Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:30, реферат

Описание работы

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі. Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 32.61 Кб (Скачать файл)

1997 жылы шекара периметрi бойынша 123 кеден посты, 14 халықаралық, 73 республикалық мөндегi автожолдар, 22 әуежай, 25 темiржол өткелдерi болды. 

1997 жылдың 19-21 қыркүйегi аралығында  Алматыда елдердiң Кеден ұйымдары  басқармасы - ОЭС мүшелерiнiң IV мәжiлiсi  болып өттi, оның жұмысына Әзiрбайжан,  Иран, Қырғызстан, Пәкiстан, Тәжiкстан,  Туркия, Typiкменстан, Өзбекстан елдерi  катысты. Кездесуде халықаралық  сауда қатынасының дамуына әсер  еткен және түрлі халықаралық  кеден конвенциясына қосылy мүмкiндiгi  бар Қазақстан кеденiнiң жүргiзген iстepi туралы айтылды. 

IV мәжiлiсте жүктердi тасымалдау  туралы ОЭС-тiң бiртұтас кұжаты, ДПГ-нi қолдану және толтыру  ережесi, ДПГ-нi реттейтiн ереже  мен қаулы қарастырылып, қабылданды. Сонымен бiрге контрабандамен  және кедендiк алаяқтыққа қарсы  күрес мәселесінде өзара түсініктік  меморандумының жобасы келiсiлдi.

Кедендер мен кеден  басқармасының көп еңбек етуінің  арқасында республика кеден қызметiнiң  деңгейi көтерiлдi. Кедендiк бақылау  технологиясы деңгейiн арттыру барлық кеден қызметiнiң жүйелi жасалған факторы, негiзi, баспалдағы болып табылады.

1996 жылдың 9 қазанында Қазақстан  Республикасы Кеден комитетiнiң  басшылығы Қазақстандағы АҚШ  -тың төттенше және Өкiлеттi Елшiсiмен  кездесiп, онда АҚШ елшiлiгiмен  бiрге Қазақстан Республикасы  Кеден комитетiнiң өзара бiрiгiп  әрекет жасау тобын кұру туралы  шешiм қабылдады. 

Жумыс тобыньң қызметi барысында жұмысты Tpainthe Traine's (оқытушылар даярлау) бағдарламасыньң шеңберiнде бастау туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. Кеден қызметiн жолға қоюдьң ең куштi жене тиiмдi жолы - бұл салада маман қызметкерлердiң жумыс iстeyi.

Шетелдiк бизнес өкiлдерi, АҚШ, Канада, Жапония елшiлiктерi, ҚP Кеден  комитетi мамандарынан құрылған жұмыс тобы "Кеден жаршысын" шығару мен "Байланыс тобын" орнатудан басқа да жетiстiктерге қол жеткiздi. Кеден комитетi кеден мекемелерiне алдын ала және кунбе-кунгi ресми мәлiмдемеқолдануға, кеден қоймасын пайдаланушыларға ыңғайлы жағдай жасауға, құжаттар қабылдау мен бақылауды тексеру процедурасын жеңiлдетуге буйрық, бердi. Бул шаралар ыңғайлы инвестициялық жағдай мен езара пайдалы ынтымақтастық сипатында республика экономикасының мумкiндiгiне сай келедi. Кеден қызметiнiң практикалық қадамдары арқылы Қазақстандағы шетел бизнесi мәселелерi бiртiндеп шешiлуде.

Кедендiк бақылауды толық  іске асырушы кеденде қолданылатын, 1996 жылы 1 желтоқсанда қабылданған  жүк кеден декларациясы (ЖКД) болып  табылады.

Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк  баж салығы мөлшерiн жуйелендiру жене оның Бүкiләлемдiк сауда мекемесінің принциптерi мен ережелерiне сай келуiн қамтамасыз ету мақсатыда, 1996 жылдың 14 қарашасында №1389 "Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мөлшерi" деген қаулы кабылданды. Бұған дейiн де Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамызында №1125 "Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мелшерi" қаулысы қабылданған болатын.

Отандық ендiрушiлердiң мүддесiн қорғау кажеттiлiгiне, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы жеке тұлғаларды өткiзуге байланысты меселелердi жөнге келтiру мақсатында заң күшi бар, 1925 жылғы 20 шiлдедегi №2368 "ҚP кеден ici жайлы" ҚP Президентiнiң Жарлығы негiзiнде 1996 жылдың 31 желтоқсанында №1712 "Қазақстан Республикасы шекарасынан жеке тұлғалар арқылы, oған қоса көлік қуралдары арқылы да тауар тасу тәртiбi туралы" қауылы қабылданды (1997 жылдың 5 қацтарында күшiне ендi).

1996 жылдың 19-20 қарашасында  Достастыққа кipeтін мемлекеттердiң  кеден қызметi басшылары одағының 13-шi мәжiлiсi болып өттi, онда  жолаушылардың Бiртұтас кедендiк  декларациясы, интеллектуалдық меншiктi қорғаудың нормативтiк негiзiн  дайындау және оны кедендiк  бақылау практикасында қолдану  жайлы меселелер қарастырылды.

Оның үстiнe Қазастан кеден  саясаты Ұлы Жiбек жолының стратегиялық транзиттiк пунктерiнiң бiрi ретiнде  интеграциялық функциясын атқара отырып, қазақ халқын тек кана халықаралық  саудаға тартып қойған жоқ сонымен  бiрге адамзаттық жене қоғамдық қатынастардың  барлық қырында басқа мемлекеттермен тығыз байланыстырды.

Бул байланыста Қазақстан  кеден саясаты дамуының стратегиялық бағыты - жинақталған кеден тәжiрибесi мен есебiне, әлемдегi қазiргi экономикалық, саяси, ақпаратты ауқымдану процесіне  негізделген интеграция болып табылады. Дәл осындай кеден саясаты  ғaнa геостратегиялық жоспарда алысты болжағыш, дамығыш дәрежеде бола алады.


Информация о работе Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс