Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций

Описание работы

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.

Содержание работы

1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.

Файлы: 1 файл

6. Дәріс-Курылыс ондирисинин технологиясы.docx

— 1.54 Мб (Скачать файл)

Сына сияқты және аркалы арқалықтарды жұқа кірпіш қалыпы бойынша сәйкесінше ғимарат қабырғасының  формасына сай орындайды.

Мұндай құрылғылы арқалықтарды кәдімгі кірпіштен үлкен емес ерітіндіден болатын ойық тігісін сынатәрізді етіліп жасалынады, арканың төменгі бөлігіндегі ені 5 мм кем болмау керек, ал жоғарғысы – 25 мм көп болмау керек. Арқалықтарды тастарды тақ санымен шығарады, жұмысты екі қарама-қарсы соңдарымен біруақытта жүргізеді. Соңғы арқалықты қалау қатарларын қабырға қалау  тіректеріне  сүйендіреді. Арқалықты қалауды ортаңғы қоршалған қатармен аяқтайды.

Аркалы арқалықтарды қалауда бағанаға тірелетін шеңберлі тақталарды орнатады.   Аркаға орнататын форма мен қалаудың радиалды тігістерінің дұрыстығы шнур мен шаблон көмегімен – бұрышы  бақыланады. Қалыпты түсіруде арнайы сыналарды қарастырады, олар  байсалды дөңгелектенуді қамтамасыз етеді. Арқалықты қалыпта ұстау уақыты ерітіндіде  М25 төмен емес, қатарлы арқалықтар –  12 тәуліктен кем емес, ал сына тәрізді және аркалыларда – 7 тәулікті құрайды.

Карниздер мен белбеулерді таңдалыңған бүтін кірпіштен шынжырлы байланыс жүйесі бойынша шығарады.  Әрбір қатар қалауында карниздарда кірпіштің 1/3 ұзындығынан артық етілмейді, ал жалпы кірпіштік шегенделмеген карнизді шығаруда қабырға қалыңдығының жартысынан жоғары болмау қажет. Үлкен көлемді карнизді шығаруда  шегенделген күйінде орналастырады немесе құрастырмалы темірбетон элементтерін қолданады. 

Жеңіл құрылымды қабырғаны қалау. Жеңіл құрылымды қабырғаны қалауда оның жартысы  кеуектермен алмастырылған, олар жылуоқшаулағыш материалдармен толтырылған (Сур. 6.5).  Бұл  кірпішті-бетонды қалау, құдықты қалау, ЦНИИСКа бойынша құрылымдарды қалау.

Дәріс 10.

Тақырып:    «Қорғаныш жабулар жасау технологиясы»

Сұрақтар

1.Төбе жабындарын  орнату кезінде кешенді процестердің  құрамы.

2.Қазіргі заманғы  материалдардан төбе жабындарын  жасау технологиясы

3.Су айырушы  жабындарын жасау технологиясы

Шатыр – төбенің жоғарғы элементі болып табылады, ол сыртқы әсерлерге көбірек ұшырайды, сондықтан да су өткізбейтін, суға, жылуға тұрақты, механикалық беріктігі жоғары болуы тиіс. Шатырлар орамалы және дана материалдардан жасалған жапсырмалы болып келеді. Ең көне шатырлар - дана материалдардан жасалған шатырлар болып келеді: ағаштан, черепицадан, жазық және толқынды асбестцементті беттерден, қара және мырышталған шатыр темірлерінен. Мұндай материалдар шардақты және үлкен еңісті шатырлар үшін қолданылады.

Ағаш шатырлар

Шатыр құрылысына қажетті ағаштар тақтай тілмесі, жұқа тақтай, жаңқа, гонт түрінде қолданылады.

Жұқа тақтайдан немесе тақтай тілімдерінен жасалған ағаш құрылымдарында әрбір элемент торға 3-5 қабатпен қапсырылып, бір шегемен бекітіледі, ол төменгі элементтің енін 2,5 см кем емес қашықтықта жабу қажет.

Ең өнімді тәсілі жеке, алдын-ала қалқандармен дайындалған, жабын құрылымдары болып табылады.  Қалқан қаңқасын толықтай немесе жартылай итарқа торлары алмастырады.

Гонт – сына тәрізді қимасы бар жұқа тақтай түріндегі ағаш шатыр материалы (гонтин). Ол шырша немесе майқарағай үгінділерінен жасалады. Тақтайдың қалың шетінде саңылау болады (1-сурет), төбені жапқан кезде бұл саңылауға келесі гонтиннің үшкір кірі кіргізіледі. Гонт қолмен немесе машиналық әдіспен жасалады. Шатырдың беріктігін арттыру үшін гонт бетіне шайыр жағады. Гонтты шатырдың қызмет ету мерзімі 25-30 жыл. Гонтиндердің ұзындығы 50-60 см, ені – 10 см шамасында.

 

1 - сурет. Гонттан жасалған шатыр

Черепицалы шатырлар

Черепицадан жасалған шатырлар қырлы кеспелтек ағаштардан жасалған тордың үстіне төселеді. Черепица тақтайларды төбенің төменгі шетіндегі еңкейген фронтоннан бастап көлденең бағытта төсейді. Еңіс 50 %-дан артық болған кезде тақтайшаларды торға тікенектер арқылы ғана емес, сонымен қатар бір қатар сайын сымдармен тоқып бекітеді. Сымның бір ұшы тақтайша басына кигізіліп, бұралады, ал екінші ұшы торға қағылған шегеге оралады. (10.2-сурет).

Кез-келген черепица түрі (саңылаулы керамикалық, таспалы және қалыпталған, цементті-құмды саңылаулы, керамикалық тегіс таспалы) үлкен салмақты болады. Черепицалы шатырлар шардақтарда орнатылады және үлкен  еңістерді жасау талап етіледі. Сондықтан да торлар жиі орналасқан үлкен қималы (50х50 немесе 60х60 см) кеспелтек ағаштардан жасалады. Олар черепица түріне қарай бір-бірінен 310-333 мм қашықтықта орналасады. Тордың кеспелтек ағаштарын орналастыру алдын-ала тексерілген черепицаның орналасу үлгісі бойынша жүргізіледі. Келесі торлардағы кеспелтек ағаштардың жапсарлары бір итарқада орналаспауы тиіс. Ендовалар, салбыраған ернеулер және коньоктар астындағы негіздер толық төсем түрінде, 800 мм-ден кем емес қалыңдықта  жасалынады.

2 - сурет.  Черепицалы шатыр қондырғысы: 1 – черепица; 2 – сым орама;  3 – тор

 

Мұның барлығы негіз бен шатыр құрылымына қажетті материалдар шығынын көбейтіп, жұмысын қиындатады. Аталған кемшіліктермен қатар, мұндай төбелердің артықшылықтары да бар: ұзақ мерзімділігі, беріктігі, түрінің өзгермейтіндігі,  отқа және химиялық заттарға қарсы беріктігі.

Керамикалық немесе құмды-цементті черепицадан жасалған шатырлардың бір кемшілігі – оларда металл черепица төбелер болмайды. Мырышталған, боялған немесе пластиктармен өңделген шатыр болатының қалыпталған беттерінен тұрады. Алайда бұл материалдарды  черепица деп атау қиын. Ол өзінің материалы мен торға бекіту түріне байланысты ерекшеленеді.

Черепицаларды төсеуге дайындаған кезде дұрыстап қарап, сұрыптап және арнайы үлгіге ілу арқылы тексереді. Уақ ақауларды балғамен соғу, рашпильмен егеу, плиткаларды бір-біріне үйкеу арқылы жоюға болады. Бұл операцияны жасамас үшін черепицаны алдын-ала суға батырып алу керек. Торға бекіту үшін саңылау жасауға арналған коньокты дайындауға арналған черепицаларды да осылайша суға малып алған жөн.

Төбе майысып орналасқан кезде черепицаның кесілген шеттерін киіз немесе талшық қосылған әк ерітіндісіне салады. Черепицаны төсеу бау бойымен жүргізіледі. Шығып тұрған құрылымдардың жанасқан жерлері шатырлық мырышталған болатпен өңделеді. Черепицалы төбе құрылысынан 2-3 айдан кейін черепица арасындағы тігістер мен саңылауларды киіз қосылған ерітіндімен майлайды. Сондай-ақ төбе отырған кезде пайда болған тігістерді де осылайша бекітеді. 

Жазық және толқынды беттерден жасалған шатырлар

Дана материалдардан жасалған шатыр жамылтқыларының ішінде ең көп тарағаны толқынды және жазық асбестцементтен жасалған беттер болып табылады.

Асбестцементті беттерді төбеге орналастырған кезде ернеуден конекқа дейін төменде жатқан қатардан 120-150 мм артық етіп төсейді, ал аралас беттерді шетіндегі бір толқынды жабатындай етіп орналастырады. Мұның барлығы бір қарағанда өте қарапайым болып көрінеді, алайда төрт беттің қатар орналасқан кезінде төрт қабат пайда болады.  Ал материал майысқақ емес, қатаң болғандықтан, төбенің әрбір элементі әртүрлі биіктіктегі тіректерге сүйенеді: беттер қисаяды да, соның әсерінен олар бір-біріне тығыз орналаспайды, беттерде ішкі кернеу пайда болады.  Бұл жағдайдан қалайша құтылуға болады?

Асбестцементті беттерді төсеудің екі түрлі әдісі бар: алдыңғы қатардағы беттің бір толқынына ығыстыру арқылы немесе ығыстырусыз (10.3-сурет).

 

3-сурет. Асбестцементті беттерді төсеу:

а) беттерді ығыстыру арқылы; б) ығыстырусыз

 

Беттерді орын ауыстыру арқала төсеген кезде әрбір қатарда алдыңғысына қарағанда ені бойынша бір толқынға ратық немесе кем болуы тиіс. Алайда бұл тәсіл материалдарды үнемдеуде қолайсыз болады – қалдық көп қалады.

Беттерді екінші әдіс арқылы төсеген кезде беттердің екі бұрышы кесілуі тиіс.

Беттерді кесу немесе оларда бекітуге арналған саңылаулар жасау электр құралдарының станоктарында немесе қолмен жүргізіледі. Тесіктерді немесе бұрыштарды ұрғылау арқылы жасау немесе сындыру сызаттың пайда болуана әкеліп соқтырады, кейбір сызаттар көзге де көрінбеуі мүмкін. Пайдалану кезінде бұл сызаттар біртіндеп ашылып, ұлғаяды да, жабынның және жалпы төбенің бұзылуына әкеліп соқтырады. Жабын саңылауының диаметрі бекітетін элемент диаметрінен 2-3 мм артық болады. Асбестцементті беттерді торға ілгіш, қапсырма, шуруп, ұзындығы 100 мм және диаметрі 4 мм болатын мырышталған шегелермен және мырышталған шайбалармен, жұмсақ төсемшелермен бекітеді.

Жылытылмайтын төбелерді торға 10-33% еңіспен қимасы 60х60 мм болатын қырлы кеспелтек ағаштан, болат немесе темірбетон біліктерден орнатады. Сондай-ақ жылытылатын төбелерді 10-20% еңіспен кеспелтек ағашпен орнатады.кеспелтек ағаштардың орналасуы асбестцементті материалдың түріне, бет қалыңдығына  қарай анықталады.  Беттерді, ереже бойынша үш тіректе орнатады.

Науалар, науасы бар ернеулер және шығып тұрған құрылымдарға төбенің беттескен жерлері мырышталған болатпен және асбестцементті үлгілермен жабылады. Төбедегі антендер мен құбырларға жету үшін ені 80 см болатын ағаш тұғырлар орнатылады.

Жұмсақ дана материалдардан жасалатын төбелер – шинглас, ондулин…

Метал төбелер

Болат төбелерді орнатқан кезде беттерді торға 21 см қадаммен төсейді. Беттердің төменгі және жоғарғы шеттеріне ені 12-25 см болатын тақтайлар төсейді. Тақтайлардан жасалған біртұтас төсемді ернеулерде немесе ендовада (төбенің екі тоғысқан екі жазықтығының араларындағы ішкі бұрыш) төсейді. Болат беттерді бір-бірімен фальцтармен бекітеді (10.4-сурет), жалғыз немесе қосарлы, тұрып тұратын немесе жатыңқы болуы мүмкін.

Кейде фальцтарды тығыздату үшін оларды баумен байлап, жосамен майлап қояды. Ендоваға орнатылған фальцты дәнекерлейді. Оларды орнатқан кезде болат жолақтарын кляммерлерді (болат кесінділерінің жіңішке жолақтары) төсейді және олардың көмегімен бетті торға бекітеді. 

Торға беттерді төсемес бұрын оларды бір-біріне жатыңқы фальцтармен жалғайды. Ал шеттерін  тік фальцтарды түзеу үшін майыстырып қояды.

4 - сурет. Метал шатыр беттерінің жалғасуы

 

Шатыржалға қатарлы бағытта, суреттегідей жатқан фальцамен біріктіреді.

Қатарлас жатқан фальцты, және де шектес беткейде тұрған фальцты бір-біріне кемінде 50-мм қатынаста біріктетеді. Тұрған фальцтар бір-бірімен қатарлас және де биіктіғі жағынан да бірдей болуы тиіс.

Қара жамылғы болатты орналастырмастан бұрын таттан тазартып, шаң-тозаңын кетіріп, екі жағынан жоса қосылған олифамен бояп шығады.Қара болатты жамылғыны орналастырғаннан кейін,жосамен екі қайтара бояп шығу қажет.Цинкті жамылғыны қолданбас бұрын ,егер ол зауытта олифтелінбеген болса, оны жұмыс орнында олифтейді. Кенерді жабу кезінде әрбір картинді сырт жағынан 700 мм, Т-тәрізді балдақшаларға ағаштан торланып кесілген кенердің 120-мм шығып тұрған шетін бекітеді..

Темір парақшалардың қаттылығын көтеру үшін оларға иректеу әдісін қолданады, яғни иректелген пішін келтіреді. Иректелінген немесе гофр тәріздес парақтарды, профнастильді,цинктелген болаттан шыгарады және оның полимерлі жабындысы болуы да , болмауы да мүмкін.

Парақтың иремінің түрлері әр түрлі келеді,олар биік немесе аласа, трапеция пішінді, синус тәріздес, домалақ пішінді болу да мүмкін.

Иректелінген парақтар пішіні жағынан биіктігі мен ені жағынан дайын профильдар ,қолдануына байланысты бөлінеді.

Парақтың бекітілуі кляммердің көмегімен жүзеге асатын фальцты жабыңқыға қарағанда профильді парақшалардың  айырмашылығы оларды бір-бірінің үстіне (бір ирек) жатқызып, және оны торлы жануыштарына саморездің көмегімен астына герметикалық проклатка төсеп бекітеді.

Төбежабынды материал  ретінде түрлі-түсті металдар да қолданылады: алюмин, мыс, цинк-титан ерітінділері.

Мыстан жабынды жасау үшін жаңа техналогияда  ені 67 см, қалыңдығы 0,6 дан 0,8мм болатын мыс таспасын пайдаланады. Қалыңдығы 0,6мм ораманың ұзындығы 290 метрден 300 метрге дейін барады.

Мыс таспа жабындысын тек қана тұтас  обрешоткаға орналастырылады.Бұл орындау ,оның көптеген жылдар қызмет етуіне септігін тигізеді, және мыс жабындының тиімдісі. Орналастыруға фальц тәсілін қолданады. Жалқы немесе қосарланған фальцты пайдаланады.

Мыс жабындының әр-түрлерін пайдалануға болады. Әдемі де сымбатты жабынды ол тек енін, биіктігін бірдей қылып, тегіс қатарлы, мыс таспаның кесінді сызықтарын дұрыс орналасуына байланысты.

Күрделі суретті жабынды әр-түрлі пішінді ромб, шаршы, қабыршақ тәрізді түрлері кездеседі.Бұл түрін пайдалану да өте күрделі, «ішкі», және «жасырын» фальцеванияны пайдаланады.

 Төбе жабындысын жасауда  алюминийді де қолданады. Металлочерепицадан, фальцтан жабынды жасағанда алюминийді  қолданады. Алюминилі металочерепича  аз салмағымен ерекшеленеді,әр  турлі төбе обрешоткансының үстіне  орналастыруға болады.

Және де цинк- титан ерітіндісінен жабынды материалы бар екені белгілі. Құрамында цинк, қоспаланған титан және мыс құрайды. Бұл материал экологиялы таза татқа бой бермейтін қасиеттерімен ерекшеленеді. Титан-цинк ерітіндісінен жасалған төбе жабындысы ешқандай баптауды қажет етпейді және оның қызмет ету уақыты ғимараттың қызмет ету уақытымен бірдей, оның сұлулығы бүкіл әлем сәулетшілерін тәнті етеді.

Су ағу құбырларыжардан 120-150мм орналастырып, және бекне-саусақарқылы бекітіледі. Бекне-саусақ(штырь) 1,2 м аралықта орнатылып, су ағатын саңлақтың су ағатын құбырдан 0,2м жеррден биіктікте орналасуы қажет.

Парақты болаттан жасалған төбе жабындысын ұйымдастырғанда қолданатын қажетті құралдар мен аспаптар:жоңғыш(станок) немесе электртескіш парақ тазалайтын қылшасымен, парақ бояитын станок,  электрвибро қайшылар парақты кесу үшін, фальцеточный станок, жар астаушаларын қайыратын станок,гребнегибочный станок,жатқан фальцтың ернеуін қайыратын аспап, электрбұрғысы немесе кірпіш жарды тесуге пайдаланатын құрал, металл және ағаш жабындық балға, ойғыш, шегендеуге арналған қысқаш,қос жатынды фальцтың ернеуін тегістейтін аспап, фальцты нығыздайтын қысқаш, қайшы,темір щетка, қысқаш,циркуль,құлама өлшем(отвес) ,бұрыштық сызғыш, жинамалы метр, шапқы.

Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер