Буддизм
Реферат, 20 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне
Файлы: 1 файл
буддизм.docx
— 124.43 Кб (Скачать файл)Ежелгі Үнді философиясының
Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
1. Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман-самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тән ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Упанишад тың басты тезисі — Брахман—бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі — қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі — жалкы.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жаинизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.
Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатыңда — әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі кабатта — құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта — құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Шындап кел-генде, жаинизм пікірінше, құдайжоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулиелер) және жындарға сену керек.