Үстеулердің мағыналық сөзжасамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа

Описание работы

Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М. Әуезов). [1]
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.

Содержание работы

1 Үстеу сөзжасамы 3
Ескерткіш тіліндегі үстеулер 4

Үстеудің шығу тегі 6
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы 7
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері 8
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы
жасалуы 21
3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер 22

3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер 24

3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер 25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Тәжит М. Ж. ЗКОс-21.docx

— 82.37 Кб (Скачать файл)

Жоғарыда аталған сөз  таптарынан жасалу арқылы осындай құрылыстағы  үстеу сөздер көбінесе сын- қимыл, мезгіл, мекен мәндерінде жұмсалады.

  [6, 329]

Зат есім арқылы: Сол жылы Дарқанбай жаздай суда жүрді

(І. Жансүгіров). Жақыпбек бәріне де қол беріп амандасып, жағалай танысып шықты (М. Иманжанов).

Сын есім арқылы: Жатақ қаласын жібердей жайлаған ақ пен алаштың қарақшылары топ- тобымен сеңше соғылады (Қ. Жармағанбетов). Барлық оқу- тәрбие жұмысын бүтіндей қайта құру қажет (М. Иманжанов).

Есімдік арқылы: Осы тұста жұрт назарын бүкілдей аударып әкеткен бір ерекше көрініс бар (Ғ. Сыланов). Манадан бері сөзге араласпай анадай жерде оқшау тұрған Ақмоншаққа Төрегелді сонда ғана көз тастады  (М. Иманжанов).  Алмабек Әбілқасымның тосын әрекетіне пәлендей таңдана қараған жоқ (С. Омаров).

Сан есім арқылы: Өтінемін, екіншілей хат жаза көрмеңіз (Д. Исабеков).

-дай қосымшасы сондай- ақ түбір сөзден кейін араға басқа бір тұлғаны салып барып жалғанады: Онда жігіттерді бүгінгідей доктор қарамайтын (М. Әуезов). Мұғалімдік қызметіңді ойдағыдай атқардың, қоғам жұмысына белсене қатынастың (С. Омаров). Жанат бұрынғысындай жайрағдамайды (Ғ. Мұстафин).

-дай аффиксі кейде –дайын түрінде де айтылады. Бұл өте көне құбылыс тәрізді, тотыдайын таранған, сұңқардайын сыланған. Жаздай көрмедім- жаздайын көрмедім. Соңғы қолданыс көбінесе ауызекі тілге тән болып келеді. Бұл жайды А.Н Кононов арнайы көрсеткен болатын.

Қазіргі қазақ әдеби тілімізде -дай көрсеткіші осылайша жалаң түрінде қолданылады: қыстай, бүтіндей, күздей, ақшалай т.б.

Кейде есімдік негізгі  үстеулер -дай көрсеткішінен кейін – да қосымшасын қабылдайды.

Мұндайда  салыстырма, амалдық  мәндегі үстеулер енді  мезгілдік  ұғымда  жұмсалатын  болды: Оңаша  түн. ...Мұндайда қыз-жігіттің    сөз таппауы дүниенің    қасіреті (А.Тоқмағанбетов). Жүрек оты жүрек  кереметі осындайда танылса керек (Ұ. Бағаев).

-Ша /-ше. Бұл аффикс те үстеу сөз табын жасауда тілімізде кеңінен қолданылады. Салғастыру мәнінде көптеген сөз таптарына жалғана береді: қазақша, қоңырша, меніңше, жаңаша т.б.     

-ша аффиксінің бойынан осындай омонимдік қатарда келетін шақ сөзінің екі түрлі ұғымын да мезгілдік және салыстыр айту деп түсінеміз.

-ша аффиксінің беретін мағынасы жайында Э. В. Севотрян былай түйіндеді: Бұл аффикс  бір нәрсеге ұқсату, не болмаса салыстыру мәнімен қатар орыс тіліндегі осындай ұғымды да бере алады (по, согласно).

Ғалым осындай жұрнақты сөздің кейде шылаудың да орнына жүретінін  көрсетеді: жол бойынша, жылдар бойынша.  [6, 330]

-ша аффиксі есім мәндес сөздерге жалғанғанда, салыстыруұғымынан шығатын сын- қимылдық мәнде жұмсалады.

-Мойын ағашша иіліп, қораның бір шетінен екінші шетіне созылып жатыр (Қ. Исабаев).  Күмістей аппақ балық тілге келіп, Былайша балықшыға қолқа салды (Ө. Тұрманжанов). Жастарды жаңаша тәрбиелеу керек (Ә. Нәрбиев).

Түбірі есім сөзді осындай  үстеулер кейде мезгілдік мәнді  де білдіреді: Менің көзімше екі  кемпір мен бір жас жігітке  ол жаңағыдай қызмет көрсетті (Қ. Сатыбалдин). [6,30]

Аталған аффикс үстеу түбірлі  сөздердің өзіне жалғанғанда  мезгілдік мәнде келеді. Келін  екеуіңе қазірше бір бөлмелі  пәтер жетпей ме?

(Р. Райымқұлов). Дүние-  дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді  ғұмырынша рахатсыз (ХХ ғ. Қазақ  ақынд.). Бүгінше сағираның үйіне  қонып шығайын  (Ж. Тілеков).

-ша түрімен келген кейбір үстеу сөздер басқа да тұлғалық өзгерістерге түсіп айтыла береді (осынша, осыншама, осыншалық, осыншалықты). Бір ескерте кететін жайт- мұндай тұлғалық өзгеріс барлық үстеулерге тән болып келе бермейді, бұған көбінесе есімдік негізді үстеулер бейім келеді. Мысалы, Қуанышы қойнына сыймаған Сәуле машина табылмағынана оншама ренжіген жоқ (С. Сарғасқаев). Осыншама тұқнжыраудың себебін мен кейін ғана түсіндім

(Ә. Сәрсенбаев).

Осындай негізгі үстеулер бірде – лық, не болмаса –лық+ты түрінде үстемелене айтылады: Жолдан оншалық қашық емес, әудем жер (Б. Соқпақбаев).  Ағаш дегенің осыншалық таптырмайтын нәрсе деп Рахым бұған дейін ойлаған жоқ еді (Б. Тілегенов). Келінім оншалықты жөнсіз адам көрінбейді...(Қ. Баялиев).  -ша жұрнақты осы тәріздес үстеулердің басқа бір тұлғалармен үстемелене айтылуынан белгілі бір мәннің онан сайын айқындала, нақтылана түсуіне мүмкіндік туады.

-лап//- леп. Бұл аффикс  үстеу сөздердің құрамында өте жиі қолданылады. Құрамы жағынан етістік сөз табын тудыратын – ла жіне көсемшенің –п жұрнақтарынан тұрғанымен, бұлар осылайша (-лап) өзара жымдасып, бір бүтіндей кірігіп кеткен. Сол себепті бұл аффикс  осы қалпында үстеудің арнайы сөзжасамы болып табылады.

-лап аффиксі ең алдымен үстеу түбірлі сөздердің өзіне жалғанып, амал, сондай-ақ мезгіл мәндерде жұмсалады: Шымнан  дорбарлап соқққан жаман- жәутік үй- қораларының сиқы тым қораш (С. Омаров). Сансыз көкек сұңқылдап, көктем келді ертелеп (Қ. Аманжолов).

Осындай тұлғадағы үстеу  сөздер сонымен қатар басқа да түбірлі сөз таптары арқылы жасалып, амалды мәнде келеді.

Зат есім арқылы: Қызыл кәрлен кесенің ернеуінен емізіктеп қымыз сорып қойып отыр (Д. Әбілев). Әр бөлмеден ақшалап жүгіріп шығып жатқан адамның аяқ дыбыстары естілді (Қ. Әбдіқадыров).

Сан есім арқылы: Жоғары дәрежелі оқу орындарын біз Қазақстанда бірлеп емес, ондап санаймыз (Ә. Бірмағанбетов). Бұлардың соңынан біреулеп те, түйдектеп те басқа құнандар да келіп жатыр (Д. Әбілев). Ел болғанда ерекше, Еркін өскен ел едік. Егіздеп туып енеден, Есебі жоқ көл едік (Қ. Әбдіқадыров).  [6, 340]

Үстеудің осы   тұлғалы  түрінде де, жоғарыдағыдай, сатылау  құбылысы байқалады. –лап қосымшасы түбір негізді сөздерге кейде бірден жалғанбай, басқа бір аффикстер арқылы үстемеленеді. Бұл ретте аралық дәнекер ретінде әсіресе –ша, -тын т.б. көрсеткештірі ие болады. ... Әуелі қазақшалап көріскерлік, Жарқыным берірек жүр, жасың кіші (Айтыс). Дөң жағалауға қарай бұрылған соң-ақ мұның көңілінен күдіктің бәрі біртіндеп арыла берді (М. Әуезов). Жұмысты күндіктеп берген соң подрядчик мейлінше қысады (І. Жансүгіров). Бір айда күндемелеп ақша тапқан, Үй болып өз алдына отын жаққан (Қ. Тәкежанов).

    -латып//-летіп. Бұл да – құрама аффикс. Құрамы жағынан саралайтын болсақ, -ла+т+ып түрін аңғартады.  Негізінен алғанда, зат есім түбірлі сөздерге жалғанып, етістік тудырады да (арба+ла+т+ып), кейде осылайша амалдық мәндегі үстеулердің де қызметін атқарады. Осындай жолмен келетін үстеулердің саны тілімізде онша көп емес (түнделетіп, күндіздетіп, жауындатып т.б). құрамы жағынан осы аффикс те саралана тұрса да, осындай бір тектес сөздерде бұлар да жымдасып, тұтастық қалпында жаңа мәнді үстеулерді тудырады. Мұндай үстеулердің табиғаты мына тәріздес сөйлемнен айқын байқалады. Борандатып, жауындатып келемін,- деді ол қабағы түйіліп (С. Мәуленов).

       -лата//- лете. Бұл аффикс  жоғарыда талдаған     -латып//-летіп түрінің синонимді көрсеткіші деп қарауға болады, өйткені  екеуі де формалық жағынан көсемшенің тұлғасы арқылы жасалады. Осыған орай да бұл тұлғалы үстеу сөздерді кейде орайына қарай алмастырып айта беруге болады. Алайда әдеби тілімізде осы тұлғаы үстеу сөздер өз алдына жеке қолданыла береді. Н.К.Дмитриев: акса- лата, он- лата, ашлык-лата. Мұндай үстеудің шығу төркіні аталған ғалым етістік түбірінен өрбитін көсемшемен байланыстырады. [8,196]

 Қазақ тілінің материалында да осы тұлғаласүстеулер де аз да болса кездеседі: біржолата (келдім),  жаяулата, борандата (соққан жел). Қасқыр сылқ ете түсті. Қайтып тұра алған жоқ, талшоқпар жүйелете тиді шекеге

(Ғ. Мұстафин). Жаяулата соққан жел тегістіктің қарын үрлеп, ақжорғаны алдына сала, кейде бойын жазып жағаласа ызыңдайды

(С. Мыңжасаров).

-рақ/-рек.

Бұл аффикс  үстеу түбірлі  сөздердің өзіне жалғанып, олардың  бұрынғы мәндеріне қосымша реңк беріп тұрады: мекендің, мезгілдік, ұғымдардың мөлшері жалпылай айтылмай, саралана түсіп, кішірейтіңкіреген түрде көрсетіледі.Бұл тұрғыдан алғанда аффикс негіз түбірден кейін тікелей жалғанса, кейде араға басқа бір тұлғаны салып та үстемеленеді.  Сондай- ақ бұл аффикс өзінен кейін басқа да қосымшаларды қабылдайды. Мұндайда бұрынғы мағыналық белгі одан сайын нақтылана түседі. Мысалы: Әскерлердің бірі қалжыңдап тіл қатып еді, Айша бұрылып әрірек кетті

(Т. Аханов). Сонау арманырақта көк ала болып аспанмен таласқан ұшы- қиырына көз жетпейтін биік таулар (С. Шарипов). Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр (Б. Соқпақбаев).

Осы тәріздес үстеулердің  кейде амалдық мәнді де білдіретіндігі байқалады: Бұл ретте оны шағын ән іспетті десек, нақтырақ болар

(Ж. Әбдірашев).

-лау// -леу аффиксін -рақ/-рек түрінің синонимі деп те қарауға болады. Өйткені екеуі де кішірейтілген түрдегі салыстырмалы мәнде жұмсалады: қызылдау- қызылырақ, биііктеу- биігірек, ұзындау- ұзынырақ. Жайшылықта көзге жұпынылау көрінгенмен ән салған кезде ажарланып, асқақтап кететін (Ә.Әбішев). Еламан жұмыс кезіндеде өз қайғысымен оңашаланып, оқшаулап жүрген-ді (Ә. Нұрашйықов).  Найман мен Керейдің қалқаны күнгейлеу жатыр (І. Есенберлин).

-Ең аффиксі мағынасы жағынан жоғарыда сөз еткен -лау// -леу , -рақ/-рек түрлеріне жақын келеді. Бұл да үстеу сөздердің өзіне жалғанып, олардың мезгіл, мөлшерлік мәндерде жұмсалуына себепші болады. Мезгілдік мәндегі үстеулер кішірейткіш ұғымда жұмсалады.

Алматыға бірнеше  сағат кешең ұштым (Т. Бигелдинов).  Мысалдағы кешең сөзін кешірек, кештеу түрлерімен де алмастырып айтуғаболады.

Осы тектес аффикстердің қатарына -ау//еу сөзжасамын жатқызуға болады: Күте тұр, көркем Көкшеге біздер жеткенше кешеу көктемді алып (Ә. Сәрсенбаев).

-сыз// -сіз аффиксі есім мәндес сөздерге жалғанады да, негізінен амалдық мәнде жұмсалады. Аттар оқыранып, доғарусыз қорада қала береді (І. Жансүгіров). Міне, құмай биыл қасқырды  бізсіз аулайтын болды,-  десті (А. Хангелдин) .   ...Сен осы үйдің ішін ешбір жансыз аралап шық (Қ. Исабаев).

-сыз аффиксінің табиғаты жайында Э. В. Севортян былай деп жазады: «- сыз аффиксі өте ертеден келе жатқан өнімді көрсеткіш бола тұрса да, тіліміздегі қазіргі қолданысы шектеле бастады».

Бұл аффикс  кейде өзінен кейін басқа да қосымшаларды қабылдай береді: Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті (Ы. Алтынсарин). Байқаусызда біреу оның ақшаға созған қолынан ұстай алады (Ә. Нүрпейісов). Бұлар түнімен елсіздете жүріп отырып, таң алдында Майқұдықтағы елсіз қыстаулар тұсынан өтті (Д. Әбілев).

Осы аталған аффикс те  есім мәнді сөздерге жалғану арқылы үстеу сөз табын туғызады, белгілі  бір қимылдың амал- әрекетін білдіреді.

Жылы күндері  Мақан тонын да тастап, сырмалы камзолшасының сыртынан шекпенін желбегей сұға салды (С. Мұқанов). Мақал- мәтелдер көбінекей қос тармақтан құралады (М. Әлімбаев). ...Балғаным қария орнынан елбегей көтерілді де, Еркінді арқасына салып алып, ас үйге кетті (Ө. Қанахин).

-ы// -і. Жұрнақтың бұл түрі үстеу құрамында аз кездеседі. Көбінесе үстеу сөздердің өздеріне жалғканып, мезгіл және амалдық мәнінде кездеседі. Бұл жұрнақты жылжымалы деп те атайды, себебі кейде ол түсіріліп те айтылады (әуел бастан, арнайы келдім). Бәрекелді, жолы болар жігіттің дәйімі жеңгесі келсеші (М. Әуезов). Осылай біреуден біреу хабарлана кеп, ақыры ақмоланығ саудагері Ушаков естиді де, астында көмірі бар «Итжан»шығар алдынан өлкесін елу сомға сатып алады (С. Мұқанов). ).  [8, 115]

-ы аффиксі жайында Э. В. Севортян мынадай мәлімет береді: «Сөзжасам  -ы аффиксі түркі тілдерінің шығысшығыс- батыс тобында кездеседі. Ол- иран тілдерінен ауысқан.  Азербайжан тілінде бұл аффикс сын есім, кейде үстеулерді жасауға да қатысады. – сын// -сін аффиксі мезгілдік мәндегі үстеу түбірлі сөздерге жалғанады. Онда да негізгі түбірге көбінесе тікелей бағынбай, араға басқа бір аффиксті салып барып сатылай қосылады: кешкісін, ертеңгісін түнгісін. Бұл аффикстің шығу төркіні соң шылауынан ықшамдалған деп саналады: едәуірден соң бардым дегеннің толық түрі- едәуірден соң емес пе?

Кешкісін Ыбырай кіші Алакөзге барды (М. Жұмағұлов). Ішкі запыранды төгіп- төгіп алып едәуірдесін барып басымды көтердім

 (Ө. Қанахин). Бұл келтірілген сөйлемдерде – сын// -сін аффиксі араға басқа қосымшаларды (қы//гі, -да) салып, солардан кейін жалғанады. Ал егер түбірлі сөз дауыстыға аяқталса, аталған аффикс түбірге тікелей жалғанады: кешкісін, ертесін: Ертең ертесін бүкіл Сорғабақ өңірін әлде қандай зор гүріл алды да кетті (Е. Домбаев).

-шаң// -шең аффиксі зат есімдерге жалғанып, амалдық мән білдіретін үстеу сөз табын туғызады. Менің оның бой жетіп қалғанын осылай бір үсті- басына тыраштана, күтімшең қарай бастағанынан ішіме түйіп жүруші едім (М. Сатыбалдиев). Мақсұттың көңілі есік алдында жейдешең тұрған балаға ауды (С. Сарғасқаев). Сырт киімді де үстіме  ілуге мұршам келмей, дамбалшаң тысқа ата шықтым (С. Жүнісов).

-са//-се. Бұл жұрнақ үстеу сөздердіңөзіне жалғанады және мезгілдік ұғымды одан сайын нақтылай түседі: Бетінің шырайы қашып болмаған, ашаң, қағылез әйел әлесе жастау көрінді (Т. Әлімқұлов). Ақ сусар қыста ұстатпайды, оны көбінесе жазда айлайды (Р. Тоқтаров) Сенің қоңыр қодығың көбінесе жекерек жүреді (С. Бегалин).

- лас// -лес аффиксі зат есімді сөздерге жалғанып, оларды үстеуге айналдырады, амалдық мәнде жұмсалады. Майқыны Көкшағыр айдауда жүргенде, өзіне дәулет біте бастасымен Майсар еншілес етіп қолына алған болатын (Д. Әбілев) Ұлы ақындардың озық ойлары ұлы сыншылдардың ойларымен үнемі аралас, сабақтас шығады

(Ә. Тәжібаев).

Осындай тұлғалы үстеу  сөздер мезгілдік мәнді есім сөздермен  тіркесе келіп, хабаорланған оқиғаның мезгіл мөлшерін білдіріп тұрады. Қарбалас кездің ың- шыңы мен даңғаза шуы  ақ- тынысты тарылта беруші еді 

Информация о работе Үстеулердің мағыналық сөзжасамы