Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:30, реферат

Описание работы

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі. Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 32.61 Кб (Скачать файл)

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі. Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.

Қазақстан Республикасы кеден ісінің 2-бабында еліміздің  кеден саясатының мынандай мақсаттары айқындалған: Қазақстан рыногын  қорғау;

- Қазақстандық  өндірушілер мен  тұтынушыларды  қорғау;   

- экономикада   құрылымдық өзгертуді жүзеге  асыруға  ат салысу;  

-  дұрыс бәсекелестікті  және монополизмге қарсы тұруды  қостау;

- экспортқа жағдай  туғызу және шетелдік тауарларды  алмастырушы өндіріс орындарын  қолдау;

- шетелден инвестиция  тарту; 

- сауда саясатын  сонымен бірге Қазақстан Республикасы  орталық билік органдары белгілеген  басқа да мақсаттарды іске асыру;

- Қазақстан нарығын қорғау;

- Экономиканың дамуын  ынталандыру;

- Экономикада құрылымдық  қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;

- Сауда саясаты міндеттерін  шешу;

деп көрсетілген. Бұл мақсаттар  мемлекеттің кеден саясатына  жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің  саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік  актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің  кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Парламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.

Мемлекеттің кеден саясатының басты мақсаты – мемлекеттік бюджетті толықтыру. Зейнетақыға тұрмысы  төмендерге, бюджет қызметкерлерінің жалақысына төленетін «тірі ақшаны» қазынаға түсіретін негізінен кеден ұйымдары. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арқылы кедендік-банктік бақылауды іске асыруда келісімшарт бойынша қозғалыстағы тауарлар мен валютаны тексеруді күшейту бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда  Қазақстанның кеден саясаты қалыптасып болды. Ұлттық кеден саясатының қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік  саясатының құрамдас бөлігі болса, кедендік заңдылық – ұлттық заңдылықтың құрамдас бөлігі. Кеден саясатының қызметі келесідей:

- сыртқы экономикалық  іс-әрекетті реттеу;

- кедендік реттеуде  әкімшілік шара қолдану;

- отандық экспортты  қорғау мен қолдау;

- импорттың үйлесімділігіне  жағдай жасау; 

- сыртқы экономикалық  іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық  теңдігі мен мүддесінің қорғалуын  қадағалау; 

- сыртқы қызмет  істеріндегі тарифтік артықшылықтар  мен кедендік жеңілдіктер берудің  неғұрлым басым бағыттарын мойындау.

Кеден саясаты тек кеден  органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел  инвестициясын тарту мәселесі кеден  огандары қызметі аумағынан шығып  кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді  жұмыстарын қажет етеді. Сонымен  мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан  Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік  деуге болады.

Белгілі бір кезеңдегі  кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.

Дегенмен, мемлекеттің кеден  саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден  органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен –  ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына  кедендік бақылау жасайды, келісім  – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына  кедендік бақылау жасайды.; елдің  заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің  шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік  орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің  механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.

1992 жылғы 13 наурызда  ТМД елдерi кеден саясаты принциптерi туралы келiсiмге қол қойды.  Бұл келiсiмнiң мақсаты -келiсушi  жақтардың арасындағы бiртұтас  экономикалық кеңiстiктi камтамасыз  ету, осы кеңiстiктiң аясында тауарлардың epкін айналымын қамтамасыз ету, экономиканың дамуына мүмкіндік жасау және ішкі рынокты қорғау.

Қазақстанда кеден саясатын iскe асыруда мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң әсерлiлiгi де арнайы талдауды қажет етедi. Қазақстан Республикасы Кеден комитетi кеден iciн тiкелей басқаруды iскe асырады. Ол мемлекеттiк бiртұтастықтың дамуы мен нығаюына есер ете отырып, кеден қызметi жүйесiнiң барлық салаларын бағыттап, басқарады, бiрiктiредi. Кеден комитетi   тiкелей басқаруды iскe асырады, ұлттық кеден саясатын жузеге асыруға, кеден ici туралы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, өздерi басқаратын кеден ұйымдары жүйесiнiң қызметi әсерлi болуына жауап бередi.

Кеден ұйымдары жүйесiнiң  маңызды құрамдас бөлiгi аймақтық кеден  басқармалары болып табылады. Кеден  басқармаларының негiзгi мiндеттерi қатарына мыналар жатады:

- Қазақстан Республикасы  кеден саясатын зерттеу шаралары  мен оны іlске асыруға қатысу;

- өзiнiң құзыреттiлiгi  жүретiн жерде елдiң экономикалық  кауiпсiздігін камтамасыз ету,  контрабандамен, кеден құқығы мен  кеден заңдылықтарын бұзушылармен  күресу.

Кедендер Қазақстан  Республикасы барлық кеден ұйымдары жүйесiнiң iргетасын құрайды. Олар кеден ici саласындағы мiндеттердiң негiзгi бөлiгiн тiкелей атқарады. Кеденнiң  шұғыл басқаруында оның территориясында  орналасқан кеден бекеттерi бар. Соңғылары  кеден саясаты мiндеттерiн атқарып, зандылықтың сақталуын қамтамасыз етудi, кедендiк бақылау бары-сында  ақша жинауды іске асырады. Букiл  әлемдiк  кеден ұйымы сауда  ережесiне сәйкес, қоғам мен салық  жинауды қорғау, экономиканың дамуы  мен ұлттардың  жағдайын жақсартуға кеден қызметi әсерлiлiгiн күшейту  арқылы ықпал етудi алдына мақсат етiп  қойған, әлемнiң 140-тан аса елдерiн  бiрiктiрген тәуелсiз өкiметаралық  ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi (кедендiк реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендiк аумағының бөлiгiнде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзумен, оларды Кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағында кедендiк бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендiк декларациялаумен, кедендiк рәсiмдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендiк бақылау жүргiзумен, кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетiлген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығын iске асыратын тұлғалар арасындағы билiк қатынастарын реттеу танылады.

Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден аумағында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады. Кеден ісін жалпы түрде алғанда: мемлекеттің кеден саясатынан, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі мен жағдайынан, кедендік төлемдерді алудан, кедендік ресімдеуден, баылаудан тұратынын айтқан жөн. Қазақстанның әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне ықпалдасу процесi кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiлiгiн алдын ала белгiледi. Осы мақсатта 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі әзiрленiп, қазіргі кезде Кеден кодексінің жаңа мәтіні әзірленіп отыр. Онда кеден рәсiмдерiн үйлестiру мен оңайлату мақсатында халықаралық конвенциялардың ережелерi ескерiлдi, ішкі нарықтың жақсаруына оның тиімді жұмыс істеуіне Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуі және де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынастардың жаңа қағидаттары мен кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерi енгiзiлдi.

Кеден ісінің халықаралық  құқықтық негізін халықаралық аренада  халықарлақ кеден конфренциясы мен келісімінің 3 тобы құрайды:

1) Көп жақты  кедендік конвенциялар;

2) Аймақтық кедендік  келісім; 

3) Екі жақты  кедендік келісім. 

Кеден ісінің халықаралық  құқықтық негізін халықаралық аренада  келесі конвенциялар құрайды:

- 1950 жылғы 17 маусымдағы  білім беру, ғылым және мәдени  сипаттағы материалдарды кіргізу  туралы келісім; 

- кедендік ынтымақтастық   одақ құру туралы конвенция  (1952 жылдың 19 қарашасында күшіне  енді);

- 1952 жылғы коммерциялық  және жарнамалық материалдарды   енгізу туралы конвенция; 

- кеден мақсаты   үшін тауардың құнын анықтау   конвенциясы (1953 жылдың 28 шілдесіне   күшіне енді);

- туристер үшін  кедендік жеңілдіктер туралы  конвенция; 

- 1961 жылғы дипломатиялық   қатынастар туралы Вена конвенциясы  (дипломаттар мен дипломатиялық   өкілдіктер үшін кедендік жеңілдіктер)  және т.б. 

Кедендік  саясат пен кедендік іс тарихы мәселелеріне назардың өсе түсуі - ақырғы онжылдықтың құбылысы. Бұл қызығушылық, бір жағынан, экономикалық либерализация кезеңіндегі маңызды мемлекеттік институт ретінде кедендік жүйе рөлінің күшейуімен, екінші жағынан, кедендік жүйенің өзінің тарихи тәжірибесін жандандыруға, сыртқы сауда монополиясы жағдайларындағы кедендік іс-әрекет саласының тарылуымен байланысты тарихи ақтаңдақтарды өткеруге объективті қажеттіліктерімен шартталған. Сонымен қатар, жаһандану жағдайларында кедендік өзара әрекет етудің ең тиімді тәсілдерін қалыптастыру қажеттілігімен байланысты кедендік істің тарихи тәжірибесін зерттеу ерекше мағынаға ие болды.

Сыртқы сауданы мемлекеттiк  реттеудiң тарихи формасы - кеден  саясаты Қазақстанның экономикалық мүддесiн және қазақстандық өндiрушiлердi қорғаудың жолдарының бiрi - кеден  заңдылықтары қызметi саласына қатысы бар әртүрлi категориядағы субъектiлердiң  бабын таба бiлудi, экспорт-импорт операцияларын  анық әpi толық бақылау элементтерiн  бойына сiңiрген әсерлi әpi икемдi кеден  саясаты болып табылады.

Қазақстанның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде  кеден саясаты маңызды рөл  атқарады.

1997 жылдың 22 шiлдесiнде Қазақстан  Республикасы кеден қызметiнiң  бүкiл бесжылдық тарихында бiрiншi рет Қазaқстан Республикасы қауiпсiздiгi  одағының мәжiлiсiнде оның жұмысы  қаралды. Қазақстан кеденшiлерi  үшiн жаңа есеп беру уақыты, жаңа даму кезеңi басталды.

Бiрiншiден, елiмiздiң Президентi мемлекеттiк Кеден комитетiнен  бюджеттiң кipic бөлiгiн қамтамасыз ету жұмысын нығайтуды және республиканың  кеден ұйымының штат санын көбейтудi талап еттi.

Екiншiден, ол Республика Yкіметінен  кеден күзет орнын нығайтуға  байланысты кеден қызметiнiң ic-әрекетiн  толық жүз пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды талап еттi.

Үшіншіден, кеден қызметi жұмысшыларын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету  қоры қалпына келтірілді.

Төртiншiден, мемлекеттiк  Кеден комитетiне, Қазақстан Республикасы сыртқы iстep министрлiгiне Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Өзбекстан, Қазақстан- Typiкмeнcтaн  шекарасынан және Каспий теңiзiнiң  қазақстандық бөлiгiнен контрабанданы  өткiзбеу мақсатында кеден шекарасын  нығайту үшін қатал шаралар қолдану  тапсырылды.

Кедендер Қазақстан Республикасы барлық кеден ұйымдары жүйесiнiң iргетасын құрайды. Олар кеден ici саласындағы  мiндеттердiң негiзгi бөлiгiн тiкелей  атқарады. Кеденнiң шұғыл басқаруында  оның территориясында орналасқан кеден  бекеттерi бар. Соңғылары кеден саясаты  мiндеттерiн атқарып, зандылықтың  сақталуын қамтамасыз етудi, кедендiк  бақылау бары-сында ақша жинауды іске асырады.

Қазақстан Республикасы Кеден  комитетi 1992 жылғы 12 карашада Қаржы  министрлiгi жанындағы Бас кеден  басқармасы болып қайта құрылған кезден бастап, 1995 жылғы сәуiрде Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi, Үкімет құрамына кiрмейтiн, бiрақ оған бағынышты орталық ұйым мәртебесi бар ҚР Кеден комитетi болып әртүрлi құрылымдық өзгерiстерге ұшырады. Кеден iciнe басшылық жасау тiкелей Кеден  комитетiнiң өзiнде қалды. 1998 жылдың күзiнде Кеден комитетi Қазақстан  Республикасы Kipic министрлiгiне қарайтын болды.

Қазақстан кеден қызметi халықаралық қатынастардың жалпы  формаларын қалыптастыра алды. 1992 жылғы  маусымда Қазақстанның Кеден ынтымақ,тастығы  одағына - Бүкiл әлемдiк кеден ұйымына (БКҰ) кipyi халықаралық стандартқа сай  импорттық-экспорттық тipкey тәртiбiн  қабылдауына мүмкiндiк бердi.

Әлемдiк экономикада басымдыққа ие кедендiк қатынастар жүйесiн қабылдайтын  кез келдi. БКҰ-ғa мүше болу әлемдiк  экономикаға араласуға ұмтылатын  мемлекеттер үшiн мiндеттi. 28-30 cәyip аралығында Брюссельде БКҰ-ның ұйымдастыруымен  кеден қызметiн қайта құру мен  жетiлдiруге байланысты халықаралық  форум болып өттi. Форумның жұмысына БКҰ-ға муше 130 ел, оның iшiнде Қазақстан  Республикасы да қатысты.

Бүкiл әлемдiк кеден  ұйымы сауда ережесiне сәйкес, қоғам  мен салық жинауды қорғау, экономиканың дамуы мен ұлттардың жағдайын жақсартуға кеден қызметi әсерлiлiгiн  күшейту арқылы ықпал етудi алдына мақсат етiп қойған, әлемнiң 140-тан  аса елдерiн бiрiктiрген тәуелсiз  өкiметаралық ұйым болып табылады.

Информация о работе Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс