Биосфераның пайда болуы
Реферат, 11 Сентября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Содержание работы
Биосфераның пайда болуы.
Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.
Биосфера және адамзат.
Биосферадағы алғашқы шегіністер.
Биосфераның қасиеттері: тұрақтылығы және эволюциясы.
Биосфералық қорық.
Файлы: 1 файл
экология.docx
— 121.69 Кб (Скачать файл)ЖОСПАР:
- Биосфераның пайда болуы.
- Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.
- Биосфера және адамзат.
- Биосферадағы алғашқы шегіністер.
- Биосфераның қасиеттері: тұрақтылығы және эволюциясы.
- Биосфералық қорық.
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады.
Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі
кездерде биосфера геологиялық
мағынада да қолданылады.
Биосфера — тірі азғалар өмір
сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км
биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3
км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км
түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік
етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға
енгізді. Бірақ биосфера және оның жер
бетінде жүріп жатқан процестері туралы
ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера
+50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат
болып саналады.
Биосфераның негізгі үш қабаты.
Биосфера негізінен үш қабаттан
құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Ноосфера
Биосфераның пайда болуы
Жердің бөлімдері.
Биосфера
бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан
бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп
дамып келеді. Биосфераның ертеден бері
қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі
ағзалардың қалдықтары жер қыртысының
әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға
сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі
пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның
ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера
қандай жағдайда дамығаны және қандай
тірі азғалар болғаны туралы ешқандай
деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші
дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн
жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері
тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа
жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан
қазіргі кезде де байқалады.
Биосфераның Палеозой эрасы немесе
ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл
дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн
жыл бұрын
басталып, 300 млн жылға
созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон,карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге
бөлінеді.
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.
Силур кезеңінде өсімдіктер құр
лыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.
Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.
Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар,каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбу
ындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.
Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуірінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.