Ғылым философиясының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 09:09, курсовая работа

Описание работы

Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б.

Содержание работы

1. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.
2. Ғылым динамикасы. Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар.

Файлы: 1 файл

Пәлсапа.doc

— 124.50 Кб (Скачать файл)

Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.

Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми рево-люция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны. 
Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының » авторы,  француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оның теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.

Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитын-дығы күмән тудырмайды.

Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс.

Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға -жасырын», «имплициттік», «перифериялық», «үндемейтін», «менталитет» және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің практикалық сабақтарға кеп уақыттарын белу ерекшелігін практикалық білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты.

Көрінбейтін ғылымның бір түрі – ғылыми мектеп, ғалым мен оның шәкірттерінің белгілі бір географиялық мекеңде орналасқан қауымдастығы. Ғылыми мектеп шеңберінде ғалымдар арасында тығыз байланыс-араласу орнайды, тәжірибе алмасу, теориялық пікірталас-дискуссиялар үнемі жүріп отырады.

Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате.

Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.

Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді.

Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын. Біздің ойымызша, ғылым нормалары туралы әр түрлі концепциялардың арасында ағылшын социологы Р.Мертон ұсынған вариант назар аударарлық. Оның пікірінше, ғылым нормалары мынадай төрт құндылықтың төңірегінде топталады:

1) универсализм – ғылыми тұжырымның ақиқаттылығы ғалымның жасынан, жынысынан, беделінен, ғылыми дәрежесінен тәуелсіз бағалануы керек.

2) жалпылық – ғылыми білім оның авторының жеке меншігіне ай-налмай, жалпыға ортақ, сынға ашық болуы қажет.

3) жеке бастың пайдасын көздемеу – ғылыми ақиқат жолындағы ізденіс ғалым үшін басты мақсат болуы тиіс, атақ-даңқ, жеке бастың пайдасы, ма-териалдық марапат ғылыми қызметтің мақсатына айналмағаны жөн.

4) ұйымдасқан скептицизм – ғалымнан өз әріптестерінің ғылыми қызметін сыни, объективті бағалау талап етіледі. Олардың ғылыми

нәтижелерін ғалым-ізденуші өз қызметінде пайдаланған болса, жақсы жақта-рын атап, еңбегіне құрмет көрсете білуі тиіс, бірақ жіберілген қателіктерге де автормен бірдей жауап береді. Сонымен бірге ғалым өз тұжырымдарын, қол жеткізген жетістіктерін батыл қорғап, өз қателіктерін мойындай білуі қажет.

Бір жағынан алып қарасақ, нормалар қорғаныс белдеуінің рөлін атқарады, ғылымды шектен шығып кететін нәрселерден сақтандырып отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, нормалар ғылым дамуында өте қажет. Екінші жағынан алғанда, нормалар ғылымның бұрынғы кезеңінің жемісі, олар ғылымының болашақ дамуы үшін көбіне жарамай жатады. Нормалар консервативті, ғалымнан өзінің қызметін белгілі бір қабылданған ере-желерден, инструкциялардан, бұйрықтардан ауытқымай ұйымдастыруды талап тетеді. Бұл жағдайда ғалымның еркіндігі шектеулі, ол ғылымның мығым ядросы шеңберінде ғана қызмет ете алады.

Ал ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымның жағдайы мүлдем басқа.

Ол нормалар-үлгілер шеңберінен шығып, еркін қызмет ете алады, бұрын қалыптасқан құбылыстардан тыс жаңа идеяларды, ғылыми жаңалықтарды дүниеге әкеледі. Ғылыми жаңалықтар ғылымның алғы шебі мен мығым ядросының арасында шекістер туғызады, бұл занды процесс. Оны шешудің бірден-бір дұрыс жолы – ғылыми жаңалықтарды негіздеу және дәлелдеу. Сонда ғана ғылыми жаңалық ғылымның алдыңғы шебінен мығым ядроға көшеді. Ойымызды тұжырымдасақ, ғылымның дамуы – дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикалық бірлігі процесі болып табылады. Ғылым бұрыннан келе жатқан дәстүрлерге сүйеніп және оны жаңалықтармен то-лықтыра отырып дамиды. Бұл күрделі процесс. Ескінің жаңаға орын беруі қашан да қиын жүреді. Бірақ қоғамның дамуы ғылымнан оның жаңалықтық сипатта болуын, жаңа идеялар арқылы қоғам сұраныстарына жауап бере білуін талап етеді, онсыз ғылымының өзі мәнсізденеді.

Тақырып мазмұнын жалпы қорыта айтсақ, ғылым философиясы ғылымның қалыптасуын, даму динамикасын, ғылыми танымның ішкі механизмдерін, әдістері мен принциптерін, ғылымның адам мен қогам өміріндегі рөлін зерттейді.

 


 

Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы Философиялық ілім ретінде. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. 
 
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологкялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және онын ең басты құрылымдары болып табылады. 
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін. 
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі. 
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардын негізін құрастыру қажет. «Теориялық білім» дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында, белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды. 
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды. 
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеевтін химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердін ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны коре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады. 
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді. 
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оньщ танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалык философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудін анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады. 
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе больш отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдык және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудьщ басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі. 
Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдьщ ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері болып табылады. 
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді. 
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. 
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты.. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі. 

 


Информация о работе Ғылым философиясының пайда болуы