗХ

85

6

Цемент

Мырза

10

Шина

Бобруиск РЖД

22

ВМ

Чапаевск

2

Мотор майы

Чаклинка

14

Автожапқыш

Находка РЖД.

2

Пиломатериал

Асино З-Сиб  ж.д.

7

Техника

Позимо Горьк. ж.д.

20

Шпалдар

Аппаратная

10

Барлық келгені

664


 

 

2.2 Оперативтік басқару және стансаның жұмыс істеу жоспарын құру

 

 

Стансаның жүкті тиеу және түсіру бойынша тәуліктік және ауысымдық жоспарларын станса басшысы немесе оның орынбасары, қажет болған кезде, жүк тиеу түсіру диспечер стансаларының басшысы мен жүк жөнелтушілерімен, жүк қабылдаушыларымен бірігіп өңдейді.

Бөлімше кезекшісі  бөлімшенің пайдалану жұмысының  ауысымдық жоспарлауын жүзеге асырады. Осы мақсатта ол диспечерлік шеңберлердің жұмысын қадағалайды, поездарады құрастыратын стансаның жұмысын және жергілікті жұмысты жоспарлайды. Жоғарғы диспечерлерде тұрған басшылардың нұсқаулары тек бөлімше кезекшісі арқылы бөлінеді.

Поездардың  қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарын және теміржолда көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын станса кезекшісінің басшысы атқарады. Стансадағы кезекшінің жалпы міндеті:

  1. Поездарды қабылдау және жөнелту жұмысын басқарады.
  2. Қабылдау және жөнелту жолдарында және шаруашылық тұйықтарында жұмыстын орындалу графигі толтырылып поезд қозғалысының басқаруының есепке алынады.
  3. Құрамның дайындығын және жеке вагондардың техникалық және комерциялық тексерулермен және олардың жарамдылығын ҚУ-14 кітабына енгізеді
  4. Бүкіл пойыздық құжаттарды жүргізіп, оларға қол қояды.
  5. Қозғалмалы құраманың бекітуіне және тоспа тежегішінің тазалығына бақылау жасайды.
  6. Жұмыскерлердің жұмысқа кірісер алдында медициналық тексеруден өткендігі, іске жарамдылығы туралы бақылау қағаздарын алып қол астындағы жұмыскерлердің міндетін ескертіп және оларға жауапты. Жұмыскерлердің дабылдық құрал – жабдықтарын дұрыстығын тексереді.

Бағыттамалық қосын кезекшісіне немесе орталықтандыру қосынының операторына сол не өзге жолға маневрлік маршрутты әзірлеу жөніндегі тап-сырманы маневрлердің жетекшісі көзбе-көз түрде, радиобаланыс, екі жақты парктік байланыс арқылы, локомотивтың ысқырықтарымен, қол ысқырығымен немесе стансаның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен стансаның техникалық жарақтандырылуына қарай өзге құралдармен беруі мүмкін. Жұмыс барысында маневрлерді басқарушы келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

– маневрлік қозғалыстарға қатысты сигналдар мен нұсқауларды анық және дер кезінде беруге;

– бағыттамалардың маневрлік жылжытуларға арнап дер кезінде әзірленуін, орталықтандыру қосындары операторларының, бағыттамалық қосын кезекшілері мен локомотив машинисінің сигналдарды дер кезінде және дұрыс беріп отыруын қадағалап отыруға;

– өзінен сигналдар, маневрлерді орындап жатқан құрам мең оның жылжу маршруты жақсы көрінетін жерде болуға; локомотив машинисімен радиобайланыс болмаған жағдайда (ол ақаулы болғанда немесе локомотивтың маневрлік радиобайланыспен жабдықталмауы себебінен) өзінен машинисті немесе оның көмекшісі беретін қол сигаалдарының көрінуі қамтамасыз етілетін жерде болуға;

– стансалық жолдар бойынша вагондарын алдыға қаратып қозғалған кезде, әдетте, қозғалыс бағыты бойынша алғашқы арнайы баспалдақта (өтпелі алаңшада, тамбурда) тұруға, ал олай ету мүмкін болмаған жағдайда - шегіндірілетін вагондардың алдында жол аралығы немесе жолдың шегімен жүріп отыруға, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулерін, беріліп жатқан сигналдарды, маршрут бойынша стрелкалардың қалпын, жолда кедергілердің және адамдардың болмауын бақылауға; қажет болған жағдайда;

– маневрлік құрамды тоқтатуға арналған шаралар қабылдауға. Радиобайланыс болмаған кезде қажет болған жағдайда сигналдарды беру үшін орталықтандыру қосындарының операторларын, стрелкалық қосындардың кезекшілерін және стансаның өзге қызметкерлерін қатыстыруға;

– маневрлерді үлкен құрамдармен жолдың қисық бөліктерінде немесе корінім нашар болған жағдайларда (тұман, қарлы боран, қар жабу және т.б.) жүргізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қосымша шараларды қабылдауға – жиі жағдайда машиниске сигналдар мен нұсқауларды радиобайланыс немесе екі жақтық парктік байланыс арқылы беріп отыруға;

– жылжымалы құрамның кесілген стрелка арқылы соңғысын тексеріп жоі іздегенше өткізілуіне жол бермеуге;

– құрамға жақындамас бұрын қоршау сигналдарының жоқ екендігіне көз жеткізіп алу;

– вагондардың бекітілусіз немесе өздерінің алдағы тұрақтау уақытының моліперіне байланыссыз стансаның техникалық-жарлық актісінде белгіленген нормаға жеткіліксіз түрде бекітілген жағдайда қалдырылуына жол бермеуге;

– вагондардың түгелдей бір-бірімен және локомотивпен тіркелгеніне көз жеткізіп алмай, маневрлік құрамдардың қозғалысына (локомотивын алдыға қаратып немесе вагондарын алдыға қаратып) жол бермеуге;

– итеру маневрлері кезінде тіркестердің кері бағытта қозғалуын немесе вагондардың жолдың қарсы ұшындағы шекті бағаншадан шығып кетуін болдырмайтын шараларды дер кезінде қабылдауға;

– егер итеру маневрлері кезінде немесе құрамдарды дөңеске итеру кезінде ажырату иінтіректері жұмыс жағдайлары бойынша «буферге» қалпына орнатылса, тіркесті құрамнан ағытқаннан кейін иінтіректерді дереу түрде қалыпты жағдайға келтіруге;

– маневрлік локомотив (жалғыз немесе вагондары бар) вагондарын ажырату немесе өзге вагондарды өзіне тіркеу үшін вагондар тұрған сол не өзге жолға шыққан кезде, сондай-ақ вагондарды ажырату үшін оларды қысу кезінде маневрлік локомотивке қарсы жақтағы вагондардың сенімді түрде бекітілгеніне көз жеткізіп алмай аталмыш әрекеттердің орындалуына жол бермеуге;

– егер де сол не өзге жолда тұрған вагондар тобына, соның ішінде бекітілген норма бойынша бекітілген вагондар тобына қосымша түрде вагондар тіркелетін болса, соның нәтижесінде осыған дейін қойылған табандықтардың орны ауыспағандығын, сондай-ақ сол табандықтардың саны саны өсіп кеткен вагондарға жеткілікті бола ма соны тексеруге міндетті;

– маневрлік құрамды жүктерді тиеу және түсіру орындарында қозғамас бұрын қозғалыс үшін кедергінің жоқ екендігіне көз жеткізіп алуға;

– өздеріне жүктерді тиеу және түсіру жұмыстары аяқталмаған вагондармен маневрлерді тиеу-түсіру әрекеттерін басқаратын қызметкермен келісіп алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі;

– маневрлерді орындау кезінде құрастырушы және кондукторлық бригадалардың қызметкерлеріне тізбесін жергілікті еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық белгілейтін габариттен тыс және қауіпті жерлерде вагонның арнайы баспалдағында тұруға тыйым салынады.

Маневрлерді басқарушы аталмыш жұмыстарды жылжымалы құрамның жолдардың қарсы ұшындағы шекті бағаншықтардан (оқшаулаушы түйіспелер немесе бағдаршамдар) асып шығып кетуіне жол берілмейтіндей түрде ұйымдастыруы тиіс.

Маневрлік жұмыстарды басқарушының жоғарыда аталған талаптың орындалуын қамтамасыз ететін парктың (жолдың) қарсы ұшындағы қызметкерлермен өз әрекеттерін келісу тәртібі стансаның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Маневрлерді өтпелерді  кесіп өтумен жөндеу бригадалары (жол, СОБ бригадалары) жұмыс жүргізіп жатқан жерлерде, жолаушылар платформаларының жанында, жүк қоймаларының, жүк аудандарының, отын қоймаларының, вагондық және локомотивтік деполардың жолдарында, заводтардың, шеберханалардың аумағында және т.б. орындау кезінде құрастырушыжәнелокомотивтікбригадаларерекшесақтықтанытуы,құрам жолдың жанында немесе платформаларда тұрған адамдарға жақындаған кезде дыбыс сигналдарын дер кезінде беріп отыруға, сондай-ақ тиеу, түсіру, жолдың, вагондардың жөндеуінде немесе басқа әрекеттерде жұмыс істеп жатқан адамдарды құрамның қозғалатыны туралы ескертуі тиіс. [4]

Информация о работе Характеристика станций жайрем