Керамика технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді.

Содержание работы

Кіріспе
3
1
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
5
2
Технологиялық бөлім
6
2.1
Шикізат, өндіру әдісін талдау
6
2.2
Цехтің тәртібі және есебі
9
2.3
Техникалық сұлба, негізгі техниканың құралдарды таңдау және есептеу
11
3
Сапаны бақылау
14
4
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау
22

Қорытынды
24

Қолданған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Керамика технологиясы курсовая.doc

— 291.50 Кб (Скачать файл)

Қасбеттік шағын  көлемді плиткаларды, түрлі көлемде  және мақсатта шығарады «Кабанчик» типті 120х65х7 мм өлшемдегі плиткалар жасалу технологиясы бойынша көп жағынан  кілемдік мозайкалық плиткаларға ұқсас. Мұндай плиткаларды көзі бар немесе жоқ, ақ өртелген саздан жасаған, қағазға жапсырылған күйінде панельдерді қаптауға да, дайын фасадының беттерді қаптауға пайдаланады. Кондициялық емес көзді және көзсіз плиткалардың сынықтарынан құрастырылған қасбеттік қаптама (брекчия), үйлерге өздік бейне береді.

250х140х10 мм плиткаларды  (барлық фасадтық керамикалық  плиткалардың ішіндегі барынша  ірісі (ақтай жағылатын, баяу  балқитын немесе отқа төзімді,  саздан қысу тәсілімен, әйнекелі  және әйнекейсіз етіп жасайды. Оларды қасбеттік қырларды қаптау үшін қисайтып бекіту бұйымы ретінде, соның ішінде панель жасау кезінде қолданады.

Көзі бар, ірге тастық 150х75х7 мм плиткалар жеке дара, жапсырылып бекітілген (құрама кілем  ретінде шығарылмайды) бұйым болып табылады. Бұл плиткаларды жақсы балқытылған күйінде шығарып, мөлдір немесе күңгірт әйнекеймен жабады. Мұндай клеткаларды негізінен үй цокальдарын қасбеттік қаптау үшін және жер асты өткелдерін қаптауға пайдаланылады.

Ішкі қаптауға арналған керамикалық бұйымдар екі түрлі болуы мүмкін: қабырғаны қаптауға және еденге төсеуге арналған.

Ішкі қабырғаларды  қаптауға арналған  плиткаларды  жеңіл балқитын мергелді  саздан (майоликті плиткалар) немесе құм  және  балқитын қоспалар қосып, отқа  төзімді саздан (фаянс плиткалар) жартылай құрғақ қысу әдісімен жасайды. Плиткаларды  күйдіргенде  бос қуысты болып алынады, оның бетіне әйнекей жабылады. Қаптама плиткалардың түрлері сан алуан  (28 түрлі өлшем): кәдімгі квадратты (150х150мм) және тік  бұрышты  (150х100 және 75мм),  карниздік және  плинтустық, т.б.

Кәдімгі фаянстық плиталардың қалыңдығы  6мм-ден  артық емес, ал саздық  және плинтустық  плиталардыкі 10л-ге дейін.  Плиткалардың  су сіңіргіштігі 16 проценттен артық  емес. Бетінің сипаттамасы  бойынша  ол жайпақ, кедір бұдырлы болуы  немесе сериографиялық бүркеу әдісімен түсірілген түрлі-түсті  суреті болуы мүмкін.

Қабырғаларды  ішінен қаптауға  арналған  плиткаларды  санитарлық  құбырлар,  асхана,  монша, кір жуу, сауда,  тамақ және  химия  кәсіпорындар бөлмелелерінде, метрополитен  станцияларында, т.б. жерлерде  пайдаланады.

Сыртқы қабырғаларға  арналған ірі керамикалық панельдерді  бөлмелік өлшеммен екі және  бір  қабатты етіп шығарады. Екі қабатты  панель кірпіштен, жылу ұстағыш (минералдылау жақтылы плита, көбік шыны, фибролит) және үш қабатты  цемент лайынан тұрады. Бет жағы  керамикалық плитамен  әрленуі мүмкін. Бір қабатты  сыртқы  панельдерді  іші бос  керамикалық тастардан, ал ішкі қабырға  панельдерін-кірпіштен жасайды. Беріктікті  қамтамасыз ету  үшін құрастыру және  тасымалдау  кезінде панельдерді сымнан  жасалған  болат каркастармен  терезе  тесігімен панель  периметрі бойынша арматуралайды. Монтаждық ілгектерді  панельдің бүкіл биіктігіне  орнатады. Қатуын  жеделдету үшін жылу ылғалдық өңдеуді қолданады. Панельдерді  құрылыста  кранның көмегімен орнатады.

Бұзылмай ұзақ пайдалануы,  архитектуралық-эстетикалық  сапалығы, салыстырмалы түрдегі арзан  бағасының арқасында, керамикалық  қаптама  бұйымдар қазіргі  құрылыста  кеңінен қолданыла бастады.

Қаптауға  арналған  керамикалық бұйымдарды  бет кірпіш (тұтас немесе  іші бос) және беттік  тас (іші бос), кілемді  керамика,  шағын көлемді  плиталар, суағарды, карнизді, түңлікті т.б. орнатуға арналған сәнді бөлшектер деп бөледі.

Қасбетті  плиталардың  беті  терракотты (табиғи  боялған қаңқалы) және әйнекейленген, ал фактура  бойынша – тегіс, өрнекті, жылтырақ немесе  күңгірт болуы  мүмкін. Лаймен барынша берік байланысуы  үшін плиталардың қарсы бетін кедір-бұдырлы етіп жасайды. Қасбеттік бұйымдардың су сіңіргіштігі 6-дан 14 процентке дейін, ал  аязға төзімділігі  25-тен төмен болмауы тиіс.

Керамикалық беттік кірпіш пен тастар кәдімгілерінен формасы  мен  өлшемінің барынша дәлдігімен, сондай-ақ  сол партияның түсі мен реңінің  біртектілігімен  ерекшеленеді. Бұл материалдарды  жоғары сапалы  тез балқитын саздан, кәдімгі кірпіш шығару технологиясы  бойынша жасайды. Керамикалық массаларды  іріктей отырып және күйдірудің уақытымен температурасын реттеу арқылы, аздап  ақтан бозғылт-қызғылттау және сүр түске дейінгі кірпіш алады. Қатардағы  шикізаты бар  заводтарда, беттік кірпішті  құрғақ минералдық үгінділерді торкреттеумен немесе оның бетіне  ангоб немесе әйнекей жағу арқылы алады. Сондай-ақ  бет қабаты  ақ саздан тұратын екі  қабатты  кірпіш технологиясы  да жасалған.

Беттік кірпіштер  мен тастар ғимарат қабырғаларына  кәдімгілерімен  аралас  қаланады да, солармен  бірдей салмақ көтереді.

Кілемді  керамика дегеніміз әйнекеленген және әйнекейленбеген  тығыз қағаз жапсырылған (нәтижесінде  кілем пайда болады) мозайкалық плиталар  шығарады. Жартылай құрғақ қысылған  плиталардың өлшемі мм 48х46, 22х22, 48х22, қалыңдығы 3-4мм болғанда.

Конвейерде  құю тәсілі бойынша  кілемді-мозайқалық плиталар  өндірісі кең дамыған. Толық автоматтандырылуы, өндірістік процестің  қысқа циклі (2 сағат шамасында), қысқыш құралдың пайдаланбауы және  плитка  қалыңдығын 2мм-ге дейін кішірейту мүмкіндігі, плитканың массасы  мен құнын азайтуға мүмкіндік берді, әрі бұл  тәсілдің  болашағы бар  екендігін көрсетті. Құйма  керамикалық плиталарды, жақтаулары 25-тен 125 мм-ге дейінгі квадрат және тік бұрыш түрінде шығарады.

Кілемдік керамика -  керамикалық материалдардың ішіндегі барынша индустральды саналады, әрі сыртқы панельдер мен блоктарды заводтарда жасау кезінде, вестибюль қабырғаларын, баспалдақ торларын , сондай-ақ санитарлық құбырлар мен асхананы қаптау үшін дара қаптама көзді плиталар пайдаланылады.

Қасбеттік шағын  көлемді плиткаларды, түрлі көлемде  және мақсатта шығарады «Кабанчик» типті 120х65х7 мм өлшемдегі плиткалар жасалу технологиясы бойынша көп жағынан кілемдік мозайкалық плиткаларға ұқсас. Мұндай плиткаларды көзі бар немесе жоқ, ақ өртелген саздан жасаған, қағазға жапсырылған күйінде панельдерді қаптауға да, дайын фасадының беттерді қаптауға пайдаланады. Кондициялық емес көзді және көзсіз плиткалардың сынықтарынан құрастырылған қасбеттік қаптама (брекчия), үйлерге өздік бейне береді.

250х140х10 мм плиткаларды  (барлық фасадтық керамикалық  плиткалардың ішіндегі барынша  ірісі (ақтай жағылатын, баяу  балқитын немесе отқа төзімді,  саздан қысу тәсілімен, әйнекелі және әйнекейсіз етіп жасайды. Оларды қасбеттік қырларды қаптау үшін қисайтып бекіту бұйымы ретінде, соның ішінде панель жасау кезінде қолданады.

Көзі бар, ірге тастық 150х75х7 мм плиткалар жеке дара, жапсырылып бекітілген (құрама кілем ретінде шығарылмайды) бұйым болып табылады. Бұл плиткаларды жақсы балқытылған күйінде шығарып, мөлдір немесе күңгірт әйнекеймен жабады. Мұндай клеткаларды негізінен үй цокальдарын қасбеттік қаптау үшін және жер асты өткелдерін қаптауға пайдаланылады.

Ішкі қаптауға арналған керамикалық бұйымдар екі  түрлі болуы мүмкін: қабырғаны  қаптауға және еденге төсеуге арналған.

Ішкі қабырғаларды  қаптауға арналған  плиткаларды  жеңіл балқитын мергелді  саздан (майоликті плиткалар) немесе құм  және  балқитын қоспалар қосып, отқа  төзімді саздан (фаянс плиткалар) жартылай құрғақ қысу әдісімен жасайды. Плиткаларды  күйдіргенде  бос қуысты болып алынады, оның бетіне әйнекей жабылады. Қаптама плиткалардың түрлері сан алуан  (28 түрлі өлшем): кәдімгі квадратты (150х150мм) және тік бұрышты (150х100 және 75мм),  карниздік және  плинтустық, т.б.

Кәдімгі фаянстық плиталардың қалыңдығы  6мм-ден  артық емес, ал саздық  және плинтустық  плиталардыкі 10л-ге дейін.  Плиткалардың  су сіңіргіштігі 16 проценттен артық  емес. Бетінің сипаттамасы  бойынша  ол жайпақ, кедір бұдырлы болуы  немесе сериографиялық бүркеу әдісімен түсірілген түрлі-түсті  суреті болуы мүмкін.

Қабырғаларды  ішінен қаптауға  арналған  плиткаларды  санитарлық  құбырлар,  асхана,  монша, кір жуу, сауда,  тамақ және  химия  кәсіпорындар бөлмелелерінде, метрополитен  станцияларында, т.б. жерлерде  пайдаланады.

Еденді плиткаларды  каолинді  саздан аздырғыш, балқитын,  қажет болса бояғыш  қоспалар қосу арқылы жасайды:  оларды жартылай құрғақ әдісімен  массаны  қысу арқылы  қалыптап, піскенше  күйдіреді. Плиткалардың сіңіргіштігі  4 проценттен аспауы керек.

Керамикалық плиткалардан  жасалған еден  тіпті  су өткізбейді,  желінетіндігімен  сипатталады,  шаң көтерілмейді,  тез жуылады,  ұзақ шыдайды,  қышқыл мен сілті  әсеріне төзімді. Мұндай еденнің кемшілігі  морттығы мен жылу  өткізгіштігі, сондай-ақ  оларды  қалап  құрастыру кезінде еңбекті  көп керек  ететіндігі болып табылады. Оларды  еденге  арналған керамикалық  плиткалар және  мозайкалық еденге  арналған  керамикалық  плиткалар  деп бөлінеді. Олар кейде  кілемді керамика  плиткалары  деп те аталады.

Еденге арналған  керамикалық плиткаларды  50-150 мм-ге  дейінгі  мөлшерде (қырларының  ұзындығы) қалыңдығы 10-13 мм етіп жасайды.  Плиткалардың түрі мен түсінің әр түрлілігі  еденнің сан алуан  композициясын жасауға  мүмкіндік береді.

Еденге арналған  мозайкалық  плиткаларды  квадратты  және тік бұрышты формада, жандарының ұзындығы 23 және 48 мм, қалыңдығы 6-8мм етіп  шығарады. Заводта мұндай  плиткаларды  суда еритін  желіммен қатты  қағазға  белгілі бір  сурет бойынша  кілем түзіп  жапсырады. Кілемді немесе  оның бөлігін алмастыра отырып, еденнің түрлі суреттерін алады .

Кілемдік мозайкалық плитка, еден төсенішінің қиындығын  дара плиткаларға қарағанда елеулі түрде оңайлайды және жеңілдетеді.

Плиткаларды режимі ылғалды және қозғалыс көп бөлмелерде (моншалар, ванна бөлмесі, асхана, вестибюль, коридор, метрополитен станциялары, өндіріс үйлері, т.б.) қолданады.

 

4 Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

 

Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сәйкестендіру ҚР МЖ 04-2003 өнім жіктеуіші бойынша, жинақтығында тану үшін жеткілікті болатын таңбалау мен ілеспе құжаттар бойынша, белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші (ЭҚТ ӨЖ) кодтары бойынша оларға сәйкес келетін кодтарды пайдалану арқылы жүргізіледі.

Құрылыс нысандарын - ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезінде және әр түрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшін орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары (оның ішінде импортталатындар) сатылу кезінде:

-тұтынушыны зиян келтірудің ықтимал қатерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті ілеспе құжаттамамен (пайдалану жөніндегі нұсқамалар, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттама және басқалары);

- тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өткізгеннен кейін оның әлеуетті қауіптілігі туралы тұтынушыларды сақтандыру үшін шаралар қолдануы мақсатында ақпараттандыру бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Азаматтардың тұрмыстық мұқтаждары үшін сатылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары:

- қауіпсіз, сақтау немесе жарамдылық мерзімі бітпеген, ыдысы және орамы бүлінбеген (нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес), пайдалану құжаттамасының толық жинағы болуы тиіс;

- егер дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан нақты материалдар мен бұйымдардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат алынған болса, іске асырылуға (сатылуға) жіберілмейді;

- құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану жөнінде қауіпсіз пайдалану ережелері туралы тұтынушыларға арналған нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс;

- оларды сату кезінде іс-әрекеттер тәртібі туралы, әрі қарай тексеру мақсатында тұтынушылар шағымын тіркеу туралы сатушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Техникалық регламентте құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының (олардың сипаттамаларының) өмірлік циклі кезеңдерінде (өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану, кәдеге жарату кезінде) туындайтын, механикалық (соққы әсері), өрт және жарылысқа қауіптілік, радиациялық, химиялық, биологиялық, термиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілік түрлері келтірілген.

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын (құрама) өндіру, тасымалдау және сақтау, құрылыста және азаматтардың тұрмыстық мұқтаждары, кәдеге жарату үшін (өмірлік циклдің барлық кезеңдері) пайдалану кезінде олардан шығуы мүмкін механикалық (соққы) әсерінен қорғау үшін қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін мынадай талаптар орындалуы тиіс:

- жеке құрылыс бұйымдары немесе құрама құрастырмалары, сондай-ақ оларды қаттап жинау кезінде қатарларының аударылу, құлау немесе бұзылу қаупінсіз пайдалануды қамтамасыз ете отырып, қарастырылған жұмыс жағдайларында тұрақты болуы тиіс;

- құрылыс объектілерінде құрылыс бұйымдары мен құрама құрастырмаларды пайдалану кезінде жобалық ережеде белгіленген орнына жылжытылатын құрылыс бұйымдары мен құрастырмаларынан пайда болған қауіптерден қызметкерлерді қорғау үшін қорғау қоршаулары мен аспалары (күнқағарлар) қолданылуы тиіс;

Информация о работе Керамика технологиясы