Ақпарат технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:33, реферат

Описание работы

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшіліккеIT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыныҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында; «... экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру. «және»...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілеті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп атап көрсеткен.

Файлы: 1 файл

Ақпарат технологиясы.docx

— 19.28 Кб (Скачать файл)

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.[1]

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшіліккеIT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыныҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында; «... экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру. «және»...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілеті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп атап көрсеткен.Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақ-стан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпа-раттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдар-ламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақ-станның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Ел президентінің  Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүр-гізілгендей, компьютерлік сауаттану жөнін-дегі ауқымды іске азаматтарды тарту қа-жеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, элек-трондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторларды атамай кетуге болмайды.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа мыңжылдық  -бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсі-нуге, болашақты барынша дұрыс анақтайтын уақыт.

Үшінші мыңжылдық  кезеңінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі ашылды да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады.

Ақпарат стратегиялық қорға (ресурс) айналып, бұрынғыдай еңбек пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан білім құны ең негізгі байлық болып саналатын болады. Ақпараттық технология сала-сындағы қатарлы жетістіктерді пайда-ланып, білімнің жаңа деңгейімен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдерде қарқынды даму үстінде. Қазақстан Респуб-ликасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпа-рат ғасыры болғандықтан адамзатқа ком-пьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауат-тылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабыр ғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайда-ланудың маңызы зор. Ақпараттық техно-логияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құрал-дарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.Ақпараттық технология-information technology-біріншіден: обьектінің, процес-тің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Екіншіден: ақпаратты өңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элемент-тердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Сонымен, ақпараттық технология ұғымы: өңделген, жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрді-сіне педагогикалық және ақпараттық тех-нологияларды кеңінен пайдалану-жалпы бі-лім беруді дамытудың басты бағыт-тарының бірі делінген.

Қазіргідей әлемдік  ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.Қазіргі білім жүйесінің ерекше-ліктеріне–оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық - технологияларды қолданумен жүзеге асады.Ақпараттық технологияларды ғалам-дастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағымын қалып-тасытруға, ақпаратқа көлем және жыл-дамдық жағынан ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпаратық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттың мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл мақсатқа жете алмаған елдер қай жағынан болсын артта қалған болып есептеледi.


Информация о работе Ақпарат технологиясы