Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 20:53, реферат
Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді.
Қазіргі Қытайда және Тынық мұхиты аймағында кеңінен қолданылып жүрген он екі жылдық күнтізбе – мүшел де алдымен көне түркілерде пайда болып, соңынан осы аймақтарға таралғаны ғылымда дәлелденген. Түркі өркениеті Қытай өркениетінің дамуына тікелей әсер етіп, оның ізашары болғанына осы айғақтар дәлел. Сонымен қатар, мыңдаған жылдар бойы көрші тұрған осы халықтар бір-біріне жанама түрде де әсер еткені белгілі. Көне түркілердің шабуылдарынан қорғану үшін салынған ұзындығы алты мың шақырым “Ұлы Қытай қорғаны” соның бір мысалы.
Түркі тайпаларының ішінде елдік, мемлекеттік алғашқы белгілі идеяны б.д.д. VI ғасырда сақтардың әйел патшасы Томирис айтқан болатын. Ол сақтың жерін жаулап алмақ болған парсының ұлы патшасы Кирге “Сен біздің жерге соғыспен келдің. Қантөгіс бастамай тұрып еліңе қайт. Әйтпесе, ажалыңды осы жерден табасың ...” дейді. Демек, сақтар үшін ең қасиетті, ең қымбат нәрсе туған жер екен. Осы соғыста Томирис бастаған тайпалар парсылардың жер қайысқан қолын жеңіп, “патшалардың патшасы” Кирді өлтіргенін “тарих атасы” Геродот жазды53.
“Түркі елі” немесе “Түркістан” ұғымы - б.д.д. II ғасырда ғұндардың шаньюйі (қыт. “Аспанның Ұлы Перзенті”) Мөде хан түркінің 24 тайпасын біріктіріп, мемлекет құрған кезде пайда болды. Сол тайпалардың көпшілігінің ізі бүгінгі қазақ ұлтын құрайтын руларда кездеседі. Демек, бүгінгі қазақ көне түркілердің тікелей ұрпағы. Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады 57. Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды. Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған.
Жоспары:
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
а) Діни танымы.
ә) Махмуд Қашқари бойынша Түркі Әлемі
б) Мәдени және экономикалық тығыз байланыстары
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: